Скаффолдинг теориясы
Скаффолдингтің заманауи теориясы – бұл білім беру процесіне
қатысушылар арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік. Оқу
процесі барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек
көрсету мақсатымен білім алушыларды қолдау қалыптастырушы бағалау
тəжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функциялардың бірі болып
табылады.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық негіздердің
толық
сипаттамасымен
Жүйелі-əдістемелік
комплекс
білім
беру
порталындағы «Өңірлік жəне мектеп үйлестірушілеріне арналған
критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» оқу- əдістемелік құралынан
таныса аласыздар. (О. И. Можаева, А. С. Шилибекова, Д. Б. Зиеденованың
редакциясымен)
13
Критериалды бағалау төмендегідей принциптерге негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу
бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нəтижелермен тікелей
байланысты жəне оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек,
нені жəне қалай оқыту керек, білім алушының қажеттілігі қандай жəне оқу
нəтижелеріне жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауапты
бағалау тəжірибесінен іздеу қажет.
• Шынайылық, анықтық жəне валидтілік. Бағалау дəл жəне
сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың
оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нəтижелерді бағалайтынына сенімділік
бар. Шынайылық, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын
анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс
өткізетінімізді жəне нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі
ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну жəне анықтауды;
- бағалау критерийлерін құрастыру жəне негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру жəне рəсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
• Ашықтық
Достарыңызбен бөлісу: |