А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет6/9
Дата29.01.2017
өлшемі1,39 Mb.
#8251
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары.

  1. Биосфераның ашылу тарихы .

  2. Биосфера концепциясының негізгі қағидалары.

  3. Жердің негізгі екі қабығы – литосфера және гидросфера.

  4. Литосферадағы тірі организімдердің тіршілігі.

  5. Гидросферадағы тірі организімдердің тіршілігі.

  6. Биосферадағы негізгі химиялық элементтердің айналымы.

2 Семинар

Тақырыбы:Табиғи ресурстар.

Мақсаты: Қалпына келетін және келмейтін ресурстрға сипаттама беру

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаның сапасы – экономиканың дамытудың негізі. Қоғам мен адамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өндірістік және өндіргіш емес ортадан табиғи күштер мен элементтер – табиғи ресурстар болып есептелінеді. Табиғи ресурстардың минералдық, су, топырақ, өсімдік, жануар дүниесі, теңіздің көтерілуі мен қайтуы және жерлердің ішкі жылуы, түрлері болады. Минералдық ресурстар өнеркәсіпте пайдалуына қарай: отын – энергетикалық (мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш тақта, шымтезек, уран рудалары); рудалық (темір, қорғасын, мырыш, мыс, марганец, хромат, боксид рудалары) ; тау кендік химия шекі заттары (фосфорит, калий, магний тұздары, күкірт) табиғи құрылыс материалдары, сондай – ақ әшекей техникалық асыл заттар (мәрмәр, гранит, алмаз) ; гидронимерлер (жер асты минералды сулар) болып бөлінеді. Климаттық ресурстарға күнмен жел энергиясы, жауын – шашын түрлері жатады.



Қалпына келетін ресурстар – биосфера маңындағы айналымда болатын заттар және өзінен - өзі қалпына келетін барлық табиғи ресурстар (көбейту немесе табиғи циклдарды қалпына келтіру) адамның шаруашылық іс - әрекеті қарқынын салыстыруға келетін мерзім, сондықтан өсімдік, көлдердегі су – қалпына келетін ресурстар, ал топтың, көмір, мұнай басқада минералдық байлықтар қалпына келмейтін ресурстар болып саналады. Қалпына келетін ресурстардың сандық және аспалық жағын айыру қажет процесі арқылы қалпына келетін тірі сандық мөлшерінің түрі, ал қалпына келмейтін сандық жағдай олардың жоғалып кетуі (генефонның жойылуы).

Қалпына келмейтін ресурстар - табиғи ресурстардың бір бөлігі. Оларды басқалармен ауыстыруға болмайды (мысалы тірі табиғат, адамның өмір сүру жағдайы). Қазіргі кезде еліміз нарықты экономикаға көшуіне байланысты табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашылды. Сонымен қатар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және адамдарды өлі, бай ресурстармен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр.

Сондықтан табиғи ресурстарды сарқытпау үшін қалпына кемейтін ресурстардың қорын барлауды қарқындатуға, шикі заттың отының, нергияның жаңа көздерін ашуға барлық күшті жұмылдыру қажет. Соныменқатар,табиғи ресурыстарды тиімсіз пайдалануды болдырмаудың, оларды үнемдеп әрі дұрыстап пайдаланудың маңызы зор.

Қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы экологиялық дамудың барлық факторы ресурсын өндіріс құралдары қоршаған табиғи ортаны

қоғам өндірістерінің дамуы үшін пайдалы. Табиғи ресурстарының шаруашылығының тұрғысынан үнемді пайдалану міндетті барлығы бірінші кезекте қоршаған табиғи ортаны мүмкінше сақтау, жаңа техниканы жетілдіру және зиянды заттарды азайту одан кейінгі ластарды үнемі тазалау жұмыстары мен сай болуы.



Бақылау сұрақтары.

1.Табиғи ресурстармен қоршаған ортаның бір бірімен байланысы.

2.Қалпына келетін ресурстар.

3.Қалпына келмейтін ресурстар.

3 Семинар

Тақырыбы: Су қорын ластайтын негізгі факторлар.

Мақсаты: Су көздерін ластайтын негізгі факторлар.

Жер бетінен жер асты суларына зиянды заттектерді микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көздеп судың сапалық нормасын бұзатын компоненттер ластағыш заттар деп аталады. Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне – ерімейтін, коллойдты, еритін. Табиғатына қарай: минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.



Минералды компоненттерге- анарганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер болады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар (оттегі, азот, көміртегі, күкіртті газ, еріген тұздар болады.

Органикалық компоненттерге - Өсімдіктер және жануарлардың жолымен пайда болатын органикалық заттар жатады. Өсімдіктерден пайда болатын заттарға олардың қалдықтары өсімдік майлары қағаз, ал жануарлардан пайда болатын заттарға, мыс: Мал тканьдары, желім заттары немесе организмнен шығатын заттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа, ерімейтін колойдты бөлшектер кездеседі.

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге. Бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық заводтардың қалдықтары кіреді. Суды ластайтын көздерге өнеркәсіптік және комуналдық канализациялық ақаба суларды және басқа өндіріс қалдықтарды, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестициттері, тыңайтқыштары) бар егістің жер қыртысының суармалы жүйесінің орманды суы, мал шаруашылығының ағындары су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Пестициттердің түрі. Адам үшін қажетсіз ағзаларды жоюға не санын кемітуде қолданылатын заттарды пестициттер деп атаймыз. (лат. Пестис – жұқпалы, цедус - өлтіру).

Пестициттердің экологиялық зардабы. Есептеулер бойынша қоршаған ортаға енгізілген улардың тек бір пайыз ғана, олар қарсы пайдаланатын ағзалар мен тікелей жанасатынын көрсетті. Пестициттердің экологиялық зияндылығы негізінен олардың улылығына, өмір сүру

уақытына жеке ағзаға таңдамалы түрде әсер етуіне және ортада өзгеруіне байланысты болады.

Белгілі ДДТ препараты ултракүлгін сәулелерінің әсерінен басқа тұрақты және улы көмірсутек – полихлорлы бифенельге айналады. Бұл заттардың ДДТ тәрізді өмір сүру уақыты үлкен қоректік тізбек буындарында жиналады және көбею мүшелерін зақымдайды. Адам қоректену тізбектерінің жоғарғы деңгейінен қоректік заттар алады. Сондықтан пестициттермен олардың туындылары адам ағзасына жоғарғы концентрленген түрде түседі. Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 500000 адам пестициттерден зардап шегеді.

Судың ластану мәселесі. Ластануға судың барлық барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды. Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге К, Na, Cl, Ca жатады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өкілдері минаралды тыңайтқыштар, улы химикаттар және биогенді элементтер жатады.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтарымен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен су транспортымен ластану үлесі жоғары.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылық судың негізгі ластанушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштарымен, улы химикаттарымен мал шаруашылық кешендерімен шайылған сулармен ластайды.

Қазіргі кең таралып отырған қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен мұнай өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын заттардан 50 млн тоннаға дейін мұнай төгіледі.



Бақылау сұрақтар.

  1. Табиғи суды ластайтын негізгі қасиеттеріне қарай бөлінетін топтары.

А) Минералды компоненттер және оларға жататындар.

ә) Органикалық компоненттер және оларға жататындар.

б) Биологиялық немесе бактериялық компоненттар және оларға жататындар.

2.Пестицидтер және олардың түрі.

3.Пестицидтердің экологиялық зардабы.

4.Судың ластану мәселесі.

4 Семинар

Тақырыбы: Энергия алудың геоэкологиялық проблемасы.

Мақсаты: жылу электр станцияларының экологиялық проблемалары.

Қатты отынды (көмір, шымтезек, ағаш, қамыс т.б.) жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының көмірінен шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төмендігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16 – 17 тонна күлмен ауаны ластап отырады.




Ластаушы компонент.

Отын түрі

Таскөмір

Қоңыр көмір

Мазут

Табиғи газ

Күкіртті газ

Азот оксидтері

Қатты бөлшектер

Фтор қосылыстары



6,0

20,0


1,4

0,05


7,7

3,4


2,7

1,11


7,4

2,4


0,7

0,004


0,002

1,9


-

-

Сұйық отынды қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көмертектің қосылыстары. Ал газды отынды (табиғи немесе сұйытылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады.



Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС – нан атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері, г/кВт сағ.

Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқада қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануынын азайту үшін шаң – газ ұстайтын қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғы зиянды заттардың 90 – 95 % ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділерін сақау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.

Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС 10 мың тонна шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын кож бен күлдің мөлшері 1 мың тоннаның үстінде. Литосфераның ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады, себебі ауыл шаруашылығына жарамды

жерлердің біраз көлемі құрылысқа бөлінеді.

Қоршаған ортаға кож бен күлдің әсері оларды оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді.

Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы сол жердің кедір – бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктігіне байланысты болады. Мысалы: ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі су салқындатқыштар станция аймағының микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарлатып тұманның пайда болуына, ал қысты күні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір – бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі.

Энергетик салқын судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға жатады, судың 99% - ті электр мен жылу энергиясын өндіруге жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен АЭС – ларында суды көп мөлшерде пайдаланушы трубина коденсаторлары. Коденсаторларды салқындатуға ЖЭС – да 1 кВт/сағ энергия алу үшін 120 кг, ал АЭС – на 220 кг су қажет.

Электрстанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұна өнімдерімен, әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр металлардың тұздарымен, күкіртті сутекпен, тұз қышқылымен, формальдегидпен, кайролактармен, мышьяк, сынап, ваданий оксидттерімен, тағы да басқа заттармен ластанып отырады.



Бақылау сұрақтары

  1. Энергия алудың геоэкологиялық проблемасы.

  2. Литосфераның ластануы.

  3. Атмосфераның ластануы.

  4. ЖЭС суды көп мөлшерде пайдаланушы трубина конденсаторы.

5 Семинар

Тақырыбы:Радиоактивті ластанудан биосфераны қорғау

Мақсаты: Биосфераны радиоактивті ластау көздерімен танысу.

Соңғы он жыл жаңа экологиялық проблеманың бірі – радиоактивті ластану. Биосфераны қорғау бұл ластанған барлық гиографиялық қабат және бүкіл көлемді қамтиды. Және ол барлық әсерін 10-100 жылда сақтап тұр. Ең басты радиациялық ластану көзі ядролық қару шығару болып табылады. 2000 – шы жылға дейін дүние жүзінде 2000 сынақ жарылыстары өтті. Соның ішінде АҚШ – 50.5% СССР, Россия – 35.1%, Англия – 2.5%, Қытай – 1.8% жарылыс жасаған. Көптеген сынақтар ауаға, қоршаған ортаға зиян келтірген.

Ядролық жарылыста: 2 гр радиоактивті изатоптар,

1.I – ші гр қысқа изатопты период (иод – 131,барий 140) Олар өте қауіпті радиацияны таратады, белгілі бір уақыт аралығында қысқа тұрып, таралып үлгермейді.

2.II – гр бірнеше жүз және бірнеше мың жылға созылған изатопты период. Яғни, көміртегі 14, ал 5000 жылдан көп таралады. Тағам арқылы түсіп, адамдармен өсімдіктер, жануарлар денесінде сақталады. Ол бірнеше жылдан кейін әсер етіп, ұрпақтарға таралу мүмкін. Көптеген жыл тұратын бұл стронций – 90 изотопы. Ол 28 жылға созылады. Бұл көптеген зиян келтіреді, лекимия ауруына әкеледі. Мысалы, Еуразияның солтүстігінде стронций 90 мөлшері көбірек, ал оңтүстігінде Са көп. Стронций 90 қасиеті бойынша изатоп цезий 137. Оның организімге сақталу әсері келешек ұрпаққа байқалады.

Жердегі және ауадағы радиоактивті жарылыстан радиоактивті заттар жоғарғы ауаға таралады. Мысалы, 35 – 40% бұл зат тропосфераға жинақталады. Тропосфераға жиналып жер бетіне тұман мен жауын, жаңбыр арқылы түседі. Олардың тропосферада жойылу периоды 2 – 5 ай құрайды. 60% атомдық жарылыстың улы заттары стротосферада таралады. Радиоактивті жарылыстан басқа териториялар қанша алыс болсада, ол жер радиациялық зардапты бәрі - бір кешеді.

Радиоактивті ластану әр аумақта әр түрлі болады. Себебі, бұл аймақтарда ядролық жарылыс көбірек жасалған. Уақытқа байланыссыз радиоактивтік жарылыс әсерін жауын ретінде көктемде және жаз айларының алғашқы кезеңінде жауынмен түседі.

Радиоактивті заттардың көп бөлігі теңіздер мен мұхиттарға, онда радиоактивті зат өзен суларымен түседі. Бұл мұхиттағы тіршілік үшін болып табылады. Мысалы, аз концентрациясының өзі – ақ балықтарға үлкен зиян келтіреді. Мысалы, тынық мұхитында, Атлантикаға қарағанда

радиоактивті улы ластағыштар өте көп. Бұл Тынық мұхиты яғни,Қытайда көп жүргізілген сынақтар саналады.Мыс:салыстыру нәтижесінде мұхит сулардағы балық бұлшықеті-200 есе, планктонда-50 мың есе , балық бауырында-300 мың есе көп болады.Сондықтан балықтар шаруашылық арнайы контролдан өту керек.

Жануарлар мен өсімдіктер изатоптар геосистематикаға байланысты болып келеді. Радиоактивті жарылыс метерологиялық просецтерге үлкен әсер етеді. Мысалы: жарылыстар, желдеу, селдеу, боранның болғанын өзгертеді. Мысалы: Американдық ғалымдар 1945 ж атмосфера электропроводтығын өзгергенін айтады. Бұның өзгеруі климаттың бұзылуынан болады. Жер асты жарылыстар үлкен сейсмикалық бұзылыстарға әкеледі. Американдық сейсмологтардың айтуынша үлкен жер сілкінісі Лос-Анжелс және Колифорнияда (1971) ядролық сынақтар балдарынан болған.

Ядролық сынақтар өте үлкен геосистемасын өзгертеді.Мыс:Каспий маңында 47 сынақ жүргізілген. Шаруашылық және әскери мақсатта. Каспийдін жер асты сулары 40-60 км 3 жылына көтерілуде. Ол 1978 ж басталды. Осы сынақтардың әсерінен ғалымдардың айтуынша Каспий суы көтерілуде.

Сонымен қатар сынақтың жарылыс әсерінен жердің озондық экраны бұзылады. Ядролық бомбылар озонның жоғарғы қабатын жоюда. Бұл ултракүлін сәулелердің өтіуінен тірі организімдер тіршілігіне қауіпті көптеген елдер, бұл радиациямен ластануға байланысты келісімге отыруда. Мысалы: тамыз 1963 ж «қойылған Москва келісім шарты ядролық қаруды атмосферада, су, кеңестікте сынауға қарсылық туралы» келісімді айтуға болады.

Радиациялық ластанудың қаупін тек ядролық сынақпен әскери мақсатта қолданылғанымен байланысты емес, әскери потенциялдық өсу әлемдік элкологиялық апатқа әкелуде. 1970 жылы 5 ел: АҚШ, СССР, Ұлыбритания, Франция, Қытай – келісімге «ядролық қаруды тоқтату» туралы келісімге қол қойды. Қазіргі кезде ядролық қару: Индия, Пакистан, Израйль елдері дайындық жұмысын және оларды шығару үстінде. Сондықтан глобалы экологиялық проблема күшеюде. Егер ядролық соғыс болса, онда жеңіске жеткендері. Себебі, барлық тіршілік 1.5 – 2 ай ішінде жойылып барлық жер бетін тұман басып кетеді деген болжам айтылуда. Яғни, ядролық түн басталады. Яғни пленкалы сажа мүлдем күн сәулесін өткізбей жер бетін қараңғы басады. Яғни жер беті суй бастайды. Мысалы: алғашқы бірінші күні – ақ солтүстік жарты шар температурасы, экватор зонада – 15 – 20 С төмендейдейді. Ал, солтүстік Америка, солтүстік Еуразия, Сібір – 35 – 40 С түседі. Аравия шөлі және Сахара, Арктика секілді температураға ауысады. Яғни бұл бүкіл тіршілік өліміне әкеледі. Сондықтан ядролық соғыстың болмауы қазіргі кездегі глобалды мәселеледің ең маңыздысы. Себебі Бұл мәселе адамзат, бүкіл табиғат, тіршілік биосфера үшін өте қауіпті болып отыр. Бұл өмірде тіршіліктен маңызды мәселе жоқ.

Бақылау сұрақтары.

1.Экологиялық проблемары бірі-радиоактивті ластану.

2.Негізгі радиоактивті изотоптар.

а. I-ші гр қысқа изотопты периодттар.

б. II-ші гр бірнеше жүз және бірнеше мың жылға созылған изотопты период.

3.Ядролық сынақтардын тіршілік ортасына тигізетін әсері.

а.Ядролық бомбылардың озон қабатына тигізетін әсері.

6 Семинар



Тақырыбы: Теңіз суларының ластануы.

Мақсаты: Теңіз суларының негізгі ластану көздеріне тоқталу.

Ғылыми- техникалық революция әлемде өнеркәсіптің қарқынды дамуы ,табиғат ресурстарын көп қолдануы әсер етті. 1913 ж адам басына шаққанда 4,9 т, ал 1960 ж – 14,3 т , 2000 ж 40 т кем емес.

Үнемі табиғат ресурстарын қолдану, біріншіден, табиғат ресурстарының жойылып етуіне ,екіншіден, қоршаған ортаның ластануы.

Экономикада маңызды роль атқаратын табиғат ресурыстарын үнемдеп пайдалану.Өндіріс орындарын экономикалық мақсатта емес,табиғат ресурыстарын көбейтіп және сақтап қалу мақсатында жұмыстану керек.

Ластану – бұл химиялық , биологиялық, физикалық заттармен суды , топырақты , ауаны сонымен қатар ауылшаруашылықта , табиғат ресурыстарының жағдайы. Ластағыш заттардын жартысын – газдпар құрйды. 24 пайыз сұйық зат, 13 пайыз қалдық заттар, 12 пайыз органикалық заттар.

Табиғи ластанудың 45% электор энергиясы 40%, ауыл шаруашылық өнімдер, 10% өнеркәсіп өнімдері және 5% тұрғын үй қалдықтары шығарады. Соңғы 10 жылда су қорының ластайтын негізгі көздер өнеркәсіп және комуналды қалдықтар. Әлемде қайта жаңартылған су қорының 9% ғана қолданылады. Су ресурстарымен байланысты геоэкологиялық проблемары тікелей су қорының сапасына байланысты. Суда оттегі мөлшерінің қажетті мөлшерде болуы микроорганизімдердің тіршілік етуіне жағдай жасайды және олар суды минералды тұздарға айналдырады. Осындай табиғи процестер негізінен өзендерде жүреді. Жыл сайын теңіз суларының ластануы артып келеді. Адамның теңіздер мен мұхиттарға лақтырған заттарының суға әсерлері әртүрлі. Бұлар мұнай өнімдері, түрлі химиялық қосылыстар, теңіз қалашықтарының қалдық сулары канализациялдық қалдықтар. Ешқандай өндеусіз теңіздерге лақтырылған. Олар қалқып су бетіне пленка түзіп ұзақ уақытқа созылады, ол су астындағы тірі организімдердің өлуіне себебін тигізеді. Көптеген лас заттар ағыспен әлемдік мұхитқа түседі .

Әлемдік мұхиттың кейбір аймақтары өте қатты ластанған.Әсіресе жағалауында өндіріс орындар орналасқан ішкі теңіздер.Оған Япония теңізі, Балтық теңізі, Солтүстік және Оңтүстік Ирлан теңізі, акваторлы қатарына жер орта теңізі жатады. Америка және Еуропа жағалауынан шыққан өнеркәсіп қалдықтарының ағыспен су Гольфстиляға және солтүстік атлантикаға таралған, сонымен қатар Баренц және Саргасс теңіздерін ластауда.

Негізгі қалдықты аз шығару технологиясында 3 бағыт қарастырылған:



  • қалдықтарды өңдеу,

  • қалдықты және материалды біртіндеп қолдану,

  • өнеркәсіп жабық циклда жүргізу, суға және ауаға қалдық шығармастан

Осы тәсілдерді қолдана отырып қалдықсыз өнеркәсіп алға қойылады және екінші реттік өнім ауыл шаруашылығына және өнеркәсіпке қолданылады. Сондықтан табиғат ресурстарын рециркуляцисы іске асады.

Ресурстардың рециркуляцисы - өнімдердің бірнеше қайталанып өнделіп қолданылуы, сонымен қатар мерзімі белгіленген соңғы өнімі шығарылуы. Ресурстардың рециркуляцисына қолданылған қалдықтар және өнеркәсіп қалдықтары жатады. Осындай шикі затты қолдану өнімінің өсуіне және экологиялық және табиғат ресурстарының қалпына келуіне, қалдықтардың азаюына, энергия шығынының азаюына септігін тигізеді. Соңында бұлардың барлығы геоэкологиялық проблемаларды шешуге көмектеседі. Мыс: бірінші қолданылған металды нәтижесінде шикізаттың атмосфераға тигізетін әсері біраз төмендейді 86%, су 76%, қалдықтарының әсері 57% төмендейді.

Табиғат ресурстарының рециркуляцисының систематикасына бір өнеркәсіптің қалдығын екінші өнеркәсіп шикізат ретінде қолдануға жатқызады. Табиғат байлықтарын ластайтын негізгі көздер болашақта өнеркәсіптің жабық жүйеге көшуіне және табиғат ресурстарының рециркуляцисын кең көлемде қолдану болып табылады.

Аз қалдықты өнім шығару қалыпты жүйеде мүмкін емес. Қалыпты система (комбинирование) Батыс Еуропада кең дамыған. Германиядағы ірі өнеркәсіптік комбинат Норвегиядағы Медесодержащих пиритов негізінде жұмыс жасайды. Бұл пираттар Еуропаның 7 елінде күкірт оксдіне өңделеді, ал қалдықтары Дуйсбургне жеткізіледі, бұл жерде қорғасын, чугун және натрий сулфатын алу мақсатында қалдықсыз қолданылады. Соның нәтижесінде аз қалдық шығаратын жаңа технологияны қолданып ескі өнеркәсіптерді реконструкциялау және жаңа құрылыс тұрғызу барысында дамыған тереториялық - өнеркәсіп мекендері, технологиялық процестері бір – бірімен байланысқан геоэкологиялық проблемаларды шешуге және табиғат реурстарын үнемді пайдалану көмегін тигізеді.

Бақылау сұрақтары


  1. Теңіз суларының ластануы.

  2. Қалдықты аз шығару технологиясының негізгі үш бағыты.

  3. Ресурстар рециркуляцисы.

7 Семинар

Тақырыбы: Табиғатты тиімді пайдалану.

Мақсаты: Табиғатты тиімді пайдаланудағы ерекше қорғалатын обьектілердің маңызы.

Қорықтар бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң – құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы – географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде қорғалуы қажет. Бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз «табиғат лабораториясы» деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, «табиғат жылнамаларын» жүргізу сияқы алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарды тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.

Шындығында да, кең – байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу – Жабағылы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барса – келмес» (1939), «Қорғалжын» (1968) және «Марқакөл» (1976), Үстүрт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.

Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы

Қазақстан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық туған өлке табиғатының небір көрікті жерлерің, қойнауындағы бар байлығымен сақтап, көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып келеді. Дегенмен де Қазақстанның қорық ұйымдастыру ісінде көп кейіндеп қалғандығы байқалды. Осынау ұлан – ғайыр өлкеде тоғыз – ақ қорықтың болуы кімге болса да ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың көлемі республика аумағының 0,3 пайызын алып жатыр. Бұл өте аз. Ал, мәселен, туысқан Әзербайжан, Армян республикаларында бұл көрсеткіш 1 – 2 пайызға тең көрінеді.Республикада жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай өзен – көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру – бүгінгі күннің талабы.

Қазақстан Республикасының Ұлтық ғылым академиясы мен Экологиясы мен табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған «Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің ғылыми негізі» проблемасы жөніндегі комиссия бүгінде республикамызда әр түрлі географиялық аймақтарды қамтитын 20 шақты қорық ұйымдастыруға болады деген қорытындыға келіп отыр. Сондықтан келешекке ұлан – ғайыр өлкемізде құрылатын қорықтарды атап айтқанда: Ерментау қорығы, Қаратау қорығы, Бетпақдала немесе Андасай қорығы, Торғай қорығы, Жоңғар қорығы, Алакөл қорығы, Кент қорығы, үстірт қорығы, Қапланқыр қорығы, Зайсан шөлді қорығы. Қорғалатын тереториялардың негізгі функциялары.

Ақсу – ЖабағылыТалас Алатауының солтүстік – батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу – Жабағылы қорығы 1926 жылдың 14 маусымындаұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь – Шань таауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтарын, табиғи комплекстерінің даму заңдылығын жан – жақты зерттеу үшін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы 30 мың гектар шамасында болса, қазіргі оның алып жатқан жер көлемі – 74416 гектар.

Ақсу – Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төмендегі сатыдағы өсімдіктердің 1465 түрі өсетін көрінеді. Соның ішінде, сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас тірегі, тал мен қайың, шеген мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрты сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орман алқаптарын құрайды. Ал, тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 пайызы тиеді.

Жасыл желекке оранған бұл өлке хайуанаттар дүниесіне де өте бай. Мұнда, қанаттылардың 238 түрі, сүт қоректілердің 42 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 9 түрі, қос мекенділердің 2 түріжәне балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Ал, омыртқасыз жануарлар өзінің түр жағынан бай екендігін бірден тенытады. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді. Олардың басқа да жемтігін аңдыған жыртқыштар: барыс немесе ібліс, аю, түлкі, борсықтар да жайлы қоныс тапқан.Әсіресе, аса сиреп кеткен көксуыр, бүркіт, ұлар сияқты аң - құстар өсіп - өнуі үшін қорық өңірі өте қолайлы.

Алматы қорығы – Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы қаламыздан небәрі 25 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1934 жылы 6 мамырда құрылды. Бастапқыда қорық ұйымдас – тырған жердің көлемі 15 мың ғана гектар алқапты қамтыса, кейінен оған көптеген жерлерді қосуға байланысты 40 – шы жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аймағы 857 мың гектарға жетті.

Алматы қорығы 1960 жылдың 11 қаңтарында Іле Алатауының орталық бөлігіндегі таулы аймақта қайта құрылды. Қорықтың талу бөлігінің алып жатқан жер көлемі 71681 гектар. Оның ең төменгі нүктесі 1000 метрлік биіктіктен басталып 5017 метрлік Талғар шыңына дейінгіаралықты қамтиды. Бұл негізгі бөліктіңбатыс шекарасы сол жағы Талғар өзенінің арнасымен өтсе, солтүстіктегі оң жағы Талғар өзенінің арнасымен және Есік көлі қазан шұңқырымен шектеледі. Ал шығысында Есік өзенімен бойлай барып, Шелек өзенінің бастауына, Қырғыз елінің шекарасына барып тіреледі.

Қорық аймағында жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, мүктердің 107 түрі, қынаның 77 түрі және саңырауқұлақтардың 190 – ға жуық түрі өседі. Ал, құстардың 170 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20 – ға жуық түрі қорықтың хайуанаттар дүниесін құрайды.

Кәсіптік маңызы бар аңдардың қорықта: еліктің 500 басы, 300 қабан, мыңға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді.

Алматы қорығында халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабында» жойылып кету қаупі бар аң ретінде тіркелген барыс, қарақұйрық мекендейді. ТМД және республикалық «Қызыл кітапқа» тіркелгендер – ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар күзен, сақалта, бүркіт сияқты хайуанаттар қорық жерін қоныстанса, осы аймақта өсімдіктер дүниесінің – Мушкетов түйесіңірі, Сиверс алмасы, Остовский қызғалдағы сияқты өкілдері өте сирек кездеседі.

Наурызым қорығы. Наурызым мемлекеттік қорығы 1959 жылы ұйымдастырылды.

1966 жылдың 18 құркүйегіненбастап ол мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы республикалық экология және табиғат ресурстары министрлігінің қарауына енеді.

Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі87 694



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет