§ 29. КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІ ТОПТАСТЫРУ
Күрделі сөздер әуелгі синтаксистік жай сөз тіркесінің я лексикалануы, я грамматикалануы негізінде калыпта- сатындықтан, олардың компоненттерінің күралу жүйесі де сөз тіркестерінің ежелден бері карайғы заң болып қа- лыптасқан үлгілеріне сай келеді. Өйткені компоненттері дыбыстық өзгерістерге ұшырап, түр-түрпаттары мүлдем басқаша болып қалыптасқан кіріккен сөздерді (мысалы: білезік және білек жүзік, сексен және сегіз он деген тә- різділерді), ондай өзгерістерге ұшырамай-ақ та бастапқң тур-тұрпаттарын сақтаған күйлерінде қалыптасқан күр- делі түрақты сөздерді (мысалы: аңқу, тасбақа, ақсақал, асқазан, царапайым, ңосаяқ, ата мекен, шопан ата, к\ 4 бүгін, егеу ңұйрық, ата-баба, шыбын-шіркей т. б.) ал- сақ — олардың бәрі де лексикалану аркылы күрделі сөз- дерге айналған. Бірақ олардың компоненттерінің орын дары мен үлгі-нұскалары жай сөз тіркестерінің үлгілері нен (модельдерінен) басқаша емес. Күрделі сөздердіі тек кіріккен сөздер мен қос сөздерден өзге топтарыныі сыртқы жамылышы (киімі) мен пішіи-тұрпатын жай сө: тіркестерінен ажырату қиын-ақ. Солай болса, күрдел сөздерді жай сөз тіркестерінен ажыратып іштей таптас тырып жіктеуге таяғіыш боларльіқ меже-белгі табудыі маңызы төтеғіше зор.
Ал, оғідай меже-белгіні күрделі сөздің сыртқы түр тұрпатынан да, дыбыс-ырғағығіан да, лексика-семантика лық мағынасынан да, грамматикалық кызметінен де- қыскасы, олардың компоненттерінің ара катынасынаі іздеген дұрыс.
Компоненттердің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану тіркесу арқасында туған күрделі сөздің сыртқы фонети калық түр-түрпаты мен ішкі семантикалық кұрылымыи да, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптас қан қарым-қатынастардың нэтижесін я оның жиынтығыі айтамыз.
Мысалы, царлығаіи деген сөз әуелдегі бірін-бірі анык тай және анықтала тіркескен ңара ала қүс деген үш сез ден туған. Бірақ бұл тіркестегі сөздер сыртқы түр-тур паттары жақтарынан да, іійкі мағыналары жақтарынаі да елеулі өзгерістерге ұшырнудың нәтижесінде, бастапкь түп-тбркіндеріне ұқсамайтындай күйге жетіп, басқа біР жаңа сөз болып қалыптаскан. Осы жаңа сөзді, тек этй; мологиялық талдау арқылы ғағіа болмаса, дәл қазір11
кездегі я сыртқы мүсініне қарап, я беретін ішкі мазмұ- нына қарап төркіндету мүмкін емес. Міне, осы айтылған- дай ерекшелік күрделі сөздің ішіндегі кіріккен сөз сала- сының компоненттеріне тән ара қатынаста болады. Осы айтылғандай ара қатынас бүгін, биыл, бүрсігүні, таңер- тең, әжептәуір, ендігәрі, ағайын, ңайны тәрізді кіріккен сөздердіи бәріне әрі үлгі болып, әрі заң болып қалып- тасқан.
Ата-ана, туған-туысқан деген қос сөздерді өз алдына бір топқа бөлу олардың компоғіенттерінің ара қатынас- тарына байланысты туған. Бірақ бұлардың ара қатына- сы қарлығаиі, бүгін сияқты күрделі сөздердегідей емес, басқашарақ. Ең алдымен, ата-ана, туған-туысңан деген- дердіи компоненттері біріне-бірі сабақталып, демек, бірі анықтап, бірі анықталып құралмаған, біріне-бірі тең бо- лып салаласа құралған; екіншіден, бұлардың компонент- тері ешқандай да сыртқы өзгеріске ұшырамаған және олардың әрқайсысы өзді-өзінің екпіндерін де, бастапқы мағығіаларын да сақтап тұр. Дегенмен, солай бола тұрса да, осылайша жеке сөздердің қайталануыиан я қосарла- нүынан кұралған күрделі сөз дауыс-ырғақ жағынағі да, лексика-семантикалық мағынасы жағынан да, лексика- грамматикалық қызметі жағынан да бірлесіп, бір тұтас тұлға (единица) ретінде қызмет етеді.
Айбалта, аңсақал, асқазан, тасбаңа, баспасез, кезңуй- рық тәрізді сөздер де, ат шабар, шаң басар, ңазан бүзар, сары май, ңара май, көр тышқан, жалаң бас, жас ұлан сияқты күрделі сөздердің компоненттері де бастапқыда анықтаушы және анықталушы, толықтаушы және то- лықталушы мүшелер болған. Бірақ осы күрделі сөз- дердің бәрі де, компоненттерінің әуелгі синтаксистік Қатынастары бұзылып, өзара бірін бірі анықтайтығі я толықтайтын қабілеттерінен айрылып лексикалануы ар- қасында орныққан.
Ала аяқ, бос белбеу, бас сауға, жүрек жұщан, жүрек эісалғау, ауыз жаласу, жаны ашу, жұлдызы қарсы, тон- нЫҢ ішкі бауындай, қас пен көздің арасында сияқты күр- Делі сөздер және асңар тау, ну ңарағай, темір жол, қып- Ша бел, сүмбіл шаш, дені сау, есі дұрыс, дымы цұру, та- бан тіреу тәрізді күрделі сөздер тіл білімінде тұрақты С0з тіркестері немесе фразеологиялық тұлғалар (едини- ^а) деп аталатын күрделі сөздердің қатарына жатады. Ьүл құрамдардағы компоненттердің орындары бұлжы-
майтындай аса берік, грамматикалық жағынан мүшелен- бейтін бір тұтас болады да, лексика-семантикалық жағынан бір ғана мағынаны білдіретін бір бүтін түлға (единица) ретінде жүмсалады. Бірақ мұндай тіркес ком- поненттерінің өз мағыналарын сақтау я сақтамауыиа қа-. рай іштей ерекшеленеді. Мысалы, бірінші топтағы ала аяқ, ауыз жаласу... сияқты күрделі сөздердің мағыналары күрамдарындағы компоненттерінің мағыналарынан кұ- ралмаған, демек, мүндай тіркестің я күрделі сөздің мағы- насы компоненттерінің мағыналарынан тумайды; ол ма- ғына мен компоненттердің мағыналары арасында ешқан- дай да байланыс болмайды; күрделі сөздің мағынасы басқа бір бейнелеу (образ, метафора) ұғымын білдіреі Мысалы, қас пен көздің арасында деген түрақты тіркес лезде (аса тез) деген мағынаны білдірсе, түйе үстінең сираң үйтіп деген түрақты тіркес илікпей (икемсізденіп) деген ұғымды білдіреді. Осындай тұракты тіркестер, әдетте, идиомалық тіркес я фразеологиялық тұтастық деп аталады.
Екінші топтағы асқар тау, темір жол, есі дүрыс, табан тіреу тәрізді тұракты тіркестердің компоненттері өздері- не тэн бастапқы дербес мағыналарын жоғалтпай сақтап отырады. Өйткені бұл сиякты тіркестің мағынасы күра- мына енетін компоненттерінің мағыналарынан қүралады, демек, сол компоненттердің мағыналарынын косындысы сияқты. Сондықтан бұл соңғы тіркестердің компонентте- рін жеке-жеке ажыратып талдағанда да, олар (тіркестер) түрактылық сипатын жоғалтпайды. Тұрақты сөз тіркесте- рінін бүл тобы фразалық тіркес я фразалық бірлестік деп аталады.
Сөйтіп, идиомалық тіркестің (фразеологиялық тұтас- тық) компоненттерінде ешқандай да мағыналық дербес- тік болмаса, фразалық тіркестің (фразеологиялық бірлес- тіктің) компоненттерінде өзінше әр алуан мағыналық дербестік болады. Бұл ерекшелік түрақты сөз тіркестері- нің осы айтылған екі тобынын компоненттерінін арала- рындағы қатынастарының әрі нәтижесі, әрі олардың ара- ларындағы ара қатынастың нақтылы белгісі я көрсеткіші болып саналады. Осындай ара катынастың нәтижесінде идиомалык тіркестің компоненттері мағыналык дербес- тіктерін түгелімен (біржолата) жоғалтса, фразалык тір- кесте ол дербестік я бүтіндей, я жарым-жартылап сакта-, лады. Ендеше, бүл екі топтын аралык шегі олардын ком-!
100
поненттерінін мағыналык дербестіктерін жоғалту я жо- ғалтпау (сактамау я сактау) дәрежесіне карай (яғни компоненттердін ара қатынастарына карай) анықтала- ды; егерде тұрақты сөз тіркесінің күрамындағы компо- ненттер мағыналык дербестіктерін жоғалтқан болса, ол тіркес идиомалық тіркеске (фразеологиялык түтастыкка) жатады; егерде — компоненттері мағыналық дербестік- терін я бүтіндей, я жарым-жартылай сақтаған болса, ол хіркес фразалық тіркеске (фразеологиялык бірлестікке) жатады; түрақты сөз тіркесінің күрамындағы компонент- тер мағыналық дербестіктерін неғүрлым молырақ жо- ғалтса, соғұрлым ол тіркес идиомалануға бейімделе бе- реді де, компоненттері мағыналык дербестіктерін неғүр- лым молырақ сақтаса, ол тіркес соғұрлым идиомалану- дан алыстай түседі.
Белгілі бір сөз табына тэн бір тектес сөздерден сабақ- таса күралған күрделі есімдер (күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т. б.), күрделі етістіктер компоненттерінің ара қатынастары өзгеше болғандыктан, өз алдына бір топ болып бөлінуге тиіс. Мысалы: ақ шүбар, ңара шүбар, көк шубар, қызыл іиү- бар, қоңыр шүбар, сүр шүбар деген тэрізді үлгі бойынша жасалған тіркестердіи әрқайсысы екі-екі сөзден күрал- ған сын есімдер. Бірак бұлардын арасындағы қатынас синтаксистік катынас бола алмайды, өйткені олардын кұ- рамындағы компоненттері бір күрделі семантикалық үғымды білдіреді. Осы себептен, құрамына карай, күрде- лі сын есімнің семантикалык мағынасы да күрделі бола- ды. Әдетте, осындай сын есімдер күрделі сын есімдер деп аталады.
Ал бере бер, түра түр, бере түр, түра бер деген тіркес- тердің компоненттері өзара бірін бірі аныктап я пысык- тап тұрған жоқ. Олардың компоненттері де бір-бірімен семантикалык жағынан түтасып, күрделі бір сөздін бөл- шегі есебінде колданылады. Сондықтан мүндай тіркестер күрделі етістіктер я аналитикалык етістіктер деп ата- лады.
Төменде күрделі сөздердің тек біріккен сөздер мен кос сөздері ғана арнайы кыскаша талданады; күрделі сөз- дердің өзге түрлері, әдетте, фразеологияның объектісі болғандықтан, олар жайында жоғарыдағыдай жалпы топціылама түрдегі шолумен аяқталады. Ал, күрделі сын есім, курделі сан есім, күрделі есімдік, күрделі етістік, кҮРДелі үстеу, күрделі еліктеу сөз, күрделі шылау, күр-
101
делі одағай мәселелері жеке-жеке сөз табына тән кат& гориялар болғандықтан, олар тиісті сөз таптарымен бай ланысты тұста қаралады.
§ 30. БІРІККЕН СӨЗДЕР ЖӘНЕ КІРІККЕН СӨЗДЕР
Казақ тіліндегі біріккен сөздердің белгілі-белгілі сө; тіркестерінің заңдарына лайық жасалатындығы байқала ды. Мысалы: қарақат (кара кат), білезік (білек жүзік) қарлығаш (қара ала кұс) дегендер морфологиялық құ рылысы жағынан басқұр, қара су, кол сақина, қа, а ала ат сияқты кәдімгі синтаксистік тіркестердің үлгілері бо- йынша жасалған.
Ал, ағайын, қолғанат сияқты біріккен сөздер салала- са қүралған тіркестен шыккан, мысалы: алғашқысы аға және іні деген сөздерден, екіншісі, қол және қанат деген сөздерден біріккен. Мүндағы аға және іні сөздері мағына жағынан бір-біріне қанДай жақын болса, қол және қанаі сөздері де өзара сондай жакын. Сөйтіп, бұл сөздердің кұрамдарындағы компоненттер біріне бірі тәуелді (бағы- нышты) емес, біріне бір тең. Компоненттерінін. бастапқы кездегі мағыналық (я синтаксистік) катынастарыньщ ерекшеліктеріне қарай, казак тіліндегі біріккен сөздер не сабақтаса не салаласа кұралады.
Құрамдарын тек лингвистикалық (этимологиялық я морфологиялык) талдау арқылы ,ғана анықтауға бола- тын бугін, ендігарі, биыл сияқты сөздерді біріккен сөздер- дің өзге топтарынан бөліп караған дүрыс. Өйдкені ондай сөздердің компоненттерінің бір-бірімен ©зара үндесе, үйлесе кірігуі былай түрсын, олардың мазмүндары да қүрамындағы компоненттерінің мағыналарына сай кел- мейді. Демек, мүндай біріккен сөздердің мағыналарьі компоненттерінің мағыналарыныц жиынтығы (қосынды сы) емес. Мысалы. білезік, қарлыгаш, қызплш, бүгін, би ыл, экел, зпер, бурсігуні, былтыр, ендігәрі сиякты сөздер дің (сыртқы түрпатын коя тұрып) мағыналарын бастап қы сөз тіркестерінің (білек жузік, қара ала қүс т. б.) мағыналарымен салыстырып қарасак, оларды кіріккй сөздер деп атау қажет.
Әдетте, сөз тіркесінің беретін мағынасы оның күра мындағы мүшелерінін, беретін мағыналарының жиынтЫ ғын толык. камтиды. Ал, курделі сездің мағынасы оньй қүрамындағы компоненттерінің мағыналарыньщ жинағы
102
на (косындысына) сай келмейді. Қазак тіліндегі күрделі сөздердін, соның ішінде біріккен сөздердің мағыналары да, осы айтылғандай, күрамдарындағы компоненттердің мағыналарының жиынтығына дәл я сайма-сай келмей, одан мазмұн жағынән кен я тар болады. Мысалы: бугін, Сиыл, бьілтыр, әнеугүні, түнеугуні, қарақат, ендігәрі, таң- ертең, білезік, қызгыш сиякты кіріккен сөздердің әр- кайсысының мазмүнын алсақ, ол мазмүн күрамындағы компоненттерінің мағыналарын өзінін тиісті бөлшектері ретінде камтыса да, сол бөлшектердің мағыналарынын косындысынан әлдеқайда кен (жалпы).
Ал, айбалта, аққу, сіққутан, ақсақал, көкжөтел, қа- ламсап, орынбасар, оттегі, шекара тэрізді «біріккен» сөз- дердін мазмүндары, керісінше, кұрамдарындағы компо- ненттерінің мағыналарын өздерінің бөлшектері есебінде камтығанымен, сол бөлшектердін. мағыналарының ко- сындысының аясынан әлдекайда тар (тайыз).
Мағынасы жалпыланып кецейетін топқа кіріккен сөз- дерді, идеомалык тіркестерді және белгілі дәрежеде то- понимикалық атаулар мен хайуанатқа берілетін жалкы атауларды жатқызуға болады да, соңғы топқа, демек, мағынасы жалқыланып тарайтын топқа күрделі сездер- дія бүл аталған түрлерінен басқаларын тегіс жатқызуға болады.
1 Қүрделі сөздің мағынасы мен оныц құрамындағы ком- поненттерінің мағыналарының араларындағы айырма- шылық тек оның кейінгі кездерде болган өзгерістерімен ғана байл^нысты болмайды; сөздің формасы белгілі бір затқа (күбылысқа) ат берген кездің езінде де сол үғым- ның мазмүнын түгел камти алмайды. Өйткені белгілі бір затқа берілетін ат (атау) сол затты баска заттан тез ажырата коярлықтай тиісті бір белгісіне ғана қарай бе- ріледі (мысалы: «Айырып сары майдан торта қойдым» дегендегі сары май сезін, сары-иіұнақ, қосаяқ, егеукуй- рың, ащутан, квщутан сияқтыларды алыңыздар). Сол себептен күрделі сөздердің мағыналары әуел бастан-ак. кұрамындағы компоненттері аркылы айтылатын мағына- аардың жиынтығынан анағүрлым мазмұнды да, бай да болып шығады. Біріккен сөз бен онын. компоненттерінің мағыналарының үнемі бірдей шықпайтын себебі де осы- Дан. Бірақ күрделі сөздің мағынасы дәйім өзгере бермей- Ді- Өйткені тұтас. күрделі сездің беретін мағынасына °Ның я екі бірдей компонентінін, я кем дегенде бір ком- Донентінің мағынасы тікелей байланысты болмаған жағ-
103
дайда ғана ол компоненттердің мағыналары басқаша тү- сініледі (мысалы: қарлығаш, сэресі, аласабыр т. б.).
Сонымен қатар, мағынасы өзінін қүрамындағы ком- поненттерінін. мағыналарының жиынтығына жуык бола- тын біріккен сөздер де бар (мысалы: жаздыгүні, қысты- гүні, қусбегі, атбегі т. б.). Бірақ бұдан біріккен сөз бен оның компоненттерінін мағыналарының араларындағьі елеулі айырмашылык болмағандықтан, біріккен сөз бен сөз тіркесінің аралығына шек қоюға болмайды екен де- ген пікір тумауы керек. Өйткені олардың аралығында айырмашылық бар және оларға шек те коюға боллды. Мысалы, еркін сөз тіркесіндегі әрбір мүшенің өз мағына- сы, өз қызметі болса, біріккен сөздің құрамындағы ком- поненттерде ол қабілет те, қасиет те болмайды.
Қарақат, қарлығаш, белбеу, экел, әпер, бәйшеиіек, ңо- нағасы, отағасы, сәресі, ңолбасы, сексен, тоқсан, ендігә- рі, өйткені, әйтпесе, бірдеме, ештеңе сияқты күрделі сөз- дер күрамындағы әуелгі компоненттерінің өз мағынала- рын жоғалтып, басқа бір жаңа мағынаны білдіреді. Екіншіден, компоненттердің екеуі де бірдей, я біреуі ды- бысгық жағынан әрі өзгеріп (кейде әрі ықшамдалып), эрі езді-өзіне тән екпіндерінен айрылып, бір ғана екпінге ие болып, тұтасымен тұрып бір бутін дыбыстык (тілдік) тұлға ретінде калыптасқан.
Сөйтіп, кіріккен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыс-1 тық жүйесіндегі әр қилы заңдарға байланысты. Ал, күр- делі сөздердің өзге түрлерінде я топтарында бұл ерекше- лік жоқ. Бүл жағдай да кіріккен сөздердің өз алдына ка- тегория екеніне дәлел.
Кіріккен сөздердің ішінде бас-басына мағыналары бар дербес сөздерден біріккендері де (бел + беу, бэй-Ү шешек, сахар + асы, сегіз+он т. б.), дербес сөздер мен кө- мекші сездерден біріккендері де (алып+бер, ендігіден Ү әрі, олай+еткені, олай+етпесе т. б.) бар. Бірақ осы кі- ріккен сөздердің ішінде салаласа күрылған тірксетерден гөрі (қолғанат, ағайын, көнетоз, іиаміиырақ, көнтерлі т. б.), сабақтаса құралған тіркестерден туғандары (бәй- шешек, қонағасы, қарлығаіи т. б.) әлдеқайда көп кездё- седі.
Кіріккен сөздер компоненттерінің өзгеру сипатына қа- рай екі салаға бөлінеді. Бірінші топқа екі компоненті біР( дей дыбыстық өзгерістерге ұшырап біріккен: бүгін, биьіл' ашудас, өйткені, сөйтіп, бәрекелді, эпер, түрегел сияқтИ лар жатса, екінші топқа тек бір с.ын.ары ғана өзгергеН
104
алаңғасар, алағаниіьщ, алагеуім, желғабыз, желбезек, жалмауыз, салпауыз, керенау, итаршы, бәйтерек, таңер- тең, әжептәуір, қайын (кайын іні), ағайын тәрізділер жа- тады.
Жалпы алғанда, кіріккен сөздін тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің күрамындағы компоненттердің ма- ғыналарынын жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болады. Өйткені шын мәнінде біріккен сез- діц кай-қайсысы болса да, ен әуелі я бір компонентінін, я екі бірдей компонентінін мағынасы жоғалған тіркес болып шығады. Мысалы: белбеу деген сөздін екінші сы- нары бастапқы ез мағынасын біржолата жоғалта келе, кейін ол сез өзінің әуелгі формасынан да айрылған. Ал, ■желбау деген күрделі сөздің екі компонентінің де бас- тапқы лексикалық мағыналары сақталғандыктан, оның мағынасына сол екі сыңардың да мағынасы енген және әр компоненті әуелгі формаларын да сақтаған.
Сонымен, сөздін мағынасы жоғалса я өзгерсе, дереу оның формасы да өзгереді; мүндай жағдайда бастапкы жай сөз тіркесінің қүрамындағы компоненттер дыбыстық жағынан әрі апшып, әрі бір-бірімен үндесіп ықшамдала- ды да, олар өзара жинакталып (синтезденіп) жана форма күрайды; ол жаңа форма (сөз) өзінше жаңа маз- мұнға ие болады; ондай жана сөз жасалғанда, оның кұ- рамындағы дыбыстардын бастарын күрап ұйымдасты- ратын дәнекер — екпін болады. Ол екпін біріккен сөзді жай сөз тіркесінен әрі ерекшелендіретін, әрі ажырата- тын негізгі белгінің бірі.
Бірак. екпін, әрине, ресми ғана белгі, өйткені бірік- кен сөз белгілерінің ішіндегі ең негізгі рольге кашан да болсын, мазмүн (мағына) ие болады.
Кіріккен сөздердін шығуында да белгілі жүйе бар. Бірақ бұл жүйе жұрнак аркылы сөз тудыру тәсіліндегі- дей өнімді де емес, жинакты да емес, әрі шашыранкы, әрі енімсіз. Мысалы: ыищыр, белбеу сөздері іш ңур, бел бау тіркестерінен бірігіп пайда болса, сол үлгі бойынша Құралған бас қур, аяқ қур, тамақ бау, қулақ бау, аяк, бау, жел бау тіркестері бірікпеген. Сондай-ак, бул есім- дігі тек кун (бүгін), жыл (биыл) дегендермен ғана бі- ріккен де, өзге сөздермен бірікпеген.
Вір, әр, еш, әлде сездері жиі қолданылатындактан, ®зге сөздермен жиі тіркеседі. Осы сездер белгілі-белгілі і тұрақты тіркестердің үлгілерін жасауға нұска болғанда- Рымен, біріккен сөз тудыру жағынан өнімді емес. Мыса-
105
лы, бірдеме (бірдеңе) сөзіндегі бір компоненті делекси- каланған (мағынасынан айрылған) неме (неңе), есе, (ерсе) сәрі элементтерімен үндесіп (біресе, бірсәрі) бі- ріксе де, біржолата, біртоға, бірңыдыру, бірқатар, бір- неше, біркелкі, бірыңғай, бірталай, біраз, бірқилы сияқ- танған сөздерде екінші компонрнттермен дыбыстық жа- ғынан үндесе де, үндестіре де алмаған.
Сейтіп, кіріккен сөздердің де, біріккен сөздердің де тууына бастапқы жай тіркес әрі негіз, әрі үлгі ретінде қызмет еткенімен, ол негіздер мен үлгілер үнемі жана сөз жасап отырарлықтай тыңғылықты жүйе ретінде кыз: ет ете алмайды. Жалпы, біріккен сөздердін де, кіріккен сөз- дердің де жасалуына тілдің практнкалық дағдысынан туып қалыптаскан семантикалық заң таяныш болады. Бі- ріккен сөздің әрқайсысы кэдімгі жай синтаксистік тіркес- тің белгілі бір үлгісіне қаншалықты жакын болса да, ол, сайып келгенде, грамматикалық абстракцияның жемісі- нен гөрі семантикалық дамудың нәтижесіне әлдеқайда жақын болады. Осы себептен біріккен сөздің де, кіріккен сөздің де тууы жайында жалпы грамматикалық ереже жасаудан гөрі, олардың әрқайсысының өзді-өзіне (бас- басына) тән ерекшеліктерін ашып баяндау жеңіл бо- лады.
Достарыңызбен бөлісу: |