Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 68. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА



бет21/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


§ 68. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі — есімдік- тер. Есімдіктер заттын атын, сынын, санын, я олардың аттарьін білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жүмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтыльі мағыналары өздерінен бүрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғары- на қарай айқындалады. Мысалы: Ол Прутковтың
бар- лың афоризмін білетін (С Ерубаев); Сен қымсынба, ар- тыңда біз бармыз (М. Әуезов) дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтыц барлық афоризмін білетінін ғана аңғарға- нымыз болмаса, ол адам кім?— Бейсенбай ма, әлде Мү- рат па? Жок, тіпті біз білмейтін басқа бір адам ба? Әй- теуір, оньш кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі сен, біз дегендердің де мағыйалары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ондай болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген үғьімнан басқаның бәрін білдіреді, демек, кезбе-көз я бетпе-бет сөйлесіп гүрған екі адамнан басқаның бәрі

207


(адам ба, зат па — бәрі бір)— ол болады. Ал, мен тек бірінші жақ (сөйлеуші я айтушы) болады да, сен.— тыңцап (сөйлесіп) тұрған адам, демек, сөйлеушімен (менімен) әңгімелесіп отырған адам болып шығады. Со- нымен, жоғарыдағыдай дара тұрған сөйлемдердегі есім- діктердіц дәлді мағыналары бірден айкын болмайды

Есімдіктердін дәлді мағыналары, егер екі я онан да кеп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолда- нылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты анғарылады. Ал егер ондай есійдГктер монолог түрінде айтьілған я жазылған сөйлем- дерде қолданылса, олардыц дәлді мағыналары, яғни олар туральі мәлімет, сол сөйлемдерден бұрын айтылған я жа- зьілған сөплемдермен байланысты тыңдаушы мен айту- шыға (оқушьіға) ғана белгілі болады. Демек, есімдік- тердің дәлді мағьіналары бұрьін айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты аныкталады. Мысалы: Мен жаратпаған атшыға қарап едім, ол «тек отыр» дегендей басын іиайщап, ернін тістей қойды (С. Көбеев) деген мысалды алсақ, сейлемдегі ол деген сездің дәл кім еке- нін бірінші сейлемдегі атіиы деген сөзден аңғарамыз. Сол сияқты; кімді айтса, сол келед/ деген мақалдағы кімді, сол деген есімдіктердің де кімді нақтылы білдіріп тұрғанын, яғни дәлді мағыналарын бұрынғы сөйлемде аталған адамға қарап барып анғарамыз. Шынында, ол, мен, деген есімдіктерді алсак, әркім я әр адам ол да, мен де бола алады.

Есімдіктердің мағыналары каншама жалпы болғаны- мен, олар (есімдіктер) қандай сөздердің орнына қолда- нылуына карай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес (заттык, сындық, сандық т. б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мы- сал үшін сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім, не, қай сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап ка- райтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына. байланысты, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сез- дердің орнына қолданылатын есімдіктер, екіншіден, зат- тың белгісін білдіретін сөздердің орньша жұмсалатын есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Сонда сен, ол кім? не? есімдіктері заттық ұғымды білдіретін сөз- дердің, бүл, сол, қай? есімдіктеірі белгі атауларынын орынбасарлары болып шығады. Осындай екі жік сөз- дерді, біріншіден, заттық үғымды білдіретін сөздердін

208

орынбгсарлары — субстантнвтік есімдіктер, скіншіден, заттын. белгісін білдіретін сездердің орьінбасарлары — аттрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөледі.

Морфологиялык. жағынан есімдіктер түрленетін сөз- дердін тобына косылады. Ал олардың түрленуінде, жал- пы алғанда, есімдерге ұқсастыктар болмағанымен, өзде- ріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер колданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те кол- даныла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалык формаларынық ешбірін де кабылда- майды.

Есіыдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортак деп есеп- терліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бүл ерекшелік негізінде есімдіктердін іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.

* * $:


Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топка бөлінеді: оның бір тобына өте ерте заманнан келе жаткан байыр- ғы (көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тілі- міздін даму, жетілу процестерімен байлавысты, кейінгі замандарда пайда болған, демек, сонғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.

Алғашқьі топка жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сездер сипатында болады. Бұған мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, осы, сол т. б. сияқты қазір- гі кезде белшектеп талдап жатудьі қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады.

Е с к е р т у: Бұл аталған есімдіктердіи ішінен не сө- зінен өзгелері тарихи тұрғыдан алып карағанда, ме-н, се-н, о-л (н), бі-з, -сі-з, -қа-й (н), кі-м бөлшектенетіні жайында есте болғаны жөн.

Есімдіктердін екінші, кейінгі (жаңа) тобына мына- дай үш түрлі есімдік сөздер жатады:

Біріншіден, бұған белгілі бір категорияға тән сөздер- Дің мағыналары езгере келе есімдіктер дәрежесіне ауы- суы аркылы, демек, лексикалық жолмен жасалған: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т. б. снякты есімдіктер, әр, күллі,

209



Атау

мен

сені

оны

Ілік

менің

саған

оған

Барыс

маған.

сенің

оның

Табыс

мені

сен

ол


211



салы:










Атау

сіз, біз (дер)

сендер

сіздер

Ілік

сіздің, біз (дер) дің

сендердің

сіздердің

Барыс

сізге, біз (дер) ге

ссндерге

сіздерге

Табыс

сізді, біз (дер) ді

сендерді

сіздерді

Жатыс

сізде, біз (дер) де

сендерде

сіздерде

Шығыс

сізден, біз (дер) ден

сендерден

сіздерден

Кемектес

сізбен, біз (дер) мен

сендермен

сіздермен


Сөйтіп, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрінің септелу жүйесінде түрлі ерекшелік байқалады. Бірақ ол ерекше- лік «қопарылмалылық белгісі» емес, жалпы есімдіктер категориясының көпшілігінде сақталған ерекшелік деп есептеледі.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелуіиде де ерекшелік бар. Оларға жіктік жалғаудың барльік, жақтарьіның қосым- шалары қосыла бермейді. Жіктеу есімдіктеріне жалғана- тьін жақ жалғауларын есімдіктерден болған баяндауыш- тың қос-қабаттасып келген плеонастикалық көрінісі деп қарауға боладьі. Өйткені баяндауыштьіқ (жіктік) жал- ғау, жіктеу есімдіктері баяндауыш қызметінде жұмсал- ғанда, бастауыштың жақтық мағынасына қарамастан. баяндауыштың жактық мағынасына қарай жалға- нады. Мысалы, оқушы менмін, тыңдаушы сенсің
дегенде, грамматикалық бастауыштар III жақта да, баяндауыштар мен-мін, сен-сің больіп (I, II жақта) ай- тылған. I, II жақ жіктеу есімдіктері ерекше бір жағдай- да болмаса, тәуелденбейді, тек III жақтық есімдік қана тәуелденеді (мьісалы: олоным, оныңыз, онысы).

Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш та, толықта- уыш та, баяндауыш та, анықтауьіш та болып жұмсала береді. Мысалы: Men жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Адам деп мені, салмадың сен хат маған (Абай). Менің атымТемір (Ә. Әбішев); Темір сенбісің? (Ә. Әбішев) деген сөйлемдердегі мен, сен есімдіктері

212

бастауыш болып, мені, маған есімдіктері толыктауыш бо- льш, менің есімдігі аныктауыш болып, сенбісің? есімдігі баяндауыш болып тұр. Бірак, сөнте түра, жіктеу есім- діктері өздігінен атау түрінде тұрып ешқашан да пы- сьіқтауыш болып қызмет атқармайды. Сол сиякты, жік- теу есімдіктерінің атау формада анықтауыш болуы — үйреншікті құбылыс.

§ 70. СІЛТЕУ ЕСІМДІҚІЕИІ

Сілтеу есімдіктеріне бүл, осы сол, анау, мынау. co- nay, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жа- тадьі.

Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұо кау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сү- рауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер. Дегенмен, сілтеу есімдіктерінің барлығыныц мағыналары бірдей, бір дәрежеде бола бермейді.

Сілтеу есімдіктерінің мағьіна жағынан бір-бірінен ерекше болып келуін мынадай сөйлемдерді салыстыру арқылы аңғаруға болады. Бүл кісіні мен танымаймын. Осы кісіні бір көрген сияқтымын дегендегі бүл, осы де- ген есімдіктер көз алдыңдағы, жақындағы кісіге нұсқа- ғандьіқты білдірсе, ол, сол деген есімдіктер қашығырак- тағы, алысырақтағы кісіге сілтегендікті білдіреді. Солай бола тұрса да, алғашкы екі сөйлемдегі есімдіктердің де (бүл, осы), соңғы екі сөйлемдегі есімдіктердін де (ол, сол) мағыналарьі өзара бірдей емес, бір-бірінен айьір- машыльіғы бар. Мьісалы, осы дегеннін. мағьінасы тым конкретті болса, бүл дегеннін мағынасы онан гөрі жал- пы болады. Сол, ол есімдіктерінің мағыналары да осын- дай.

Сілтеу есімдіктерінің мағыналарын екі тұрғыдан қа- раған жөн. Біріншіден, сілтеу есімдіктерінің мағынала- рын кеңістік аралықты я топографиялық кеңістікті біл- Діру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардын: мағынала- рын, уақыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру тұрғысынан карау қажет.

Топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қара- ғанда, жіктеу есімдіктері мьінадай екі түрлі жікке бөлі- Неді: осы, бүл, мына, мынау, осынау, міне есімдіктері ^кақындағы затқа я құбылысқа нұсқау үшін қолданыла- Ды да, ол, сол, ана, анау, сонау, сона, түу есімдіктері, Сәл де болса, алысырақтағы заттар мен құбылыстарға

213




кұсқау үшін колданыладьі. Бүл нүсқаулар кенде көзбен көре алатындай заттарға тікелей мегзеу арқылы айты- латын болса, сона, сонау, түу
есімдіктерінде көзбен кө- руге болмайтындай, кеңілмеп ғана сезіп ұғыну арқылы ғана сілтеме жасайтындай жағдайда айтыладьі. Ал, Mi­ne, әне, осы сілтеу есімдіктері нұсқап көрсететін заттар мен құбылыстарға ерскше иазар саларлыктай детерми-

нативтік мәнде қолданьілады.

Сілтеу есімдіктері, хронологпялык тұргыдан караған- да, бірде нұскай айтылатын заттар мен кұбылыстары сөйлеу кезеңінен бұрьін белгілі болып ескертілген, сол аркыльі сөйлеуші мен тыңдаушыға белгілі болған жағ- дайда. яғни анафорикальік мәнде колданылса, бірде өзі- нен кейінгі сөздермен түсіндірілстін, яғнн кенінірек ба- яндалып сыры ашылатын, демек, препаративтік мәнде қолданылады. Сол сиякты, бүл, ол, анау, мынау, осы, сол сілтеу есімдіктері көбінесе алдын ала ескертілген заттар мен құбылыстардьі көзбен көріп турған жағдай- да, яғни дейктика препаративгік мәнде жұмсалады.

Сілтеу есімдіктері «таза» аттрибутивтік күнде тұр- ғанда еш уақытта да септелмейді, көпшеленбейді және тәуелденбейді. Олар заттык. ұғым беріп субстантивтен- генде ғана, септік, тәуелдік және көптік жалғаулардьт кабьілдайды. Бұлардың септелуі жіктеу есімдіктеріне ұксас болады.

Бүл, сол, ол есімдіктеріие көптік жалғау жалғаяған- да, соңғы л дыбысы түсіп калады, мысалы: бұлбү- лар, солсолар, ололар. Осы үш есімдікке тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбірдегі л дьібысы н больіп ал- масады (бүлбүным, бүның, бүныңыз, бүнысы т. б.).

Сілтеу есімдіктерінің ішінен анау, мынау, осынау де- ген түрлері тікелей септелмейді, бірақ тәуелденіп барып септеледі. Бұларға көптік жалғауьі да жалғанбайды.

Мына, ана, сона, осына деген сілтеу есімдіктері тіке- лей тәуелденбейді, жіктелмейді, бірақоларға көптік, сеп- тік жалғаулары жалғанады, мысальі: мынаған, мынаны, мыналар, аналар т. б. Әне, міне деген есімдіктер ешқан- дай өзгеріске ұшьірамайды, сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық байланыска түспейді, бірак сөйлемде. қыстырма сөз ретінде қолданыладьі. Мысалы: міне, олар да келді; олар да келді, міне т. б.

Сілтеу есімдіктерінің негіздерінен -дай, -дей жұрнағы арқылы мынадай, сондай, осындай, анадай, ондай сияк- ты формалар жасалады.

214

Сілтеу есімдіктерініи барльіғы мағына жағынан ез- ара бірдей болмайтындықтан, олардьің сөйлемде атқара- тьін қызметтерінде ішінара айьірмашылықтары мен ерек- ціеліктері болады. Міне, әнс, сонау, осынау, түу
есімдікте- рі ешқашан да бастауыш, толықтауьіш болып қызмет аткармайтыны снякты, бүл, ол сөздері баяндауьіш бол- майды да, міне, әне есімдіктері анықтауыш болып кыз- мет етпейді. Мысалы: Қазір бүл сондай орасан кушті (Ғ. Мүсірепов); Күнімосы, балапанын қанатының астына тыққан кэрі тауыңтай отырғаныммынау (М. Әуезов). Ол қыз бәрібір сізге жоқ (С. Көбеев).

§ 71. СҰРАУ ЕСІМДІҚІ ЬРІ

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қан- дай? ңаніиа? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бі- рақ олар — белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер. Мьіса- лы: нешеу? неіиініиі? деген сұрау есімдіктері сан есім- дердің морфологиялық (тұлғалық) формаларына сәй- кестеніп, демек, сан есімнің қосымшалары арқьілы неіие? деген негізгі сұрау есімдігінен жасалған (не- іиеу?— төртеу; нешішиітөртініиі).

Қайсы? қайдан? қайда?— сияқтылар қай? деген негіз- гі сұрау есімдігінен туған. Оның біріншісінің соңындағы -сы қосымшасы тәуелді жалғаудың III жағының косым- шасы болуға, бірақ ол қосымша қазіргі кезде тәуелдік жалғауға тән қасиеттен айьірылып қалған, сол себептен бұл қосымшаның үстіне (ңайсы) қазіргі тілімізде тәуел- діктің үш жағыньің қосымшасы екінші рет жалғана бе- реді (қайсы+м, қайсы+ң+ыз, қайсы + сы).

Ал, ңайдан? қайда? дегендердегі қосымшалар — шы- ғыс (ңайдан?), жатыс (ңайда?) септіктердің қосымша- лары. Бұл қосымшалар сол негізгі түбірге көнеленіп, қалыптасып кеткен. Қазақ тілінде ңай деген түбірге басқа сөздердің косымшалары қосылмайды, өзбек тілін- де ңайгә? делініп те, қайләргә? делініп те айтьіла береді.

Қандай? қашиа? деген сұрау есімдіктерінің қосым- шаларьі -дай, -ша жұрнақтармен (мысалы, сон-дай, сон- ша, бала-дай, бала-ша т. б.) байланысты. Бұл екі сұрау есімдігінің бастапқы түбірі қан деген сөз болған.

Қалай? есімдігіндегі жұрнақ -лай (осылай, солай) Қосымшасымен байланьісты.

215



Атау

кім

не

кашан

калан

ғал

Ілік

кімнің

кенің










Барыс

кімге

неге

к.ашанға







Табыс

КІМЛІ

нені










Жатыс

кімде

неде

қашанда




кайда

Шығыс

кімнен

неден

қашаннан




қайдан

Кемектес

кіммен

немен











Сурау есімдіктерініц тәуелдену үлгісі
I жак

кімім

нем

кайсым

нешеуім

II жақ

КІМНІҢ

нен

кайсың

нешеущ




КІМІҢІЗ

нешз

каисыныз

нешеуініз

III жақ

K1M1

несі

қайсысы

нешеуі


Басқа сүрау есімдіктері тәуелденбейді. Сұрау есім- діктерінің бәрі көпше түрде өзгермейді, тек кім? не? не~ иіе?
дегендер ғана көптеледі, мысалы: кімкімдер, ненелер, нешенеіиелер.

Сұрау есімдіктерінен кім? не? қандай? қанша? қа- лай? нешінші? дегендер жіктеледі.

Мысалы:
мен

кіммін

біз кімбіз (біздер кімдерміз)

сен

КІМСІҢ

сендер кім (дер) — сіндер

CI3

K1MC13

сіздер кім (дер)—сіздер

ол

K1M

олар кімдер т. б.


Сұрау есімдіктері я бүтіндей, я жартылай езгерсе де сөйлемде негізінде сүрау мағынасын тудырады, мысалы; кім айтар қазір бізді көіипелі ел деп? Кім айтар өмір бойы көіикен ел деп?
(Т. Жароков).

216

Сұрау есімдіктерінің кейбіреулері косарланып та қолданыладьі, ондайда есімдіктер саралау, жекелеу ма- ғынасын білдіреді, мысальі: Сіздің үйгв кім келді? Сіз- дің үйге кім-кім келді? Қайсың келдің? Қай-цайсың


келдің?

Сөйлемнің жалпы мағыналық ерекшелігіне және қол- данылу өзгешелігіне қарай сұрау есімдіктері кейде сұ- рау мағынасын бермейді. Мысальі: Ырысты, еркін, азат елім ңандай! Қең байтаң, кең дәулетті жерім қандай! Өлкемнің оңымақта, солықырман, Бітетін біздің жерге егін цандай! (I. Жансүгіров) дегендегі қандай сөздері сұрау емес, адамның көңіл күйіне қарай экспрес- сивтік мағына беріп тұр. Шартты бағыныңқылы сабақ- тас құрмалас сөйлемдерде де сұрау есімдіктері қатыс- тық мағына береді, демек, бағыньіңқы сөйлемде сұрау есімдігі қолданылса, басыңқы сөйлемде сілтеу есімдігі қолданылады және бағыныңқыдағы сұрау есімдігі қай тұлғада тұрса, басыңкыдағы сілтеу есімдігі сол тұлғада тұрады:

Қөрмейсің бе, тоңта енді, Қімге сенсең, сол шикі (Абай); Кім еңбекті істесе сол адам үлесті де көп алады (мақал).

He, сол, қалай, қайда, қашан, кім, неше сияқты сү- рау есімдіктермен біріккен кейбір басқа сөздер (ңұр- лым, әлде, әр, еіи т. б.) өзге категорияға ауьісадьі, мы- салы: неғүрлым(м), соғұрлым(м) әлдеқалай, әлденеіие, әрқалай, әрқаіиан, әркім, еіиңандай, еіикім, еіитеңе (еіи- теме), еіиқаіиан, еіиқайда т. б.

Орын жағынан сұрау есімдіктері тікелей баяндауьіш- қа тете тұрады, өйткені білуді мақсат етіп, сұрау қой- ған кісі сұраульі сөзге жауап беруші адамньің назарын аудара айтадьі. Осьілай септеліп те, тәуелденіп те, жік- теліп те қолданылатьін болғандықтан, сұрау есімдігі сөйлемнің барлық мүшелері ретінде де қызмет атка- радьі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет