5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет7/13
Дата11.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#21145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Дәрістің жоспары:

  1. Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі жаттығулардың маңызы.

  2. Лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектепке дейінгі тәрбиеде, мектепалды дайындықта, жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауышта одан әрі үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстар мынадай міндеттерді жүзеге асыруы ти

1) Жаңа сөздер үйрету

2) Орфоэпиялық нормаларды меңгеру

3) Байланыстырып сөйлеуді дамыту

4) Сөйлем құрылымын жетілдіру

5) Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру

Осы мақсаттарды жүзеге асыру ана тілі сабақтарында үнемі назарда болады. Сөздік қорды байыту, жаңадан үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіру, сөйтіп, сөздік қордың мазмұны жағынан байып, белсенділігі артуы тәрбиеші- мұғалімнің әдіскерлік шеберлігін, балалармен жасалатын өз бетіндік жұмыстық мазмұнына тікелей қатысты.

Балалардың тілін дамытуда сөздік қорын молайтумен қатар, сол сөздерді түсінікті айта қорын молайтып, тілін дамыту өзін қоршаған өмір шындығын бақылаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондықтан тәрбиеші әр сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда балаға сөз үйретуде заттың атауын білдіретін сөздерді де меңгеру керек. Тәрбиші балаға бағдарлама талаптарына сәйкес әр заттың белгілі жағымен қоса, бұрын белгісіз жаңа белгімен таныстырады. Мысалы, бала бұрын доп, қуыршақ т.б. сөздермен таныс болса, ендіг кезекте – мына доп үлкен,қызыл. Мына қуыршақ кішкене, ал мынау үлкен – деп, түсіндіру отырып, сәбилерді сөйлеуге үйретеді.

Тәрбиеші балалармен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анық та дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет.Әсіресе, зат ретіндегі сөздерді өзара байланыстыра сөйлеп үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. «Қыз доппен ойнады.» деген сөйлемдегі затты білдіретін және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу, қалай байланысып түғаннын түсіндіру.

Ересек балалар тобындағылардың сөз қорын байытуда мыналар ескеріледі. Жалпы лексика көлемін кеңейте отырып, кейбір сөздің көпмағыналы болып келетінін білдіру. Арнайы жаттығулар әр сабақ сайын 5-7 минут мөлшерінде жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің

Балалардың сөздік қорларын дамыту

Жаңа сөздерді меңгеру

Үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті болып саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.Балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі.Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуын ықпалын тигізіп , таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Баланың білуге деген құштарлығы,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорын дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі рөл алады.

Ойын (жаттығу) «Қажетті сөзді»

Ойынның мақсаты: тапқырлыққа, ойланып жауап беруге үйрету, сыққақ сезімін дамыту.

Ойын ережесі: тәрбиеші – мұғалім бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез айтуға тиісті. Мысалы, тәрбиеші:

-Тоқылатын заттарды ата десе, балалар:

-Шұлық, шәлі,қолғап, жемпір,-деп жауап береді.

-Қайда, немен , кім тоқиды?

-Фабрикада,үйде, бізден,машинамен, тоқымашы тоқиды.

-Тігілетін заттарды ата.

-Көйлек, етік, тымақ, көрпе. Т.б.

-Қайда, немен, кім тігеді ?

Осылай кете береді. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу жәнеқұрастыру, саяхат, ойын сабақтарынұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын байытады.

Сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы, «Сөз ойла», «Сөз құра», «Үш сөз ата» . Сонымен қатар баллардың сқздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта» сияқты жаттығу тапсырмалар балалардың сөздік қорларын дамытып, таным белсенділңктерін арттырады.

Саусақ ойындары арқылы тіл дамыту. Саусақ ойыны бұл-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жптқан, әрі үлкен мәні бао мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады жіне шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен табиғат құбылыстарын, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.

Тәл дамытуға байланысты жаттығулар:

1)Мысық. Пеш үстінде мысық отыр:

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

2) Қоян. Ұзын құлақ сұр қоян

Ести салып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-қытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап өзінінң

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.



Дәрісті қорытындылау: Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардын көмегі арқылы үйрету.
Бақылау сұрақтары:

  1. Лексиканың бала тілі дамуына әсері қандай?

  2. Синтаксистің бала тілі дамуына әсері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


10 –дәріс

Тақырыбы: Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері. (2сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет