А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме


Эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері



бет81/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме

Эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері

ЭРИТРОЦИТТЕГІ гемоглобиннің орташа мөлшері МСН (mean corpuscular hemoglobin) – анемия сипаттамалары үшін сирек қолданылады.

ХЖ қалыпты мәні: 27 – 31 пг.



Көтерілген гиперхромды анемияда (мегалобластикалық, бауыр циррозы).

Төмендетілуі гипохромды темір тапшылығы анемиялары; қатерлі ісіктер кезіндегі анемиялар.
Орташа концентрациясы гемоглобин бөлек эритроцитте гемоглобиннің орташа мөлшері

ЭРИТРОЦИТТЕГІ гемоглобиннің орташа концентрациясы МСНС (mean corpuscular hemoglobin concentration) – эритроциттердің гемоглобинмен қанықтығын анықтайды.

Қалыпты жағдайда МСС мәні: 33 – 37 %; 20,4 – 22,9 ммоль/л.



Көтерілген гиперхромды анемияда (сфероцитоз, овалоцитоз).

Төмендетілуі гипохромды анемиялар кезінде (темір тапшылығы және сидеробластикалық, талассемия).
Гематокрит

Әртүрлі ауруларды, әсіресе анемияның әртүрлі түрлерін диагностикалау үшін пайдаланылатын бірқатар және басқа да зертханалық көрсеткіштер бар (эритроциттер түрлерін зерттеу, цитохимиялық зерттеулер, жасушалардың резистенттілігін анықтау және т.б.). Осындай көрсеткіштердің бірі-гематокрит саны.



Гематокрит НСТ (haematokritos) – эритроциттер мен плазма көлемдерінің арақатынасы(жаңа алынған қандағы эритроциттердің көлемді фракциясы). Гематокрит центрифугалық әдіспен анықталады.

Қалыпты жағдайда көктамыр және капиллярлы қан гематокриті ерлерде 40 – 48 %, әйелдерде 36 – 42% – ға тең.



Көтерілген бастапқы және қайталама эритроцитоздар кезінде; дегидратация (профузды іш өту, құсу, диабет, шамадан тыс тер бөлінулер қоса жүретін асқазан-ішек жолдарының аурулары); айналмалы плазма көлемінің азаюы (перитонит, күйік ауруы).

Төмендетілуі созылмалы қабыну процестері; жарақаттар; ұзақ төсек режімі; аштық; созылмалы гиперазотемия; онкологиялық аурулар; гемодилюция (әсіресе бүйректің функционалдық қабілеті төмендеген кезде көктамыр ішіне сұйықтықты енгізу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет