5В050800 -есеп және аудит Қарағанды – 2011-2012



бет2/2
Дата11.01.2017
өлшемі0,83 Mb.
#6688
1   2

Таңдау бойынша курс 1

Кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия

Постреквизиттері: Саясаттану.

Мақсаты: Студенттердің бойында кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихының негіздері, кооперациялар және кооперативтік қозғалыстар туралы, олардың философиялық - әлеуметтік саяси және экономикалық мәні туралы ғылыми түсініктер жиынтығы туралы қажетті білім қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Курс кооперативтік қызметтің негізгі ұйымдық – саяси және экономикалық принциптерін, кооперативтердің алуан түрлерінің жалпы сипаттары мен белгілерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін, әлемдегі өзге қоғамдық және экономикалық ұйымдармен ұқсастығын және айырмашылықтарын, кооперативтерді жіктеудің ғылыми негіздерін, халықаралық кооперативтік қозғалыстың негізгі үрдістерін оқытып үйретеді.

Кооперативтік қозғалыс үдерісінде қалыптасатын, адамдардың қоғамдық - өндірістік қатынастары курс пәні болып саналады.

Күтілетін нәтижелер: Студент:


  • кооперативтік қозғалыс тарихын;

  • кооперацияның әлеуметтік – экономикалық мәні мен табиғатын;

  • қазіргі кезеңдегі дамыған елдердегі кооперативтік қозғалысты;

  • Қазақстан Республикасының кооперативтік қозғалысын білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Адамбекова С.М.
Әлеуметтік – саяси ілімдер және кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия

Постреквизиттері: Саясаттану.

Мақсаты: Студенттердің бойында әлеуметтік-саяси ілімдер және кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихының олардың философиялық – социологиялық саяси және экономикалық мәнінің қажетті негіздерін қалыптастыру.

Қысқаша сипаттама:

Кооперациялар мен кооперативтік қозғалыстар туралы, олардың философиялық – социологиялық, саяси және экономикалық мәні туралы ғылыми түсініктердің жиынтығы Қызметтердің алуан үдерісі мен адамдардың экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, мәдени және өзге өзара – байланыстарымен қалыптасатын қатынастар. Кооперативтік қызметтің негізгі ұйымдық – құқықтық және экономикалық принциптері.

Әлеуметтанудың құрылымы мен функциялары. Әлеуметтану пәні. Қоғамның жекелеген қырларын, сипатты функцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, теориялық зерттеу және жинақтау нәтижесі.

Мемлекет пен саяси партиялардың рөлі, кез келген мемлекеттің жұмыс істеуінің аса маңызды мәселелері.

Саяси биліктің мәні, биліктің функциялары, субъектілері мен объектілері, саяси жүйенің типтері мен формалары. Мәдениеттің анықтамасы, оның құрылымы, материалдық және рухани мәдениет. Мәдениетті анықтауға әртүрғыдан келу, қоғамдық өмірдің осы феноменінің көріну көпқырлығы. Мәдениет дамуының қысқаша тарихы (Ежелгі Египет, Индия, Қытай, Ежелгі Греция, Ортағысырлар және Қазіргі заман). Қазақстан халықтары мәдениетінің пайда болуы мен дамуы.

Күтілетін нәтижелер: Студент:


  • әлеуметтік-саяси ілімдер теориясының тарихын;

  • кооперацияның әлеуметтік-экономикалық мәні мен табиғатын білуі тиіс.

Саяси құқықтық ілімдер тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия

Постреквизиттері: Экономикалық теория.

Мақсаты: тарихи дамудың жалпы заңдылықтарын меңгеруде, өз елінің өткеніне терең құрметпен қарау, әлемдік өркениетке оның қосқан үлесін заңды мақтаныш ету сезіміне тәрбиелеуде, студенттерге көмек көрсету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы адамзаттың тарихи мәдениетінің аса маңызды бөліктерінің бірі болып саналады. Мемлекет пен құқықтың көпғасырлық тарихы уақытында өте көп саяси-құқықтық ілімдер пайда болды. Көптеген ойшылдар туындатқан теориялық трактаттар, философиялық шығармалар, саяси памфлеттер, конституциялардың жобалары белгілі бір әлеуметтік топтардың қатынасын көрсетеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтар. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық проблемалары. Ежелгі әлемдегі саяси және құқықтық ілімдер. Ортағасырлар Еуропасындағы саяси және құқықтық ілімдер. Ортағасырлар дәуіріндегі Араб Шығысы, Орта Азия және Закавказье елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер. Федолизмнің пайда болу кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары және бірорталыққа бағынатын орыс мемлекетінің құрылуы. Қайтаөрлеу дәуіріндегі батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХVII-XVIII ғасырлардағы Голландиядағы және Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер. XVIII-ХІХ ғасырдың басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер. XVIII-ХІХ ғасырдың басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар. ХХ ғасырдағы Еуропа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер. КСРО-ның өмір сүруі мен ыдырауы кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлар (1920-1990 жылдардың басы).

Күтілетін нәтижелер: Аталған курсты тыңдаған студент:


  • оның дүниеге көзқарас негіздерімен, теориялық мазмұнымен және бағдарламалық талаптарымен бірліктегі саяси-құқықтық идеалогиялардың дамуын;

  • саяси-құқықтық идеалогиялар дамуының заңдылықтарын білуі;

  • мемлекеттердің неғұрлым маңызды және ықпалды тұжырымдамаларының және өткен дәуірлер құқықтарының мазмұны мен тарихын білуі;

  • саяси және құқықтық ілімдер тарихының дереккөздерін тану және тарихын тану базасын;

  • саяси және құқықтық ілімдер тарихының тарихи хронологиясын білуі тиіс.

Таңдау бойынша курс 2

Мәдениеттану

Пререквизиттері: Философия, Қазақстан тарихы

Постреквизиттері:

Мақсаты: Негізгі мәдениеттану тұжырымдамаларын, мәдени – тарихи үдерісті және оның негізгі заңдылықтарын, мәдениеттің тарихи топтарын білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми білім жүйесіндегі мәдениеттану. Негізгі мәдениеттану тұжырымдамалары. Мәдени – тарихи үдеріс және оның негізгі заңдылықтары. Мәдениеттің тарихи типтері. Мәдени – тарихи даму үдерісіне формациялық және өркениет тұрғысынан келу. Алғашқы қауымдық мәдениет және оның ерекшеліктері. Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Греция мен Римнің антикалық мәдениеті. Орта ғасырлар мәдениетінің ерекшеліктері. Қайта өрлеу және жаңа кезең мәдениеті. Мәдениет тарихындағы 21ғасыр. Қазіргі заманғы мәдениет және оның негізгі проблемалары. Қазақ ұлттық мәдениетінің проблемалары. Көпшенділік – мәдениет типі ретінде. Қазақ мәдениеті дамуының тарихи кезеңдері. Қазіргі заманғы көпұлтты қазақ мәдениетінің проблемалары.

Күтілетін нәтижелер:

Мәдениеттану курсын оқып үйренген студент:



  • мәдениет феноменін, адамның тіршілігіндегі оның рөлін түсіне білуі және түсіндіре білуі;

  • қоғамның мәдени өмірінің әртүрлі аспектілерін талдай білуі;

  • олардың маңыздылығы жоғары және төмен деп бөлуге болмайтын, моральдық, діни, көркем және өзге де феномендердің ажырағысыз бірлігі ретінде түсіндірілетін мәдениетке біртұтас тұрғыдан қарай білуі;

  • ұлттық және әлемдік мәдени мұраларды сақтау мен молайтуға қамқорлық таныта білуі;

  • кәсіби қызметтің әлеуметтік, экономикалық және адамгершілік салдарларын топшылай білуі;

  • диалогтық қатынастар орнатып, ақылмен ымыраға келе білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Мусаева Э.А.
Өзіндік таным

Пререквизиттері: Адамның дамуы

Постреквизиттері: Бухесеп тарихы

Мақсаты: Рухани және материалдық құндылықтарды білу, адамдармен қарым-қатынас жасау, коммуникатив­тілікті үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Рухани және материалдық. Менің құндылықтарым. Менің мұраттарым (идеалдарым) мен қарсы мұраттарым. Рухани және тән саулығы. Менің байлығым. Коммуникативтілік. Өзаратүсіністік – иллюция (елес) немесе ақиқат. Сүйіспеншілік. Дау-дамай, кикілжің кезеңдегі адам. Жұмыс және жұмыс беруші. Адамзаттағы адам. Мәдени мұралар. Табиғат тағдыры – біздің тағдырымыз. Сенімді және дінді уағыздауды таңдау. Ақиқатты іздеу.



Күтілетін нәтижелер: Рухани және материалдық құндылықтар туралы, мұраттар (идеалдар) және қарсы мұраттар туралы түсініктерге ие болу.

Әлемдік мәдениет теориясы мен тарихы

Пререквизиттер: Философия, Қазақстан тарихы

Постреквизиттер: Бухесеп тарихы

Мақсаты: Әлемдік мәдениет теориясы мен тарихын білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлемдік мәдениет теориясы. Әлемдік мәдениеттану тұжырымдамалары. Мәдени – тарихи үдеріс және оның негізгі заңдылықтары. Мәдениеттің әлемдік типтері. Мәдени – тарихи даму формациялық және өркениет тұрғысынан келу. Алғашқы қауымдық мәдениет және оның ерекшеліктері. Орта ғасырлар мәдениетінің ерекшеліктері. Қайта өрлеу және жаңа кезең мәдениеті. Қазіргі заманғы әлемдік мәдениет және оның негізгі проблемалары. Ұлттық мәдениеттердің проблемалары. Әлемдік мәдениеттің дамуының тарихи кезеңдері. Қазіргі заманғы көпұлтты мәдениетінің проблемалары.



Күтілетін нәтижелер: Пәнді қоқыған студент мынадай дағдылар алады:

- әлемдік мәдени мұраларды сақтау мен молайтуға қамқорлық таныта білуі;

- кәсіби қызметтің әлеуметтік, экономикалық және адамгершілік салдарларын жіктей білуі;

- қазіргі заманғы көпұлтты мәдениетінің проблемаларын білу.
Таңдау бойынша курс 3

Адам дамуы

Пререквизиттері: Философия, Экология және тұрақты даму, Әлеумет­тану

Постреквизиттері: Статистика, Макроэкономика.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы және шет елдегі адам дамуының жағдайы мен перспективалары, адам дамуы тұжырымдамасының маңызы туралы білімдерді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Адам дамуы теориясының тарихы, оның мүдделері үшін тиімді бақаруды ұйымдастыру және адам дамуын өлшеу жүйесі, оның компоненттері, орнықты дамудың демографиялық тендерлік және экологиялық аспектілері, экономикалық өсумен және жұмыспен қамту мен кедейшілікті өлшеу және қысқарту мәселелерімен, халықты әлеуметтік қорғау мүмкіндіктерімен адам дамуының өзарабайланысы.

Адам дамуы тұжырымдамасының негіздері, адам дамуы туралы ПРООН-ның бүкілдүниежүзілік Баяндамалары және адам дамуы туралы ПРООН-ның ұлттық есептері. Қазақ сарапшылары адам дамуы туралы. Адам дамуы тұжырымдамасының маңызы, Қазақстан Республикасындағы және шет елдегі адам дамуының жағдайы мен перспективалары туралы білімді қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Студент:


  • адам дамуы теориясының тарихын;

  • адам мүдделерін тиімді басқаруды ұйымдастырудың;

  • адам дамуын өлшеу жүйесі мен оның компоненттерін;

  • орнықты дамудың демографиялық, тендерлік және экологиялық аспектілерін;

  • адам дамуының экономикалық өсумен және жұмыспен қамтумен, кедейшілікті өлшеу және оны қысқарту мәселелерімен, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерімен өзара байланысын білуі тиіс.

Коммуникациялар психологиясы

Мақсаты: Студенттерді адамдармен логикалық қарым-қатынас жасауға қол жеткізуге, кері ақпарат алуға, коммуникативтік арналарды білуге және өз қызметінен жақсы нәтижелер алу үшін адамдарға көмектесуге үйретуі тиіс.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Қарым-қатынас және басқару қызметі: психологиялық сипаттамасы. Менеджердің кәсіби шеберлігінің коммуникативтік негіздері.

Менеджердің коммуникативтік мәдениеті.

Басқару қызметіндегі коммуникативтік біліктілік пен дағдылар. Іскерлік әңгіме – коммуникативтік өзарабайланыс түрі ретінде: психологиялық аспектілері. Кеңес – басқару қарым-қатынасының түрі ретінде. Коммуникативтік мәдениет және этика. Келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу. Клиенттерге әсер етудің коммуникативтік техникасы. Менеджердің біліктілік мәдениетін өзін-өзі жетілдіру әдістемесі. Коммуникациялардағы қиындықтар мен кедергілер. Менеджердің коммуникативтік мәдениетін өзін-өзі жетілдіру әдістемесі. Коммуникативтік таныстырылым. Коммуникативтік таныстырылымның басты бөліктері.



Күтілетін нәтижелер: курсты тыңдаған студент:

  • оның дүниеге көзқарас негіздерімен, теориялық мазмұнымен және бағдарламалық талаптарымен бірлікте саяси - құқықтық идеологияны дамытуды;

  • саяси – құқықтық идеалогияның даму заңдылықтарын;

  • мемлекеттің неғұрлым маңызды және ықпалды тұжырымдамалары мен өткен дәуірлері құқықтарының мазмұны мен тарихын;

  • коммуникациялар психологиясының деректану және тарихын тану базасын білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Малаев Д.Б.
Экономикалық психология

Пререквизиттері: Философия, Экология, Әлеуметтану

Постреквизиттері: Статистика, Еңбек нарығы экономикасы, Макроэкономика

Мақсаты: Мәні туралы білім қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық психология – бұл шаруашылық қатынастары субъектісінің психологиясы. Өндіргіш күштерге сүйенетін шаруашылық қатынастары және еңбек аясын қамтитын өндірістік қатынастар мен басқару, кәсіпкерлік, тауар-ақша айырбасы, осы қатынастардың субъектіленген формасын білдіретін бөлу мен тұтыну және меншік құқықтары.

Экономикалық психология курсы психологиялық басты бөліктерді ескере отырып, экономикалық құбылыстарды неғұрлым терең және қазіргі тұрғыдан игеруге, кейбір экономикалық – психологиялық заңдылықтарды пайдалану дағдыларын үйренуге оң ықпал етеді. Экономикалық тәртіп модельдерінің көпнұсқалығы. Шаруашылық қызметі аясындағы психологиялық заңдылықтар.

Күтілетін нәтижелер: Студентер курсты игергеннен кейін:


  • экономикалық тәртіп модельдерінің көпнұсқалығын ескеріп, түсіндіре алады; психологиялық заңдылықтарды қолдана алады;

  • өзінің экономикалық тәртібіне ұсынымдар мен алған білімін қолдана алады.


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР

Пән

циклі


Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Семестр







2 курс










Таңдау бойынша курс 1

2

4

КВ 2.2

BET 2206
Бухгалтерлік есептің тарихы










KBED 2206

Қазақстанда бухгалтерлік есептің дамуы










BEXA 2206

Бухгалтерлік есептің халықаралық аспектілері










Таңдау бойынша курс 2

3

4




MTIG

2204


1. Мемлекеттік тілде іс жүргізу










IQIK 2204

2. Іс жүргізу және іскерлік қарым-қатынас










KKE 2204

3. Қызметтік қатынастар этикасы







Таңдау бойынша курс 1

Бухгалтерлік есептің тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Бухгалтерлік есеп қағидалары

Постреквизиттері: Қаржылық есеп 1, Қаржылық есеп 2.

Мақсаты: Бухгалтерлік есеп тарихы жайлы білімді

қалыптастыру



Курстың қысқаша сипаттамасы: Шаруашылық есеп және екі мәрте бухгалтерияның пайда болуы: антикалық дәуір, орта ғасырлардағы шаруашылық есеп. Есеп парадигмалары. Ұлттық есеп жұйелерінің калыптасуы және дамуы. Еуропада есеп ғылымының қалыптасуы және дамуы. Ресейде есептің калыптасуы және дамуы. АҚШ-та есептің дамуы. Есеп жөнінде заңнама және оның бухгалтерлік есеп тәжірибесіне әсері. Қазақстанда есептің дамуы

Күтілетін нәтижелер: Бухгалтерлік есептің калыптасуы мен даму жолдарын білу.

Қазақстанда бухгалтерлік есептің дамуы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Бухгалтерлік есеп

қағидалары



Постреквизиттері: Халықаралық есеп

Мақсаты: Қазақстанда бухгалтерлік есептің тарихи дамуы

жайлы білімді қалыптастыру



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кеңестік есеп жұйесінің сипаттамасы және оны ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында реформалаудың қажеттілігі. Жаңа нарықтық есеп және қаржылық есептілік жұйесін қалыптастыру кезеңдері. 1996-2007 жылдар аралығында қолданыста болған Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының сипаттамасы. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшудің қажеттілігі. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы. ҚР бухгалтерлік шоттар жоспарының дамуы. Үлгілік шоттар жоспарының сипаттамасы. Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және аудит бойынша нормативтік құжаттар.



Күтілетін нәтижелер: Қазақстанда бухгалтерлік

есептің калыптасуы мен даму тарихын білу.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Мадиева К.С.
Бухгалтерлік есептің халықаралық аспектілері

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Бухгалтерлік есеп

қағидалары



Постреквизиттері: Халықаралық есеп

Мақсаты: Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негіздерін оқып ұйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

АҚШ елінің бухгалтерлік есебінің максаты, үйымдастыру формалары, түрлері. Американдық есеп принциптеріне жалпы сипаттама, оларды Қазақстан Республикасының есеп тәжірибесімен салыстыру.

Ұлыбритания елінде есепті басқару. Бухгалтерлік ұйымдар және оларға сипаттама. Есеп жөнінде заңдар. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік стандарттарына жалпы сипаттама. Есеп жөнінде заңдардың дамуы.

Ресей елінде бухгалтерлік есептің дамуы. Бухгалтерлік ұйымдар және оларға сипаттама. Есеп жөнінде заңдар. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік стандарттарына жалпы сипаттама.



Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студенттер нарықтық экономикасы дамыған елдердің есеп жүйесімен, оның принциптерімен танысады.
Таңдау бойынша курс 2

Мемлекеттік тілде іс жүргізу.

Пререквизиттері: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Бухгалтерлік есеп принциптері, Менеджмент

Мақсаты:Студентерді іскерлік құжаттарды мемлекеттік тілде толтыруға және ресімдеуге үйрету

Курстың қысқаша сипаттамасы: Аталған пән студенттерге кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін басқару бойынша қүжаттардың сипаттамалары мен үлгілерін оқып үйренуге мүмкіндік береді және «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің бағдарламасына сәйкес оқу сабағының дидактикалық материалы болып саналады, жаңа материалдарды түсіндіру және студенттердің білімін бекіту кезінде сабақтарды құжаттардың үлгілері мен бланкілерді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнін оқып үйрену студенттерге іс жүргізудің нормативтік базасы бойынша ақпарат алуға және іс жүргізуді ұйымдастыруға, еңбек қатынастары бойынша құжаттарды дйындау мен ресімдеудің жалпы ережелерін даярлауға, ақпараттық – анықтамалық және бұйрық құжаттарын толтыруға (түзуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасының стандарттары бойынша басқару құжаттамаларын жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу оның ерекшеліктерімен және оқып үйрену мақсатымен анықталады. Осымен байланысты оқытудың ахуалдық әдістерін пайдаланған мақсатқа сай келеді. Іскерлік ойындар, яғни арнаулы білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған әдістер ахуалдық есептер, тестілер, іскерлік ойындар мен қызметкерлерді басқарудағы тренингтер.

Күтілетін нәтижелер: Іскерлік құжаттарды мемлекеттік тілде түзе білу және ресімдей білу.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Жукеев Т.Б.
Іс жүргізу және іскерлік қарым-қатынастар

Пререквизиттері: Қазақ (орыс) тілі, Менеджмент

Постреквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары

Мақсаты: Студенттерді іскерлік құжаттар жүргізуге және

ресімдеуге үйрету.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Іс жүргізу және құжат туралы ұғым.

Құжаттамалар және құжаттамалау жүйесі. Құжаттар түзуге қойылатын талаптар: формуляр, бланкі, деректемелер (реквизиттер), мәтін. Ұйымдық-жарлық беру құжаттары: түрлері, сипаттамасы, кадрлық және есептік-ақша құжаттамасы. Іс жүргізуді ұйымдастыру. Іскерлік қарым-қатынас: этика, технология, психология, ұлттық ерекшеліктер. Қазіргі этикет ережесі. ҚР аумағында тұратын халықтар мәдениетінің өзарабайланысы, олардың тілдерінің өзара қарым-қатынасына негізделеді, қарым-қатынас жүйесін демократияландыруды талап етеді, өйткені тиімді қарым-қатынас жасау арқылы әлеуметтік өмірді өзгертуге болады. Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен іс жүргізуді дамыту тарихы. Құжаттар жіктеуі мен іс жүргізудің теориялық және тәжірибелік аспектілері.

Хат жазысу мәдениеті мен жанрлары, коммерциялық хатты түзу, коммерциялық хаттың стилі, хат-хабардың ресімдеу ережелері, құжаттауда компьютерді пайдалану туралы.



Күтілетін нәтижелер: Іскерлік құжаттарды түзе білу және ресімдей білу.

Қызметік қатынастар этикасы

Пререквизиттері: Құқық негіздері, Менеджмент

Постреквизиттері: Аудит, Қаржылық есеп-1

Мақсаты: Қызметтік этиканың негіздерін үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Мемлекеттік қызмет туралы құқықтық ереже; мемлекеттік қызметке тұру; мемлекеттік қызметте болу және қызмет, мансабы; мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметті тоқтату және заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі шетелдердің тәжірибесі.



Күтілетін нәтижелер: қызметтік этика нормаларын білу және сақтау.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР

Пән

циклі


Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Семестр







3 курс










Таңдау бойынша курс 1

3

5

КВ 2.2

EMM

3203

Экономикалық математикалық
әдістер











MakMM 3203

Макроэкономиканың математикалық модельдері










MikMM 3203

Микроэкономиканың математикалық моделдері










Таңдау бойынша курс 2

3

5



EAG 3207
Экономикалық ақпараттық жұйелері










AT 3207

Ақпараттық технологиялар










EAQQT 3207

ЭАЖ-дегі жаңа технологиялар










Таңдау бойынша курс 3

3

6




HE 3205
Халықаралық экономика










HEK 3205

Халықаралық экономикалық қатынастар











SEKU

3205


Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру










Таңдау бойынша курс 4

3

6



BE 3208
Бюджеттік есеп










BBEE 3208

Банктегі бухгалтерлік есеп пен есептілік










KBA 3208

Қаржылық бақылау және аудит










Таңдау бойынша курс 5

3

6




BB 3210

Баға белгілеу










ANB 3210

Ақша, несие банктер










KZAT 3210

Қазіргі заманғы ақша теориясы










Таңдау бойынша курс 6

3

6




SSSG 3211

Салықтар және салық салу










ChSSS 3211

Шаруашылық субъектілеріне салық салу










HSS 3211

Халықаралық салық салу










Таңдау бойынша курс 7

3

6




1CB

3209


1С Бухгалтериясы










KBA 3209

Компьютерлік бухгалтерия Алтын










EKT 3209

Есептегі компьютерлік технологиялар








Таңдаған курс 1

Экономикалық – математикалық әдістер.

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Эконометрика

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі.

Мақсаты: Студенттерді математикалық модельдер түрінде нақты экономикалық есептер құруға үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық жүйелерді математикалық модельдеудің негізгі ұғымы. Ең қарапайым экономикалық есептердің математикалық модельдерін құру. Сызықтық бағдарламалау есептерін шешудің графикалық әдісі. Сызықтық бағдарламалау есептерін шешудің симплексті әдісі. Жасанды базис әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың екіжақтылығы. Сызықтық бағдарламалаудың көлік есептері. Салааралық баланстық әдіс. Ойын модельдері туралы ұғым. Төлем материцасы. 2х2, 2х n, m х2 ойындарын шешудің геометриялық интерпретациясы. Матрицалық ойынды сызықтық бағдарламалау есебіне келтіру. Табиғатпен ойындар. Желілік модель. Желілік кесте құру. Қиын жолын табу. Желілік кестелерді оңтайландыру. Жаппай қызмет көрсету жүйесін модельдеу. Жаппай қызмет көрсету жүйесін имитациялық модельдеу. Қорларды (запастарды) басқару модельдері. Эконометрикалық әдістер.



Күтілетін нәтижелер:

Студент:



  • сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау есептерінің экономикалық математикалық модельдерін құруы;

  • сызықтық бағдарламалау есептерін шешудің сиплексті әдісін игеру оның геометрикалық интерпретациясын білуі;

  • симплекс әдістің екіжақтылығын игеру;

  • сызықтық және сызықтық емес регрессиялар теңдеулерін жасау үшін есептерді шеше білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Туганбаева З.А.
Макроэкономиканың математикалық модельдері

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Эконометрика

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі.

Мақсаты: Студенттерді әртүрлі пәндерді оқып үйрену үшін, сондай-ақ тиісті мамандықтардың теорялық және қолданбалы есептерін шешу үшін қажет математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру; логикалық ойлауды дамыту және математикалық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Негізгі макроэкономикалық проблемалар мен модельдерді баяндауда, макроэкономика заңдылықтарын графикалық және аналитикалық таныстыруда математикалық әдістерді пайдалану қарастырылады. Векторлық таңбалау. Кестемен беру. Екіжақты сәйкестік ережесі. Макроэкономикалық үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеудің негізгі бөлімдері: өндірстік бағдарламаларды оңтайландыру, салалар деңгейінде нарықтық реттеу проблемалары, нарықтық тепе-теңдік жағдайының қасиеттерін талдау.



Күтілетін нәтижелер:

Студент:



  • тәжірибеде математикалық ұғымдарды формулаларды, теоремаларды пайдалана білуі;

  • математикалық есептер құра білуі;

  • есептерді шешу үшін қазіргі заманғы ЭЕМ-ді пайдалана отырып, сандық әдістерді қолдана білуі тиіс.

Микроэкономикалық математикалық модельдері

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Эконометрика.

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі.

Мақсаты: Студенттерді әртүрлі пәндерді оқып үйрену үшін, сондай-ақ тиісті мамандықтардың теорялық және қолданбалы есептерін шешу үшін қажет математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру; логикалық ойлауды дамыту және математикалық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Негізгі микроэкономикалық проблемалар мен модельдерді баяндауда, микроэкономика заңдылықтарын графикалық және аналитикалық түрде беруде математикалық әдістерді пайдалану қарастырылады. Микроэкономикалық үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеудің негізгі бөлімдері: кәсіпорынның, фирманың өндірістік бағдарламаларын оңтайландыру, кәсіпорындар мен салалар деңгейіндегі нарықтық реттеу проблемалары, нарықтық тепе-теңдік жағдайының қасиеттерін талдау.

Күтілетін нәтижелер:

Студент:


  • математикалық ұғымдарды, формулаларды, теоремаларды тәжірибеде пайдалана білуі;

  • математикалық есептер құра білуі;

  • есептерді шешу үшін қазіргі заманғы ЭЕМ-ді пайдалана отырып, сандық әдістерді қолдана білуі тиіс.

Таңдау бойынша курс 2

Экономикалық ақпараттық жүйелер

Микроэкономикалық математикалық модельдер

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика

Постреквизиттері: 1С:Бухгалтериясы, Бухгалтерлік есептегі компютерлік технологиялар, Компютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау.

Мақсаты: Есептеу техникаларының ең жаңа құралдары мен есеп және аудит саласындағы озық технологияларды қолдау негізінде басқарудың ақпараттық жүйелерін жобалау мен ұйымдастыру мәселелерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша мазмұны: Жүйелердің, жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі ұғымдары. Экономикалық ақпарат-автоматтандырылған өңдеу объектісі ретінде. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің (ААЖ) түрлері мен сипаттамалары. Ақпараттық жүйелерді техникалық қамтамасыз ету. Менеджмен ақпарат жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету. Менеджмент ақпарат жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету. Менеджмент ақпарат жүйесін математикалық қамтамасыз ету. Автоматтандырылған жұмыс орындары – автоматтандыру құралы ретінде. Экономистердің функциялары. Дискретті технологиялық өндірістік үдерістермен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері. Менеджменттің ақпараттық жүйелері. Бизнестің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары. Менеджменттің ақпараттық жүйелеріның функционалдық бөлімі.

Күтілетін нәтижелер: мәліметтерді өңдеу жүйесін дамытудың заңдылықтарын; нақты предметтік (пәндік) салаларда міндеттер қоюдың және оларды бағдарламалық өнімдер ортасында жүзеге асырудың дағдыларын маңгеруі тиіс. Бухгалтерлік есеп міндеттерін шешуге бағдарланған жаңа ақпараттық технологиялардың әртүрлі құралдарымен жұмыс жасаудың тәжірибелік дағдыларын егу.

Ақпараттық технологиялар

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика

Постреквизиттері: 1С:Бухгалтериясы, Бухгалтерлік есептегі компютерлік технологиялар, Компютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау.

Мақсаты: ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері және қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді жобалау мен олардың жұмыс істеуін оңтайландыруға оларды қолдану бойынша білімдер қалыптастыру.

Курстың қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасындағы жаһандық жүйелерді және дербес компьютерлерді, жергілікті еесептеу желілерін пайдалануға негізделген ақпараттық технологиялар. Мәтіндік, гарафикалық кестелік процестерді қолдану. Мәліметтер қорларын, автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру. Сараптамалық жүйелер негізінде шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері. Ақпараттық технологиялар - әр түрлі предметік (пәндік) салаларда (есепте, банктерде, статистикада, менеджментте, маркетингте және т.б.).

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық технологиялардың мазмұны мен құралдарын білу; ақпараттық жүйелерді оңтайландыру үшін ақпараттық технологиялар құралдары мен негізгі модельдерді қолдана білу; ақпараттық жүйелерді құру мен модернизациялау кезінде интеллектуалдандыру принциптері мен жүйелік тұрғыдан келуді пайдалану.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Омарова Ш.Е.
ЭАЖ-дегі жаңа технологиялар

Пререквизиттері: Информатика, Бухгалтерлік есеп қағидалары

Постреквизиттері: Саудадағы бухгалтерлік есеп, Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп.

Мақсаты: студенттерді ЭАЖ-ді пайдалану мәселелері мен, экономика саласының әртүрлі ұйымдарында ЭАЖ-ді ұйымдастыру және пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: банк, салық, кеңсе және өзге де ақпараттық жүйелердегі ең жаңа технологияларды қолдану базасында экономикалық ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану

Күтілетін нәтижелер: жаңа ақпараттық технологиялардың теориялық негіздерін игеру; ЭАЖ-ды ақпараттық, бағдарламалық және ұйымдық қамтамасыз етуді сипаттай білу; ЭАЖ-ды құрудың оңтайлы нұсқасын әзірлеу; нақты салаларда міндеттер қойылысының және бағдарламалық өнімдер ортасында оларды жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын пайдалану; қолданылатын ЭАЖ-ді объектілердің нақты параметрлеріне бейімдей білу.

Таңдау бойынша курс 3

Халықаралық экономика

Пререквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық теория

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Халықаралық есеп.

Мақсаты: Студенттерді халықаралық экономиканың негізгі тұжырымдамаларымен, халықаралық еңбек бөлінісімен, әлемдік нарықпен, әлемдік шаруашылықпен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуы мен маңызы; әлемдік экономиканың даму үрдістері; әлемдік шаруашылық байланыстарын интернационалдандыру және жаһандандыру; әлемдік шаруашылықтың табиғи – ресурстық әлеуеті; халықтың ұдайы Өсу типтері; еңбек ресурстарын пайдалану; әлемдік шаруашылықтың салық құрылымы; экономикалық әлеует және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Пәнді оқып үйрену халықаралық экономиканың жұмыс істеу заңдарын түсіндіруге және дәлелдеуге, ұғымдарды, олардың экономикалық – математикалық және графикалық негіздерін тұжырымдауға бағытталған, студенттер: тауарларға деген жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты қалыптастыру заңдылықтарын және халықаралық айналымдағы өндіріс факторларын; олардың өзге елдердің экономикасымен өзара байланыс жағдайындағы ашық ұлттық экономиканы талдау тетіктерін; халықаралық экономиканың жұмыс істеуіне қызмет көрсететін халықаралық қаржылық нарықтар мен қаржылық тетіктердің даму үдерістерін игеруі тиіс; халықаралық экономикалық заңдар мен жұмыс істеу заңдылықтарын білу студенттерге тәжірибеде олардың өзара тиімділік алуы мақсаттарында мемлекеттер арасында өзарақатынастардағы микро және макроталдау принциптерін қолдануға мүмкіндік береді.



Күтілетін нәтижелер: халықаралық экономика тұжырымдамаларын, халықаралық еңбек бөлінісін, әлемдік нарықты, әлемдік шаруашылықты білу.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Жетписбаева М.К.
Халықаралық экономикалық қатынастар

Пререквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық теория

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Халықаралық есеп.

Мақсаты: Студенттерді халықаралық экономикалық қатынастардың негіздерімен, халықаралық еңбек бөлінісімен, әлемдік нарықпен, әлемдік шаруашылықпен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

ХЭҚ формалары: теория мен қазіргі жай-күйі. Үрдістер мен өзгерістер динамикасы. Сыртқы экономиканы мемлекеттік және мемлекетаралық реттеу: басқарудың құралдары мен әдістері, институционалдық құрылымы. Еркін сауда және протекционизм: даму модельдері. Сыртқы экономикалық саясат әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық үдерістер. Өңірлік блоктар мен интеграциялық бірлестіктердің формалары.



Күтілетін нәтижелер: Халықаралық экономикалық қатынастар тұжырымдамаларын, халықаралық еңбек бөлінісін, әлемдік нарықты, әлемдік шаруашылықты білу.

Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру.

Пререквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық теория

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Халықаралық есеп.

Мақсаты: Студенттерді сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастырудың негіздерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Сыртқы экономикалық қызметті реформалау: мақсаттары мен міндеттері, негізгі кезеңдері. СЭҚ-ты басқару мазмұны, СЭҚ-ты басқарудағы нарықтық және нарықтық емес әдістерді қазіргі заман тұрғысынан түсіну. СЭҚ-ты либералдандыру, негізгі мемлекеттік құрылымдарды қайтақұру. СЭҚ-ты басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері. Сыртқы сауданы реттеу, шетел инвестициялары салынған кәсіпорындар қызметін реттеу. Негізгі коммерциялық операциялар. Олардың мазмұны, жүзеге асыру және реттеу тетігі. СЭҚ-ты басқарудың институционалдық құрылымы.



Күтілетін нәтижелер: Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде білікті болу.
Таңдау бойынша курс 4

Бюджеттік есеп

Пререквизиттері: Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп1,2, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ

Мақсаты: Студенттердің мемлекеттік мекемелердегі қаржыландыру жоспарларының атқарылуы бойынша бюджет есебін, оның әдістемесі мен мемлекеттік бюджетте ұсталатын мекемелер жұмысына қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастыруын игерудегі теориялық және тәжірибелік даярлығын қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: нарық жағдайындағы мемлекеттің қаржылық және бюджеттік саясатын оқып үйренумен байланысты экономикалық қатынастар курс пәні болып саналады. Республикадағы қаржылық қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын қаржылық, бюджет, салық және өзге де органдардың құрылымдарын анықтау. Курс материалын ойдағыдай игеру үшін: «Қаржы», «Бухгалтерлік есеп теориясы», «Қаржылық есеп», «Басқару есебі», «Мемлекеттік бюджет», «Қаржылық жоспарлау және бақылау» және т.б. пәндерді білу қажет.

Курсты игеру үшін қажет дағдылар мен білімдер жиыны: қаржының мәні, функциялары, өзгешелікті белгілері, қаржылық ресурстардың, мемлекеттік қаржылардың пайда болуы, бөлінуі және пайдаланылуы, қаржы, жүйесі, қаржылық басқару және бақылау жүйесі, салық – бюджет саясаты, кәсіпорындардағы салық салу, ақша-несие саясаты, инфляция, меншік формалары, кәсіпорындардың активтері мен пассивтері, кәсіпорындарды сақтандыру, бағалы қағаздар, кәсіпорынның шығындары, мемлекеттің инвестициялық саясаты, экономика салалары және т.б.

Күтілетін нәтижелер:

  • компанияның қаржылық есептілігін жасау, жүргізу, талдау және болжам жасау саласындағы дағдылардың қажетті көлемін білу;

  • компанияның қаржылық есептілік мәліметтерімен жұмыс техникасы бойынша белгілі бір тәжірибелік дағдылар алу;

  • ХҚЕС-ке сәйкес Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілікті жүргізу мен жасаудың нормативтік – құқықтық базасын білу.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Кушербаев Б.П.
Пәнің аттары: Банктегі бухгалтерлік есеп пен есептілік

Пререквизиттері: Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп1,2, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ

Мақсаты: Банктегі бухгалтерлік есептің құрылу негіздерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Екінші деңгейдегі банктер шоттарының жоспары, банктік баланс, оның құрылу принциптері. Банктердегі синтетикалық және аналитикалық есеп. Банктердегі құжатайналымының құрылымын ұйымдастыру және бақылау. Нақты ақшасыз есеп айырысулар есебін ұйымдастыру, банктік корреспонденттік қатынастар, кассалық, депозиттік және несие операциялары, бағалы қағаздар, шетел валютасымен және қымбат металдармен жасалатын операциялар, негізгі құралдар, қаржы лизингі, банктің меншікті капиталы, банктің кірістері мен шығыстары, банктердің есептілігі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі есепті ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: Студент банк балансын жасау, банктегі есепті жүргізу кезінде студент белгілі бір теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды игеруі тиіс.

Пәнің аты: «Қаржылық бақылау және аудит»

Пререквизиттері: Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп1,2, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ

Пәннің мақсаты: қаржылық бақылау мен аудиттің экономикалық мәнін, нарықтық экономиканы қалыптастыру жағдайындағы бақылаудың рөлін, қаржылық бақылаудың халықаралық тәжірбиесінің ерекшеліктерін ашып көрсету, бақылау мен аудитті дамытудың басым бағыттарын анықтау.

Курсты оқып үйренуде қаржылық бақылау мен аудиттің нормативтік құқықтық және ғылыми - әдістемелік негіздері үлкен маңыз атқарады.



Курстың қысқаша сипаттамасы: Әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдар мен мекемелер қызметіне қаржылық бақылау мен аудит жүргізудің теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын игеруге студенттерге мүмкіндік береді. Экономикалық саясатты ойдағыдай жүзеге асыруды, бюджет, мақсатты, несие және өзге де қаражатты тиімді пайдалануға көмектесу бақылаудың негізгі мақсаты болып табылады. қаржылық бақылау шаруашылық операцияларының заңдылығын белгілеу, мемлекеттік, коммерциялық, инвестициялық, банктік, сақтандыру және өзге де ұйымдарда қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану туралы мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін қажет.

Күтілетін нәтижелер: студенттерге нарықтық инфрақұрылымдарды қалыптастыру жағдайында қаржылық бақылау мен аудиттің негізгі принциптерін игеруге, алынған білімдер негізінде студенттердің бойында, бақылау мен аудиттің дамуына қазіргі қойылатын талаптарға сәйкес, өздігінен шығармашылықпен ойлау, проблемаларды шешу жолдарын таба білу қабілеттерін қалыптастыру.
Таңдау бойынша курс 5

Баға белгілеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі

Мақсаты: Нарықтық экономика жағдайында баға белгілеудің негіздерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Бағалар жіктеуі және олардың жүйесі. Бағалар құрамы мен құрылымы. Бағаны құраушы факторлар. Нарық құрылымы және баға белгілеу. Баға белгілеу үдерісінің кезеңдері. Фирманың баға саясаты. Шығындар және баға қалыптастырудағы олардың рөлі. Баға белгілеу әдістері. Баға белгілеудегі тәуекел және бағаларды сақтандыру. Экономиканың кейбір салалары мен аяларындағы баға белгілеудің ерекшеліктері. Баға белгілеу тәжірибесі және өнеркәсібі дамыған елдерде бағаларды реттеу.



Күтілетін нәтижелер: студент: баға белгілеудің теориялық негіздері; бағаның құрамы мен құрылымын; бағалар орындайтын функцияларды; бағаларға әсер ететін факторларды; бағалар белгілеу үшін кәсіпорындар пайдаланатын әдістерді; баға белгілеу мәселелеріндегі мемлекеттің рөлін білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Даулетова А.М.
Ақша, несие банктер

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Қаржы.

Постреквизиттері: Қаржы нарықтары және делдалдар, Қаржылық есеп-1

Мақсаты: Студенттердің бойында ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері, халықаралық несие – есеп айырысу және валюталық қатынастар бойынша, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері. Ақша несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие жүйесі. Халықаралық несие – есеп айырысу және валюталық қатынастар. Бағалы қағаздар нарығының негіздері. ҚР банк жүйелерінің сипаттамасы. ҚР ақша-несие және банк жүйелерінің жұмыс істеу нормативтік – құқықтық базасы.



Күтілетін нәтижелер: ақша, несие және банктер теориясы бойынша қажетті теоиялық білімдердің белгілі бір минимумын білуі; банк аясында жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болуы; ҚР ақша-несие және банк жүйелерінің жұмыс істеу нормативтік – құқықтық базасын білуі тиіс.

Қазіргі ақша теориясы

Пререквизиттері: Экономикалық теория.

Постреквизиттері: Қаржы нарықтары және делдалдар, Қаржылық есеп-1

Мақсаты: Қазіргі ақша теориясын оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ақша теориясының сапалық жақтары: ақшаның шығуы, табиғаты, функциялары, сатып алу күші және ақшаның құнын анықтайтын факторлар, «ақша» ұғымының «өтімді активтер» ұғымына трансформациялану алғышарттары, алтын стандартының алынуы және толыққанды ақшаның айналымнан кетуі, қазіргі заманғы несие жүйесінің дамуы және институционалдық құрылымдардың күрделенуі; ақша теориясының сандық жақтары: ақшаның экономикалық үдерістерге тигізетін әсері. Айналым жасау жылдамдығы, ақшаның тұтыну сұранысына, сақтықтар (жинақтар) мен инвестицияларға тигізетін әсері, ақша- несиелік реттеу, номинал ақша кірісі теориясы.

Ақшаның сандық теориясының трансакциялық нұсқасы және оның тауар айырбастау мәмілелерімен байланысы.

Күтілетін нәтижелер:

Студенттердің бойында ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері бойынша білімдердің тұтастай жүйесін қалыптастыру.


Таңдау бойынша курс 6

Салықтар және салық салу

Пререквизиттері: Қаржы, Экономикалық теория, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: Салық есебі, Аудит.

Мақсаты: Студенттердің бойында салықтар жүйесінің құрылу және жұмыс істеу негіздері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдер кешенін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Салықтардың экономикалық мәні. Салық салу негіздері. Мемлекеттің салық саясаты. Салық жүйесі. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы. Акциздер. Қосымша құн салығы. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық. Жер салығы. Көлік құралдарына салынатын салық. Өзге де тікелей салықтар. Алымдар. Салық органдарындағы есеп пен есептілік. ҚР-дағы салық қызметі. Салықтардың есептелінуі мен төленуіне салық органдарының бақылауы. Дамыған шетелдердің салықтары.



Күтілетін нәтижелер: Студент:

  • салық салу теориясының даму тарихи кезеңдерін;

  • салықтардың құрылу және салық салу негіздерін, салық жүйесін қалыптастыру мен салықтар сипаттамаларының принциптерін;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйелерінің негіздерін;

  • салық саясатының мазмұнын, оның мақсаттары мен міндеттерін, іске асыру құралдарын;

  • салықтар мен алымдардың жекелеген топтарының мәнін, маңызын және функцияларын, оларды есептеу және төлеу тетігін білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Танашева А.Б.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерге салық салу

Пререквизиттері: Қаржы, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика.

Постреквизиттері: Салық есебі, Аудит.

Мақсаты: салық салу теориясы мен тәжірибесін оқып үрену, студенттердің бойында шаруашылық субъектілері мен халықтың салықтарын есептеу негіздері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдер кешенін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Салықтардың және салық салу жүйелерінің жұмыс істеу теорялық негіздерін оқып үйрену атап айтқанда салықтардың экономикалық мазмұны, функциялары мен принциптерін, ҚР-дағы салықтар мен салықтар жүйесінің қалыптасу даму тарихи кезеңдерін, елдегі салық реформаларының негізгі тұжырымдамаларын ашып көрсету. Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге салық салу. Салықтық бақылаудың қажеттілігі және экономикалық мазмұны. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану



Күтілетін нәтижелер:

Студент:


  • салықтардың жұмыс істеуі мен дамуын;

  • Қазақстан Республикасы салық жүйелерінің қалыптасуы мен дамуын;

  • салықтар мен алымдардың жекелеген топтарының жұмыс істеуі, оларды есептеу мен төлеудің тетігін;

  • салықтар төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті, салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар қолдануды білуі тиіс.

Халықаралық салық салу

Пререквизиттері: Қаржы, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика.

Постреквизиттері: Салық есебі, Аудит.

Мақсаты: Салық салудың шетелдік тәжірибесін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтардың түрлері, әртүрлі билік деңгейлердегі органдар арасында салық салу саласындағы құқықтардың шегін ажырату қарастырылады, салықтарды есептеу және алу тетігі, толықтығын бақылау және әлемдегі өзге де «салықтық паналар» зоналары көрсетілген. Дамыған шетелдердің салықтары.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру үшін шетелдік тәжірибені пайдалану мүмкіндіктері.



Күтілетін нәтижелер: Салық салудың халықаралық тәжірибесін білу және оны отандық тәжірибен салыстыра білу.
Таңдау бойынша курс 7

1С - Бухгалтерия

Пререквизиттері: Информатика, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: 1С-Бухгалтерия бағдарламалық кешенінде жұмыс жасаудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын алу, алынған білімдерді есеп және аудит аясында пайдалану.
Курстың қысқаша сипаттамасы:

Алгоритмдік тілдер және бағдарламалау. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету. Бухгалтерлік бағдарламалық кешендер: Лука, Алтын, 1С-Бухгалтерия. 1С-Бухгалтерияның бағдарламалау тілі. Жұмыс жағдайына келтіру. Есеп конфигурациясы. Object Pascal жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілі. Мәліметтер қорын жасау. Мәліметтер қорын басқару. Object Pascal көмегімен экономикалық есептерді шешу.



Күтілетін нәтижелер: 1С-Бухгалтерия бағдарламалық кешенінде жұмыс жасау дағдыларына ие болу, алынған білімді есеп және аудит аясында пайдалану.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Аяжанов К.С.
Есептегі компьютерлік технологиялар

Пререквизиттері: Информатика, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: бағдарламалық кешенде жұмыс жасаудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын алу, алынған білімді есеп және аудит аясында пайдалану.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазіргі жағдайда бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша бағдарламалық өнімдер ұғымдары сыныптамасының мәні. Бухгалтерлік бағдарламалар нарығы. «1 С бухгалтерия» пакетімен жұмыс жасаудың тағайындалуы, құрылымы мен жалпы принциптері. Шоттарды, субконтоны және өзге де параметрлерді жұмыс жағдайына келтіру: синтетикалық және аналитикалық есеп. Операциялар журналының тағайындалуы және оған түзетулер жасау. Операцияларды қарап тексеру аралығы бухгалтерлік хаттамалардың (проводкалардың) дұрыстығын тексеру. Бухгалтерлік хаттамалар (проводкалар) сомаларын есептеу формулаларының, типтік операцияларының негізгі мүмкіндіктері. «Құжаттар және есеп айырысулар» режимінің тағайындалуы. Стандартты есептер қалыптастыру және басып шығару: операциялар журналы бойынша есеп, шахматтық ведомосі, айналым сальдо ведомосі, журнал – ордер және шот бойынша ведомосі, талдау және шоттар карточкасы, субконто. Еркін үлгілердегі есептер. Сервистік мүмкіндіктер. Макро-тіл.

Күтілетін нәтижелер: ҚР-да пайдаланылатын бухгалтерлік бағдарламалардың құрылу және жұмыс істеу негіздерін білу.

Компьютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау

Пререквизиттері: Информатика, Экономикалық ақпараттық жүйелер

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерді, ақпараттарды қорғау жүйелерін құру мен тәжірибеде пайдаланудың теориялық негіздерін оқып үйрену, студенттерді мәліметтерді қорғауды жүзеге асыру принциптері, әдістері және құралдары туралы жүйеленген түсініктері болуға, оларды жобалау және пайдалану үшін қажет ақпараттық жүйелердегі ақпараттарды қорғау жөніндегі тәжірибелік дағдылар алуға үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ақпарат – коммерциялық құпия, бағдарламалық құралдар - өнім және бағдарламалық өнімнің түрлері ретінде. Ақпараттарды қорғау объектілері, қорғау әдістеріне шолу жасау және нақты табақшалардың (дискілердің) сипаттамалары. Ақпараттардың криптографиялық өзгеруі, мәліметтерге шартты атау беру стандартының мазмұнын ауыстырудың және қайта алмастырудың шартты атау беру (шифр беру) өлшемдерді. Ақпараттардың қорғалушылығын бағалаудың қазіргі заманғы әдістері, ақпараттар қауіпсіздігінің әртүрлі деңгейлерін бағалау. Сенімділік және өмірлік цикл, бағдарламалық ақпараттардың экономикалық тиімділігін бағалау мен сенімділігін анықтау әдістері. Компьютерлік қарақшылық проблемалары және құқықтық қорғау, авторлық құқық және рецензиялау.



Күтілетін нәтижелер:

Ақпараттарды қорғау объектілерінің ерекшеліктерін, олардың сыныптамасын білу, ақпараттарды енгізу, шығару, беру, өңдеу және сақтау үдерістерін жүзеге асыру кезіндегі ақпараттарды қорғау әдістері және құралдары туралы түсініктерге ие болу.


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР

Пән

циклі


Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Се

местр


4 курс

КВ.3.2

Таңдау бойынша курс 1

2

7




BEE 4212
Банктік есеп және есептілік










YMBI 4212

Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар










MB 4212

Мемлекеттік бюджет










Таңдау бойынша курс 2

3

7




TKYBBE 4205

Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп










TBE 4205

Туризмдегі бухгалтерлік есеп










KYBBE 4205

Қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп










Таңдау бойынша курс 3

3

7




SBE 4201

Саудадағы бухгалтерлік есеп










SEKBE 4201

Сыртқы экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есеп










KTKBE 4201

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктері










Таңдау бойынша курс 4

3

7




SE 4202

Салық есебі










BEE 4202

Банктердегі есеп пен есептілік










KBYSE 4202

Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебі










Таңдау бойынша курс 5

3

7




OSBE 4203

Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп










ACHBE 4203

Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп










KBE 4203

Құрылыстағы бухгалтерлік есеп










Таңдау бойынша курс 6

2

7




HE 4204
Халықаралық есеп










SHB 4204

Шығындарды басқару










HKES 4204

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары








Таңдау бойынша курс 1

Банктік есеп және есептілік

Пререквизиттері: Экономикалық теория,

Макроэкономика



Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Банктік есеп пен есептілік ерекшеліктерін оқып

ұйрену


Курстың қысқаша сипаттамасы: Банктік есептің негізі және ерекшеліктері. Кассалық мәмілелердің есебі. Банктік шот туралы түсінік және есепайырысу мәмілелерін ұйымдастыру. Салым мәмілелерін есепке алу. Ақша ағындарын дисконттау. Займдерді есепке алу. Ішкі банктік мәмілелерді есепке алу. Банктің ерекше мәмілелерін есепке алу: лизингтік мәмілелер, трасттік мәмілелер, факторингтік мәмілелер, форфейтингтік мәмілелер. Коммерциялық банктердің сейфтік қызметтері. Банктік қаржылық есептілік ерекшеліктері. Шоғырландырылған

қаржылық есептілік.



Күтілетін нәтижелер: Банктік мәмілелерді есепке алу дағдыларын алу.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Гусманова Ж.А.
Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар

Пререквизиттері: Экономикалық теория,

Макроэкономика, Қаржы.



Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Банктік инвестициялар туралы теориялық және

практикалық білім алу.



Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономиканың нақты секторында және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтерінің негізгі бағыттары. Инвестицияларды ұзақ мерзімде несиелеу үшін банктік ресурстардың қалыптасу тәртібі. Күрделі қаржы жұмсау – экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеу объекті. Коммерциялық банктердің инвестициялық жобаларын а экспертиза жасау тәртібі. Банктік тәуекелдерді жіктеу, банктік тәуекелдердің пайда болу көздері. Банктік тәуекелдерді азайту әдістері.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер банктік инвестициялардың макро және микро деңгейде маңызын және рөлін оқып ұйренулері тиіс.
Мемлекеттік бюджет

Пререквизиттері: Экономикалық теория,

Макроэкономика, Қаржы



Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктерін, оның

құрылымын, түрлерін және бюджеттік жұйелердің

ерекшеліктерін оқып ұйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік бюджеттің экономикалық негізі, функциялары және қаржы-несие механизміндегі рөлі. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің принциптері. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері. Бюджет түсімдері, бюджет шығыстары. Бюджет тапшылығы (профициті).

Күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік бюджеттің

ерекшеліктерін, оның құрылымын, түрлері бойынша дағдылар алу.


Таңдау бойынша курс 2

Туризм мен қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру негіздерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Туризмдегі экскурсиялық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру. Ішкі және халықаралық туризм. Туристтік фирмалардағы және қонақ үй бизнесіндегі құжаттама және түгендеу. Негізгі құралдар меншікті капиталының, материалдық емес активтердің, тауарлық – материалдық қорлардың есебі, еңбек есебі және туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі еңбекақы төлеу есебі. Туристік қызмет көрсету мен қонақ үй сервисінің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Туристік қызмет көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және туристік фирмалардың және қонақ үй шаруашылықтарының қаржылық есептіліктер жасауы. Халықаралық туризм есебінің ерекшеліктері.



Күтілетін нәтижелер:

Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:Абдрасимова Ж.К.
Туризмдегі бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: туристік кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті құрудың негіздерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Туризмдегі экскурсиялық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру. Ішкі және халықаралық туризм. Туристтік фирмалардағы құжаттама және түгендеу. Капитал, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық – материалдық қорлар есебі, еңбек және туризмдегі еңбекке ақы төлеу есебі. Туристік қызмет көрсетудің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Туристік қызмет көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және туристік фирмалардың қаржылық есептілік жасауы. Халықаралық туризм есебінің ерекшеліктері.



Күтілетін нәтижелер:

Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент, туристік кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.



Қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру негіздерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Қонақүй бизнесін ұйымдастыру және бухгалтерлік есепке оның ерекшеліктерінің тигізетін әсері. Қонақ үй бизнесіндегі құжаттама және түгендеу. Капитал, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық – материалдық қорлар есебі, еңбек және қонақ үй бизнесіндегі еңбекке ақы төлеу есебі. Қонақ үй сервисінің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Қонақ үй қызметін көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және қонақ үй шаруашылықтарында қаржылық есептілік жасау.



Күтілетін нәтижелер:

Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент, туристік кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.



Таңдау бойынша курс 3

Саудадағы бухгалтерлік есеп

Қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Сауда кәсіпорындарындағы тауар операциялары есебінің ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Саудадағы бухгалтерлік есеп- 050508 «Есеп және аудит» мамандығындағы студенттер үшін негізгі курстардың бірі.

Қазіргі уақытта ірі мамандандырылған сауда ұйымдары – акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ өз фирмалық дүкендері арқылы өнеркәсіп кәсіпорындары мен жеке сектор халық тұтынатын тауарлар саудасымен айналысады. Атап өткен ерекшеліктер, сауда-қаржылық қызметті ойдағыдай басқару мен басқару шешімдерін қабылдаудың қажетті жағдайлары ретінде, саудадағы бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызын күшейте түседі. Есеп объектілері. Саудадағы бухгалтерлік есепті құрудың жалпы схемасы. Бөлшек сауда субъектілеріндегі тауарлар есебі. Тауарлар мен ыдыстардың аналитикалық есебін ұйымдастыру. Тауарлар мен ыдыстардың бар болуы мен қозғалысы туралы материалға – жауапты тұлғалардың есептілігі. Тауар ысыраптары есебі. Тауарлық – материалдық қорларды түгендеу. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы өз өнімдерін өндіру мен өткізудің есебі. Тауарларды өткізу бойынша шығыстар есебі.

Күтілетін нәтижелер:

«Саудадағы бухгалтерлік есеп» пәнін оқып үйрену нәтижесінде студенттер, сауда ұйымдарында бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік дағдыларын игеруі тиіс.



Сыртқы экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Халықаралық экономика

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Сыртқы экономикалық қызмет есебінің ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Сыртқы экономикалық қызметтің мазмұны мен бухгалтерлік есеп ерекшеліктері. Валюталық құндылықтар мен ұйымдар есебі. Экспорт және импорт тауарлар жеткізудің негізгі жағдайы және олардың есепке тигізетін әсері. Экспорттық операциялар есебі. Импорттық операциялар есебі. СЭҚ-те қолданылатын есеп айырысулардың формалары.

СЭҚ-тың бухгалтерлік есебі, бухгалтерлер мен басшылар үшін ерекшелігімен, маңыздылығымен, мақсатымен және оқып үйрену міндеттерімен анықталады. Студенттерді халықаралық есеп және есептілік жүйелерінің ұйымдық және методологиялық принциптерімен таныстыру көзделеді. Бұл үшін жағдайлық есептерді, іскерлік ойындарды, дәсүрлі оқыту әдістемелерімен қатар әртүрлі тестілерді пайдалану қажет.

Күтілетін нәтижелер: сыртқы экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есепті тәжірибеде жүргізу дағдыларының болуы.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктері.

Пререквизиттері: Халықаралық экономика

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Сатып алушыларға немесе ұйымдарға оны кейіннен өткізу үшін өз өнімдерін өндіру (тамақ дайындау) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының негізгі мақсаты болып саналады. «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерешеліктері» курсында тамақтандыру кәсіпорындарындағы баға белгілеу тәртібі, өзінің өндіретін өніміне бағаларды калькуляциялау оқытылып үйретіледі. Сатып алынатын өнімдерді және өзі өндіретін өнімді құжаттамалық ресімдеу және оның есебі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қоймаларындағы, буфеттердегі және ас бөлмелеріндегі материалға – жауапты тұлғалардың есептілігі. Кулинариялық бұйымдар мен жартылай фабрикаттар өндіретін ас бөлмелері (кухнялар) мен цехтар операциялары есебінің ерекшеліктері.



Күтілетін нәтижелер: студент қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Таңдау бойынша курс 4

Салық есебі

Пререквизиттері: Салық және салық салу, Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: кірістерді және шегерімдерді сенімді түрде қалыптыстыру, салық төлемдерінің сомасын анықтау және корпоративтік табыс салығының (КПН) салық есебін ұйымдастыру бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларға ие болу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Салық есебі және есеп жүйесіндегі оның орны. Салық есебін ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайтын заңнамалық негіздер. Жиынтық жылдық кірісті анықтау. Жиынтық жылдық кіріс кіретін кірістер. №1 салық есебі ведомосінде жиынтық жылдық кірістің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі. Жиынтық жылдық кіріске түзету жасау. Заңды тұлғаларға берілетін шегерімдердің сипаттамасы. Салық салу кезінде ескерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісі мен шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.



Күтілетін нәтижелер:

  • корпоративтік табыс салығының салық есебі үшін қаржылық есеп ақпаратын жинау, тіркеу және өңдеу;

  • жиналған ақпараттар негізінде қажетті салық есептерін жасау;

  • Корпоративтік табыс салығы бойынша Мағлұмдамалар (Декларациялар) және қосымшалар жасау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Нургалиева Р.Н.

Банктердегі есеп пен есептілік

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Банктердегі есеп пен есептіліктің ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Банктердегі бухгалтерлік есептің маңызы мен ерекшелігі. Банктердегі кассалық операциялар есебі. Банк шоты туралы ұғым және есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру. Салым операцияларының есебі. Ақша ағындарын дисконттау. Займдар есебі. Банкішілік операциялар есебі: Дәстүрлі емес банк операцияларының есебі: лизингтік операциялар есебі, трасталық операциялар есебі, факторингтік операциялар есебі, форфейтингтік операциялар есебі. Коммерциялық банктердің сейфтік қызмет көрсетулері. Консолидацияланған қаржылық есептілік.



Күтілетін нәтижелер: Банк операциялары есебінің дағдыларын білу.

Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебі.

Пререквизиттері: Салық және салық салу, Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: жоқ.

Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебінің ерекшеліктері, есеп жүйесіндегі оның орны. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісін қалыптастыру есебі. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісінен шегерімдер есебі. Бекітілген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдердің салық есебі. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі. Пайдалы жерасты қызбаларын алуға дайындық жұмыстарына және геологиялық зерттеулерге жұмсалатын шығыстардың салық есебі. Әлеуметтік төлемдерге (өтемдерге) жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдердің салық есебі. Салықтар, айыппұлдар және өтемақы шығыстарының шегерімі. ҚР салық кодексі. Шығындардың салық есебі. Таза кіріс есебінен жүзеге асырылатын шығыстардың салық есебі. Салық есебі және халықаралық салық салу ерекшеліктері.



Күтілетін нәтижелер: Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебінің мәселелері бойынша білікті болу.

Таңдау бойынша курс 5

Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: студенттерді қорлар (запастар) есебін ұйымдастырумен, еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысумен, Қазақстан Республикасының өндірістік саласындағы әртүрлі кәсіпорындардағы дайын өнімдермен (жұмыстармен, қызметтер көрсетумен), өндірістік шығындармен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Құрылыс өндірісін ұйымдастыру формалары. Құрылыс өндірісін материалдық-техникалық қаматмасыз етуді ұйымдастыру. Құрылыс объектілеріндегі және бухгалтериядағы матералдық қорлар (запастар) есебінің ерекшеліктері. Титульды есем ғимараттар мен құрылғылар есебі. Құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану бойынша шығындар есебі. Негізгі және қосалқы өндіріс шығындарының есебі. Жанама (қосымша) шығындарды бөлу есебі. №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік шарттары» БЕС-ке сәйкес дайын өнім үшін есеп айырысулардың құрылыс өндірісі шығындарының есебі. Мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыру (тапсыру) мен субмердігерлік ұйымдардың тапсырыс берушілерімен есеп айырысулар есебі. Құрылыстағы инвестициялар есебі.

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің есеп және салық саясаты. Ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі салаларында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Шаруа (фермерлік) шаруашылықтарындағы есепті ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығындағы амортизацияланатын активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) есебінің ерекшеліктері. Өсіріліп жатқан және бордақыдағы малдардың есебі. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс есебі.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқып үйрену үдерісінде студенттер:


  • өндірістік кәсіпорындар шығыстарының ұғымы мен жіктеуін;

  • өндірістегі шығындар есебі әдістерінің түрі мен мазмұнын және өнімдердің (жұмыстардың қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялауды;

  • өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыруды және өндірістік кәсіпорындардағы өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын калькуляциялауды білуі тиіс.

Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Мал басының, жемнің, тұқымның және өзге де қорлар есебінің ерекшеліктерін оқып үйрену, малшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері шығындарының есебін ұйымдастырудың рәсімдерін және осы өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін қарастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ауылшаруашылығының ерекшелігімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі принциптері. Негізгі және материалдық емес активтер есебінің ерекшеліктері. Өсіріліп жатқан және бордақыдағы малдардың, жердің, тұқымның, жемнің есебі. Ауылшаруашылық өндірісінің өнімдері және оны өткізу есебі, негізгі өндіріс шығындарының есебі. Амортизацияланатын активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) есебінің ерекшеліктері. Өсіріліп жатқан және бордақыдағы малдардың есебі. Ауылшаруашылығы өндірісі өнімдері және оны өткізу есебі. Негізгі өндіріс шығындарының есебі. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау, малшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау.



Күтілетін нәтижелер: Студенттер:

  • ауылшаруашылығы кәсіпорындары шығындарының (шығыстарының) ұғымы мен жіктеуі;

  • өндіріс шығындары есебінің және ауылшаруашылығы өнімдерінің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялаудың түрлері мен әдістерінің мазмұны;

  • жерлер мен қорларды (запастарды) бағалаудың жалпы принциптері, құрамы, сипаттамасы, оларды пайдалану ерекшеліктері, құжаттамалық ресімдеуді ұйымдастыру, ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы синтетикалық және аналитикалық есеп мәселелерінде білікті болуы тиіс.

Құрылыстағы бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Құрылыс материалдары есебінің ерекшеліктерін қарастыру, олардың пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру; құрылыс ұйымдарындағы жанама шығындарды бөлу ерекшеліктерімен және есебімен танысу; құрылыс компаниялары өнімдерінің өзіндік құнын қалыптастыру ерекшеліктері.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Құрылыс өндірісі технологияларының ерекшеліктері және есепті ұйымдастыруға олардың тигізетін әсері. Құрылыстағы шығындар жіктеуі және өзіндік құн есебі. Материалдық ресурстар есебі. Еңбекақы төлеу шығыстары. Құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстап тұру шығыстарының құрамы мен есебі. Жанама шығыстар құрамы мен есебі. Қосалқы және көмекші өндірістердегі шығындар есебі. Құрылыстағы қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі. Тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі.



Күтілетін нәтижелер

  • құрылыс ұйымдарының шығыстары ұғымы мен жіктеуі;

  • өндіріс шығындары есебі әдістерінің түрлері мен мазмұны және құрылыстағы өнімдердің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялау;

  • қорларды (запастарды) бағалаудың жалпы принциптері, құрамы мен сипаттамасы, құрылыс-монтаж ұйымдарындағы есеп пен оларды пайдаланудың ерекшеліктері;

  • құрылыс-монтаж ұйымдарындағы өнімдердің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру.

Таңдау бойынша курс 6

Халықаралық есеп

Пререквизиттері: Халықаралық экономика, Қаржылық есеп-2, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: нарықтық экономикасы дамыған елдерде қабылданған есептің іргелі қағидаларын оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Халықарылық есеп жүйесінің ұйымдық және методологиялық принциптері. Халықаралық бухгалтерлік жүйелер, халықаралық есеп жүйесін дамытудағы үкіметаралық және халықаралық, кәсіптік ұғымдардың рөлі. Есеп пен есептілік принциптерін заңнамалық реттеу. Бухгалтерлік есеп шоттары жоспарларының халықаралық жүйелері. Бухгалтерлік білім мен әдептің халықаралық стандарттары. АҚШ-тағы бухгалтерлік есеп методологиясы. Ұлыбританиядағы, Франциядағы, Жапониядағы есептің ерекшеліктері.



Күтілетін нәтижелер: студент:

  • есепті жетілдірудің негізгі бағыттарын, халықаралық тәжірибені оқып үйрену негізінде бухгалтерлік кәсіби әдепті, кәсіби білімді анықтай білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Мадиева К.С.

Шығындарды басқару

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Кәсіпорын экономикасы, Микроэкономика.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: студенттерді әртүрлі жоспарлы экономикалық категориялар шығындарының теориялық және тәжірибелік аспектілерімен, өндіріс шығындарының құралу үдерісімен, өнімдердің әртүрлері бойынша шығындармен және осы негізде жоспарлау, басқару және бақылау бойынша шешімдер қабылдау кезінде қажет ақпараттармен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Шығындарды басқару оның ерекшелігімен және оқып үйрену мақсатымен анықталады. Осымен байланысты оқыту үдерісінде оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері: лекуия – таныстырылымдар, пікірталастар, жағдайлық есептерді шешу жолымен диалог тәжірибелік сабақтар пайдаланылады.



Күтілетін нәтижелер: Өндірістегі шығындар сыныптамасын білу; шығындарды болжау және жоспарлау; өнімнің өмірлік циклінің әртүрлі сатыларындағы шығындарды анықтау.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары

Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: Студенттерді халықаралық қаржылық есеп стандарттарының құрамымен, құрылымымен, мазмұнымен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ақпарат - бухгалтерлік еңбектің түпкі өнімі болып саналады. Менеджмент қабылдайтын басқару шешімдерінің тиімділігі бухгалтерлік ақпараттардың сапасына қатысты болады, бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бүкіл қызметі ішінде шаруашылық қызметіне әсерін тигізетін болады. Сапаға қойылатын талаптар мен ақпараттарды ашу параметрлері халықаралық қаржылық Есептілік стандарттарында тұжырымдалған. Осы көзқарас тұрғысынан ХҚЕС пәнін магистранттардың оқып үйренуі мамандар ретіндегі олардың даярлық деңгейін арттырады, сондай-ақ осы алған білімдері олардың зерттеу жұмыстарының негізгі өзге болып табылады. Қазақстан Республикасының стандарттардың жаңа біліміне кезең-кезеңмен өтуі қазіргі кезеңнің негізгі проблемасы болып саналады: бастапқы бетте Қазақстандық есеп стандарттары енгізілді, содан кейін Халықаралық стандарттар енгізу бағытын ұстады. Осымен байланысты магистранттар отандық және халықаралық стандарттар арасындағы айырмашылықты анықтауы қажет, өйткені кәсіпорын отандық базада жұмыс жасайды және зерттеу үшін тәжірибелік материалдар соларға негізделген, ал сол уақытта халықаралық стандарттар тұрақты жетілдіріліп отырады. Осы проблемаларды ескере отырып, әрбір зерттеуші өзінің тақырыбын ашуы және тәжірибеде қолдану үшін ұсынымдар беруі тиіс. Аталған пәнді үйрену кезінде қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп роблемалары ескерілетін болады.



Күтілетін нәтижелер: бір қаржылық жылдың қорытындылары бойынша ХҚЕС және ХБЕС-ке сәйкес нақты кәсіпорынның қаржылық есептілігін жасай білуі тиіс.

Элективті пәндер каталогы бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының отырысында талқыланып, бекітілді

№ 2 хаттама « 21 » қазан 2010 ж.
Кафедра меңгерушісі

э.ғ.к., профессор Мәдиева Қ.С.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет