5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5 в 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған



Дата28.06.2017
өлшемі310,87 Kb.
#20263
    Бұл бет үшін навигация:
  • Курс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

Құжаты

УМКД


УМКД 042-16.1.32/01-2013




УМКД

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы»

пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы

______ 2013 жылғы

№ 3 басылым




5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5 В 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ 2013



Кіріспе

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті ф.ғ.к. Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы _____________ «___» ___________20___ жыл.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.

Төрайым _________________ Мұқанова Қ.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл.

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.

4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 3 БАСЫЛЫМЫ





Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль)

5 Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер



1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы

«5 В 050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5 В 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттеріне арналған.



2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты;

- «5 В 050117» - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.



3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні сөз және ұғым, мағына және оның түрлері, сөз мағынасының даму жолдары, сөздің мағыналық өзгерістерін, сөздердің шығу төркінін, сөздік құрамның толығу, даму жолдарын, ондағы кірме сөздердің алатын орнын, сөздердің тілде қолданылу сипатын зерттейді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің осы замандағы даму қалпын, мағыналық және құрамдық түрлерін, тарихи арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердің экспрессивті-стилистикалық мәнін тексереді.



3.2 Пәнді оқыту мақсаты:

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» –жүйелі ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелеріне байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыруды өзінің міндеті деп санайды. Курстың теориялық бөлімінде лексикологияның ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру. Тәжірибе сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.


3.3 Пәнді оқыту міндеттері:

– Лексикологияның мәселелерін жан-жақты шешу үшін, тіл білімінің шектес салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып көрсету;



  • Сөз- лексикалық бірлік, ұғым және сөз, сөз және мағына ұғымдарына тоқталып, сөздің лексикалық мағыналарының түрлерін қарастыру ;

–Қазақ тілінің сөздік құрамы мен фразеологиясы туралы лексика-семантикалық, функционалды - стилистикалық тұрғыда теориялық мәліметтер беру;

  • Қазақ тілінің қазіргі лексикалық жүйесінің семасиологиялық сипаты туралы, сөз мағынасының даму жолдары, сөздің мағыналық өзгерістері жайлы түсініктерді сипаттау;

– Қазақ тілінің лексика – семантикалық жүйесінің қалыптасуындағы негізгі тарихи арналары, жалпы түркілік лексика мен қазақтың төл лексикасы, сөздік құрамның толығу жолдары, онда кірме сөздердің алатын орны мен мәніне тоқталу;

– Сөздердің тілде қолданылу сипатынан туатын ерекшеліктері, стильдік түрлері, экспрессивті-стилистикалық сипаты, сөздердің жиі қолданылатын (актив) немесе қолданысқа көп түспейтін (пассив) топтары туралы саралап көрсету;

– Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесі туралы теориялық мәліметтерді халық тілінен, әдеби тілден алынған мысалдар негізінде талдау ;
3.4 Оқыту нәтижелері:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:

- Қазақ тілінің лексикологиясы саласының өзекті мәселелерін біліп шығады;

- Курстың теориялық бөлімінде лексикологияның ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы алған білімдерін практикада қолдана біледі; Тәжірибелік сабақтарда лексикалық талдаудың негізгі әдістерін меңгереді;

- Қазақ тілінің сөздік құрамы мен фразеологиясы туралы лексика-семантикалық, функционалды - стилистикалық тұрғыда теориялық тұрғыдан меңгереді ;

- Белгілі бір мәселе төңірегінде өзіндік пікір айта алады;
3.5 Курстың пререквизиттері:

Тіл біліміне кіріспе

Қазақ тілінің норматив курсы

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы


3.6 Курстың постреквизиті:
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Түркітануға кіріспе

Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

Этнолингвистика

Когнитивтік лингвистика

Әлеуметтік лингвистика

Лингвомәдениеттану

3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

1 Кесте


Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Лаб. (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ

Барл.

(сағ)


Бақылу түрі

2

4

2

15

15

-

15

45

90

Емтихан

4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)

2 Кесте



Тақырыптар атауы және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары




1 модуль. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі. Сөз мағынасының дамуы.





1-тақырып.

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, жіктелетін салалары, қалыптасу тарихы. Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.




1

2-тақырып.

Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.


Сөздің негізгі және туынды мағыналары, тура және ауыспалы мағыналары, нақты (деректі) және дерексіз мағыналары, еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналары,синтаксистік шартты мағыналары, узуалды (дағдылы) және окказионалды (бір қолданар тосын сөздердегі) мағыналары.

1

3-тақырып.

Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері.

Сөздің көп мағыналылығы, олардың пайда болу жолдары. Қазақ тіл білімінде сөз мағынасының зерттелу жайы. Лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер, олардың түрлері, пайда болу жолдары. Сөз варианттары.


1

4-тақырып.

Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.

Лексикалық табу мен эвфемизмдер, дисфемизмдер, олардың пайда болу жолдары, өзіндік сипаты мен мәні.


1

2 модуль.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы.




5-тақырып.

Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.


Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері, сөздік құрамда алатын орны, сөздік құраммен арақатынасы, бір-біріне ауысып отыратыны. Сөздік құрамның зерттелу жайы.

1

6-тақырып.

Сөздік құрамның тарихи арналары.

Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны: жалпы түркілік сөздер, қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер, қазақтың тума төл сөздері. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны: моңғол тілінен ауысқан сөздер, моңғол, қазақ тілдеріне ортақ сөздер, араб-парсы тілдерінен кірген сөздер, олардың ену кезеңдері мен ауысу жолдарына қысқаша шолу. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер.


1


7-тақырып.

Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.


Араб-парсы тілдерінен кірген сөздер. Моңғол тілінен ауысқан сөздер. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер. Кірме сөздердің зерттелу жайы.

1

8-тақырып.

Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.

Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу сипатына қарай бөлінетін түрлері: жалпыхалықтық сөздер, диалектизмдер, кәсіби және термин сөздер.




1

9-тақырып.

Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері.


Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері.

Бейтарап лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, кітаби лексика, эмоциональды – экспрессивті лексика, Бұлардың зерттелу жайы.



1

10-тақырып.

Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.


Актив қабатқа – күнделікті жиі қолданылатын дағдылы сөздер, пассив қабатқа- көнерген сөздер, неологизмдер, диалектизмдер, кәсіби сөздер,термин сөздердің көпшілігі жататыны.

Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер. Неологизмдер жиі кездесетін лексикалық салалар.Семантикалық, жалпыхалықтық, авторлық неологизмдер.Қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздер. Олардың архаизмдер және тарихи сөздер болып бөлінетіндігі. Актив және пассив сөздердің зерттелу жайы.



1

3 модуль

Фразеология, оның зертту нысаны, мақсаты.




11-тақырып.

Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.


Фразеологияның өзіне тән зерттеу нысаны бар лексиканың тұрақты тіркестерді зерттейтін бір саласы екендігі . Тұрақты тіркестердің басты белгілері. Тұрақты тіркестердің түрлері: фразеологиялық тұтастық (идиома), фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек, коммуникативті және номинативті фразеологизмдер, олардың стилистикалық қызметі, зерттелу жайы.

1


12-тақырып.

Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.



1



4 модуль

Қазақ терминологиясы.



13-тақырып.

Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.



1

5 модуль

Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу.



14 -тақырып.

Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер.

(М.Қащқари сөздігі – ХI ғ., құман (қыпшақ) тілінің сөздігі – XIVғ., В.Радлов сөздігі – XIX ғ.,т.б. ). Абай тілінің сөздігі. Осы күнгі тілдік сөздіктердің түрлері және олардың сипаттамасы. Қазақ лексикографиясының алда тұрған міндеттері.


1

6 модуль

Этимологияның негізгі объектісі, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары.




15 -тақырып.

Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.


Этимологияның негізгі объектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары. Этимологияның негізгі зерттеу объектісі . Халықтық және ғылыми этимология ұғымдары. Қазақ тілі этимологиясының зерттелу жайы.

Тәжірибелік сабақтар

1


1 модуль.

Сөз мағынасының дамуы




1-тақырып.

«Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері,салалары, оның тіл білімімінің шектес салаларымен байланысы, зерттелу тарихы.




1

2-тақырып.

Семасиологияның зерттеу нысаны.Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз. Сөз және мағына. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.

«Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар» кітабының (Ф.Оразбаева, Ә.Ахметов, К.Жүнісбеков А.,1999немесе т.б. ) лексикология тарауындағы мәтіндерге сөздің негізгі және туынды мағыналары, тура және ауыспалы мағыналары, нақты (деректі) және дерексіз мағыналары, еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналары,синтаксистік шартты мағыналарына және узуалды (дағдылы) және окказионалды (бір қолданар тосын сөздердегі) мағыналарына лексикалық талдау жасату.


1

4-тақырып.

Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер, олардың пайда болу жолдары, түрлері.

Көп мағыналы сөздердің жасалу жолдарын айыра білуге омоним, синоним, антоним сөздерді ажыратып, олардың көп мағыналы сөздерге байланысты жақтарын аша білуге жаттықтыру: метафора, метонимия, синекдоха. Қазақ тіл білімінде сөз мағынасының зерттелу жайы.


1

5 -тақырып.

Лексикалық табу мен эвфемизмдер, дисфемизмдер, олардың пайда болу жолдары, өзіндік сипаты мен мәні.



1

2 модуль.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы.




6-тақырып.

Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері.


Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері, сөздік құрамда алатын орны, сөздік құраммен арақатынасы, бір-біріне ауысып отыратыны. Сөздік құрамның зерттелу жайы.

1

7-тақырып.

Сөздік құрамның тарихи арналары.

Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны: моңғол тілінен ауысқан сөздер, моңғол, қазақ тілдеріне ортақ сөздер, араб-парсы тілдерінен кірген сөздер, олардың ену кезеңдері мен ауысу жолдарына қысқаша шолу.


1

8-тақырып.
Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу сипатына қарай бөлінетін түрлері.
Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу сипатына қарай бөлінетін түрлері: жалпыхалықтық сөздер, диалектизмдер, кәсіби және термин сөздер.

1

9-тақырып.
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері.
Бейтарап лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, кітаби лексика, эмоциональды – экспрессивті лексика, Бұлардың зерттелу жайы.

1

10-тақырып.

Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.


Мәтінмен жұмыс. Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттарына, күнделікті жиі қолданылатын дағдылы сөздер мен пассив қабатқа жататын көнерген сөздер, неологизмдер, диалектизмдер, кәсіби сөздер,термин сөздерге кешенді талдау жүргізуге дағдыландыру.

1

3 модуль

Тұрақты тіркестердің басты белгілері. Тұрақты тіркестердің түрлері: фразеологиялық тұтастық (идиома), фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.




11-тақырып.

Тұрақты тіркестердің түрлеріне фразеологиялық талдау жүргізу.

Фразеологизмдерге байланысты талдауларда тұрақты сөз тіркестерінің жеке атауыш сөздерден айырмашылығы мен ұқсастығын, тұрақты тіркестердің өз ішінде жіктелетін түрлерін, олардың семантикалық топтарын нақты ажырата білуге жаттықтыру. Тұрақты тіркестердің түрлері: фразеологиялық тұтастық (идиома), фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы.


1

12-тақырып.

Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.

Фразеологизмдердің семантикалық топтары синонимдер, антонимдер, варианттар жайлы, олардың көп мағыналылығына қатысты алған білімдерін бекіту.Тұрақты тіркестердің шығу арналары. Фразеологизмдердің жаңа салалары туралы түсінік беру.


1

4 модуль

Қазақ терминологиясы.




13-тақырып.

Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.



1

5 модуль

Қазақ тілінің лексикографиясы.






14-тақырып.

Лексикографияға байланысты талдауларда сөздіктердің түрлерімен танысу.

Сөздіктердің әр түрін пайдалана білуге жаттықтыру. Осы күнгі тілдік сөздіктердің түрлері және олардың сипаттамасы. Қазақ лексикографиясының міндеттері.


1

6 модуль

Этимологияның негізгі объектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары.







15-тақырып.

Этимологияның негізгі объектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары.


Халықтық және ғылыми этимология ұғымдары. Қазақ тілі этимологиясының зерттелу жайы.


1

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5.1 Табу мен эвфемизм құбылысының жасалу жолдары, зерттелу жайы.

5.2 Қазақ тілінің диалектілері мен сөйленістеріндегі ерешеліктер.

5.3 Көнерген сөздердің көркем шығармадағы қолданылуы (Ә.Нұрпейісовтің « Қан мен тер» романы бойынша)

5.4 Кітаби сөзге (кітаби стильге) жататын тілдік бірліктер.

5.5 Тұрмыстық сөйлеу тілі.

5.6Академик І.Кеңесбаев және қазақ тілінің фразеологиясы.

5.7 Абай тілінің фразеологиясы.

5.8 Қазақ тіл біліміндегі терминология мәселесі.

5.9 М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік» сөздігіндегі мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі қолданысы.

5.10 Қазақ тіліндегі көнерген сөздер табиғаты.

5.11Сөз варианттарының зерттелуі.

5.12 Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық- мәдени көрінісі.

5.13Қазақ тілі терминологиясының қазіргі жағдайы мен қолданысы.

5.14Синонимдердің мағыналық, стильдік, сөз қолданысындағы реңктер.

5.15 Қазақ лексикасының тіларалық байланыс арқылы дамуы.



6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте



Тақырып

Көрнекі құралдар, ОТҚ, плакаттар, стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

Дәрістік сабақтар

Тәжірибелік сабақтар

1

2

4

5

6

1.Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.


1. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, жіктелетін салалары, қалыптасу тарихы. Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.


Дәріс тезисі, сызба нұсқа, слайдтар

Ғылыми еңбектерге шолу жасау

Конспектжасау

2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.

2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.



Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлеріне талдау жасау.

Лексика

лық талдау жасау



3.Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері.


3.Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері.


Дәріс тезисі, плакаттар.

Омонимдік, синонимдік, антонимдік сөздіктермен жұмыс жүргізу.

Сөздіктермен жұмыс түрін жүргізу.

4.Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.


4.Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

Көркем шығармадан мысал теру.

Конспект жасау

5.Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.


5.Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.


Дәріс тезисі, слайд

Мысалдар теру

Конспект жасау

6.Сөздік құрамның тарихи арналары.


6.Сөздік құрамның тарихи арналары.


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде,

плакаттар




Көркем шығармадан сөздік құрам

мен негізгі сөздік қорға мысалдар теру



Конспект жасау.

7.Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.



7.Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде


Кірме сөздерге мысалдар келтіріп, талдау жұмыстарын жүргізу.

Сөздіктермен жұмыс жүргізу.

8. Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.


8.Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

плакаттар



Ғылыми әдебиеттерге конспект жасау.

Лексика

лық талдау жасау.



9. Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері.


9.Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері.


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

плакаттар



Көркем шығармадан мысал теру,талдау жасау.

Лексика

лық талдау жасау.



10. Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.


10.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

плакаттар



Көнерген сөздер мен неологизмдердің көркем шығармалардағы қолданысына талдау жасау.

Конспект жасау.

11. Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.



11.Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.


Дәріс тезисі кесте слайд түрінде


Конспект жасау.

Ауызша

12. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.

12.Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.

Дәріс тезисі кесте слайд түрінде


Конспект жасау.

Ауызша

13.Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуы.

13.Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.

Дәріс тезисі таблица слайд түрінде

Қазақ тіл біліміндегі лингвистика

лық терминдерге сипаттама беру



Көркем шығармалардан мысалдар теру

14.Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер.

14. Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер.


Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде

Конспект жасау.

Сөздіктермен жұмыс

15.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.


15.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.


Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде

Конспект жасау.

Этимоло

гиялық сөздікпенмен жұмыс



7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4-Кесте



Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

  1. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.

15

31

50%




  1. Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996

15

31

50%




  1. Кеңесбаев І.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.

15

31

50%

  1. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. А., 1958

15

31

50%

5.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997

15

31

50%

6.Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.


15

31

50%

7.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988


15

31

50%

8.Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.

15

31

50%

9.Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1992.


15

31

50%

10. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 2002.


15

31

50%

11.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі.А., 1966.

15

31

50%

12.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989

15

31

50%

14. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

15

31

50%



  1. ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Негізгі әдебиеттер

8.1.1 Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996.

8.1.2 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997

8.1.3 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

8.1.4 Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988

8.1.5 Мұсабаев Ғ.Современный казахский язык.Лексика.А.,1959.

8.1.6 Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.

Қосымша әдебиеттер

8.2.1 Кеңесбаев І.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.

8.2.2 Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.

8.2.3Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1992.

8.2.4 Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. А., 1958

8.2.5 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А.,, 1977

8.2.6 Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989

8.2.7 Сағындықұлы Б.Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А.,1989

8.2.8 Мусаев К. Лексикология тюркских языков.М., 1984

8.2.9 Жанпейісов Е.Этнокультурная лексика казахского языка.,А.,1989



8.2.10Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы., А.,1988
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет