Қараған кезде: Дене қызуы 38,90С. Жағдайы ауыр жалпы улану және ентігу әсерінен. Аңқаның шырышты қабаттары аздап қызарған, жабындылар жоқ. Өкпеде қатаң тыныс, сол жақ өкпенің төменгі жағында құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритмді, ЖСЖ – 108 рет/мин, АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ., ТЖ – 26 рет мин. SO2- 86-88%.
Бұл жағдайды қалай дұрыс жіктеуге болады?
*Анықталған жағдай
*Ықтимал жағдай
*Күмәнді жағдай
*Тіркелген жағдай
*Дәлелденген жағдай +
285
27 жастағы ер адам 27 шілдеде емхана дәрігеріне дене қызуының 38,50 С дейін көтерілуіне, бетіндегі бөртпелерге, параорбитальды аймақта ауырсынуына, жарқын жарыққа төзбеушілікке, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсынуға шағымданған. 19 шілдеде Бразилиядан ұшып келді, онда іссапарда болды. Масалардың шағуын, қорғалмаған жыныстық қатынасты жоққа шығармайды. Қонақ үйде қанағаттанарлық жағдайда тұрды.
ЖҚА-де: лейк. - 4,4×109/л, т/я-1%; с/я-42%; мон.- 9%; лимф.- 45%, тром.- 150×109/л, ЭТЖ-17 мм/сағ.
Қандай диагноз Ең ықтимал:
*Қырым қанды геморрагиялық қызбасы
*Эбола қызбасы
*Сары қызба
*Зика қызбасы +
* Денге қызбасы
286
30 жастағы ер адам, 27 шілдеде жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне дене қызуының 37, 80 С дейін көтерілуіне, бүкіл денеде бөртпенің пайда болуына, параорбитальды аймақтың ауырсынуына, жарқын жарыққа төзбеушілікке, бас ауруына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, бұлшықет пен буынның ауырсынуына шағымдарымен жеткізілді. 20 шілдеде Колумбиядан ұшып келген, онда іссапарда болды. Масалардың шағуын жоққа шығармайды. Қонақ үйде қанағаттанарлық жағдайда тұрған. Объективті: есі бұзылған, төменгі аяқтың құрысуы байқалады. Дене қызуы – 38,50 С . Денеде дақты-папулезды бөртпе, склера мен конъюнктива қан тамырлары қызарған. Шүйде бұлшықеттерінің кернеуі 3,0 см.
Науқаста қандай асқыну пайда болды:
* Гийен-Барре полиневропатиясы
* Менингоэнцефалит +
* Энцефалит
* Менингит
* Миелит
287
Ер адам 34-жаста. Ауруханаға ауруының 3 –ші күні түсті. Шағымдары: тұншығу, ауаның жетіспеуі, қатты жөтел, алқызыл көбікті қақырықтың шығуына, дене қызуының көтерілуіне, ентікпенің күшеюіне. Науқастың айтуынша ауру катаральды симптомдармен басталған.
Эпид.анамнез: ауырғанына дейін 5 күн бұрын Қытайдың оңтүстігінен (Гуандун провинциясынан),келген онда вирусты инфекцияның бірнеше жағдайы тіркелгендігін айтты. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ, тынысы шулы. Мазасыз, өлімі қорқынышы бар, акроцианоз, тыныш күйінде ентікпе. ТЖ - 30 рет/мин. Аускультативті өкпенің екі жағының тқменгі бөлігінде орташа және ірі көлемді ылғалды сырылдар есітіледі. АҚҚ 130/90 сын бағ.ст. Пульс 120 рет/мин.Кейінрек сулы нәжіс, құсу қосылды. SpO2 пульсоксиметрия -80%.
Сипатталған клиникалық жағдайда қай диагноз Ең ықтимал болып табылады?
* Ауруханадан тыс төменгі бөлікті пневмония
* Респираторлы-синцитиальды инфекция
* Коронавирусная инфекция COVID-19(SARS CoV2)
* Коронавирусная инфекция АЖРС (SARS CoV1) +
* Коронавирусная инфекция ТШРС (MERS-CoV)
288
Ер адам 34-жаста. Ауруханаға ауруының 3 –ші күні түсті. Шағымдары: тұншығу, ауаның жетіспеуі, қатты жқтел, алқызы көбікті қақырықтың шығуына, дене қызуының көтерілуіне, ентікпенің күшеюіне. Науқастың айтуынша ауру катаральды симптомдармен басталған.
Эпид.анамнез: ауырғанына дейін 5 күн бұрын Қытайдың оңтүстігінен (Гуандун провинциясынан),келген онда вирусты инфекцияның бірнеше жағдайы тіркелгендігін айтты. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ, тынысы шулы. Мазасыз, өлімі қорқынышы бар, акроцианоз, тыныш күйінде ентікпе. ТЖ - 30 рет/мин. Аускультативті өкпенің екі жағының тқменгі бөлігінде орташа және ірі көлемді ылғалды сырылдар есітіледі. АҚҚ 130/90 сын бағ.ст. Пульс 120 рет/мин.Кейінрек сулы нәжіс, құсу қосылды. SpO2 пульсоксиметрия -80%.
Сипатталған клиникалық жағдайда қандай асқынудың дамуы Ең ықтимал болып табылады
*ҚШҰС-синдром
*Жедел бронхит
*Инфекциялық-токсическалық шок
*Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*Респираторлы дистресс-синдром +
289
Ер адам, 55 жаста, ауруханаға ауруының 4 –ші күні түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысының ауыруы, құрғақ жөтел, ентікпеге, әлсіздік,бұлшықеттерінің ауруы, басының ауруы. Кейінрек жүрегінің айнуы мен, сүйық нәжіс қосылған. Эпид.анамнез: Науқас Қазақстанға 10 күн бұрын өзінің демалсын өткізген Аравия түбегінен келгенін және сол жақта қазіргі таңда ауруханада жіті вирусты инфекцияға тексеріліп жатқан түбекте түйе бағушы ағасымен кездескенін хабарлайды.
Қарап тексергенде: беті қызарған, ісіңкі, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Өкпеде аускультативті төменгі аймақтарында тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. ЖТС – 92 рет./мин., ТАЖ – 30 рет мин., АҚҚ - 100/60 мм рт.ст.
Сипатталған клиникалық жағдайда қай диагноз Ең ықтимал болып табылады?
* Грипп H1N1
* Ауруханадан тыс төменгібөлікті пневмония
* Коронавирусты инфекция COVID-19
* Респираторлы-синцитиальды инфекция
* Коронавирусты инфекция ТШРС (MERS-CoV) +
290
Ер адам, 55 жаста, ауруханаға ауруының 4 –ші күні түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысының ауыруы, құрғақ жөтел, ентікпеге, әлсіздік,бұлшықеттерінің ауруы, басының ауруы. Кейінрек жүрегінің айнуы мен, сүйық нәжіс қосылған. Эпид.анамнез: Науқас Қазақстанға 10 күн бұрын өзінің демалсын өткізген Аравия түбегінен келгенін және сол жақта қазіргі таңда ауруханада жіті вирусты инфекцияға тексеріліп жатқан түбекте түйе бағушы ағасымен кездескенін хабарлайды.
Қарап тексергенде: беті қызарған, ісіңкі, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Өкпеде аускультативті төменгі аймақтарында тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. ЖТС – 92 рет./мин., ТАЖ – 30 рет мин., АҚҚ - 100/60 мм рт.ст.
Диагноздың дұрыс қойылуы үшін Ең ықтимал эпидемиологиялық мәлімет болып табылады?
* Түйе етін және сүтін қолдануы.
* Аравия түбегінде түйелермен қатынаста болуы.
* Аравия түбегінде демалыс күндерін өткізуі.
* Аравия түбегінде түйе бағатын ағасымен қатынаста болуы. +
* Карп балықтарымен тамақтануы.
291
Ер адам 32 жаста, 2 қыркүйекте ауырының 5-ші күні тұрғылықты жеріндегі емханаға жүгінген. Ауруы жедел басталған: тамағында қышу сезімі, құрғақ жөтел, қызуы 37,3ºС - 38 ºС-қа дейін көтерілген. Өз бетімен емделген – аспирин, жөтелге қарсы дәрі, тамағын шөптер тұнбасымен шайқаған. Бүгін кеуде қуысының артқы жағында орташа деңгейдегі ауру сезімі, физикалық жүктеме кезінде ентікпе пайда болған.
Эпидемиологиялық анамнез: Отбасында науқас адамдар болмаған. 10 күн бұрын Мысырда демалған. Еңбек демалысында.
Объективті: Жағдайы орташа, қызуы 38,2ºС. Аускультативті: өкпеде тынысы әлсіреген, сырыл естілмейді, ЖСЖ – 104/мин., АҚ – 100/60 мм.сын.бағ. Іш қуысы ағзаларында патология жоқ. Диурез өзгеріссіз, нәжісі қалыптасқан.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
*ЖРВИ, орташа дәреже
*Жедел трахеобронхит
*Жедел бронхопневмония
*COVID-19, короновирустық инфекциясы, күдікті жағдай +
*COVID-19, короновирустық инфекциясы, ықтимал жағдай
292
Ер адам 32 жаста, 2 қыркүйекте ауырының 5-ші күні тұрғылықты жеріндегі емханаға жүгінген. Ауруы жедел басталған: тамағында қышу сезімі, құрғақ жөтел, қызуы 37,3ºС - 38 ºС-қа дейін көтерілген. Өз бетімен емделген – аспирин, жөтелге қарсы дәрі, тамағын шөптер тұнбасымен шайқаған. Бүгін кеуде қуысының артқы жағында орташа деңгейдегі ауру сезімі, физикалық жүктеме кезінде ентікпе пайда болған.
Эпидемиологиялық анамнез: Отбасында науқас адамдар болмаған. 10 күн бұрын Мысырда демалған. Еңбек демалысында.
Объективті: Жағдайы орташа, қызуы 38,2ºС. Аускультативті: өкпеде тынысы әлсіреген, сырыл естілмейді, ЖСЖ – 104/мин., АҚ – 100/60 мм.сын.бағ. Іш қуысы ағзаларында патология жоқ. Диурез өзгеріссіз, нәжісі қалыптасқан.
Диагнозды анықтаудағы ЕҢ ЫҚТИМАЛ тексеру әдісі:
*Жалпы қан анализі
*Кеуде қуысының рентгенографиясы
* Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы
*Назофарингиалды жағындының РНК-ПТР +
*Пульсоксиметрия
293
Достарыңызбен бөлісу: |