№7 ДӘріс гепатобилиарлы жүйе аурулары кезіндегі негізгі синдромдардың диагностикасы


Гемолиздік (бауыр үстілік) сарғаю



бет5/11
Дата25.09.2023
өлшемі5,72 Mb.
#182326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
7 лек иАП

Гемолиздік (бауыр үстілік) сарғаю

  • Эритроциттердің мөлшерден артық ыдырауынан түзілген бос билирубиннің бәрі бірдей бауырда глюкурон қышқылымен байланысып үлгермеуінен дамиды.
  • Бос билирубиннің артық мөлшері қанда жиналып сарғаюды тудырады.

Себептері:

Патогенез ерекшелігі:

  • Көк бауырда эритроциттер көп мөлшерде ыдырау салдарынан олардан биливердин, соңынан байланыспаған билирубин көп мөлшерде түзіледі.
  • Бауырдың компенсаторлық қызметіне қарамастан, шамадан тыс бос билирубинді бауыр глюкурон қышқылымен толық байланыстырып үлгере алмайды.
  • Соның салдарынан қанда байланыспаған (бос) билирубин шамадан тыс көбейіп кетеді.
  • Ішекке түскен байланысқан билирубиннің мөлшері де мол болғандықтан одан пайда болатын стеркобилин мен уробилиннің де шамасы көп болады.

Гемолиздік сарғаюда билирубин метоболизмінің бұзылысы

Шағымдары:

Шағымдары:

  • жалпы әлсіздік,
  • жұмысқа қабілетінің төмендеуі,
  • сол жақ және оң жақ қабырға доға астында ауру сезімі
  • Қарау:

  • тері мен кілегей қабықтар бозғылт-сары лимон реңімен.
  • Ең бірінші склера, тілдің төменгі жағы, таңдай сарғаяды.
  • Әр- түрлі науқастарда билирубиннің деңгейі бірдей болғанмен тері мен кілегей қабықтардың сары түске боялуы әр-түрлі болады.
  • Бірінші көк бауыр соңынан бауырдың көлемі ұлғайады.
  • Қанда: Гипербилирубинемия – байланыспаған және байланысқан билирубиннәң көлемі жоғарылайды. Hb – төмендейді. Пойкилоцитоз, анитозоцитоз дамиды.
  • Зәрде: уробилин мөлшері көбейеді. Себебі: ішекке көп болып түскен байланысқан билирубиннен көп уробилин түзіледі. Зәрдің түсі қалыпты болуы мүмкін, ал уробилин мөлшері көбейгенде – қанық қоңыр болады.
  • Нәжісте: стеркобилиннің мөлшері көбейеді, түсі қара қоңыр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет