Пререквизиттер : «Қонақжайлылық индустриясының негіздері»
Постреквизиттер : «Мейманхана және мейрамхана менеджменті»
КІРІСПЕ Өткен жылдары мейманхана және мейрамхана ісінің дамуы, сонымен
қатар болашақта күтілетін ықтимал өзгерістер тікелей оның өндірісімен,
оның арзандауымен, сонымен қатар қонақтардың өзгермелі талаптарын
ескеретін және орындауын ескеруге дайын қызметкерлердің дайындығымен
байланысты. Қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың алуан түрлілігі
әрбір нақты жағдайда үнемі тұрақты болып қалатын не жағдайға байланысты
өзгеретін клиенттермен есептесу концепциясын тудыру қажеттілігін,
сонымен қатар бәсеке күресте жеңу үшін туындаған мәселелерді шешуге
белгілі бір жолдарды таңдау ды жоспарлау қажеттілігін тудырады.
«Мейрамхана және мейманханада қызмет көрсету технологиясы»
пәнінің мақсаты болашақ «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»
мамандығы бакалаврларына тәжірибеде қажетті болатын мейрамхана және
мейманхана жұмысын ұйымдастыру және қызмет көрсетуге дайындау үдерісі
туралы білімдерді беру.
Пән міндеттері:
- студенттерді мейрамхана және мейманхана құрылымы мен
жіктелуімен таныстыру;
- мейманханаларда қызмет көрсету үдерісін ұйымдастырумен
таныстыру;
- мейрамхана өнімін өндіруді ұйымдастыру үдерісімен таныстыру;
- тұтынушылық сұранысты зерттеу және мейрамхана, мейманхана
қызметтерін өткізу білімдерін беру;
-қызмет көрсету үдерісімен таныстыру;
- студенттерді нормативті-технологиялық құжаттармен, СанПиН
жұмыс жасауды үйрету.
112
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ Кіріспе Қонақжайлық
индустриясының
даму
тарихы.
Қонақжайлық
индустриясы кәсіпорындарының эволюциясы. Қонақжайлық индустриясы
дамуының заманауи тенденциялары