Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Суретке қарап прокариот және эукариот жасушаны
тап, құрылысын сипатта.
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
79
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушы:
Жер бетінде бактериялардың кездеспейтін жері
жоқ. Олар ауада, топырақта, құрлықта, суда
тіршілік етеді. Бірақ біз неге оларды көрмейміз?
Шикі етте кездесетін бактериялардың тіршілігінен
ет бұзылып жаман иіс шығарады, біз иісті ғана
сеземіз. Неге бактерияларды көрмейміз?
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және неліктен?
Кері байланыс:
Бас бармақ
Оқушылардың бас бармақты
көрсету арқылы олардың түсіну
деңгейі тексеріледі.
Бас бармақ жоғарыға қарай = Мен
түсінемін.
Бас бармақ көлденең = Мен
түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
80
САБАҚ: §2. Өсімдіктер және
жануарлардың ұлпаларын
жіктеу
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген
оқу мақсаттары
8.4.2.1 – өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Ұлпаларды сипаттап бере алады, ерекшеліктерін зерделейді.
Кейбір оқушылар:
Ұлпалардың құрылысына қарай қызметтерін түсіндіріп береді.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Мәтінде айтылған ұлпаларды өсімдіктер мен жануарлар бойынша жіктеу
– Ұлпалардың құрылысын зерделеу
– Ұлпалардың қызметін сипаттау, ерекшеліктерін табу
– Ұлпалардың қызметіне баға беру
Тілдік мақсат
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа
аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті
терминология мен тіркестері бар лексика)
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Ұлпа, эпителий, дәнекер, жүйке, бұлшық ет ұлпалары
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларында ұқсас қызмет атқаратын ұлпалар
бар ма? Талқылаңыздар.
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен ұлпалар топтарға бөлінеді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын салыстыру кестесін дәптерге түсіру
Алдыңғы оқу
Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады.
Олардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы – 1–10 мкм. Прокариоттардың
эукариоттардан айырмашылығы – олардың айқындалған органоидтері, яғни
эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды.
Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған
түйіршіктер болады. Олар – нәруыз, май және гликоген сияқты қор
заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы –
онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-
сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы – мұнда ДНҚ-ның сыртын
нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді.
Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар
микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-
жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар
фотосинтез процесін жүзеге асырады. Кейбір микроорганизмдерде
мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады.
Негізінен прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни
аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
81
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Сыныпты «Өсімдік ұлпалары», «Жануарлар ұлпалары»
топтарына қағаз қиындылары арқылы бөлу.
Топ атына байланысты топ мүшелеріне өсімдіктер және
жануарлар ұлпалары туралы сұрақ беріледі, ойларын
айтады. Сабақтың тақырыбын табады.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Мадақтау» стратегиясы.
Оқушылар сынып ішінде әрі-бері жүріп, бір-біріне
мақтау мен комплимент айтады.
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқи отырып «Төрт сөйлем» стратегиясын
қолдану
1. Пікір
Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен
келтіру
2. Дәлел
Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығу
3. Мысал
Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы бір негіздеу үшін бір
сөйлеммен мысал келтіру
4. Қорытынды
Қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру
Дескрипторлар:
– ұлпа ұғымына анықтама бере алады;
– ұлпаларды өсімдіктерде және жануарлардағы кездесуіне
байланысты жіктей алады;
– мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады.
Рефлексия: Чемодан, еттартқыш, себет
ІІ. Суретке қарап өсімдіктер мен жануарлардағы
ұлпаларды жүйелеңдер. Ерекшеліктерін табыңдар.
Оқулық
82
83
Дескрипторлар:
– құрылыс ерекшелігіне байланысты өсімдік және
жануар ұлпаларын суретке қарап ажырата алады;
– әр ұлпаның ерекшеліктерін табады.
Рефлексия: Білім бекіту кестесі
Аяқталуы
«Буриме» стратегиясы
Буриме деп берілген ұйқастарға өлең жолдарын
құрастыруды атайды.
Кез келген ұлпаға буриме құрастырыңдар.
.....жиырылады
......қозады
......өткізеді
.......қорғайды
Дескрипторлар:
– ұлпалардың атқаратын қызметін сипаттай алады;
– ұлпалардың қызметіне баға береді.
Қосымша ақпарат. Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі италян ғалымы
М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н.Грю (1671 ж.) болды. Олардан кейін микроскопиялық
техниканың даму барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа эксперименттік
деректер жинақтала басталды.
1807 жылы фитогистолог Г. Линк өзінің зерттеулерінің нәтижесінде ұлпаларды жасанды түрде
паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлді. Бұл сипаттама әлі күнге дейін
сақталып қалды. Ал П. Ван-Тигем (1891) ұлпаларды тірі және өлі ұлпалар деп бөлді. Егер
олардың атқаратын қызметтерін ескермегенде осылай бөлу заңды еді.
Алғашқы табиғи әрі нақты жіктеуді физиолог Ю.Сакс (1868) ұсынды. Ол морфологиялық
ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұлпаларды үш топқа бөлді:
жабындық, негізгі, өткізгіш. Және олардың элементтеріне, өсімдіктер денесінде орналасуына,
атқаратын қызметтеріне түсінік беріп кетті. Сонымен қатар ұлпалар туралы түсініктерді
дамытуда С.Швенденер мен С. Габерландт (1879) өз үлесін қосты. Олар ұлпаларды
физиологиялық қызметі тұрғысынан зерттеп, өсімдіктер әлемінің анатомиялық және
физиологиялық дамуына зор үлесін қосты. Бірақ олардың жіктеулерінің барлығы жасанды
болғандықтан, бұл нақты ғылыми жүйе жасауға, тіпті ол туралы ғылыми пікірлер айтуға
қиындықтар туғызды. Оның себебі, біріншіден, белгілі бір жасқа келгенде ұлпа қызметін
өзгертеді немесе алғашқы қызметтерінің кейбіреулері ғана сақталады. Екіншіден, өсімдік
ұлпаларының басым көпшілігі бір мезгілде екі, үш қызмет атқарады.
Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа
бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі, арқаулық (механикалық), өткізгіш және
бөліп шығарушы. Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар.
Саралау – Сіз
қосымша көмек
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Төмендегі мүшелердегі ұлпаларды анықта:
– сүйек
– бұлшық ет
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
84
Сіз қабілеті жоға-
ры оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
– қан
– тамыр оймақшасы
– ми
– жапырақ
Қабілеті жоғары оқушы:
Ұлпа жасушалар тобы екені белгілі. Олай болса,
ұлпа біржасушалыларда, төменгі сатыдағы
өсімдіктерде бола ма? Ойыңды негізде.
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және
неліктен?
Кері байланыс:
Гүлдер стратегиясы
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар
сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді – ең көп
көмектескенге, сары гүлді – ең сыпайы оқушыларға, ал қызыл
гүлді – ең жақсы тыңдай білген оқушыға берулері керек.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
САБАҚ: §3. Жасушаның
органикалық заттары:
полимерлер мен мономерлер
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
8.4.1.1 – биологиялық мысалдарды пайдаланып, полимерлер мен
мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау.
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
85
Оқушылардың басым бөлігі:
Мономерлер мен полимерлерді сипаттап бере алады, ажыратады,
ерекшеліктерін зерделейді.
Кейбір оқушылар:
Полимерлер түрлерін түсіндіре отырып, қызметтеріне баға береді.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Мономер, полимер ұғымын ажырату, құрылысын пайымдау
– Полимерлер мен мономерлерді жүйелеу
– Полимер тізбектерінің ерекшеліктерін ажырату
Тілдік мақсат
Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде
(мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,
тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін
қолдану
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Мономер, полимер, органикалық заттар, бунақтар
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Тұрақты полимерлер дегеніміз не?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен органикалық заттар қарапайым және күрделі болып бөлінеді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Органикалық заттардың атауларын дәптерге түсіру
Алдыңғы оқу
Өсімдік ұлпаларының қазіргі жіктелуі
Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен
мынадай алты топқа бөледі:
меристемалық (түзуші),
жабындық,
негізгі,
арқаулық (механикалық),
өткізгіш және
бөліп шығарушы ұлпалар.
Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Сыныпты «Полимерлер», «Мономерлер» топтарына
тәттілердің екі түрін бере отырып бөлу. Топ мүшелері топ
атына байланысты терминдердің мағынасын ашады.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Комплименттердің бұрқасыны» стратегиясы
Оқушылар берілген уақыт ішінде бір парақ қағазға
өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті
жазады. Жазып болған соң бұл парақтарды умаждап,
домалақ қармен атқыласқандай бір-біріне лақтыру керек.
Қар домалағын алған оқушы комплиментті оқиды.
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
Оқулық
86
Мәтінді оқи отырып, сұрақтарға жауап береді.
«Жіңішке және жуан сұрақтар кестесі»
стратегиясы
Жіңішке сұрақтар
Жуан сұрақтар
Органикалық заттар
дегеніміз не?
Не себепті органикалық
заттардың кейбірі
полимерлер болып
табылады?
Мономерлер дегеніміз не?
Полимерлердің негізгі
қызметтеріне мысал
келтіріңдер.
Полимерлер дегеніміз не?
Полимерлердің әртүрлі
болу себебі неде?
Полимерлердің
мономерлерін атаңдар.
Полимерлердің негізгі
қасиеттеріне мысал
келтіріңдер.
Дескрипторлар:
– Органикалық заттарды жүйелей алады.
– Полимер, мономер, органикалық заттар ұғымының мәнін
ашады.
– Полимерлердің қасиеттерін сипаттап береді.
ІІ. Топ тапсырмалары.
Суретте не берілген?
1-топ:
2-топ: Полимер ұғымына ассоциация келтіріңіз.
Мына суреттер нені еске түсіреді?
87
Дескрипторлар:
– Полимерлер құрылысын талдайды.
– Полимерлерді мономерлерден ажырата алады.
Аяқталуы
Полимерлер қызметіне синквейн құрастыру
Оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес
жолды өлең құрастырудың ережесі мынадай:
– бірінші жолда 1 зат есім,
– екінші жолда 2 сын есім,
– үшінші жолда 3 етістік,
– төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды
түйіндеу,
– бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз
жазылады.
Дескрипторлар:
– Полимерлердің негізгі атқаратын қызметтеріне баға
береді.
– Полимерлер үшін мономерлердің маңызын зерделейді.
Қосымша ақпарат. Жоғары молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға
немесе «полимерлер» деп атайды. Полимерлер (грек. «поли» – көп, «мерос» – бөлшек) –
ондаған және жүздеген мың, кейде миллиондаған атомдардан тұратын үлкен молекулалар.
Атомдар санының өзгеруіне қарай макромолекулалардың сапалық қасиеттерінде де
ерекшеліктері болады. Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып
отыратын құрылым буындарынан құралады.
Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1
млн-ға жуық болуы мүмкін. Іс жүзінде кез келген полимерлер – құрамы және химиялық
құрылысы бірдей, тек құрылым буын саны әртүрлі бірнеше макромолекуланың қоспасы. Егер
құрылым буындары әртүрлі болса, онда сополимер деп атайды.
Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының
күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді. «Үлкен»,
«кіші» деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса,
88
кіші молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады. Ал 500 <
Мг<5000 болса, онда олигомер (грек. олигос» – көп емес, «шамалы» деген мағынаны білдіреді)
деп аталады. Бұлай бөлудің негізі молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда
олардың сандарының шамалы өзгеруі қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті
өзгермейді.
Полимерлердің осындай ірі макромолекулаларының пішіні әртүрлі болады. Оларды: сызықты,
тармақты немесе торлы және кеңістіктік т.б. деп бөледі. Табиғи полимерлерден целлюлоза
мен табиғи каучуктың құрылымдары сызықты екенін білесіңдер, ал синтетикалық
полимерлерден капрон, төменгі қысымда өндірілетін полиэтилен сызықты болады. Тармақты
құрылымды полимерлерге: крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен фенолформаль-
дегид полимерлерінің құрылымдары кеңістік болады. Полимерлердің физикалық қасиеттері
полимерлену дәрежесі мен полимердің құрылымына тәуелді болады.
Полимерлер атаулының барлығында сансыз жіңішке жіптердің қатарласа немесе шумақтала
шатасып жатуы мүмкін емес. Ұсақ молекулалар бірімен-бірі түйін арқылы берік жалғасып,
шарбақ немесе торкөз тәрізді пішінде болады. Мұндай торкөздердің үш өлшемі: биіктігі,
ұзындығы және ені болғандықтан, тримерлі молекула деп аталады.
Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Машина жасау, радио және электротехника,
құрылыс, сонымен қатар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты
полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимерлердің осындай көп түрлі болуы олардың
химиялық құрамына, макромолекулаларында жеке бөліктерінің бір-бірімен қалай
байланысқанына және олардың кеңістіктегі геометриялық орналасуына байланысты.
Қазіргі уақытта полимер бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері анықталып, өндіріске
енгізілуде. Сондықтан полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып, техникалық өнердің,
ғылымның жаңа қырынан дамуына өзіндік үлесін қосуда.
Полимер материалдарының осы негізгі төрт типінен басқа да қосымша түрлері бар. Мысалы,
желімдеу, тығыздау үшін құйылатын қоспалар, газ толтырылған материалдар т.б. Олардың
барлығының да өзінің қолданылатын жері бар.
Құрылым буындарына қарай ЖМҚ екіге бөлінеді: құрылым буындары бірдей
болса полимер, әртүрлі болса сополимер деп аталады.
Полимерлер мономерлерден синтезделеді, полимердің қайталанып отыратын ең кіші
бөлігін құрылым буыны, ал олардың санын полимерлену дәрежесі деп атайды.
ЖМҚ молекулалық массаларына байланысты кіші молекулалы Мг<500, олигомерлер
(500<Мг<5000), үлкен молекулалы М >5000 деп шартты түрде бөлінеді.
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Мономерлер мен полимерлердің суретін салу,
түсіндіру
Қабілеті жоғары оқушы:
Кластер құру
Тақырыбы: Органикалық заттар
Полимерлер құрылысы т.б.
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
89
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай
болды?
Мен жоспарлаған саралау
шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен өз
жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және
неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
5000> Достарыңызбен бөлісу: |