Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет1/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ 



ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік 

университеті, 

гуманитарлық-әлеуметтік факультеті, 

философия кафедрасы 

 

 



ТОТИН Б.Қ. 

 

 

 

ФИЛОСОФИЯ 

ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІНДЕ  

 

 



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ 

 

 



 

 

2



 

 

 



 

 

 



 

 

Қостанай, 2013 



 

УДК 122/129 (075) 



ББК 87я7 

Т 85 

 

Құрастырушы-авторы: 



Тотин Бірмағамбет Қойшыбайұлы —  А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ, 

философия кафедрасының аға оқытушысы 

 

Рецензент-пікір жазушылар: 



Қолдыбаев Сапар Әбдіғаниұлы — А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ, 

философия ғылымының докторы,  профессор, философия кафедрасының 

меңгерушісі 

Жақып Қалқаман Хасенұлы— ҚМПИ, философия ғылымының кандидаты, 

доцент 


 

ISBN 978-601-227-119-5 

 

        Мұнда  ежелгі  Шығыс,  антикалық  грек-рим  философиясынан  бастау 

алып,  қазіргі  заманғы  философияға  дейінгі  аралықты  қамтитын  тарихи 

дәуірлердің  философиялық  ақыл-ойлары  (философиялық  афоризмдері), 

айтылған  ғылыми  ұғымдары  ескеріліп,  олардың  әрқайсысының  мәндік 

сипаты  анықталады.  Түрлі  тарихи  кезеңдердегі  –  тұлғалардың,  яғни 

философтардың өмір жолдары (өмірбаяндары) мен шығармашылығы, негізгі 

философиялық  идеялары  мен  көзқарастары,  олардың  жалпы  ғылымда 

қалдырған іздері (мұралары) мәселелері жайлы айтылады. 

    Аталмыш  оқу  құралы  орта  кәсіптік  білімі  бойынша  және  ЖОО-да  оқып 

жатқан  студенттерге,    магистранттарға,  оқытушыларға  және  де 

философиялық  ғылым  мәселелерімен  қызыға    айналасып  жүрген  баршаға 

арналған. 

 

Философия (тұлғалар бейнесінде): оқу-әдістемелік құралы, — Қостанай: 

«Казтипография», 2013ж. 2-кітап. 2-басылым. 512-бет (фото-суреттерімен) 

 

 



ISBN 978-601-227-119-5 

 

УДК 122/129 (075) 



ББК 87я7 

Т 85   

 

 



 

 

 



 

 

 А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен          



03.09.2010 ж., №1 хаттамаға сай  жариялауға рұқсат етілген 

 

© Тотин Б.Қ., 2013 



© «Казтипография», 2013 

 

 



 

 

 



МАЗМҰНЫ: 

 

 

 



КІРІСПЕ  .................................................................................   4 – 5 

 

      1 - бөлім. Ежелгі Шығыстың  философиясы:   ........................... 6 - 10 



                § 1. Ежелгі Үндінің философиясы    ...................................... 11 - 19 

      § 2. Ежелгі Қытайдың философиясы   .................................  20 - 39 



     2  - бөлім. Антикалық  грек-рим философиясы:  .....................   40-  41 

                § 1. Сократқа дейінгі кезең   .................................................  42 - 81  

                § 2. Сократтан кейінгі классикалық кезең   ........................ 82 - 117 

     3 - бөлім. Ортағасырлық кезеңнің философиясы:  ............... 118 - 120  

                § 1. Орта ғасырдағы христиан философиясы   ................ 121 - 128 

                § 2. Орта ғасырдағы мұсылман философиясы   .............. 129 – 156 

     4 - бөлім. Қайта Жаңғыру кезеңінің философиясы    .........   157 - 183 



     5 - бөлім. Жаңа Дәуірдің философиясы:  ...............................   184 - 185 

                § 1. Ағылшынның материализмі  .....................................  186 - 205 

                § 2. Француздың материализмі   ....................................... 206 - 217 

                § 3. Ағартушылық кезеңдегі философия   .......................  218 - 229 

                § 4. Немістің классикалық  философиясы   .....................  230 - 247 

                § 5. Марксистік философия  ............................................   248 - 256 

     6 - бөлім. Орыстың философиясы:  ........................................  257 - 262 

               § 1. Революциялық-демократиялық философия  ...........   263 - 269 

               § 2. XIXғ.-XX ғ.басындағы діни философия   .................   270 - 286 

     7 - бөлім. Қазақтың философиясы:   .......................................  287 - 300 

               § 1. XV-XVIII ғ.ғ. Ақын-Жыраулар философиясы  .........  301- 322 

               § 2. XIX ғ. Қазақ Ағартушылығы кезеңі  ..........................  323 - 342 

               § 3. XX ғ. басындағы қоғамдық-саяси ой-пікірлері  ........  343 - 349 



     8 - бөлім. Қазіргі заманғы Қазақтың философиясы   .........  350 – 361 

     9 - бөлім. XX-ғасырдағы Батыстың философиясы   ............ 362 -  465 

10-бөлім. XX-ғасырдағы Шығыстың философиясы   ......... 466 – 511 

 



 

ҚОРЫТЫНДЫ   .......................................................................  512 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



 

КІРІСПЕ 

 

          Тәуелсіз  Қазақ  Елі  XXI  –  ғасырға  қадам  басқан  тұста,  қоғамдық 

құрылыс  пен  дүниетаным  өзгерген  шақта,  жалпы  философиялық  ойдың 

дамуына  ұлттық  көзқарас  тұрғысынан,  еркін  оймен,  тың  серпіліспен,  қайта 

қарауды заманның өзі талап етіп отыр.  Ол үшін бірталай жұмыстарды істеу 

қажет,  солардың  ішіндегі  ең  маңызды  деген  саланың  бірі  –    ФИЛОСОФИЯ 

деп аталатын таным, білім және ғылым саласы. 

         Философия  тек  адамның  таза  ақыл-ойы  әрекетінің  өнімі  ғана  емес, 

мамандардың  шағын  ғана  тобының  нәтижесі  де  емес,  ол  ұлттың  рухани 

тәжірбиесінің  көрінісі,  әр  алуан  мәдениет  туындыларынан  көрінетін  оның 

интеллектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің 

синтезі  бола  отырып,  тарихи  айғақтар  мен  оқиғаларды  сипаттауды  емес, 

оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады (Ғабитов Т. Философия.«Раритет», —

Алматы: 2004.57-бет). 

        Кез  келген  қоғамның  белгілі  бір  кезеңдегі  даму  бағыт-бағдарын  немесе 

қоғамдық  ілгерлеуді  туғызатын  қалың  бұқара,  сол  бұқараның  сеніміне  ие 

болған, сол ілгерлеудің алғы шарттарын елестетіп, елдің, ердің есіне салатын 

саналы  ұлдары,  дәлірек  айтқанда  ұлт  арасынан  суырылып  шыққан 

«қоғамның  қаймағы  сынды»  тұлғалар  айқындайды.  Айталық,  қазақтың 

философиясы  Қорқыт-Ата,  Асан-қайғы,  Бұқар-жырау,  Шоқан,  Ыбырай, 

Абай,  Ағын  Қасымжанов,  Жабайхан  Әбілдин,  Әбдімәлік  Нысанбаев, 

Ғарифолла Есім, Аманкелді Айталы сияқты ұлттың, елдің тағдырын толғаған 

кемеңгерлер, дара философиялық тұлғалар арқылы дамыды және қалыптасу 

үстінде.  

        Философиялық  ой  біз  үшін  оны  пайымдаған  тұлғалар  арқылы  ғана 

мәнді,  себебі  білімді  жинақтайтын  нақты  адамдар  және  олардың  өзіндік 

ерекшеліктері,  басқаға  ұқсамайтын  жеке  қасиеттері  көбірек  болған  сайын 

ғылым  мен  мәдениетке  қосатын  үлестері  де  маңызды  және  молая  түседі. 

Философиялық  тұлғалардың,  К.Ясперстің  сөзімен  айтсақ,  «философия 

кеңістігіндегі  субстанциялардың»  қайталанбас  дүниесіне  үңілу,  жеке  өмірі 

мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар 

аудару  танушы  субьектінің  тұлғалық  қалыптасуына  маңызды  әсер  етеді. 

Мысалы,  Сократ,  И.Кант,  Л.Толстой,  Абай,  Шәкәрім  және  тағы  басқа 

ойшылдардың  ақиқатқа  жету  жолындағы  адами  және  ғылыми  тазалығы, 

философиялық  ізденіске  деген  құштарлығы  мен  құрбандығы  жастарға  ой 

салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына да оң әсер ететіні сөзсіз. 

        Философия 

тарихы  біздің  танымымызды  тарихи  тұлғалардың 

шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік 

құндылықтармен  толықтырады.  Танушы  субьект  философияның  көмегімен 

өз  өмірін  саналы  түрде  қайтадан,  бұрынғыдан  әлдеқайда  жоғары  деңгейде 

түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмірмәндік 

түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті. 

        Философия 

тарихын  зерттеу  тұлғаның  бойында  адамгершілік 

ережелерінің  жетіліп-дамуының  да  ішкі  қозғаушы  күші  бола  алады.  Жеке 



 

философиялық  тұлғалардың  моральдық  ілімдерін,  олар  теориялық  деңгейде 



зерттеп  қана  қоймай,  іс  жүзінде  ұстанған  парыз,  әділеттілік,  мейірімділік, 

адалдық,  өзіне  ғана  емес,  басқаларға  да  қызмет  ете  білу,  жан-жақты 

жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, 

оны  өзіндік  өмірлік  тәжірбиеде  жүзеге  асыруға,  мақсаттық  жүйеге 

айналдыруға  талпыну  –  индивидтен  бірте-бірте  тұлғаның  қалыптасуына 

қажетті  құрылымдар  (Нұрышева  Г.  Философия/  Лекциялар  курсы.  «Зиат-

Пресс», —Алматы: 2006. 15-16 беттер). 

        Осы  айтылған  мәселелер  ескеріле  отырып,  еліміздегі  Т.Ғабитов, 

Д.Кішібеков, Ж.Алтай, С.Мырзалы, Т.Сәукетаев, Н.Иманқұл және Т.Бөрібаев 

сияқты  тамаша  философ-ғалымдарымыздың  еңбектерін  негізге  ала  отырып, 

аталмыш оқу құралын қызықты әрі тартымды етіп,  түрлі тарихи кезеңдерде 

өмір сүрген тұлғалардың фото-суреттерін, олардың есте ұстар жеке тұстарын 

айшықты  етіп  қосымша  белгілермен  көрсете  отырып,  олардың  өмір  сүрген 

кезеңдерінен  және  өздері  туралы  мол  мағлұмат  беретін  ғылыми  тың 

деректерге толы әдебиеттермен таныстыра отырып он (10)  бөлімнен тұратын 

«Философия» 

(тұлғалар 

бейнесінде) 

атты 

оқу-әдістемелік 



құрал 

құрастырылып-жазылды. 

          Аталған  оқу-әдістемелік  құралын  студенттер  өз  беттерінше  дайындық 

жұмысы  барысында,  реферат  жұмысын  жазуда,  дәріс  және  семинар 

сабақтарына дайындалуда немесе туыстас басқа да қоғамдық пәндерді оқуда 

қосымша материал ретінде пайдалануларына болады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 



 

 

1 - БӨЛІМ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Ежелгі Шығыс философиясы б.д.д. X - ғасырынан басталады. Бұл қола 

дәуірінен  темір  дәуіріне  көшу,  рулық-тайпалық  құрылымның  ыдырауы, 

товар-ақша  қатынастарының  қалыптасуы,  мемлекеттердің  пайда  болуы 

кезеңдері  болатын.  Сондай-ақ,  ежелгі  Шығыс  философиясы  соған  дейін 

қалыптасқан  мифологияны,  одан  соң  діни  көзқарасты  сынаудан,  ғылыми 

сананың  қажеттігін сезінуден басталды.  

           Ежелгі  Шығыс  философияның  қалыптасуы  екі  түрлі  проблема 

төңірегінде  жүргізілді.  Бірі  –  Аспан,  Көк,  Ай,  Күн,  Жер,  осылардың  шығу 

тегі,  олардың  өзара  байланысы,  әлемдегі  барлық  тіршілікке  әсері  жайлы 

болса,  екіншісі  –  адамгершілік,  адамдық  қатынас  төңірігінде  қалыптасқан. 

Бұл  мәселелер  әуел  баста  мифологиялық  ұғымдар  түрінде  болды.  Айталық, 

егер – дін тек сенуді ғана қажет етсе, мифология олардың себептерін ашуға 

тырысады.  Ал,  философия  қашанда  олардың  ғылыми  тұрғыда  себептерін 

іздестіреді.  Оны  екі  түрлі:  материалистік  және  идеалистік  көзқарастармен 

түсіндіруге болады.  

            Алғашқы  Қытай  философиясы  Конфуций  мен  Дао  данышпаны  –  Лао 

цзы  төңірегінде  топталды.  Егер  ертедегі  Үндістанда  барлық  философиялық 

ағымдар ведизммен байланысты болса, Қытайда олар Конфуций төңірегінде  

қалыптасты.  Мәселен,  болмыс  пен  биболмыс,  олардың  мәні  және 

арақатынасы  жайында  болды.  Үнді  философиясында  Аспан  мен  Жерді  –

жұбайлар  ретінде  қараса,  Қытай  философиясында,  осы  пікірді  негізге  ала 

отырып,  Аспан  –  ерлер,  Жер  –  әйел  рухы  ретінде  қарастырылады.  Қытай 

философиясы бойынша түрсіз, түссіз, бейнеленбейтін, ретсіз әлемде екі рух 

пайда болды: олардың бірі – Аспан, бірі – Жер. Үнді философиясында ерте 

бастан-ақ    болмыс  пен  биболмыс  арасында  байланыспен  қатар, 

айырмашылық та бар екені айтылады. Биболмыс-асот – ретсіз космос әлемін 

бейнелейді.  Ең  жоғарғы  Брахман  –  бұл  мәңгі  өзгермейтін,  жойылмайтын 

болмыс,  ешқашан  тумаған,  өлмейтін  құбылыс.  Ол  әрі  мәнді,  әрі  мәнсіз, 

табиғи нәрселерден аулақ.  

           Дәл осындай пікір Қытай философиясында да орын алған. Дао – мәнді, 

мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Барлық тіршіліктегі 

болмыстар  биболмыстан  жаралған.  Сөйтіп,  болмыс  биболмыстан  тарайды. 

Даоның  жүрмейтін  жері  жоқ.  Шын  данышпан  білімді  іздемейді,  оны  ойлап 

табады,  біледі.  Сөйтіп  ежелгі  Шығыс  философтары  көп  нәрсені  айтып  қана 

қоймайды, оның себептерін іздейді. Брахман – дүниенің себептері деген Үнді 

философтарының пікірі де осыған ұқсас. Болмыс пен биболмыс, жекелік пен 

көпшілік,  мәңгілік  пен  мезгіл,  өзгеріс  –  ойды  оятады,  дінмен  бірге  күресте 

таным дамиды дейді. 

           Сонымен  қатар  ежелгі  Шығыс  философиясы  мен  мәдениетінде 

көтерілген  мәселе  –  адам  проблемасы.  Адамдар  мен  құдайлар  арасында 

белгілі  бір  заңдылық  немесе  байланыс  бар  деп  есептеді  олар.  Жаратушы  

шектен  тыс  күш  қана  емес,  ол  сонымен  қатар  өкпешіл  және  кекшіл.  Толып 

жатқан  садақа,  құдайы  беру  кәдесі  содан  шыққан.  Үнді  философиясы 

бойынша дүниеде мың басты, мың көзді, мың қолды, мың аяқты Пруш пайда 

болды. Ол алғашқы Рух –  ғарыштың өзі. Оның ақылы – Ай, көзі – Күн,  ерні 


 

– От, өкпесі – Жел жасады. Перуш тек ғарыштың ғана емес, адам қоғамының 



да негізі. Оның аузынан – абыздар (брахмандар), қолынан – әскер (кшатрий), 

қабырғасынан  –  сауда  (вайша),  табанынан  –  қалған  барлық  адамдар 

(шудралар) дүниеге келді.  

        Қытайда  бәрі  ганьгудан  (алғашқы  адам)  пайда  болды  делінеді.  Оның 

демінен  –  жел,  бұлттар,  басынан  –  күн  күркіреу,  сол  көзінен  –  Күн,  оң  

көзінен  –  Ай,  денесінен  –  дүниенің  төрт    бұрышы  қалпынан  –  өзен-су, 

терінен  –  жауын,  шық,  көз  жанарынан  –  найзағай  пайда  болған.  Қытайда 

осылардың бәрінің негізі Тянь деп есептеген. Тянь (Аспан) – қазақтың Тәңір 

деген  ұғымына  ұқсас.  Шығыста  философияның  негізін  қалаушы  – 

Конфуцийдің  ойынша,  әдет-ғұрып,  тәртіп  –  ли.  Ол  болмаса  –  мемлекет, 

тәртіп,  тазалық,  әділеттік  жоқ.  Мемлекет,  бір  жағынан,  адамдардың 

еркіндемеуі,  екінші  жағынан,  сол  адамдардың  еркіндік  күресінің  тартысы  

(Кішібеков  Д,  Сыдықов  Ұ.  Философия.  «Қарасай»,—Алматы:  2008).  Міне, 

осылайша Шығыс философиясының қалыптасуына негіз болған Қытай және 

Үнді  философиясы  адамзат  баласының  келесі  сатыларда  (кезеңдерде)  ақыл-

ойының  қалыптасып,  бір  жүйеге  келуіне  айтарлықтай  қадам  жасаған 

болатын. 

 

 



 

 

 



 

 

ЗАРАТУШТРА



 

 

(шамамен б.д.д.628 – 551ж.ж.) 



 

           —  зороастризмнің  негізін  қалаушы, 

абыз, осыдан үш мың жыл бұрынғы азиялық 

Ұлы  Даладағы  тұңғыш  пайғамбарлардың 

бірі  (гүлдену  кезеңі  -  б.д.д.VIғ.  -  б.д.VII-ғ. 

аралығындағы  ұлы  Иран  империясының 

тұсы).  

       Европаға  Заратуштра  есімі  екі  жарым 

ғасыр бұрын ғана белгілі болған. Ол Шығыс 

Иран, қазіргі Тегерандағы Рай деп аталатын 

елді-мекенде  Радестегі  жылқышылардың 

отбасында 

дүниеге 

келді. 


Кейбір 

ортағасырлық  мұсылман  тарихшыларының 

пікірінше,  атап  айтқанда  Бируни,  Казвини, 

Иагут  әл-Хамави,  Балазури  соңғы  зорастрлік  мәліметтерге  сүйене  отырып, 

Зорастр  қазіргі  Ирандық  Азербайжанда,  Атропатен  деген  жерде  туған.  Ал, 

басқа  Лондон  университетінің  профессоры  Мэри  Бойс  «ақиқатында 

Заратуштра  Еділдің  шығысынан  басталатын  Азиялық  далада  өмір  сүрген» 

деп  тұжырымдайды  немесе  Бал  Гангадхар  Тилак  сияқты  оқымыстылар 

Заратустра  қазіргі  Ресей  аумағындағы  Оралдың  оңтүстік  бөктерінде  тұран 

тайпаларының  арасында  дүниеге  келген.  Осы  жерден  әртүрлі  жағдайларға 

байланысты, нақтырақ айтқанда қысым көргеннен кейін, қазіргі Иран жеріне 

көшіп  кетуге  мәжбүр болғанға ұқсайды,  әрі  сонда  ел  көсемі  Виштаспа  оған 

үлкен  қамқорлық  көрсетіп,  оның  көптеген  дүниелерін  өз  саясатында 

пайдаланса керек. Жалпы, Заратуштра деген ат шамамен «көне түйеші» деген 

ұғым  береді.  Ол  кезеңдерде  от  –  өмірдің  барлық  жағын  қамтитын  нәрсе 

есебінде  ерекше  қадірленді.  Оған  арналған  мереке  жеті  мерекенің  ішінде 

ерекше  көрініс  тапты  («Наурыз»  мейрамы).  Зорастрлық  көзқарасты  ол 

тараған аймақтардағы халықтар әулиелер діні есебінде қабылдады. Тәңірілік-

зорастрлық  ұғымдар  қазақтардың  да  дәстүрінде,  әдет-ғұрыптарында    және 

наным-сенімдерінде сақталып қалған.  

              Заратустраның  әкесі  Порушаспа,  оның  анасының  есімі  Дугдова  деп 

аталған. Оның отбасында: ересектері – Ратуштар және Рангуштар, кішілері –

Нотарига  және  Ниветиш  есімді  аға-қарындастары  болған.  Заратустраның 

жұбайының  есімі-Хвови.  Жастайынан  оның  бойынан  адам  түсінбейтін  бір 

қасиеттерді  байқаған.  Туғанында  басқалар  сияқты  жыламаған  ол,  керісінше 

күлген.  Оның  күлкісі  2000-дай  шайтанды  (демонды)  бір  мезетте  өлтірген. 

Осындай  қасиеті  бар  оған  көптеген  жаман  ниеттегі  адамдар  күндестікпен 

қараған. Оған бірнеше рет қастандық жасалса да, ондай әрекет ешбір нәтиже 

бермеген. Оған себеп, Заратуштра Құдыретті Күшті – Құдайдың қалауы еді. 

              Ол  өмірінде  үш  рет  үйленген  адам.  Алғашқыларының  бірі 

Заратустраға  екі  бірдей  бала  сыйлады,  оларды  Урватат-нара  және  Хвара-


10 

 

читра  деп  атаған.  Өсе  келе  олар  өздеріне  жақын  кәсіптерді  таңдайды: бірі  -



малшы,  әрі  жер  иеленуші  болса,  екіншісі  –  жауынгер  болады.  Басқа 

әйелдерінен  төрт  бала  болады,  соларының бірі:  Исад-вастра  есімді бала.  Ол 

кейіннен Зорастрлік діннің жоғарғы абызы болады. Оның үш бірдей: Френи, 

Трити және ең кіші Поручиста есімді апалары болды. 

            Немістің  атақты  философы  Фридрих  Ницше  «Заратуштра  осылай 

деген» атты философиялық толғау жазу да тегін емес еді. Бұл Заратуштраның 

жалпы  адамзат  баласының  алғашқы  ұстазы  болғандығын  мойындау  еді. 

Философ-жазушы Смағұл Елубайдың пікірі бойынша: «Адамзаттың алғашқы 

пайғамбары,  соңғылықта  өмірге  Буддизм,  Иудаизм,  Христиан  және  Ислам 

діндерінің  келуіне  үлкен  ықпал  жасаған  Заратуштра  Ұлы  Тұран  жерінің 

перзенті». 

Дүниетанымдық-философиялық көзқарастары

           Заратуштра адамзат тарихы үш кезеңнен тұрады дейді. Құдай дүниені 

жаратқан  алғашқы  балауса  кезеңді  –  «жаралу»  кезеңі.  Адамзат  тарихының 

екінші кезеңі дүниеге Сайтан араласқан кезең, яғни «араласу» кезеңі делінеді. 

Бұл  кезеңде  кесапат  пен  шарапат  ұзақ  та  ұлы  күреске  шығады.  Бұл  жарық 

дүние  үшін  Құдай  мен  Сайтанның  күресі  еді.  Заратуштра  уағызы  бойынша 

адамзат  тарихының  үшінші  кезеңі  –  «ажырасу»  деп  аталады.  Бұл  кезеңде 

Құдай Сайтанды жеңіп, өзі жаратқан Дозақ отына өзі күйіп, қиянат, кесапат, 

жамандық,  қылмыс  атаулы  із-түссіз  жоғалған  күннен  басталмақ.  Сөйтіп, 

Алла-тағалла  жаратқан  жарық  дүние  баяғы  бейкүнә,  таза,  ұжмақ  қалпына 

келмек.  Сол  болашақта,  мәңгі  ұжымақта  өмір  сүрмек  үшін,  бақытты  болу 

үшін адам бұл фәниде Заратуштраның үш шартын орындауы керек: бірінші 

шарт – «шарапатты ойға беріл», екінші шарт – «шарапатты сөзге беріл» және 

үшінші шарт – «шарапатты ізге беріл».  

        Заратуштра қалайда адамзат тарихы үшін теңдесі жоқ жұмбақ тұлға.  

 

Әдебиет: 

 

1.  Қазақ.  ЖОО-арн.оқу  құралы.  /Қасымжанов  А.  Рухани  тамырлар. 

Заратуштра туралы. «Білім», – Алматы: 1994. 92-95 бет 

2.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия.«Парыз», –Астана: 2009.126 

3.  Бойс М. Зороастризм. Верования и обычаи. –Москва: 1986. 174-бет 

 


11 

 

 



 

ЕЖЕЛГІ ҮНДІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 

12 

 

               Жалпы  адамзат  тарихында  қола  дәуірінен  өту  өндіргіш  күштердің 



ширақ  дамуына  ғана  әкеп  соққан  жоқ,  сонымен  қатар  рулық,  алғашқы 

қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің 

дене  еңбегінен  бөлінуіне,  адамның  белсенді  іс-әрекеті  арқасында  өзінің 

табиғат  құдыреттері  алдындағы  әлсіздігі,  бағыныштылығы  сияқты 

құбылыстарды  жоюда  алғашқы  қадам  жасауына,  сол  табиғат  құбылыстары 

туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің 

өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, 

дәстүр,  дүниетанымдық  көзқарас  күйзеліске  ұшырап,  олардың  орнына 

қоғамда  қалыптасқан  жаңа  жағдайларды  түсіндіретін  тың  көзқарас  кең  өріс 

ала  бастады.  Бұл  көзқарас  қияли  заңдылықтарға  сүйенген  мифологиялық 

дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің 

арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ мұндай көзқарас әлі де 

болса  философия  емес  еді.  Себебі  ежелгі  шығыста  өндірістік  тәсілдің  баяу 

қалыптасуы,  философиялық  ой-пікірдің  сол  кездегі  жетістіктерімен  нашар 

байланыста 

болуы 


Шығыс 

философиясының 

діни-мифологиялық 

көзқарастан,  күнделікті  әдептілік  санадан  толық  арылуына  мүмкіндік 

бермеді. 

          Дегенмен  де,  табиғат  құбылыстары  мен  олардың  арасындағы 

өзгерістерді  сиқырлы,  танылмайтын  беймәлім  күштердің  құдыретінен  деп 

ұғып,  адамға  ұқсас  құдай  бейнесін  жасау  –  абстрактілі  ойлау  процесінің 

жетілгендігін  көрсетіп,  дүниетанымдық  көзқараста  философияның  жеке 

бағыт болып қалыптасуына қажетті алғышарты болды. 

          Біздің  жыл  санауымыздан  үш  мың  жыл  бұрын  Ежелгі  Үнді  жерінде 

қауымдық  қоғам  ыдырап,  оның  орнына  құлдық  қоғам  қалыптаса  бастады. 

Осыған орай, ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (кастаға) бөлінді: брахмандар 

(абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты  шаруалар) және 

шудралар  (құлдар).  Әр  варна  тұйықталған  әлеуметтік  топ  болды  да, 

әрқайсысы  қоғамда  өзіне  тиесілі  орын  алды  және  өздеріне  ғана  тән  әртүрлі 

мамандықтары  болды.  Мысалы,  брахмандардың  үлесіне  ой  еңбегі, 

кшатрийлерге  әскери  қызмет,  вайшьилерге  –  ауылшаруашылық,  қолөнер 

кәсібі,  саудагерлік  тисе,  шудраларға  қара  жұмыс  қана  тиді.  Ежелгі  үнді 

қоғамының  осы  даму  кезеңіне  сай  мифологиялық,  философиялық 

көзқарастары  да  қалыптасты.  Олар  негізінен  үнді  мәдениетінің  ескерткіші 

Ведаларда (веда - б.д.д.1500ж.) жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: 

1-Самхит  –  құдайларға  арналған  гимндер  жинағы,  2-Брахман  –  самхитті 

түсіндіретін  әртүрлі  мифологиялық  әңгімелер,  ритуалдар,  т.б.  3-Араньякта 

(Орман  кітабы)  –  брахманға  тән  ритуалдың  орнына  құдайларды  іштей 

сыйлап-құрметтеу,  олар  туралы  ойланып-толғану  сияқты  көзқарас.  4-

Ведалардың ең соңғы сатысы «Упанишадта» дәстүрлі варналарды бір-біріне 

қарсы  қоюдан  гөрі,  олардың  арасындағы  айырмашылықты  ең  жоғары  білім 

арқылы  жоққа  шығаруға  болады  деген  идея  уағыздалады.  Упанишадтың 

басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік – Брахман 

жатыр.  Ал  одан  барлық  заттар  дамып  өскен.  Олай  болса,  Брахман  –  бар 

әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі 



13 

 

түрлі  болады.  Біріншісі  қозғалмайды,  нақты  өмір  сүреді,  бірақ  жойылып 



кетуі  мүмкін,  ал  екіншісі  жойылмайды,  өлмейді,  қозғалыста  болады  және 

ақиқат.  Бірінші  брахман  көп  түрлі  болса,  екіншісі  жалқы.  Кейбір 

жағдайларды  брахманмен  қатар,  синоним  ретінде,  атман  ұғымы  да 

қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші 

жағынан  рух  сияқты.  Рухты  атман  –  тіршіліктің  негізі,  ал  екеуі  қосылып, 

барлық  денелердің    ішкі  бастамасы,  негізі  және  соңы  болады.  Атман  тек 

бастама  ғана  емес,  ол  –  саналы  тіршілік  иесі,  әлемді  жаратушы.  Брахман 

және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі – пуруша және «мен». Пуруша 

(еркек) ол – әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша 

түрінде  болып,  «мен  әлемді  жаратамын»  деп:  аспан  суын,  сәуленің 

бөлшектерін,  өлімді,  суды  жаратты.  Осыдан  біз  атманның  саналы  екенін 

түсінеміз.  Упанишадта  «менді»  брахманмен,  атманмен  тең  деп  түсінгенде 

ғана,  адам  өзін  Құдаймен,  бүкіл  әлеммен  теңмін деп  түсінеді.  Ал  «мен» бір 

бөлек,  брахман,  атман  бір  бөлек  деп  түсінетін  болсақ,  ол  білімділікке 

жатпайды.  Ал  егер  атманды  танып-білсек,  барлығын  да  білгеніміз.  Жалпы 

білімділік, Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық 

шалу  туралы  білім  өте  құндырақ.  Өмірдің  ең  басты  мақсаты  –  тірі  кезінде 

атман-брахманмен қосылып – бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, 

үмітінен,  қызғаншақтықтан  тыныштық  тауып,  алдап-арбаусыз  ой  кешіп, 

атманды  түсініп-білген  адам  нағыз  брахман  болып,  Құдайға,  әлемдік 

құрылымға  айналады.  Упанишадта  жанның  көшіп-қону  идеясы  –  ең  басты 

идеялардың  бірі.  Қайта-қайта  айналып  келетін  жанның  сансар  тырнағынан 

құтылу  үшін  аскеттік  өмір  сүріп,  ең  жоғары  білім  алуы  басты  шарт  болып 

саналады. 

              Ведалар 

негізінде  қалыптасқан  философиялық  ілімдер  сол 

ведалардың  беделін  мойындау-мойындамауына  байланысты  әртүрлі 

бағыттарға  бөлінді:  джайнизм,  буддизм,  даршандар,  чарвактар-локаяттар, 

санкхья,  т.б.  (Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы. 

«Раритет»,—Алматы:  2006,  7-9  беттер).  Бұл  аталмыш  философиялық 

бағыттар кейін ғылымның одан әрі дамуына септігін тигізген философиялық 

мектептер ретінде өздерінің лайықты орындарын тапты. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

14 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет