5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет5/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,21 Mb.
#26668
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Электронды арналардағы жаңа технологиялар.

2. Компьютерде дыбысты өңдеу.

3. Әлемдік теледидардың даму бағыттары мен жаңашыл тенденциялары.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
11 -Дәріс. РАДИОХАБАРЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАРЫ
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация.

  2. Дыбыстық образ.

Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация. Оның ерекшелігі дыбыстың табиғатымен, мүмкіндіктерімен және оны адамның психологиялық тұрғыдан қабылдауымен тікелей байланысты. Материалдың логикалық мазмұны, әдеби мәтін үзінділерінің ішқі тұтастығы, дәлелдер, пікірлер және дәйектерді келтіру жүйесі дыбысталған сөздің (ауыз екі тілдің) заңдылықтары негізінде құрылуы тиіс.



Радиохабардың тиімділігі мен әсерлілігі хабарды ұйымдастыру барысында бейнелеу құралдарын жүйелі әрі сауатты түрде қолданумен тікелей байланысты. БАҚ-тың ықпалды әрі кең таралған қолайлы түрі – радио табиғатында тыңдаушылармен бейнелік немесе образдық қарым-қатынас жасауға негізделген, яғни дыбыс арқылы адамның елестету қабілетінің жұмыс белсенділігін арттырады.

Дыбыстық образ дегеніміз дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөз, музықа, шулар). Адамның мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы болатын нысаналар, өмірліқ құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі етіп баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы сомдап, тыңдаушынын көз алдына келтіру.

Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқан екі топқа бөлінеді:

Біріншісіне тұрақты, сандық өзгерістерге ұшырамайтын дыбыстық материалдар жатады: сөз, музыка, шулар (шынайы, өмірлік, студиялық) және студиядан тыс жазылған деректі жазбалар - бұлар табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар.

Екіншісі - өзгеріске ұшырайтын, өзіне қолайлы әрі ыңғайлы етіп қолдануға болатын, радиожурналистің шығармашылық қажеттілігіне тәуелді техниқалық немесе стиль қалыптастырушы бейнелеуші құралдар, яғни монтаж және дыбыс құрастырудың техникалық тәсілдері.



Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар:

СӨЗ. Сөз - адамдардың тіл қатысуында қолданылатын негізгі өнім. Радиожурналистикада сөздің алатын орнын зерттемес бұрын, алдымен сөзге анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бұл жөнінде төмендегідей ой түйеді: «Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты - ой. Ой тілі - сөз». Ал Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек «бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яқи қиялымызды, яки көңіліміздін күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көнілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады». Яғни Мағжанша айтсақ, адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі - сөз болса, ал Ахметше көңіл түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жетқізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал сөз қадірін бірінші кезекте бағалайтын журналистер үшін Ахмет Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.

Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш міндетті жүйелеп өтейік:

Біріншісі - журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.«Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Ол үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйқес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз». Бұдан шығатын тұжырым сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.

Екінші міндет - сөздің оқу мақамын дәл табу, кез-келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. Бернард Шоу айтқандай «иә» немесе «жоқ» сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез-келген сөздің өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.

Кез-келген мәтіндегі әрбір сөзді нақышына келтіріп айтып, оқу мақамына салып, жан-тәніңмен тебірене отырып оқысаң, баяндалған оқиғаның болмысын өзіндік бояуымен әсерлі етіп жеткізе білсең тыңдаушыға әсер етпей қоймайды. Кез-келген мәтінді - ауа-райы болжамынан бастап қайғылы жайттар, елең еткізер оқиғаларға дейін - ресми түрде немесе селқос баяндауға болады, сонымен қатар тыңдаушыны толғандырып, селт еткізердей етіп жеткізуге де болады. Бұл үшін журналист шығармашылық адамы болуы тиіс, мәтінді ішкі түйсікпен терең сезініп, тақырып мазмұнына қарай дауысын құбылтып отыруы керек.

«Біз басқаларды тыңдағанда олардың айтқандарын құлақпен қабылдаймыз, содан кейін барып тыңдағанымызды көзбен көреміз» Қ.С.Станиславсқий), яғни айтылғанды көзбен көру тыңдау болса, ал сөйлеу - ойша елестетіп, бейнелеп тұрған образдарды (ұғымдарды) сөзбен сомдау болмақ.

Үшінші міндет - журналист логикалық және экспрессивті акценттерді, екпіндерді іздеуі қажет.



Сөздің әсер ету күші, сөздің әсерлі әрі бейнелі шығуы үшін журналист дауыстың күшіне емес оқу мақамының (интонация) деңгейіне (жоғарылату немесе төмендету), екпіндердің дұрыс қойылуына (фонетикалық акценттер), тыныс алудың реттілігіне көңіл қоюы керек. Дауыс күшімен әсер етем деу қате, бұл жағдайда қажетті көңіл-күй туғызу қиын болмақ, бұл тәжірибеде дәлелденген қағида.

Екпін - сөз мәнінің көрсеткіші, сөздегі ой дәлдігінің көрсеткіші. Екпінді дұрыс қолдану дегеніміз оны қай сөзге қою керектігін таба білу ғана емес, оны қай сөздің арасында қолданбау керек екенін сезіну.

Ахмет Байтұрсынұлы «буын екпіні мен сөз екпінінің қолайлы орналасуы сөйлеу әуезділігін тудырады» дейді. Ауызекі сөйлегенде түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуын, құлаққа жағымды болып естілуін сөйлеу әуезділігі десек, онда екпіннің айтар ойды жеткізудегі ролін бағамдауға болады, яғни екпінді дұрыс қолдану сөздің кестесін келтіріп айтудың негізгі шарты.

Тыңдаушыларды хабарға тартудың бір жолы - студия қонағымен еркін сұхбаттасып, шынайы әңгіме айтуға жетелеу. Ауызекі сөйлесудің негізгі пішіні - диалог, яғни нақты бір проблеманы шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі.

Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам мен тыңдаушы арасын кеністік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша елестетіп, алдын-ала оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме барысында туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауызекі сөйлеу стилінің элементтерін қолдану арқылы шынайы әрі тартымды етіп құруға болады, ауызекі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам сөйлеп отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану. Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар мен дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар мазмұны өз мәнінде ашылғаны дұрыс.



Радиода журналистің бар ойын, пікірін, сезімін жеткізу құралы теқ қана сөз десек, онда ауыздан шыққан әрбір сөзге жете мән беріп, тілдің құдіретін жан-тәнінмен сезе білуің қажет. Ал ол үшін Ахмет Байтұрсынұлынша айтсақ: «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, қөңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұнын бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, қөңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек».

Ғалым Н. Омашұлы радиохабарындағы сөздің жетекші ролін бағалай келіп, төмендегідей ой түйеді: «радионың негізгі бейнелеуші құралы - сөз. Бұл оның барлық жанрларына тән болуы тиіс. Дегенмен әр жанрдың тілдік құралдарын іріктеу мен үйлестіру принциптері бір-біріне ұқсамайды. Осыған орай түрлі жанрларда сөздердің образдылық қызметі де өзгеріп отырады. Ол бірде көрнекілік ролін атқарса, енді келесіде публицистикалық текстің бейнелеуші және эмоционалдық негізі ретінде көрінеді».

Радиохабарды есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, мәтіннің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі. Яғни «радиохабардың бастан аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болуы жеткіліксіз. Себебі, маңызды деген материалдың өзің біркалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді, әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен, үн тілімен әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол». Ал «адам дауысынын ырғақтарын, үн реңдерін мәтінге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы –

үннен айырылады, сол арқылы мазмұны да кемиді» (3. Паперный).



Сондықтан мәтінді ауызекі тіл стиліне бейімдей отырып жазып, баяндап отырған жайттың мазмұнын ашатын, айтылатын ойды нақты айшықтап суреттейтін негізгі деген сөз тіркестерін іріктеп қағаз бетіне түсіріп, әрі айтылатын әр сөздің ауызша айтқандағы әсер ету деңгейі бірінші кезекте ескерілуі қажет.

Радиохабарлардың мазмұнымен қатар эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушыны тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға бейнесі сомдалуы қажет. Бұл жерде басты қызметті атқаратын нәрсе - сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адамның жанды дауысы, оның ырғақтары мен үн реңдері хабар мазмұнын, берілу пішінін жандандыратын ең басты құрал.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Эфир этикасы.



2. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар.

3. Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
12 -Дәріс. МУЗЫКА МЕН ШУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Радиохабардағы музыкалық және шу.

2. Шу дегеніміз.

Радиохабар құрылымында музыка мен шу композицияның жеке элементі ретінде орын алады және сөзбен, бір-бірімен тең дәрежеде қолданылады. Олар аудиоәңгіменің сюжеттік желісін, атмосферасын, өзіндік мазмұнын жеке дара таныта алады. Бүгінгі күнде психологтар мен өнертанушылар музыка мен шулардың ролін тең дәрежеде деп көрсетеді және олардың материалдық элемдегі құбылыстарды ырғақты әрі нақышты ұйымдастырылған дыбыстармен бейнелеу мүмкіндігін жоғары бағалайды. А. Стоковский деген ғалым адам өмірінде кездесетін барлық шулар «өзіндік ырғақты қағыстардан тұрады және өзіндік музыкалық мәнге ие» деп көрсетеді. Ғалымнын бұл пікірі радиожурналистика мен радиоөнердегі арт-акустика деп аталатын қызықты әрі жаңа бағыттың негізі етіп алынды. Бұл қүнделікті өмірде кездесетін және нақты тарихи оқиғаларды көз алдыңызға келтіретін шуларды қолдана отырып ұйымдастырылатын сюжеттік хабарлар. Мысал ретінде алсақ, Сталин мен Гитлердін сөздері, сөз мағынасы түсініксіз, тек сөйлеу мәнері мен ырғағына қарап оратордың кім екенін анықтауға болады, яғни дыбыстар символ ретінде қолданылады, сөздер тарихи мәнге ие болып, шуға тең болады, радиохабар барысында қосымша түсініктеме мен түсіндірме сөздер қолданылмайды. Музыка мен шу айтылған сөздегі идеялық және эстетикалық ақпараттарды дәлелдеп, толықтырып әрі жетілдіріп отырады және сюжет желісіне қажетті логиқалық және эмоционалдық талаптарды орындауға да қабілетті.

Радиохабардағы әрбір музыкалық және шу фрагменттерінің орнын және негізгі атқарар қызметін анықтау өте жауапты жұмыс, бұл істе радиоқызметкерлерінен кәсіби білім пен үлкен жауапкершілік талап етіледі.

Музыка мен шулар радиохабар құрылымында адам сөзін алмастырып тұрса, онда олар төмендегідей қызметтер атқарады:

1) Оқиғаның болған жері мен мерзімін білдіреді. Мысалы, спорттық шолуда гонг дыбысы, ат тұяғының дүрсілі, көрермендердің көтеріңкі және бәсеңдеген дауыстары репортаждың ипподромнан беріліп тұрғанын көрсетеді, сондықтан тілшіге оқиға болған жерді суреттеуге уақыт оздырудың қажеті жоқ.



2) Оқиғаның уақыт пен кеңістіктегі қозғалысын таныту. Бүгінгі
таңда репотаждың соңғы дайындық жұмысы монтаж бөлмесінде
өтетіні шындық, репортер әр алуан мерзімде және әр жерлерде жазылып алынған хабар үзінділерінің басын құрап, хабар құрылымын
өзгертеді, міне осы жағдайда музыка хабар бөліктерін біріктіру,
жымдастыру ролін атқаратын және бір мезгілден келесі мерзімге
өтудің таптырмас құралы болып табылады.

Эстондық радиожурналист И. Триккель екі балықшылар ұжымының жарысы туралы әңгімелей келіп, мұхиттан жағалауға ауысқан оқиғаның арасын жымдастыру үшін музыкалық лейтмотив ретінде Вагнердің «Летучи голландец» әнінің әуенін пайдаланған, осылайша ол сәтті хабар жасап, музыканың ролін басқа қырынан танытқан.

Суреттеп отырған оқиғаның эмоционалдық мінездемесін ашып көрсету, дыбыстық элементтерді дәл әрі сабақтастыра қолдану оқиғаны толық болмысында және өз мәнінде көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, жазылып алынған, үнтаспаға түсірілген деректі шулар мен көшедегі сапырылысқан, дағдарған адамдардын сөздері, олардың бет-жүздеріндегі үрей арқылы жер сілкінісінен кейінгі трагедиялық картинаны көрсетуге болады.



Журналистің немесе оқиғаға тікелей қатысқан адамдардың психологиялық жағдайын суреттеу. Кейіпкерлердің сезімі мен ой тебіреністерін, жан-дүниесіндегі толқуларды жеткізуде музыка мен шуды астарлап қолдану.

Музыка - шындықты дыбыстық көркем образда бейнелеуші өнердің түрі, дыбысталған жанды сөз болғандықтан тыңдаушылардың эмоциясына әсер етеді, сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.



Гегель музыканы екі түрге бөліп қарастырады: біріншісі -сүйемелдеушілік ролі, екіншісі - жеке дара өнердің бір түрі, яғни музыка адамның көңіл-күй толқыныстарын әр түрлі пішін мен жанрда бейнелейді.

Музыканың сүйемелдеушілік қызметі өнердің театр, хореография, телевидение түрлерінде кең қолданылады. Радиода музыка мәтінді механикалық тұрғыда әсерлеуді көздемейді, әр түрлі жанрлық шығармаларды ұйымдастыруда белсенді роль атқарады. Нақтырақ тоқталар болсақ:



Ақпараттық блоктардың арасын бөлу;

Бағдарламаның музыкалық шапқасы;

Дыбыстық декорация - тарихи ортаны анықтау, қозғалыстың, оқиғаның болған жерін таныту;

Дыбыстық фон ретінде қолдану, мәтіннің дыбыстық ырғағын айқындау (ақпараттық хабарларды жиі қолданылатын тәсіл);

Дыбыстық атмосфераны бейнелеу, кейіпкердің көңіл-күйін, жан толғанысын, оқиғаның жалпы болмысын аша түсу;

Дыбыстық образ жиынтығын қалыптастырудың көрқемдік тәсілі;



Хабарда суреттелетін оқиғалардың арасын бір-бірімен жымдастыра байланыстыру.

Табиғи бейнелеуші құралдардың хабарды ұйымдастыру барысында көп қолданылатын түрі – шу. Шу дегеніміз әр түрлі дыбыстық белгілердің жиынтығы және музыкамен, сөзбен жымдастырыла, сабақтастыра пайдалана отырып оқиғаның негізгі болмысын өз мәнінде суреттеудің, бейнелеудің бір тәсілі. Сонымен қатар адамдардың түсініксіз сөздері, гуілдер, музыкалық тіркестердің микрофонға кездейсоқ жазылуын да шуға жатқызуға болады.

Радиохабарда шулар төмендегідей қызметтерді атқарады:

- журналистің баяндап отырған оқиғасының, көрінісінің,
құбылысының дыбыстық мінездемесін ашуға көмектеседі. Сөзбен
қатар үнтаспаға түскен деректі шулар шындықтың дыбыстық
бейнесін сомдайды, ақпараттың дәйектілігіне негіз болады;

- дыбыстық фон құрайды, акустикалық иллюстрация ролін


атқарады, оқиғаның негізгі деген тұстарын айшықтап, даралап
көрсетеді;

- әдеби контексте айқындаушы белгі ролін атқарады әрі көркем,


образды мінездеменің мән-мазмұнын аша түседі, әдеби деталь және
оның дыбыстық бояуы болып эстетикалық қырын танытады.

Бір сөзбен айтқанда радиомәтіннің бейнелеуші және көркем айқындауышы шулар болып табылады. Бұрынғы кездері радиохабарлардың көркемдеуші элементтері қолдан жасалынатын, ал қазіргі кезде компьютерлік технология арқылы кез келген құбылысты тез арада жасап алуға болады. Яғни, компьютер радиожурналистің жұмысын ұйымдастыруға және жеңілдетуге көп көмек жасайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дыбыстық декорация.

2. Радиохабардағы музыкалық және шу.

3. Шу дегеніміз.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.



Алматы., 1978
13 -Дәріс. РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ СТИЛЬ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРАЛДАРЫ
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Реверберация ұғымы.

  2. Дыбыстық мизансцена


Бұл аталған екінші топ журналистің шығармашылық еркіндігіне құрылады әрі өзіндік қолтаңба қалдыруға жетелейді. Бейнелеуші құралдардың бұл түрі бағдарламаның стилін құрастыруға негіз болады әрі журналистің материал мазмұнын баяндаудағы өзіндік жеке әдіс-тәсілдері, әңгіме ырғағы қалыптасады.

Ең алдымен дыбыс құрудың өзіндік әдіс-тәсілдеріне тоқталамыз: бірінші - реверберация, яғни дыбыс жазу процесінде басқару тетігінің көмегімен журналист дауыстың және болған оқиға туралы жазбаның дыбысталуына қосымша әр береді әрі жаңғырық қосады. Бұл тәсіл тыңдаушының ынтасын, назарын кейіпкердің сөзіне, журналистің сөз қолданысына аударту және оқиғаның дыбыстық бейнесін айшықтау мақсатында қолданылады.

Екінші - «Буратино» тәсілі. Бұл тәсілді бейнелеуші құрал ретінде ашқан режиссер Роза Иоффе. Магнитафон таспасын жылдам немесе баяу айналдыру арқылы техникалық бракты тиімді көркем тәсілге айналдыру туралы жаңалық. Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері атты балаларға арналған радиоспектакльде алғаш қолданылды. Осы аталған тәсілдің көмегімен ағаш адамның құлаққа жағымды сөздері, Қарабастың жуан дауыспен айтылған сөздері, қуыршақ артистердің жіңішқе дауыстары, дуэттер, квартеттер құрылды, ең бастысы мұның бәрі бір ғана актердің дауысын әр қырынан құбылтудын жемісі еді.

Буратино тәсілі журналистің шығармашылығында кең қолданысқа ие болды. Бұл сұхбат беруші адамның сөзін тілшінің мысқылмен баса көрсетуіне мүмкіндік береді.

Үшінші - дыбыстық мизансцена. Эфирде сөз болып жатқан әңгімеге қатысушы адамдарға микрофонды ұсынудың, бағыттаудың тәсілдері. Микрофонды барлық адамдардын сөзі бірдеңгейде естілуі жағдайында орнату және қолдан-қолға ұсыну, жақындату немесе алыстату, яғни оқиғаның жалпылық мәнін ашу үшін қолдану әдісі. Керісінше микрофонды тек бір ғана дауыстың айқын, әрі айрықша естілуі жағдайында орнатуға болады, мұндай жағдайда бір ғана дауыс немесе дыбыс хабардың сюжеттік, мәндік, эмоционалдық негізін құрайды.

Бұл тәсіл журналистің әңгімесінің маңыздылығын арттырып, сонымен қатар шынайылығын танытады, тарихи сипат береді.

Төртінші - дауыстық әрлеу. Бұл тәсіл радиотеатрда көп қолданылады әрі шығу тегі де драмалық қойылымдардан бастау алады. Нақты анықтама берер болсақ, бұл - оқиғанын бар болмысын (атмосферасын) әр қырынан жан-жақты ашу үшін журналистің сөзіне эмоционалдық бояу, әр беру және сөздің айтылу мәнеріне, ырғағына ерекше назар аудару. Бұл ақтерлік шеберлікті қажет етеді. Дауыстық әрлеу журналиске кез-келген жағдайда керек.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет