2-сабақ. Орта азия хандықтарының отарлау саясатына қарсы
қазақтардың көтерілістерінің жалғасуы
сабақтың мақсаты
7.3.1.6 - ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
зерттеу сұрағы
Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына
экспансиясы күшейді?
Оқулық
Орта Азия хандықтарының басқыншылығына қарсы қазақ көтерілістері.
Тірек сөздер: шекті руы, Арыстан Жантөрин, Мырза Ахмет, Қоқан
ханы. Арынғазы.
ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы.-Т.І-2. -
Астана, 2013.
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. 1943 жылғы басылым). - Алматы, 2012.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. - Алматы, 2016.
Көрнекілік
Көтерілістер болған аудандарды көрсететін карталар. Оқулықтың 125-бетін-
дегі Есет батырдың суреті. 126-бетіндегі оның кесенесі.
Мақсатты айқындау
Арал теңізінің солтүстік батысындағы қазақтардың Хиуа хандығының
отаршылдық әрекеттеріне қарсы әділетті күресін, 1858 жылы оңтүстік
қазақтарының Қоқан хандығының отарлауына көтерілісін тартымды тілмен
баяндап, осы көтерілістердің барысын және тарихи маңызын көрсету.
Дамытушылық және тәрбиелік мақсаты. Орта Азия хандықтарының
озбыр отаршыл саясатына қарсы қазақтардың көтерілістерінің тәжірбиесінің
қазақтардың кейінгі ұлт-азаттық күрестерінде пайдаланылғанын, бұл
күрестердің қазақтардың азаттық үшін болған болашақ күрестерінде
ескерілгенін оқушыларға ескерту және түсіндіру. Аталған көтерілістер негізінде
оқушыларды қазақтардың азаттық және тәуелсіздік үшін күрестерінің рухы
негізінде халықшыл, отаншыл болуға тәрбиелеу.
|