Цифрлық тарату жүйелері
Мәтін алды тапсырма.
Байланыс туралы «Қазақтың шақырымы қайдан шыққан?» деген танымдық мәнді әңгімені оқу.
Байланыстың батыл қадамдары.
Қазақтың «шақырымы» қайдан шыққан?
Алыстан тез хабар беріп, хабар алу мәселесінде адамзат ерте дәуірден-ақ бар мүмкіншіліктерді кеңінен пайдаланғаны белгілі. Ғылым мен техника дамымаған кездің өзінде дауыстары зор адамдарды пайдаланғаны, Африкада там-там (барабан, дауылпаз), от жағып хабарласқандары және құбыр, сым немесе жіңішке жіп, қағаз қорапты пайдаланып 300 метрлік қашықтықтан сөйлесу мүмкіншіліктері болғаны тарихи әдебиеттерден белгілі. Бұған мысалды алыстан іздемей-ақ қазақтардың бүгінге дейін «шақырым» деген сөзді пайдаланатыны айғақ.
Сигнал деген ұғым ағылшын тілінің sign деген сөзімен түбірлес, мағынасы – белгі, белгілеу деген түсінік береді. Жазылған сөз белгілі бір ұғым береді, ендеше ол да – сигнал. Сонымен дауыс шығару, дыбыс беру, от жағу, там-там қағу, жарық беру т.с.с. сигналдарға жатады. Ал сигналдарды электр түрінде берудің көп тиімді қасиеттері бар. Олар:
1) Тарау жылдамдығы сәуленің жылдамдығына жуық.
2) Электр сигналдарын өңдеу, түрлендіру және салыстыру жылдамдығы өте жоғары электрондық құрылғылар арқылы орындалады.
Тапсырмалар:
1) Берілген изафет тіркестерді аударып, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:
Байланыс желісі –
Телеграф сигналы –
Дауыс сигналы –
Адамның даусы –
Байланыс жолы –
Дыбыс деңгейі –
Морзе әліппесі –
Телефон байланысы –
Электрониканың өркендеуі –
2) Сөздікті пайдаланып, мына мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Морзенің мамандығы – суретші
XIX ғасыр электртехника ғылымында ашылған ғылыми жаңалықтарға, электр байланысының дамуына және қалыптасуына тікелей әсер етті.
Электртехника саласындағы жетістіктерді пайдалана отырып, Американың белгілі суретшісі, Ұлттық сурет академиясының тұңғыш президенті С.Морзе 1838 жылы 24 қаңтарда ойлап шығарған электромагнитті телеграф аспабымен 15 шақырым қашықтыққа сым арқылы алғаш телеграф сигналын жеткізді.
Телеграфтың дүниеге келуі адамзатқа Жер шарының кез келген нүктесіне жылдам хабар беріп, хабар алуына нақты мүмкіншілік тудырды. 1844-1866 жылдар ішінде Америкада 80 мың, Азияда 20,8 мың шақырымдық телеграф байланысы іске қосылды. Бірақ барлық жүргізілген кабельдер теңіз бен мұхит жағасына келіп тоқтап қалды.
Цифрлық тарату жүйелері
Байланыс (телекоммуникация) желісі ақпарат таратушы және жалғаушы (АТС) жүйелерден тұрады.
Таратылатын сигналдар аналогты (мағынасы үздіксіз) және дискретті (мағынасы үзік-үзік) болып екіге бөлінеді.
Телеграф сигналы дискретті, ал дауыс сигналы аналогты болып келеді. Дискретті сигналды цифрлық сигнал деп атайды.
Адам сөйлегенде даусының жиілігі 80 Гц-тен 12000 Гц, ал есту мүмкіншілігі 16 Гц-тен 20000 Гц аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның жиілік аясы 300 Гц-тен 34000 Гц-ке дейін болған кезде, сөйлеген дыбыс деңгейінің 90%, ал сөздің естілу анықтығы 99% табиғи үнін сақтайды.
Телеграф алғашқы күннен бастап цифрмен істеді. Алғашқы телеграфта пайдаланылған Морзе әліппесінде «нүкте» мен «сызықша» белгілері кейіннен екі цифрлы «0» мен «1»-ге ауысты. Телефонмен байланыс көпке дейін аналогты болып келді. Аналогты жүйенің уақыт сұранысын қанағаттандыра алмауы жаңа цифрлық технологияның өркендеуіне жол ашты.
Телефон байланысында сөйлеу сапасын сақтау дауыс сигналы 300 Гц-тен 34000 Гц-ке дейінгі жиілік аясында таратылса, цифрлық дауыс сигналы 64 Кбит/сек (1 секундта 64000 бит) жылдамдықпен таратылады. Бұл арна негізгі цифрлық арна деп аталады және ЕО деп белгіленеді. Өйткені бұл арна – бір телефон жолының сыйымдылығы.
Аналогты дауыс сигналын цифрлық сигналға түрлендіру импульсті кодалық модуляция (ИКМ) деп аталады. Дауыс сигналын тарату үшін ИКМ жүйесін пайдалану мүмкіншілігін 1937 жылы француз инженері А.Ризе ұсынған болатын. ИКМ жүйесі 1940 жылдары радиолокация саласында қарқынды дамыды. Алайда, цифрлық технологияның баяу даму салдарынан оны бұқаралық байланыс саласында пайдалану мүмкіншілігі шектеулі болды. 1950 жылдардағы электрониканың өркендеуі ИКМ жүйесін АТС арасында кеңінен пайдалануға жол ашты. Оны алғаш 1957 жылы қолданысқа енгізген Американың Bell System компаниясы болды.
Мәтін бойынша тапсырмалар.
1. Мәтінді түгел оқып шығып, түсініксіз сөз және сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.
2. Мәтіндегі терминдердің жасалуына назар аударыңыз. «Терминнің бәрі – сөз, сөздің бәрі термин емес» деген тұжырымды қалай түсінесіз, мысалмен дәлелдеңіз.
3. ИКМ-ге берілген анықтаманы түрлендіріп айтуға тырысыңыз.
4. Мәтінді толық аударып, мазмұнын түсініп алыңыз. Енді мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға лайықтап өзгертіңіз (трансформация).
5. Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойып, жауап беріңіз. Оларға берген жауаптарыңызға сүйеніп, мәтінді мазмұндап беріңіз.
Плезиохронды цифрлық иерархия
Мәтін алды тапсырмалар.
1. Мына біріккен сөздерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:
Қалааралық –
Мемлекетаралық –
Халықаралық –
Телекоммуникация –
Радиоқабылдағыш –
Жерсеріктік –
2. Жұмыс істейді; деп аталады; еніп келеді; іске қосылды; қолданыла бастады деген тіркестерді күрделі баяндауыш қызметінде жұмсап, сөйлемдер құраңыз.
Цифрлық ағын қалааралық, мемлекетаралық магистральдарда топталып таратылады.
Еуропалық стандарт бойынша Еуропа және ТМД елдеріне цифрлық байланыс жүйесі төмендегідей топталу тәртібімен жұмыс істейді.
1 сурет - Цифрлық жүйені топтау
Бұл жерде ИКМ-30 дегеніміз – бірінші иерархия. Оған әрбіреуі 64 Кбитпен 30 телефон арнасы келіп тоғысады. ИКМ-120 – екінші иерархия, ол төрт ИКМ-30-дың немесе 120 телефон арнасының басын біріктіреді. Сол сияқты ИКМ-480, ол – үшінші иерархия, ол өз кезегінде төрт ИКМ-120-ны, ал төртінші иерархия ИКМ-1920 төрт ИКМ-480 байланыс арналарын біріктіреді. Әрбір иерархия арасындағы цифрлар ағын немесе арнасы рет-ретімен Е0, Е1, Е2, Е3, Е4 деп аталады.
Мұндай топтау технологиясы плезиохронды цифрлық иерархия (ПЦИ) (мағынасы – цифрлық ағынның сатылап тарамдалуы) деп аталады.
Ақпаратты цифрлап тарату цифрлық АТС-тердің пайда болуына ықпал етіп, тарату және жалғау процестерін біріктірді.
Цифрлық тарату жүйесі (ЦТЖ) алғашқы кезде жалғаушы стансалардың арасында, кейіннен қалааралық байланыс желісінде қоданыла бастады. Экономикасы дамыған елдерде цифрлық желілер 1970 жылдан бастап іске қосылды. 1980 жылдардан байланыс жолында оптикалық талшық техникасы қолданысқа кеңінен еніп келеді.
Мәтін бойынша тапсырмалар.
1. Сөздіктерді пайдаланып, мәтінді оқып, аударыңыз.
2. 6-сурет бойынша цифрлық байланыстың жұмыс тәртібімен танысып, әңгімелеп беріңіз.
3. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін септеңіз.
4. Сөздікті пайдаланып, мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
Широкомасштабное использование волоконно-оптических линий связи (ВОЛС) началось примерно 40 лет назад, когда прогресс в технологии изготовления волокна позволил строить линии большой протяженности. Сейчас объемы инсталляций ВОЛС значительно возросли. В межрегиональном масштабе следует выделить строительство волоконно-оптических сетей синхронной цифровой иерархии (SDH). Стремительно входят в нашу жизнь волоконно-оптические интерфейсы в локальных и региональных сетях Ethernet, FDDI, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, ATM.
В настоящее время по всему миру поставщики услуг связи прокладывают за год десятки тысяч километров волоконно-оптических кабелей под землей, по дну океанов, рек, на ЛЭП, в тоннелях и коллекторах. Множество компаний, в том числе крупнейшие: IBM, Lucent Technologies, Nortel, Corning, Alcoa Fujikura, Siemens, Pirelli, ведут интенсивные исследования в области волоконно-оптических технологий. К числу наиболее прогрессивных можно отнести технологию сверхплотного волнового мультиплексирования по длине волны DWDM (Dense Wavelength Division Multiplexing), позволяющую значительно увеличить пропускную способность существующих волоконно-оптических магистралей.
В волоконно-оптических линиях связи (ВОЛС) цифровые системы передачи нашли самое широкое распространение как наиболее приемлемые по своим физическим принципам для передачи.
Синхронды цифрлық иерархия
Мәтін алды тапсырмалар.
1. Мына қысқарған сөздерді толық түрде жазып, қазақшаға аударыңыз.
ЭДС, АТС, МТС, ИКМ, ПЦИ, СЦИ.
2. Бөлшек сан есімдерді еске түсіріп, мына сандарды сөзбен жазыңыз: 4,2; 5,6; 7,9; 3,15; 2,27; 8,75; 21,38; 39,48; 155,26; 622,08; 2285,32; 9953, 28.
Уақыт талабы ПЦИ жүйесін түпкілікті жаңартуды қажет етті. ПЦИ жүйесінің кемшіліктерін жою мақсатында Америкада синхронды оптикалық желі (SONET), Еуропа және ТМД мемлекеттерінде еуропалық синхронды цифрлық иерархия (СЦИ, ағылшынша SDN) қолданысқа келді. Бұл жүйенің басты ерекшелігі, айталық, ЦПИ жүйесінің Е4 иерархиясында тұрып Е1 иерархиясындағы ақпаратты алу үшін Е3, Е2 иерархиялары арқылы бару қажет болатын, ал ЦСИ жүйесінде ақпаратты тікелей алу мүмкіндігі туды. Сосын, ПЦИ жүйесінде АТС-терді бір-бірімен тікелей және тарамдап жалғау топологиясы қолданылса, ал СЦИ жүйесінде шеңберлік топологияға қол жеткізілді.
Байланыс жүйелерін дамытудың басты мақсаты – қолданыстағы жүйені жойып жібермей, жаңа жүйенің мүмкіншіліктерін біртіндеп өзара тоғыстыру болмақ. Мұны телекоммуникацияның конвергенциясы деп атайды.
Сондықтан СЦИ жүйесін құрудағы талпыныс – оны ПЦИ жүйесімен қатар қолдану болды.
СЦИ иерархиясы (STM-1, STM-4, STM-16, STM-64) деп аталатын синхронды тасымалдаушы модульдерден (СТМ) тұрады. СЦИ жүйесінің Е1-і цифрлық ағынның 63-ін қабылдап, оларды бір арнамен тарата алады. Басқаша айтатын болсақ, бұл дегеніміз 63*30=1890 телефон байланысын қамтамасыз етеді. Жалпы STM-1 модулі Е1, Е2, Е3, Е4 ағындарының қай-қайсысын да қабылдап, таратушыға жеткізе алады. Осы ақпарат көлемін STM-16 он алты есе көбейтілген жыдамдықпен тарата алады. Бұл жағдай кәсіптік қоданыста мынадай мәліметтермен өрнектеледі. СЦИ жүйесінің иерархиясының бірінші деңгейін құрушы STM-1 сигналын 155,52 Мбит/сек, үшінші деңгейі ( STM-16) 2488,32 Мбит/сек, төртінші деңгейі (STM-64) 9953,28 Мбит/сек жылдамдықпен таратылады.
Бүгінгі ЦТЖ-нің аппараттық жабдықтары СЦИ негізінде телекоммуникация желісінің қазіргі күн талабына сай топологияларын құруға мүмкіншілік тудырады.
СЦИ технологиясымен ақпарат тарату жылдамдылығын бұдан әрі жоғарылату мақсатында оптикалық талшықты байланыс жолын таратылатын сигнал толқындарының ұзындығы бойынша тығыздауға болады. ( DWDM-Dens Wavelength Division Multiplexing – толқын ұзындығымен мультиплексорлап тығыздау). Көпшілік сараптаушы мамандардың жобалауы бойынша жуық арада мультисервистік желілердің архитектурасы көпқабатты IP `` АТМ SDN WDM технологияларын қиыстырумен іске аспақ.
Мәтін бойынша тапсырмалар.
1. Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.
2. Мына тіркестердің баламаларын мәтіннен тауып жазыңыз:
Главная особенность этой системы; в целях устранения недостатков; для получения информации; попытка создания системы СЦИ; иначе говоря; дальнейшее повышение скорости; по проектированию специалистов; архитектура мультисервисных сетей.
3. Сөйлем мүшелеріне ыңғайына қарай қалай және қандай деген сұрақтар қойыңыз.
Үлгі: а) Уақыт талабы ПЦИ жүйесін түпкілікті (қалай?) жаңартуды талап етті.
ә) Байланыс жүйелерін дамытудың басты (қандай?) мақсаты – қолданыстағы (қандай?) жүйені жойып жібермей, жаңа (қандай?) жүйенің мүмкіншіліктерін біртіндеп (қалай?) өзара тоғыстыру болмақ.
4. Мәтінді толық жазбаша аударыңыз. Қысқаша мазмұндаңыз.
5. Сөздікті пайдаланып, мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Оптоволокно
Оптоволоконные кабели обеспечивают полную гальваническую развязку между обоми концами кабеля. Непроводимость волокон делает кабели нечувствительными к скачкам напряжения. Это устраняет электромагнитные и эфирные помехи, которые могут быть вызваны контурами заземления, синфазными напряжениями, а также смещениями и короткими замыканиями потенциала земли. Оптоволоконный кабель действует как длинный изолятор. Поскольку оптические волокна не излучают волны и не подвержены помехам, еще одним их преимуществом является отсутсвие взаимного влияния кабелей (то есть воздействие излучения одного кабеля связи на другой, проложенный рядом с ним).
Өрістік транзисторларды қолдану ерекшеліктері
Мәтін алды тапсырмалар.
1. Мына сөздерді тәуелдік жалғауының үшінші жағына қойып, оларды қатыстырып сөз тіркестерін жасап, орыс тіліне аударыңыз:
Артықшылық, топ, тиімділік, жылдамдық, тұрақтылық, меншік, жылулық, топ, артық, бөлшек.
Үлгі: осы әдістің артықшылығы-преимущество этого метода.
2. Тұрақтылығы, бөлшегі деген сөздерді жазбаша септеңіз.
Өрістік транзистордың артықшылығына мыналар жатады:
а) Өте үлкен кіріс кедергісіне байланысты сигнал көздерінен пайдаланатын ток немесе қуат шамасы мейлінше аз.
б) Өрістік транзистордың оңай жасалынуы мен оның технологиялық тиімділігі.
в) Транзистор каналындағы токты тек негізгі заряд тасушылары түзетіндіктен, онда негізгі емес заряд тасушылары жинала алмайды (биполяр транзисторындағыдай). Сондықтан өрістік транзистордың жұмыс істеу жиілігі де, жылдамдығы да жоғары болады.
г) Токтың негізгі заряд тасушыларынан тұруы, оның температуралық тұрақтылығын да арттырады. Өйткені жылу әсерінен пайда болған меншікті заряд тасушылары негізгі заряд бөлшектерінің санын елеулі түрде өзгерте қоймайды. Тіпті температураның әсерінен пайда болған меншікті заряд тасушылары негізгі заряд бөлшектерінің санын елеулі түрде өзгерте қоймайды. Тіпті температураның азаюына әкеп соқтырады да, өрістік транзистордың жылулық тұрақтылығына жеткізеді. Осы жағдай өрістік транзисторлардың бір-бірімен арнайы ток теңгерушілерінсіз параллель қосуға мүмкіндік береді: тогы артқан транзистордың температурасының өсуі оның кедергісін де өсіріп, ток шамасын бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді.
д) Өрістік транзисторлардың өскелең қолданылатын салаларының бірі – интегралдық сұлбалар. Бұл тұста оның алатын аумағының биполяр транзисторымен салыстырғанда шамамен бес есе аз екенін және де осы ИС-ны тек қана өрістік транзисторлардың өзінен ғана тұрғызуға болатынын атап өткен жөн. Мұның өзі ИС-ны әр текті элементтерден (диод, транзистор, резистор, конденсатор) құрастырмай, бір текті етіп жасау, яғни технологиялық тиімділігін арттыру мүмкіндігін береді.
е) Өрістік транзисторлар негізінде бір-бірімен арнайы жұптастырушы сұлбасыз (алдыңғы каскадтың шығысын келесі каскадтың кірісімен сәйкестендірілуге арналған) жұмыс істейтін, тізбектеле қосылған сұлбалар тобын құруға болады.
Мәтін бойынша тапсырмалар.
1. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік түзіңіз.
2. Тәуелді септеуде тұрған сөздерді теріп жазып, қай септікте екенін ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: мүмкіндігін (табыс с.) - возможность (вин. п).
3. Мәтіннен терминді тіркестерді көшіріп жазып, қай септікте екенін ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
4. Мына тіркестердің ажыратылған жұрнақтарына назар аударып, орыс тіліне аударыңыз:
Транзистордағы-дай.
Жұптастырушы сұлба-сыз.
Ток теңгерушілерін-сіз.
5. Мәтінді толық аударыңыз.
Интегралдық сұлба
Мәтін алды тапсырмалар.
1. Берілген сұрау есімдіктері мен шылауларды қатыстырып, сұраулы сөйлемдер құраңыз:
Қандай? қалай? қанша? ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
2. Мына есімшелерді қатыстырып, сөйлемдер құраңыз:
Соңғы шыққан, көріп отырған, ұшып барып қайтқан, жоғарыда айтылған.
Электрондық құрылғылар небір күрделі қызметтер атқара бастаған сайын оның элементтерінің саны да арта бастайды. Мысалы, соңғы шыққан P5 (pentium) микропроцессорының «кеудесінде» 3.1 миллион элементі бар құрылғыны қалай орналастырып, қалай жасамақшымыз? Алатын орны, аумағы, салмағы қандай болмақ? Қаншама энергия шығындалады, бағасы қанша десеңізші!? Осы мәселені қалай шешуімізге болады екен?... Әрине, бірден ойға келетіні – әрбір элементтің салмағын, бағасын, алатын аумағын азайту. Осыдан барып электрониканың жаңа бір саласы микроэлектроника туса керек. Дегенмен, микроэлектрониканың, оның бір тармағы интегралдық сұлбаның алдында қойылған, бірінші кезекте шешіліп отырған негізгі мақсат басқада! Оны төменде келтірілген мысалдың көмегімен түсіндіріп көрейік.
Айға ұшып барып қайтқан «Ай-16» әуе кемесінің бортында миллионға жуық радиоэлементтер болады. Жекелеген элементтің жұмыс атқару сенімділігі 106 сағатқа жуық деп алсақ, (шамамен 100 жылдан артық) 106 элементтен жиналған «Ай-16» кемесінің жұмыс атқару сенімділігі қандай болар еді? Әрине, әр элементтің 106 сағ. сенімділігі дегеніміз – миллион элементтің барлығы бірдей 106 сағ-тан кейін ғана істен шығады деген сөз емес. Ықтималдық сипаттама бойынша олардың біреуі ерте, біреуі кеш істен шығуы мүмкін. Сондықтан да электрондық жүйенің сенімділігін толығымен бағалау үшін, әр элементтің сенімділігін бар элементтер санына бөлуіміз керек. Сонда алатынымыз – 1 сағ. Бұл «Ай-16» кемесінің радиоэлектрондық жүйесінің жұмыс атқару сенімділігі 1 сағ-қа тең деген сөз, яғни жеке-дара транзисторлар мен диодтардан жинақталған электрондық қондырғы айға ұшып барып, қайтып келмек түгіл, жерден көтерілгеннен соң бір сағаттан кейін-ақ істен шығуы мүмкін. Ал енді Марс, Шолпан жұлдыздарына сапар шегіп, Галлей кометасын айналып өтіп, оны суретке түсіріп жүрген «Венера», «Вега» кемелерінің қондырғылары қалай жұмыс істеп жүр? Олар одан да күрделі емес пе? Олардың бортында 107-108 элементтер болса ше? Олардың жұмыс атқару сенімділігі минуттар мен секундтарға түспей ме?
Айтылған ойды қорыта келгенде, үлкен электрондық жүйелерді жеке- дара электрондық аспаптардан жинақтайтын болсақ, онда олардың жұмыс атқару қабілетінің күрт төмендеуі, тіпті жойылу мүмкіндігі. Осы проблемаға «үлкен сандардың күйреуі» деген ат тағылған.
Ал жоғарыда айтылған әуе кемелерінің ғарыш кеңістігіне айлап-жылдап ұшып жүргені бәрімізге белгілі. Оның себебі микроэлектрониканың, интегралдық сұлбалардың қасиеттеріне байланысты.
Қазір біз тек электрондық аспаптар туралы ғана ғана сөз қозғадық. Ал диодтың екі, әр транзистордың үш "аяғы" бар екенін еске алсақ, онда жоғарыдағы 1 млн. элементтен 2...3 млн жалғану шықпай ма? Ал осы жалғанулар сенімділігін электрондық аспаптың өз сенімділігінен әлдеқайда төмен болатынын ескерсек, онда бар жүйенің сенімділігі одан да төмендей түспей ме? Алатын аумағы, массасы тағы да басқа да көрсеткіштері қалай өзгермек?
Мәтін бойынша тапсырмалар.
1. Мәтінді толық оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жазыңыз, аударыңыз.
2. Мәтіннен термин сөздерді теріп, олармен термин тіркестерін (10 мысал) құрастырыңыз (жүйенің сенімділігі, электрондық аспап).
3. Мағынасына қарай мәтінді 3-4 бөлікке бөліңіз, олардың әрқайсысына мазмұнына сай ат қойыңыз.
4. Әр бөліктің мазмұнына сай бірнеше сұрақ қойып, оларға жауап беру арқылы мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға тырысыңыз.
5. Мәтінді толық жазбаша аударыңыз.
Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.
Кәсіби жылжымалы радиобайланыс
Кәсіби жылжымалы радиобайланыс жүйелері – PMR (Private Mobile Radio) немесе танкингті жүйелер өте жоғары жиіліктер мен ультра жоғары жиіліктер ауқымдарының арнайы бөліктерінде әсер ету аймағына байланысты таратқыштардың пайдалы сәулелену қуаты 05-25Вт аралығында жұмыс істейді.
Жедел әрекетті компьютерлер – шағын әрі портативті құрылғы. Олар офистік үстелдегі компьютерде қолданылады және компьютерлік индустрияның тез өсетін сегментін білдіреді.
Ноутбуктар, субноутбуктар, қолда (palmtops) және қалтада ұстайтын компьютерлер әрі органайзер, пейджер және ұялы телефонның қызметтерін қосатын дербес цифрлық секретари (personal digital assistats) – осының бәрі кеңінен таралған, жаңартылған компьютерлер болып табылады. Адам дербес компьютерлермен жүргенде де, тұрғанда да жұмыс істей береді. Пайдаланушы бір қолымен компьютерді ұстап жұмыс істеуге, екінші қолымен ұялы телефонды немесе блокнотты не папканы ұстауға болады. Дербес компьютерлер жұмыста қарапайым, берік, жеңіл әрі кішкентай болуы керек. Пайдаланушыларға жиі сымсыз желілер арқылы орта ЭЕМ және қашықталған деректер базасына жылжымалы және иіліп қатынау өте қажет болады, жалпы пайдаланудың халықаралық, ұлттық жалғанатын телефон желілеріне қосылатын жылжымалы радио желілері түрінде қажет.
Дербес компьютерлерді ыңғайлы жасау үшін бірқатар компьютерлер және аралас технологиялар:
- сөзді тану және қаламмен енгізу пернетақтаны ауыстыруға әрі жұмыс істеуге ыңғайлы компьютерлерді жасауға әкелді;
- радиобайланыс пайдаланушыларға елдің, қаланың, ғимараттың, бөлменің шектерінде немесе барлық әлем бойынша ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді;
- ақпараттың үлкен көлемдерін сақтау үшін кеңейтілген жинақты жадымен аз габаритті, заманауи микропроцессорлар және заманауи радиобайланыс жүйелері мәліметтерді өңдеп әрі тиімді тарата алады;
- қуатпен басқару үшін тиімді программаны қамтамасыз етуге және қоректің элементтер өндірісінің жаңа технологиялары компьютердің ұзақ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Стандарттаудың негізгі мақсаты – жады карталары мен жүйелерді өндірушілерге жаңа өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі қосымша стандарттарына, цифрлық фото және телекамералардың, электрон кітаптарының плеерларын, радиобайланыстың жабдықтарын қоса отырып, компьютерсіз және компьютерлік тұтынушылардың өнімдерінің типтері арасында РС-карталарымен бос алмасуға мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Әдебиеттер тізімі
1. Бекітілген терминдер сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-қазақша (15 мыңға жуық термин). – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – 328 б.
2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Радиотехника, электроника және байланыс, 6-том. – Алматы, 2000.
3. Техникалық терминдер сөздігі. –Алматы, 2009.
4. Ағатаева Б.Б. Көпарналы тарату жүйелері: техникасы мен теориясы (орысша-қазақша терминологиялық оқулық-сөздік). – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004. – 160 б.
5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Жалпы техника және полиграфия, 11-том. – Алматы, 2000.
6. Берікұлы Ә. Техникалық электроника. – Алматы: Білім, 1995.-196 б.
7. Чебурашкин Н.Д. Технический перевод в школе. – М.: Просвещение, 1983. -255 с.
8. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. -192 б.
9. Агатаева Б.Б., Калиева С.А., Прилепкина Л.П. Основы радиотехники, электроники и телекоммуникаций 2. Часть 2. Конспект лекций для студентов всех форм обучения специальности 5В0719 - Радиотехника, электроника и телекоммуникации. – Алматы: АУЭС, 2010. – 66 с.
10. Ибраев А.Т., Дегембаева У.К. Основы радиотехники, электроники и телекоммуникаций 1. Конспект лекций для студентов, обучающихся по специальности 5В0719 - Радиотехника, электроника и телекоммуникации. – Алматы: АУЭС, 2011. – 58 с.
11.Чежимбаева Қ. С., Глухова Н.В. Глоссарий технических терминов: Учебное пособие для студентов всех форм обучения специальности 5В0719 - Радиотехника, электроника и телекоммуникации. – Алматы: АУЭС, 2013.
12. Тілембекова А.И., Төлеуп М.М. Қазақ тілі – 2: Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 82 б.
Мазмұны
|
1
|
Алғы сөз
|
3
|
2
|
Аударма туралы
|
3
|
3
|
Жартылай өткізгіштің электр тогын өткізу қабілеті
|
5
|
4
|
Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару
|
7
|
5
|
Радиобайланыс жүйесінің түрлері және радиобөгеуілдерге қатысты терминдер
|
7
|
6
|
Радиобайланыс жүйелеріндегі модуляция түрлері
|
9
|
7
|
Техникалық терминдердің жасалу әдістері
Терминденудің семантикалық тәсілі
|
10
|
8
|
Терминденудің аффикстік тәсілі
|
11
|
9
|
Анықтаманың конструкциясы
|
11
|
10
|
Жалғау жүйелері
|
13
|
11
|
Техникалық аударма
|
14
|
12
|
Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері
|
15
|
13
|
Диэлектрлік заттар, олардың жіктелуі
|
18
|
14
|
ISDN желісіне енімнің ұйымдастырылуы
|
19
|
15
|
Аудармадағы грамматикалық мәселелер
|
20
|
16
|
Аудармадағы трансформациялық үдерістер
|
22
|
17
|
Цифрлық тарату жүйелері
|
23
|
18
|
Морзенің мамандығы – суретші
|
24
|
19
|
Цифрлық тарату жүйелері
|
25
|
20
|
Плезиохронды цифрлық иерархия
|
25
|
21
|
Синхронды цифрлық иерархия
|
27
|
22
|
Өрістік транзисторларды қолдану ерекшеліктері
|
29
|
23
|
Интегралдық сұлба
|
30
|
24
|
Кәсіби жылжымалы радиобайланыс
|
32
|
Достарыңызбен бөлісу: |