Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 98. ҮСТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА



бет25/28
Дата09.04.2020
өлшемі2,43 Mb.
#62039
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Қазіргі-қазақ-тілі-Ысқақов

§ 98. ҮСТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА /
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етіс-гіктің) әр түрлі сындык, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мелшерлік күй-жайларын және сыннын белгі-сін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш м,ү-ше ретінде қолданылатын баска есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдірі-леді. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондан есім сөздер мен етістік фор-малары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймййды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес. Ол осы үйде түрады жә-не Мен мынау колхоздан пана таптым, енді орным осын-да (М. Әуезов) деген сөйлемдерді алсақ, бірінші сөн-лемдегі пысықтауыш үйде деген сөз болса, екінші сөй-лемдеғі пысықтауыш — осында деген сез. Бірақ мағына жағынан бүл екі пысықтауыштың арасында елеулі айырмашылық бар: жатыс септігінде колданылып пы-сықтауыш болып түрған үйде деген зат есім түрушының мекенін (орнын) айқын білдірсе, осында деген пысыкта-уыш түрушының мекенін жалпы түрде ғана хабарлап тұр. Екіншіден, үй деген зат есім жатыс септікте түрып Қана пысықтауыш болып түрса, осында деген пысыкта-Уьтштың бастапқы түбірі осы деген есімдік болғанымен.

332 333



-нда қосымшасы онын табііғн бөлшегі болып тұракта-лып, көнеленіп калған. Сол калпында ол тек пысықта-уыш кызмтеінде жұмсалады.
Сол сияқты, бірге бірді қосса, екі болады; Бірге жа-сасып келгенмен, жақынға хсақынның қасиеті бірден танылмайды (М. Әуезов) деген сөйлемдердегі бірге-ні салыстырсақ, екеуінің түрі бірдей болғанымен, мағына-сы мен қызметі екі басқа. Олардың екеуінің де бастап-кы түбірі — бір, екеуінің де қосымшасы — барыс септік жалғауы -ге. Бірақ бұл сөз мағына жағынан екі жары-лып сараланған. Алғашкы сөйлемдегі бірге өзінің тура мағынасында қолданылып, толықтауыш болып тұр. Ол барыс септіктің нешеге? қаншаға? деген негізгі сүрау-ларына жауап береді. Ал, екінші сөйлемдегі бірге сөзі бастапкы мағынасынан алыстап, демек, объектілік мән-нен адвербиалдық мағынаға көшіп, кимыл қалай жаса-латындығын білдіреді. Ендеше, алғашкы сөйлемдегі бір-ге деген сөз барыс септіктегі сан есім болса, екінші сөй-лемдегі бірге деген сөз үстеу сөз болады.
Осылар тәрізді, бірден бірді кемітсе, ноль қалады; Қуаныш, қайғы бірден қысқан Ж амалдың көзі, булау-дай (Ғ. Мұстафин) дегендегі бірден деген сөз алғашкы сөйлемде шығыс септіктегі зат есім (толыктауыш) бо-лады да, екінші сөйлемде үстеу сөз (пысықтауыш) бо-лады.
Осылайша мағына жағынан әуелгі төркіндерінеғ (мысалы: зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердіқ ғ.сімдіктердің катарларынан) бөлініп, лексикалық маз-мүны жағынан қимылдың алуан түрлі күй-жайларын білдіретін сөздер үстеуге жатады. Тіліміздегі бірге, бір-де (кейде деген мағынадағы), бірден, кенеттен, лажсыз-дан, кейде, шалқасынан, жүресінен, зорға, жатқа, босқа, текке, қапыда, абайсызда, жөнімен, ертемен, алға, арт-қа, алда, артта, мұнда, сонда, осында сияқтанған үстеу-лердің барлығы да жоғарыдағыдай көнелену жолымен калыптаскан үстеулер.


  1. азак тілінде осындай көнелену тәсілі арқылы бір-жолата үстеуге айналған, немесе, мағына жағынан екі жарылып, сараланып, демек, бір жағынан, үстеуге ай-налса, екінші жағынан, өздерінің әуелгі лексикалық тоіғ тарының да (мысалы: есімдердің де) катарында қалыи жүрген сөздер көп. Мұндай сөздер, әсіресе, жатыс, шы* ғыс, барыс, көмектес септіктердің формаларында жйі ушырайды.

Есімдерден көнелену арқылы туған үстеулер сияқты, етістік формаларынан көнеленіп шыккан үстеулер де бар. Етістік түрлерінен көнелрніп шыққан үстеулер де көбінесе көсемше формалармен түрлес келеді. Бірақ көсемше формада тұрған сөздердің барлығы да бірдей үстеу бола бермейді. Мысалы: Ол өзінен-өзі сөйлей кірді (С. Мұқанов) деген сөйлемдегі сөйлей деген — үстеу сөз емес, көсемше. Өйткені сөйлей, сөйлеп деген көсемше-лер жіктік жалғауды тікелей кабылдап, сөйлемде дара түрып та (мысалы: сөйлеймін, сөйлемейсің, сөйлеппін, сөйлепсіз т. б.), басқа көмекші етістікпен тіркесіп те (мысалы: сөйлеп турмын, сөйлеп турсың, сөйлеп отыр, сөйлей тур т. б.), құрмалас сөйлемнің бағынынкысының баяндауышы да, немесе сөйлемнің жай пысықтауыш мү-шесі де бола алады. Көсемшелерде жалпы етістікке тән шактық, амалдық және басқа қасиеттер болады. Сон-дықтан бұл сияқты көсемшелер үстеу емес, етістіктің нағыз көсемше формалары болып есептеледі.

Ал аздап, аз-аздап деген сөздерден сөйлей, сөйлеп деген сөздердің қасиеттері табылмайды. Өйткені аздап, аз-аздап деғен сөздерге тікелей жіктік жалғаулары жалғанбайды; олар жай сөйлемдеде, кұрмаластың бағы-ныңкысында да баяндауыш болып қызмет атқармайды; бүл сөздерде етістіктерге тән шақтық және басқа к.а-Үиеттер де жоқ. Бүлар (аздап, аз-аздап) сөйлемде тек пысықтауыш болып кана кызмет атқарады да, аздан, азғана, аз-аздан, аздан-аздан, азғана-азғанадан деген сияқты мағынаны білдіреді. Оның бер жағында, етістік-ке жалғанатын болымсыздық жұрнағы -ма (-ме), -па (-пе), -ба (-бе) бүларға косылмайды (мысалы: сөйлемеп ем деп айтуға болса, аздамап, аз-аздамап деп антуға болмайды). Сөйтіп, бүл сөздер (аздап, аз-аздап) көсем-ш,елерге тек форма жағынан үқсас, бірақ ол үқсастық тек сыртқы түлғасында (пішінінде) ғана. Осындай аз-дап, аз-аздап сияқты көсемше түрлес үстеулерді етіс-тіктермен төркіндес үстеулер деп есептейміз.
Етістіктермен төркіндес болып келетін (көсемше фор-малар) үстеулер де тек мағына жағынан ғана емес, кыз-меттері жағынан да көсемшелерден алыстап кеткен с®3Дер болады. Мысалы: қайта, қайра, қайтара, жағалай, яйнала деген көсемше түрлес үстеулерден қайтадан, Ңайрадан деген сияқты туынды жаңа үстеулер жасала-^ы- Кейде олар айналаң, айналасы деген сияқты түрде ТәУелденіп те келеді. '

335

Көсемше формадағы сөздің екі рет кайталануы я сіь ноннмдес (мағыналас) көсемшелердін косарлануы ар-кылы үстеу тудыру тәсілі — аса кұнарлы жолдың бірі. Мысалы: Адам көре-көре көсем болады; сөйлей-сөйлей шешен болады (мақал); Айтып-айтып өтті қарт.. Қөн-беді жүрт, не лаж? (Абай).
Осындай көсемше тұлғада (формада) косарлану арқылы жасалған үстеу сөздерге кие-жара, жата-жаста-на, сүріне-жығыла, таласа-тармаса, қсілғып-іиүлгып, іш-пей-жемей, үрмай-соқпай, жатпай-түрмай, көрмей-біл-мей, арып-шашып, асығып-сасып, ойнап-күліп, тіип-қа-шып, шаршап-іиалдығып, билеп-төстеп, сасып-пысып


  1. б. сөздер жатады. Формасы жағынан азды-кепті ерек-шелігі бола тұрса да, үстеу сездерге жүр-жүрлеп, айт-айттап, тез-тездеп, кес-кестеп сиякты көсемше формалы кос сездер де жатады. Мысалы: Әубәкір оны жур-жур-леп суйрей бастады (Ғ. М ұстафин).

Сонымен,, үстеу сездер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін (некен-саяқтап кана түрленетін), лексика-семантикалық жағынан ез алдына топ болып қалыпта-сып, сейлемде пысықтауыш қызметінде жүмсалатын сөз-дерді айтамыз.




  1. 99. ҮСТЕУЛЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Үстеу сөздерді морфологиялык құрылысы мен күра-мы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) н е г і з г і ү с - теулер 2) туынды үстеулер.


Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға белшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалып-тасқан сөздерді айтамыз.
Негізгі \'стеулерге мынадай ғөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, үдайы, үнемі, де-реу, шапіиаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, зрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеш, нақ, дәл, н а ғ ь із , сәл, әнтек, тек, мейлінше, (льщ (a), қақ, дәйім, һаман, гниіейін, тым, тіпті, өте, аса, ең, әбден, мүлде (м), тө-тенше, ерекше, орасан т. б.
Қазіргі кезде мүшелеуге келмейтіндіктен ғана, шарт-ты түрде негізгі үстеулер деп атап отырған сөздердін өз-дерін де іштей екі топка бөлуге болады. Олардың бір то-бына әстілі, әуелі, қазір, дәйім, һаман, мүлде, орасан, сре' сен (ерен), кілең сияқты түбір сездер жатады. ЕкінШі

тобына жататын үстеулерді ғылыми жолмен салыстыру арқылы мүшелеп, олардың баска сөздерден шыққанды-ғын дәлелдеуге әбден болады. Мысалы, ішкері, сыртқары, үшқары, тыщары деген үстеулер іш, сырт, үш, тыс деген түбірлерден және -қары, -кері деген қосымшалардан кү-ралған. Әрмен, бермен үстеулерінін apt, бері сөздерінен және тамам (әрі таманәрмен, арман; бері таман, бер-мен) шылауынан (соңғы шылаудың өзі де басында ма-ғыналы сөз болған) ыкшамдала бірігуінен пайда бол-ған. Ал, төтенше, керегінше, керісінше, мейлінше сияқты үстеулердің төркіні төте, керек, кері, мейлі дегендер болған.



Сонымен, негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағы-нан ерте кездерде әр түрлі формаларда көнеленіп қа-лыптасқан туынды сөздер болған. Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:


  1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категория-сы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұр-нақтары ■жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғыза-тын өте, аса, тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш үстеулер қолданылады. Мысалы:




бүрьін

бүрыныраң

бүрындау

тым бүрын

кейін

кейінірек

кейіндеу

өте кейін

ьілгері

ілгерірек

ілгерілеу

аса ілгері

әрі

әрірек

әрілеу

тым әрі

әрмен

әрменірек

әрмендеу

тіпті эрмен

былай

былайырақ

былайлау

тым былай




  1. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да колданылады. Мыса-лы: қүр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, қүр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, қүрдан-қүр т. б.




  1. Негізгі үстеулерден косымшалар арқылы да, қо-сарлану аркылы да, баска сөздермен тіркесіп те, туын-Ды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, озар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, үдайылап, әрі-бері, бүрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төмен-ді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі т. б.


Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қо-сымшалар арқылы, сездердің бІрігу және қосарлану, тфкесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркес-ТеРінің түрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айнал-^ан) үстеулерді айтамыз.

336


337

Құрылысы мен кұрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:
а) жалаң туынды үстеулер; ә) күрделі туынды үстеулер.


    1. Жалаң туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар ар-қылы жасалған үстеулерді ж а л а ң т у ы н д ы үстеу-лер дейміз. Олар, кандай косымшалар қосылса да, сырт-қы \формдсы жағынан бір сөз болып келеді. Бірак. жа-лаң туынды үстеулерге жалғанатын косымшалар екі түрлі болады: біреулері жүрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардын көнеленуі арқы-лы үстеуге айналады. Ж еке-жеке қарағанда, олар тө-мендегідей:


Жүрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер. Бү-лар арнаулы жүрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнактар мыналар:


      1. -ша, -ше жүрнағы үстеу тудыратын әрі ең негізгі, әрі аса өнімді жүрнақ болып қызмет атқарады. Осы жүрнак аркылы жасалған үстеу мағына жағынан негі-зінде амалдың қалай я калайша істелетіпдігінің бейне-сін білдіреді. Бұл жұрнак жалкы зат есімдерге де, жал-пы зат есімдерге де (мысалы: Бәйтеневіие, Аманкелдіше, қусша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша, комсомол-ша, комсомолдарша т. б.) және тәуелді түріне де (кө-зімше, көзіңіие, көзімізіие, көзішие т. б.) жалғанып үс-теу тудырады.

Осы жұрнак арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескііие, жаңаша, басқаіиа, қысқаша т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бурынғыиіа) үстеу жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (мениіе, меніңше, сеніңше, біз-іие, біздіңше, оларша, сендерше), өздік есімдіктен де (өзіміие, өзіңше, өзінше, өзімізше, өздерінше), кейбір белгіеіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.




      1. -лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары да — үстеу тудыратын өнімді журнақтардың бірі. Мысалы: осилай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай




  1. б.

    1. -дайын, -дейін (-тайын, -тейін) жұрнактары да — аса өнімді жұрнактар. Бұл ж үрнақтар дай және -ы« деген қосымшалардан құралған қүранды жұрнақтар-Мысалы: Түлкідейін түн ңатып, Бөрідейін жол тартып

(Махамбет); Еділден асып айқара, Заулатты мені отар-ба, Жорғадайын іиайқала (Ж амбыл).




        1. -шалық (-ш а+лық), -шама (-ша-ғма) жұрнақта-ры сілтеу есімдіктерінен үстеу жасайды. Мысалы: осын-




  1. іиалың, осыншама, соншама, соншалық, мунша, мунша-лық т. б.




        1. Көсемшенің кұранды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары косылған сөздің бәрі бірдей, әрине, үс-теу бола бермейді. Өте-мөте Еербалдық (етістікке тән жіктік форма қосылатын) жактық мағына білдіретін




      1. б. формалар үстеу болмайды. Олардың ішінен тек вербалдық мағына білдірмейтіндері ғана, демек, адвер-биалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: Кырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.

        1. -шылап (-шілеп) жүрнағы. Бүл жұрнақбастап-к,ы -ша және -лап деген қосымшалардан құралған. Мы-салы: (сиыршылап, жылқышылап, Бейсеншілеп т. б.

        2. -қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасанды. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, уіиқары т. б.

        3. -ын, -ін, -сын, -сін косымшалары тек біраз сөздер-ге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жа-зын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін




      1. б.

    1. Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер. Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бө-лінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындап кенеленгең «косымшалар» төркіндері септік жалғаула-рынан болғандықтан, сыртқы түлғасы жағынан сол сеп-тіктердің жалғауларына ұқсас келеді.

Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет бол-■андықтан, мүндай үстеулер кейбір септік жалғаулары-іын, көиеленуінің нәтижесінде кебінесе есімдерден туады.


а) Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: іорға. босқа, текке, жатңа, бекерге, әреңге, алға, артқа, зс (т) қа, үс (т) ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазір--’е, күнге т. б.
ә) Жатыс септіктің кенеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, кҮнде, тунде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, Капелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем (е) де т. б.

б) Шығыс септіктің көғ:еленуінен туған үстеулер: '^лқасы нан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, те-

338 339

зінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, іиетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.
в) Көмектес септіктін көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөні-мен, түйдегімен т. б.


    1. Күрделі туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеу-лер деп екі сөзден я бірігіп, я косарланып жасалған не-месе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрактам-ған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.

а) Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудін нәти-жесінде үстеулерге айналады. Ондан үстеулер мыналар: бүгін, биыл, тақертең, жаздыгүні. қыстыгүні, әрқшиан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түкеугүні, біртслай. пиқа-іиан, әлдеқайда, бірқатар, неғүрлым, гжептәуір, бірқы-дыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.


ә) Сөздердің косарлануы аркылы туған үстеулер мы-надай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолмп-қол, сөз-бе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, топ-тобымен, лек-легімен; \ сті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босңа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана, кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп, он-он-дап, мың-мыңдап; бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп; о/у тын-оқтын. оқта-текте, анда-санда; жапа-тармсіғай, ты рым-тырағай т. б.
б) Ж азуда бөлек танбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде колданылатын грамматикаланған және идио-маланған түрақты тіркестер — оларды екі салаға бөлуге

болады.
Грамматикаланған және лексикаланған тіркестер күні кеше, күні бүеін, күні ілгері, ала жаздай, күндерді бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, келе сала, айи келе, оқи келе, жаза келе, алдын ала, соңын ала, сабақ


қа бола, кітапқа бола т. б.

Идиомаланған түрақты тіркестер: қйс пен көздің ара сында, аяқ астынан, түн баласында, қаннен қаперсіз елден ала бөтен, томаға түйьщ, қүлан таза т. б.
§ 100. ҮСТЕУЛЕРДІҢ МАҒЫНАЛАРЫ
Үстеулердін мағыналары да түрлі-түрлі болады Кей бір үстеу сездер, сөилемде колданылу ерекшелігіне Kf pan, әлденеше мағынаны білдіреді. Мысалы, Ол сон
ғана әнін тоқтатып, көпке қарады (М. Әуезов); Сен сон-
да барып қон да, ертең осында қайтып кел (С. Мұқанов) деген сөйлемдердіц екеуінде де кездесетін сонда деген үстеу — бір ғана сөз. Бірақ осы үстеу алғашкы сөйлем-де мезгілдік мағынаны білдірсе, екінші сеилемде мекен-дік мағынаны білдіріп тұр. Ол сөз алғашқы сөйлемде қашан? екінші сөйлемде қайда? деген сұрауға жауап бе-реді.
Сол сияқты, Ол өлең былай шығарылды (С. Мүка-
нов), Сен ана ағашты былай лақтьірып таста (Ғ. Мұста-фин) деген сөйлемдердегі былай дегеи сөздің де мағы-насы бірдей емес. Бірінші сөйлемдегі былай қимылдың сынын білдірсе, екінші сөйлемде қимылдың бағытын біл-

діріп тұр. Бірак бүл сөздердіц де төркіні бір Үстеу сез-

дер мағынасына қарай тдптастырғанда мынадай сегіз

топқа бөлінеді. /



1)Мезгіл үстеулер. 2) Мекен үсгеу-лер. 3) Мөлшер үстеулері. 4) Сын (я бей-не) устеулері. 5) Күшейту (я үлғайту) устеулері. 6) Мақсат үстеулері. 7) Се-


  1. е п - с а л д а р ү с т е у л е р і . 8) Т о п т а у (я d e ­ n y ) ү с т е у л е р і .




    1. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәі-ді мезгілін білдіреді де, ңаіиан? қашаннан? сияқты сү-рауларға жауап береді.

Мезгіл үстеулері аса көп. Оларға, мысалы, мынадай сөздер жатады: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, глі, ендігәрі, екіншәрі, бұрын, әуел-баста, ey ­ re, кеіи, күндіз, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, күні бугін, күні кеіике, бүгін таңда, күн ара, күні бойы, қыс-тыгуні, қыстай, жаздай, ала жаздай, күні-түні, анда-санда, енді-енді, оқтын-оқтын, оқта-текте, кейде, кей-кей-де, әлгінде, әрқашан, әлдеқаиіан, осындайда, апаң-сапақ-та, таң сәріде, ежелден, баяғыдан, әуелден, ңазірде, үдайы (зр уақытта) т. б.




    1. Мекен үстеулері кимылдың орнын (мекенін), ба-ғытын білдіреді де, қайда? қайдан? сияқты сұрауларға Жауап береді.

Мекен үстеулеріне мынадай сездер жатады: ілгері, ілгеріде, әрі, әріде, әрмен, кері, жоғары, төмен, жолшы-°ай, жол-жөнекей, алға артта, алды-артынан, тысқары,


әлдеңсійда, сонда, осында, мүнда, былай, одан-бұдсн 7■б.


  1. Мөлшер үстеулері түрлі қатынасты я жалпылап,

340 341



я мөлшерлеп немесе кимылдын. және сыннын я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді де, қанша? ңаніиалық? неиіе-леп? қаншалап? сняқты ғана сұрауларға жауап бе-реді.
Мөлшер үстеулеріне мынадай сөздер ж атады; оиіиа, сонша, осынша, оншальіқ, соншалық, осыниіалық, оніиа-ма, мұншама, анағурлым, сондайлық, осындайлық, бі-рен-саран, ондаған, көптеген, бірталай, бірқыдыру

  1. б.

    1. Сын (бейне) үстеулері қимылдын алуан түрлі са-пасын, тәсілін (істелу жолын), бейнесін білдіреді де, қа-лай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? (не сияқты?) сияқты сұрауларға жауап береді. Бұл бай топқа мынадай үстеулер жатады: осылай, осылайша, сөйтіп, өй-тіп, бүйтіп, олай-бұлай, бірден, бірдей, бірге, бірте-бір-те, біртіндеп, ойша, бурынғыиіа, өзінше, әлінше, көзім-іие, пәрменінше, тікелей, қайыра, қолма-қол, кезек-ке-зек, әрең-әрең, көрнеу, іле, өздігінен, өзді-өзді, ойлап-ойлап, ойлай-ойлай, жатпай-турмай, билеп-төстеп, келе сала, біле тура, ашыңтан-ашық, бостан-босқа, емін-ер-кін, шама-шсрқынша, зорға, қапыда, лезде, шалқасы-нан, айтар-айтпастан, бет алды, қаннен қаперсіз, үнемі,

бекер т. б. \


    1. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері заттың сынын, қн-мылдын өзін яемесе түрлі мелшерін, келемін я аса кү-шептіп, я аса солғындатып көрсетеді де, қалай? қандай? деген сұрауларға жауап береді.

Бүл топка мынадай үстеулер жатады: ең, әбден, ыл-ғи, кілең, сзл, өңкей, тіпті, тым, нақ, нағьіз, ның, әнтек, мүлдем, дәл, керемет, қабағат, мейлінше, сонша, төтен-іие, жөнсіз, орасан, өрен, аса, өте т. б.



    1. Мақсат үстеулері қимылдын максатын білдіреді.

  1. аксат үстеулері — езге топтарға қарағанда сан жағы-нан өте аз топтын. бірі. Мысалы, бұларға мынадай сөз-дер жатады: әдеііі, әдейілеп, жорта, қасақана. Бұлардан баска мақсат үстеулері кебінесе аналитикалық тәсіл ар-қылы жасалады. Мысалы: кітапқа бола, оқуға бола т. б.




      1. Себеп-салдар үстеулері амалдың себебін я салда-рын (нәтижесін) білдіреді. Оларға мынадай үстеулер жатады: жоңңа, босқа, қур босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа кесемшелер-дің кайталануы арқылы жасалатын сөйлей-сөйлей, көре~ көре, оқи-оқи т. б. үстеулер көбінесе осы топка жатадй'




      1. Топтау (я саралау) үстеулері амалдың және баскз

342
карым-қатынастын бірігу арқылы істелгенін немесе, ке-рісінше, жекеленіп істелетіндігі» білдіреді. Бұл үстеулер неіиеден? ңаншадан? неиіеуден? қалай-қалай? сияқтан-ған сүрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, үшеу-леп, он-ондап, бір-бірлеп, он-оннан, қырың-елуден, аз-аздан, көп-көптен, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-алдына, бас-басына, үйді-үйіне т. б .


Сейтіп, үстеулердің ішіндегі сан жағынан ен кебі сын я бейне үстеулері, онан кейінгісі мезгіл, мөлшер, мекен, күшейту үстеулері. Ал өзге топтармен салыстыр-ғанда мақсат үстеулері мен себеп-салдар үстеулері ана-ғурлым аз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет