А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ


Сакральді (киелі) антропонимдер



бет23/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
2.4 Сакральді (киелі) антропонимдер

Қазақ киелі лексикасын (агитопонимдерді) арнайы қарастырған Қ.Рысбергенова, Р.Мұстафина, А.Керімбаев т.б. Киелі адамдар атауларына жататын сөздер лексика-семантикалық тұрғыдан екі топқа бөлінеді: 1) киелі антропонимия 2) жалпы сөздер - әулиелер атаулары. Киелі антропонимия - әулиелердің жалқы есімдерінің құрамындағы антропонимдердің саны өте көп, оларды Р.Мұстафина негізгі 8 категорияларға жіктеген. Олар негізінен әулие сопылар есімдеріне қатысты аңызға ұқсас көптеген шежіре аңыздарда, әңгімелерде қолданылады [86, 176 б.].


Осы әулие сопылар есімдерінің басты ерекшелігі - олардың көбісі лақап аттар болуында. Сопы әулиелер есімдері көптеген аңыздармен тығыз байланысты, онда олардың табиғаттан тыс қабілеттері сипатталады, кей жағдайларда белгілі бір киелі есімнің халықтық этимологиясы беріледі. Мысалы, әулие сопы Қарабура есімнің шығу тегі (этимологиясы) былай түсіндіріледі: «Оңтүстік Қазақстанда әулие Қарабураның, дәлірек айтқанда Бурахан әулиенің күмбезі бар. Жергілікті шырақшының әңгімелеуі бойынша, Қарабураның шын - аты Бурахан адзар. Ол атақты Қараханның үзеңгілес серігі болған. Қарахан ислам дінін алғаш қабылдаған қарахандықтар әулетінің негізін қалаушы, Әулие Атада (Жамбыл) жерленген.
Бурахан Ақтан - сопы әулиенің ұлы, оның бейіті Қызылорда облысында. Бураханның кең түрде танымал болуы оның бүкіл қауымға Қожа Ахмет Иасауиді «қара бураға мінген адам жерлеуі керек деп ескерте отырып, өзінің жерлеуіне қатысты аңызбен байланысты. Бұл адамнан басқа бір де бір адам әулиенің денесіне саусағын тигізбеуі керек. Солай болды да. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болған соң, үстіне ақ жауып, жанына әулиені жууға арналған қара құмыра байланған ноқтасыз түйе мінген адам пайда болды. Ол жаназа оқып, басқа да тиісті жөн-жоралар жасады. Сосын ол адам Түркістаннан оңтүстікке қарай бет алды. Сол уақыт аралығында ол нәр татпады. Елді мекенге келісімен жуынып-шайынып сол жерде қайтыс болады.
Бурахан көз жұмған жерден сәл арырақ орынға жерленіп, бейітінің үстіне күмбез орнатылды. Шын атын білмейтін жұрт оны Қарабура деп атап кетті. «Бура - еркек түйе, ал қара - оның түсі». Осы сөздерінен әулиенің аты қалыптасты. Бұл әулие туралы екінші болжам бойынша, Қарабура қазақтың Тама руынан шыққан деп есептеледі. Ол бір түйемен Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи әулиеге он түйеге артарлықтай сексеуіл жеткізеді. Сондықтан да оны Қарабура деп атап кеткен» [87, 88б.].
Ертедегі ислам тарихындағы әулиелер мен құрандық пайғамбарлар есімдері қазақ батырлық эпостары, фольклордың магиялық жанрлары мәтіндерінде кездеседі.
Осы кеткен қозымды
Алланың досты Мұхамбет
Тек тапсырдым қолына.
Қол иесі, Қамбар ай,
Шөл иесі, Қамбар ай. Қамбар өзің қолдасың,
Қолдамайтын кім бір ай.
Кітаптардың ішінде
Қырық пайғамбар аты бар,
Қырда Қияс пайғамбар,
Ойда Илияс пайғамбар,
Сізден басқа кімім бар
Алпыста анам Аналық
Бибібатимаға тапсырдым.
Қазақ киелі лексикасында әулиелер аттары агиотопонимдер - киелі орындардың жалқы географиялық атаулары ретінде жиі қолданылады. Тірі кезінде сыйынып-табыну көзіне айналған әулиелердің о дүниелік болған соң нағыз әулиелігі, киелігі арта түседі, жерленген орындарында адамдар зиярат етеді. Мысалы: Ташкент обылысындағы Зеңгі ата, өз өлкеміздегі Ысы ата, Ер Дәуіт, Шаймерден, Жабай ата, Ыбырайым ата, Қарашаш ана, Көз ата, Тас бабалар, Қыз ана, Фархад ата, Әліхан ата, Арыстан бап, Лашын бап, Құрбан ата, Қожа Ахмет Иассауи, Гауһар ана, Үкаш ата, Шахан ата, Жылаған ата, Баба Түкті Шашті әзіз, Қарабура, Созақ Қаратауындағы 41 белгісіз әулие, Баба ата, Домалақ ана, Сыланды ана, Ысмайыл ата, Ерназар ата және т.б.
Киелі антропонимдердің келесі бір лексика семантикалық тобын кәсіп мамандық жебеуші иелерінің есімдері құрайды. Бұл есімдердің бірқатары құрандық әулиелер, пайғамбарлар немесе ертедегі ислам тарихындағы әулиелердің есімдері болып табылады. Мысалы ислам пайғамбарлары ішінде Дәуіттің аты темір ұсталары мен қару-жарық жасаушылар иесінің аты Кердәуіт ретінде белгілі.
Мұхаммед пайғамбардың қызының аты - Фатима (қаз. Батпа, Бәтима, Патима, Бибіпәтима) қазақ фольклоры мен халық санасында босанатын әйелдері желеп жебеуші ретінде көрінеді. Қазақ киелі лексикасында егіншілік пен егіншілердің жіберуші пірі Диқан баба антропонимі кездеседі. Қазақтардың егіншілік салттарын зерттеген Ж.Кармышева былай дейді: «Каким другим видом хозяйственной деятельности казахов, земледелию приписывалось сверхестественное происхождение, связь с особым божеством, патроном аграрных работ. В Средней Азии, где земледелие возникло и развивалось среде оселдлых ираноязычных народов, покравителем земледелия и первоучителем земледельцев почитался мифический персонаж святой Бабой Дехкан (Дед-Земледелец) и покланялись ему, пока вели свое единоличное хозяйство по старинке, на общинных землях, при общинном пользовании поливной водой. Казахские земледельцы - егінші - также почитали мифического Деда-земледельца и обращались к нему при всех важных начинаниях в годичном цикле земледельческих работ» [88, 49 б.].
Қазақтың табыну фразеологиясында да сол сияқты Диқан баба киелі антромонимі қолданылады: Диқан баба берекесін берсін, Диқан баба қолдай гөр Бұл фразеологизмдерде бата-тілектік сипат бар. Тұқым себер алдында егінші-қазақ Диқан бабаға сыйынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет