5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған


Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар



бет6/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,3 Mb.
#5890
1   2   3   4   5   6   7   8

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Тәтіқараның азаттық үшін күрес ұраншысы, басқыншыларға

қарсы халықты ұрысқа шақырушы жауынгер ақын, “жортуыл кернейшісі”

екендігі,

2. Оның өз заманының ең көрнекті, ең қуатты, ең алдыңғы қатарлы жыршысы, яғни ақыны болғандығы.

3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы.

4. Шыққан тегі: Уақ ішіндегі Қалмақ болғандығы туралы әңгімелеу.

5. Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу.

6. Аблайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынын тастамайтын сенімді

серігі, оның сарбазшысына дем берушісі болғандығы.

7.Ақындығымен қоса ер жүректілігі, бірбет, қайсар болғандығы.

Әдебиеттер:

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971

6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»

7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984

8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993


10 Тәжірибелік сабақ: Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:Үмбетей жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Әдістемелік нұсқау: Үмбетейдің жырлаулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар туралы толғаған жырлары жайында. Әсіресе, ғалымдар жазғандай, ХVIII ғасырдың 70-жылдарында шығарған Бөгенбай атына байланысты толғаулары жырау есімін әдебиетімізге мәңгі қалдырғаны

туралы сөз қозғалуы. Әкесі Тілеудің шежіре, абыз іспеттес болуы. Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді,халықтың сөз өнерін ерекше меңгеруі, қобызы болуы, халқының бай музыкасын да жетік білуі. Бұқардың қатынына байланысты айтқан жыры сақталған.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Үмбетейдің 1706-1778 жылдар шамасында өмір сүруі туралы болжамдар.

2.Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән-жыр, сөз өнеріне еліктеп өсуі, халық

әдебиетінің әсері

3.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-дидактикалық

мәнінде екендігі.

4.Үмбетейдің Абылай заманындағы ел қорғаған халық батырлары туралы

мадақ толғауларды шығарушылардың басы болғандығы.

5. Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі.

6.Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы.

7. Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының көбіне үш буыннан тұруы. .

Әдебиеттер:

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971ж.

12 Тәжірибелік сабақ: Ақтамберді жыраудың өмірі, шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:Ақтамберді шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Әдістемелік нұсқау: 1.Жырау ұрпақтары қазір де Семей облысында тұратындығы, солардың айтқан деректері, әрі “Тауарих хамса” бойынша Ақтамберді Сарыұлының атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі, әскербасы батыры, әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет. Орташа, кедей ортада туып өсуі. Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу. (Орта Азия хандықтары, қалмақтармен соғыстар.) Тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп азаттықты,еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудар.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі.

2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі балуан, әрі

батырлығымен халық арасында өте бетті, беделді болғандығы.

3.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы жырау.

4. Ақтамберді толғауларының қайнар көзі өзінен бұрынғы аталар

мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы.

5. Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек Жота

төбесінің басында екендігінен хабар беру.

6. Өмірін түсіндіру барысында өлеңдерін дәлел ретінде пайдалану.



Әдебиеттер:

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5. Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993

6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»


13 Тәжірибелік сабақ: Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Бұқар жыраудың шығармаларын, шығармаларының

жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.



Әдістемелік нұсқау: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі. Оның Бұқар туралы “Бұл кісінің сөзін түгел жазамын дегенге: Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек” деген сөзі;Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі; Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. “Тауарих хамсада”, “Таң” журналында кейбір өлеңдерінің

шығуы. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхамедханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет. Бұқардың ел бірлігі, татулығын жырлай отырып, патшаның отарлау істерін ерте түсінуі, оған қарсы болуы.

Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынаң әр алуандығы. Халық поэзиясының тұнығын жинап, бойына сіңіре отырып, өзінен кейінгі басталар жаңа поэзиясының да кейбір белгілерінің негізін салуы.

Бұқар поэзиясының философиялық тереңдігі, даналық, афористік мәні, ақындық интуиция, поэтикалық тілімен,тіпті “Еуропалық лирикаға” жақындау өлең жолдарымен қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. Қоғамдық мәселелерге атсалысуы, даналық ақыл-ойы, аумалы-төкпелі заманда ел бірлігін жырлап, халқы алдында үлкен қызмет атқаруы, “көмекей әулие атануы”,“Бұқар қара сөз білмейді, тек жырлай береді” екен деген аңыздар.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болғандығы. 2. Бұқар өмір сүрген мерзім тынысы, тарихи оқиғалар.

3.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп.

4.Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қоржас екендігі.

5.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі.

6.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі.



Әдебиеттер:

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971

6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»


14 Тәжірибелік сабақ: Шал ақын өмірі, шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Шал ақынның шығармаларын, шығармаларының

жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп

бағалау.

Әдістемелік нұсқау: Шалдың қақтығыс өлендері (айтыс үлгісі), “Жігіт

пен Шал”, “Шал мен қыз”, “Шал мен кемпір”тоқтал. Шалдың Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам”. “Шалдың -өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы”. Құлекеңнің ұрпақтары қазір де Солтүстік Қазақстанда, Сергеев ауданында тұратындығы. Сондай-ақ, оның жақсылықты ту етіп көтеруі, жамандықты жерлеуі, өлеңдеріндегі ақыл-нақыл,үлгі айтудың басымдылығы.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Ақын шыққан орта: Анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі.

2 . Шал импровизатор, төкпе ақын.

3. Ғалымдар болжауы бойынша оның 1748-1819 жылдары өмір сүргендігі туралы деректер.

4. Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев.

5.Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы.



Әдебиеттер:

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971

6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»

7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984

8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993ж.



15. Тәжірибелік сабақ: Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Көтеш ақынның шығармаларын, шығармаларының

жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп

бағалау.

Әдістемелік нұсқау:Мәшһүр Жүсіптің Көтеш шығармаларының жинақталуында атқарған істері (Мәшһүр Жүсіп туралы әңгімелей кету) Көтештің қолмақол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын, әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын, күшті ақын екендігі. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. “Көтеш-кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік” деді

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Көтештің Арғын, оның ішінде Сүйіндіктен тарайтыны.

2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы,әсіресе Абылай хан

алдында көзге түсуі.

3.Ол туралы халық арасындағы аңыз (“Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”

деген өлеңге қараңыз).

4.Көтеш шығармаларының жинақталуы.

5.Көтештің өзі шыққан тегінең де кедей, өзінің де кедей болғандығы

жөніндегі деректер.

6.Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы әңгіме-аңыздар.

7.Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер.

8.Көтештің суырып-салма ақын екендігі. ХVIII ғасырдағы қазақ

әдебиетіндегі алатын орыны.

Әдебиеттер:

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971

6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»



Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс

шеңберіндегі тапсырмалар
1 СОБӨЖ «Халқымыздың ұлы ұландары» жыраулар

шығармашылығында \толғау эссе жазу\

Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді шығарма- эссе жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау:Студент кез келген бір жырауға өз атынан ,осы эссе деген термин сөзге сүйене отырып шығарма-эссе жазу керек.

Эссе-тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,

өзінше толғап,әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,тың болжам-

дар мен түйіндеулерге құрылатын философияның,эстетиканың,әдеби сын-

ның,публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.


2 СОБӨЖ «Жырау және тарих» ғылыми сипатттағы мақала әзірлеу

Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді мақала жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Жыраулардың тарихтан алатын орны қандай;

Жыраулардың қазақ хандығының дамып, іргесінің нығаюына қосқан

үлестеріне тоқталу;Қоғамдық, саяси қызметтердің әдебиет тарихынан

алатын орындарын сөз ету.


3СОБӨЖ «.Жыраулар толғауларындағы архайзм, тарихи көнерген

мағынасы түсініксіз сөздер \текстологиялық талдау\

Өздік жұмысының мақсаты:Өздік жұмыстарында түсіндірмелі сөздіктерді,фразеологиялық сөздіктерді пайдаландыру барысында қазақ тіл білімінен алған білімдерін тереңдете түсу.

Әдістемелік нұсқау: Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі.

Құрастырған А.Құралұлы. А.1997; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.1-10том. Алматы:Ғылым,1974-1986;Абай тілі сөздігі. Бас редакторы. А.Ысқақов. Алматы: Ғылым,1968ж. Осы еңбектерді қараңыз.



Үлгі: Түсініксіз сөздер Түсіндірмесі

1. Пұсырман баласы 1. Мұсылманның баласы.

2. Жауабы жамшыдай 2. …………………….

3. Ақре тау 3. …………………….

4. Өз малын кізнеген 4. ............... ...................

4 СОБӨЖ « Жыраулар поэзиясында кездесетін троптың түрлерін

теру\кортотека\

Өздік жұмысының мақсаты: Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет.

Әдістемелік нұсқау:Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын

метафора түрлерін жыраулар поэзиясынан табу;Жыраулар поэзиясында кездесетін метонимия мен синекдоханы тауып салыстыру;Жыраулар поэзиясында кездесетін теңеулердің жасалу жолдарына көңіл аударыңыз.



Үлгі: Мысалы: Арабы торым өзіңсің,

Алдаспаным өзіңсің,

Сен –Алтынсың ...

Сен –Сұлтансың ...

Сен –Сұңқарсың ...,т.с.с. Бұлардың бәрі - метафора.
5 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясында кездесетін образдарға тән нышан –

элементтерге \кортотека\

Өздік жұмысының мақсаты:Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет.

Әдістемелік нұсқау:Ақын, жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық,геройлық, романтикалық образдарға тән нышан–элементтер көптеп кездеседі. Мысалы:Асанның «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», Бұқардың «Атаңды білмес құл едің» деп басталатын

шумақтарында сатиралық образ детальдары елес береді соған көңіл

аударыңыз.
6 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры \реферат 13-15 бет\

Өздік жұмысының мақсаты:Ауыз әдебиетімен хандық дәуір әдебиетінің

арасындағы байланысқа студент назарын аудару.



Әдістемелік нұсқау:Жыраулар поэзиясын батырлар жырымен салыстыр;

Жыраулар поэзиясымен батырлар жырының арсындағы үндестікке назар

аудар.

7 СОБӨЖ Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат жазу

\хат үлгісіндегі толғау-эссе\



Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің тіл байлығын дамыта түсу.

Әдістемелік нұсқау: Асанның хаты. «Уа, жас ұрпақ...Есті көрсең кем деме;

Бәрі тұйғын табылмас », «Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа ». Адамның адамдығы мінген тағы, шыққан тауы атақ – даңқы емес ,ең алдымен адамгершілігі, халқына қызмет етуінде болмақ. Сондықтан

«Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама ...» Адам күні адаммен –достық, бейбітшілік жер жүзіне ең керекті дүниелер. Сондықтан да «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа... » т.с.с

Ескерту: Аманат хатта – жыраулардың өз толғауларынан мысалдар көп

алынулары керек.



8 СОБӨЖ Ақтамберді мен Шалкиіз жыраулардың шығармаларын

ақындар поэзиясымен салыстыру\әдеби талдау\

Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан

айырмашылығын, өзіне тән ерекшелігін дәлелдету.



Әдістемелік нұсқау:Ұйқас түрлері,рифманың өзіндік ерекшелігін сарала;

Шумақ пен буын саны жырауларда өзгеріп отырады,әр түрлі болып келеді,тармақтарында жүйе көбіне сақталмайды соған көңіл аударыңыз;

Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығы,өзіне тән ерекшеліктерін дәлелде.

Мысалы. Үлгі:

1.Ақтамберді жырау. Біржан сал

“Күдір де күдір / кісінетіп / /9/а Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, а/11/

Күреңді /мінер ме/ екенбіз,/9/б Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. а/11/

Күдеріден /бау тағып /7/ а Қасыңа мені сендер неге алмайсың, б/12/

Ақ кіреуке /киер ме екенбіз? /10/б Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын. а/11

Ор қояндай /жүгінтіп,/б/а

Аш күзендей /бүгілтіп,/7/а

Жолбарыстай /шұбарды /7/в

Таңдап /мінер ме/ екенбіз? /8/б



9 СОБӨЖ «Жыраулар сөзі тарих шежіресі» \реферат\

Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді өз бетімен ізденуге жол ашу,

ғылыми материалдармен жұмыс жасауға баулу.



Әдістемелік нұсқау:«Жырау»деген кім ,оның шығармашылық

ерекшеліктеріне назар аудар;Жыраулар поэзиясының тарихтағы

орны,әдебиеттегі орнына тоқтал.
10 СОБӨЖ Үмбетейдің жеке адамдарға арнау жырларына қарап отырып жазу \шығарма-эссе\

Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді жазу жұмыстарына төселдіру.

Әдістемелік нұсқау:Жыраудың адам психологиясы ,мінезін ашып

көрсетудегі шеберлігіне назар аудару керек. Мысалы Үмбетейдің

«Жауқашарға», «Бұқарға», «Ақтамберді», «Қабанбайға», «Бекболат биге», «Бәкеге»,т.с.с. арнау өлеңдері бар. Міне осы арнау өлеңдерін қашан,қандай жағдайда ,неге шығарғанына тоқталу.Басқа жырауларда арнау өлеңдер бар ма екен? Бар болса солармен салыстырыңыз.
11 СОБӨЖ Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих

және көркемдік шындық) \реферат\

Өздік жұмысының мақсаты:Дәріс,семинар сабақтардың ғылыми мәнін

арттыру,студенттердің қабілетін дамытып,ғылыми жұмысқа жетелеу.



Әдістемелік нұсқау:Бұқар ел бірлігінің жыршысы екендігі;Абылай ханның халық тарихынан алатын орны;Абылай ханның сол заманның жырауы Бұқар

шығармашылығына әсері; Бұқар шығармашылығының мәні –ел бірлігі,

достықты үндеуі, халықты Абылайдың саясатын қолдауға шақыруы; Сол заман үшін Бұқар шығармашылығының маңызы; Абылай портреті Бұқар шығармаларында қалай ашылғандығына назар аудар.
12 СОБӨЖ «Жыраулар поэзиясын салыстыру» \кортотека\

Өздік жұмысының мақсаты:Теориядан алған білімдерін шыңдай түсу.

Әдістемелік нұсқау:Жыраулар тоғауларына зер сала отырып,қайталанып

келетін өлең жолдарын табу; Өзіңше қалай ойлайсың, жырауларда қайталау неге кезігеді?; Тапқан қайталаулардың ең алғашқы негізі қай жыраудікі

дер едің; Ойыңды нақты мысалдармен дәлелде.

Үлгі: Ақтамберді. Доспамбет.

«Күлдір де, күлдір кісінетіп, Күмбір, күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз ». Күреңді мінер күн қайда?”

(61- бет. «Бес ғасыр жырлайды» I том)

Күдеріден бау тағып, «Күдеріден бау тағып

Ақ кіреуке киер ме екенбіз. 64 бет. Кіреуке киер ме екенбіз?» 33 б.


13 СОБӨЖ Көтеш,Шал,Тәтіқара ақындардың шығармаларын \талдау\

Өздік жұмысының мақсаты:Шығарманы әдеби талдауға баулу.

Әдістемелік нұсқау:Ақындар толғауларының ерекшелігіне,көркемдік

әлемі,маңызы не екеніне тоқталу;Жыраулар шығармашылығына тән ақыл –нақыл,өнеге өсиеттің молдығына назар аудару; Шешендік оралымдар

пәлсапалық толғаныстарды қай ақын қалай қолданған салыстырып талда.
14 СОБӨЖ Шалкиіз, Доспамбет,Қазтуған жыраулардың

шығармаларындағы архаизмдер \картотека\

Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясындағы кездесетін көнерген

сөздердің мағынасын ажырата білу.



Әдістемелік нұсқау:15-18ғасырлардағы ақын жыраулар тілінде ерекше көзге түсетін сала –архаизмдер.Ерте кездерде өмір көріністерін

бейнелеуге қызмет еткен,ал бұл күндері көне сөз «архаизм» қатарына жататын сөздер. Мысалы:Шалкиіздегі «әбсінде ғалым жиылып», «ашалай шалың ақталап»деген тіркестер кездессе, Доспамбетте»кірмембес ауыр қол», «сақсырым толды қаныма» т.б. тіркестердің кездесуі.


15 СОБӨЖ «ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің мәселелері» /реферат 13-15 бет көлемінде/

Өздік жұмысының мақсаты: Ғылыми материалдармен жұмыс жасауға

төселдіру.



Әдістемелік нұсқау: Жыраулар шығармашылығы – өз заманының тарихи шежіресі екендігіне тоқталыңыз; Сондай-ақ,олар туралы ғалымдар пікірі, бағасы, замандастарының ойлары, айтқандарынан үзінділер келтіріңіз;

Жыраулар мұрасының қазақ халқының елдік тарихындағы ролі.


Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі

тапсырмалар

I. Өлең жаттау - Орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп,нақышына келтіріп жатқа айту талап етіледі.

Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау:Ай, заман – ай, заман – ай (2 томдық) А., 1991 ж.;

Ақберен.Жинақ-А.,1972ж.;Бес ғасыр жырлайды.А., 1 том Жазушы 1984ж.;

«2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы,2000ж.;Қазанғап Байболұлы Еңсегей бойлы ер Есім А., Жалын.,2005;Алқаласа әлеумет. А., 1991ж.

II. Тарихи романдарды оқу.

Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің - тарихи тақырыпқа арналған

шығармадағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстарға, болған уақиғаларға сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау болатындығына назарларын аудару.



1 СӨЖ Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» өлеңін жаттау

2 СӨЖ Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңін жаттау

3 СӨЖ Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын жаттау

4 СӨЖ Шалкиіз жыраудың «Ер Шобан» өлеңін жаттау

5 СӨЖ Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» өлеңін жаттау

6 СӨЖ Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» өлеңін жаттау

7 СӨЖ Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын жаттау

8 СӨЖ Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңін жаттау

9 СӨЖ Үмбетей жыраудың «Бекболат биге» өлеңін жаттау

10 СӨЖ Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» толғауын \11 тілек\жаттау

11 СӨЖ Көтеш ақынның «Күрелгінің бауыры күнде дауыл» өлеңін жаттау

12 СӨЖ Шал ақынның«Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы» өлеңін жаттау

13 СӨЖ Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының 1-нші бөлімі \ауызша\

Әдістемелік нұсқау:Диалогияда осыдан бес ғасыр бұрынғы тарихи

оқиғалардың қамтылуы, оқиға желісінің ХVІ ғасыр аяғы мен ХVІІ

ғасырдың бас кезіндегі Қазақ ордасы мен Ресей арасындағы қарым- қатынасқа

құрылуы. Диалогияның диапозон кеңдігі,тек қазақ қана емес,өзге ұлттардың

саясаты, тыныс-тіршілігі, әдет- салтының әр түрлі кейіпкерлер арқылы

ашылуына назар аудар.

14 СӨЖ Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының 2-нші бөлімі \ауызша\

Әдістемелік нұсқау:ХVІ-ХVІІ ғасырдағы Қазақстан,оның «Аласапыран»

романындағы көрінісі, тарихи және көркем шындық, романдағы Ораз

Мұхаммед,оның бойындағы ұлттық рух,ұлттық сана сезімге назар аудару.

15 СӨЖ Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының 3-нші бөлімі \ауызша\



Әдістемелік нұсқау: Романның негізгі оқиғаларына, эпизодтарына,

психологиялық иірімдер мен философиялық түйіндерді саралау.

Ораз Мұхаммедтің қандай қасиеттері ұнайды?, Қандай қасиеттеріне сын айтар

едіңдер?,Ораз Мұхаммедтің «Біз қазақпыз» деген сөзінің роман идеясын

көрсетудегі орнын саралау.




Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары.

І-нұсқа.

1.Шалкиз жыраудың “Асқар, асқар, асқар тау” толғауы қай жинаққа енген?

А.Дала. В.Алдаспан. С.Асау тұлпар. Д.Көктем. Е.Серке.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет