ЖОО даму перспективалары оның миссиясына, көзқарасына және стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне негізделген.
Миссиясы: Лайықты өмір үшін сапалы білім.
Университеттің келешектегі көрінісі – Орталық Азиядағы жетекші университет болу.
Орталық Азия инновациялық университеті стратегиялық жоспардың міндеттерін іске асыру нәтижесінде заманауи ЖОО-ға айнала алады және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі әлемдік деңгейдегі талаптарға жауап беретін ғылыми-әдістемелік орталық көшбасшыларының бірі бола алады.
Бірнеше жылдар бойы Болон процесінің негізгі ережелерін енгізу жүргізілуде және бүгінде Болон процесінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізілді:
- құзыреттілік тәсіл мен Дублин дескрипторларын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын модульдік құрылымдау;
- студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы;
- жоғары білім сапасын бақылау;
- еуропалық бағалау жүйесі, кредиттік технология, Diplom Supplement дипломға қосымшалары;
- өмір бойы білім алу, қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту;
- студенттердің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оқу процесін ұйымдастыруға, әлеуметтік жұмысқа белсенді қатысуы.