А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме



бет80/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме

Эритроциттердің орташа көлемі

MCV эритроциттердің орташа көлемі (mean corpuscular volume) – анемия түрін сипаттау үшін қолданылады. Эритроциттерді есептеу кезінде олардың диаметрі бойынша бөлу қисығын құруға болады (Прайс-Джонс қисығы).

MCV қалыпты мәні:

ерлерде-80-94 мкм3

әйелдерде – 81 – 99 мкм3.

Қалыпты жағдайда нормоцитарлық анемиялар (апластикалық анемиялар, гемолитикалық анемиялар, гемоглобинопатиялар, қан кетуден кейінгі анемиялар); нормоцитозбен ілесе алатын анемиялар (темір тапшылығы анемиясының регенераторлық фазасы, миелодиспластикалық синдромдар) кезінде болады.

Көтерілген макроцитарлы және мегалобластикалық анемиялар кезінде (В12 витаминінің, фолий қышқылының жетіспеушілігі); макроцитозбен ілесе алатын анемиялар (гемолитикалық анемиялар, бауыр аурулары, миелодиспластикалық синдромдар).

Төмендетілуі микроцитарлы анемия кезінде (темір тапшылығы анемиясы, талассемия, сидеробластикалық анемия, гемоглобинопатия).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет