5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет6/13
Дата11.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#21145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бақылау сұрақтары:

  1. Орфография дегеніміз не?

  2. Орфоэпия дегеніміз не?

  3. Тіл дамыту сабақтарында балалардың жас ерекшелігіне қарай қалай оқытуға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



3 модуль

Мектепке дейінгі балалар тілін дамытуда лексика-грамматикалық тіл ерекшеліктерінің маңызы.

8 –дәріс

Тақырыбы: Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру. (2сағат)

Дәрістің жоспары:

1. Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

2. Көркем шығармаларды тереңірек қабылдауға баулу жолдары.



Дәрістің қысқаша мазмұны: Балаларды әдебиетпен және ауыз әдебиетімен таныстыру, оларды әңгімелеуге және оқыған, тыңдағанын қайта әңгімлеп беруге, өлеңдерді, жаңылтпаштарды, мысалдарды жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету, тілді бейнелеу және мәнерлеу, сөздік шығармашылықтың бастапқы түрлерін дамыту жөніндегі жұмыс-міне осылардың бәрі баланың зердесін оятып, ой-түйсігін, тілін жетілдіруге жәрдемдеседі, көркем сөзді қабылдауы жетіле түседі, балалар әдебиеті шығармалаларының неғұрлым күрделіліктен түсіне бастайды, оларды түрлі шығармалармен таныстырады.

Мектеп жасына дейінгі, яғни бес-алты жастағы кезде балалар өркем шығармаларды тұтас лғанда тереңірек қабылдайды: сюжетті жай түсініп қана қоймайды, жарқын, бейнелі сөзді, ертегілер мен әңгімелердің нәрін аңдай бастайды, өздерінің кейіпкерлерге деген өзқарастарын айтады. Бес жасқа шыққанда олар сабақтарда ғана емес, одан тыс жерде де танысқан қысқа-қысқа ойнату тақпақтарын, төрт жолдық өлеңдерді біледі. Балалар тәрбиешінің барлық тапсырмаларын ынталы орындайды: әңгімесін кішкене жазық фигуралармен сүйемелдей отырып, ертегіні қайта айтып шығады, белгілі ертегілерді драмалайды, бейнеленген кейіпкерлердің сипаттық ерекшеліктерін сөйлеуі, бет-әлпетінің құбылысы арқылы көрсетуге, әңгімелеудіолар дауыс ырғағымен мәнерлеуге тырысады.

Бес–алты жасағы кезде балалар ертегіні ықыластана, назар аудара тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз көзқарасын тиянақтап айта білуді меңгереді: оларда шығарма мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдарының арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс әркеттің белгілі бір түріне қызығу тұрғылықтығы пйда болады: біреулері өлең оуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды; балалардың өздері жұмбақ, өлең ойлап таба бастайды, белгілі ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады. Құрбыларының қасында тапқырлық талпыныстарына және орындаушының іс-әрекетіне баға беріп қарау қалыптасады; балалар кімнің жақсы ойлап табатынын, әңгімелейтін, жатқа оқитынын кәдімгідей бағалайды. Ауыз әдебиетінің шағын формаларымен-жұмбақтармен, ойнату тақпақтарымен, жаңылтпаштармен, еретгілермен танысу баланы эмоция жағынан қалыптастыру оның бейнелі ойлана білуін, шығармашылық қиялын дамыту, сондай-ақ сөйлеу аппараттарын жетілдіру үшін, түрлі көркем сөздерме сөз қорларын молайтуда маңызы өте зор. Жаңылтпаштарда, тақпақтарға тән дыбыс үйлесімінің ойнақылығы баланың сөйлеу апаратын жетілдіріп оған ермек болады.әрі фонетиалық қиындықтарды жеңуге және дыбыстарды дұрыс айту дағдысын мегеруге итермелейді.

Дәрісті қорытындылау: Мектеп жасына дейінгі, яғни бес-алты жастағы кезде балалардың көркем шығармаларды тереңірек қабылдауға, сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Бақылау сұрақтары:

Сөздің грамматикалық дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

9 –дәріс

Тақырыбы: Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру. (2сағат)

Дәрістің жоспары:

1.Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы.

2.Бала тіліндегі сөздердің синтаксистік құрылысын қалыптастыру.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Граматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. «Брейнг-ринг» оқыту үйрету ойыны (жарыс-ойын)

Құрал-жабдығы:



  1. Нөмерлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар.

  2. Тапсырмаларға арнап алты бөлікке бөлінген жаймалар

  3. Сандар жазылған жаймалар

  4. Саны («3» бағасы,) жасыл («4» бағысы, ) көк («5» бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар

  5. Үстелдердің сілтемесі

  6. Ортақ бағалау парағы

  7. Үш күрдеріре деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар: ойынның екінші нұсқасында мұндай карточкалар түрлі түсті –өк,жасыл,қызыл және сары үсті қатырма қағаздан жасалады.

Ойынның жүру барысы:

Сынып 7 аладан топтарға бөлінеді: мұда 6 ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмер жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басыда отырады. Үстелдіңүстінде- үстелдің сілтемесі және 6 бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстін тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында-бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары 2), ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан Үстіңгі сұртарға дайындықсыз жауап беріледі, екінші сұрақарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі. Тәрбиеші өзі оқып береді.

Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалға, «2» саны түсті делік, яғни, 2-нөмірлері ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Әрбір топқа бірдей тапсырмалар даярланады, алайд олар әртүрлі болуы да мүмін, онда ойын екінші нұсқасы ойынша жүргізіледі.


    1. Жыл мезілдерін ата.

    2. Суретте қай мезгіл бейнеленген? Т.б. әр деңгейдің өз суреттері мен сұрақтары көрсетіледі.

Дидактикалық ойын «Бау тағу»

Мақсаты: балаларға бауды өткізуге дағдыландыру. Қол бұлшық етін дамыту.

Ой-өрісін дамыту. Түстерді ажырата білуге үйрету.

Барысы: Әр балаға ойының барыснда бір-бір баудан береміз. Балалар сол бауды ойыншықтарға тесіке өткізу керек.



Дидактикалық ойын «Геометриялық тастар»

Мақсаты: Балаларға геометриялық фигураларды дұрыс ажыратуға, түстерді айыра білуге үйрету.

Барысы: Өзеннің ортасында геометриялық фигуралар жатады. Балалар аяқтарын су қып алмай, басып, фигураларды атау.

Осы сияқты түрлі грамматикалық жаттығулар балалардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауларына қарай фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.



Дәрісті қорытындылау: Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдарынан түсінік беру.Жаттығу жұмыстары.

Бақылау сұрақтары: 1.Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы.

2.Бала тіліндегі сөздердің синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

9 –дәріс

Тақырыбы: Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік, стилистикалық жаттығулардың маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет