Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 16. СЕПТІК ЖАЛ-ҒАУЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛАРЫ



бет7/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 16. СЕПТІК ЖАЛ-ҒАУЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛАРЫ

Септік жалғауларынын беретін мағыналары мен атка ратын қызметтерін қеңінен сипаттау үшін сөз тіркестері нін, олардыц белгілі бір алуан түрлерінің, сөйлем мүше лерінін, олардың қандай формалардан жасалуы мен ят қаратын қызметтерін(ң сөйлем мүшелерінің байланыЯ тәсілдерінін, сөздердің^еңгеру мен меңгерілуінің мәсел*1 лерін талдау қажет болар еді. Бірақ, әдетте, бұлар сй®



СО

хаксисте қаралатын мәселелер. Сол себептен төменде тек 0р септікке қысқаша ғана сипаттама беріледі.

І.Атау септік. Жай септеуде де, тәуелді септеуде атау септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы болмай- ды. Атау септік формасы, бір жағынан, басқа септіктер- дің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма болса, екінші жағынан, 0л тек белгілі бір затты атау үшін ғана емес, онан әлде- қайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, ар- най талдайтын негізгі форма ретінде қаралады. Осыған орай, ол негізгі септік деп аталады.

Атау формадағы сөз кім? кімдер? не? нелер?* деген сүрауларға жауап береді де^жекеше, көпше және тәуелді түрлерде де қолданыла береді*.

Атау септіктегі сөз сөйлемде бастауыш та болады (мысалы: Еңбектен ецбек туады дегендегі еңбек деген

сөз—бастауыш), тұрған «орнына қарай жіктік жалғау жалғанып та (біз мұғалімбіз), жалғанбай да (олмұ- ғалім) баяндауыш болады. Ал, изафет үлгісі бойынша басқа бір есімнен ешбір қосымшасыз тіркессе, атау сеп- тіктегі сөз анықтауыш та болады (мысалы: мен қол са- ғат сатып алдым).

Атау септікті сырттай, формасы жағынан, өзіне тән қосымшасы болмайтындықтан, іштей мазмүн жағынан ^заттың белгісіздігін білдіретіндіктен, белгісіздік септік деп танып, солайша талдап келе жатқан да салт бар. Мысалы: Мен кітапты оқыдым дегеннен тыңдаушы біл- мейтін, әйтеуір бір кітапты оқығандық бағдарланады. Сондай-ақ, қала көркі дегеннен жалпы, қала атаулының (әрбір қаланың) көркі деген белгісіздік үғым пайда бо- лады. Бірақ қазақ тіл білімінде бүл категориялар табыс және ілік септіктердің косымшаларының ашық және жа- сырын болуымен байланысты қаралып жүр.

Атау септік формасындағы сөздер, әдеттс, септеулік шылаулармен де жұмсала береді. Ондай жағдайда атау формадағы есімнің мағынасына да, қызметіне де елеулі езгерістер енеді. Атау формалы сөзге тіркесіп колданы- датын шылаулар (септеуліктер) мыналар: үшін (сен Үшін, ел үшін), арқылы (хат арңылы, кісі арңылы);



. 1 Тәуелдіктін кай жағында тұруына карай кімім? кімің? кімі- ^13- кімі? нем? нең? несі? деген сүрауларға да жауап беретінін жо- аРыдағы кестеден қараныз.

61


туралы (әдебиет туралы, грамматика туралы) сияқтьі, секілді, тәрізді, іспетті (өлең сияңты, келген секілді), сайын (үй сайын, ай сайын), жөнінде (оку жөнінде, мал жөнінде), жайында (өнерпаздық жайында, балық жайында), бойы (жыл бойы, күні бойы), бойынша (ау- дан бойынша, облыс бойынша), қүрльім (ол ғүрлым, кісі ғүрлым), түгіл (сіз түгіл, қала түгіл) т. б.

  1. I л і к с е п т і к. Бүл септік менгеру я меңгерілу жағынан тікелей етістікке қатыспайды, әрқашан соііғы тәуелдеулі есім сөзбен я субстантивтенгеи сөзбен байла- нысты болады (колхоздыц малы, совхоздың директоры). Осыған орай, атау формадағы әрбір сөзге жалғанатын ілік септіктін қосымшасы я меншікті (иелікті), я басқа бір қилы қатынасты білдіреді. Мысалы: оңушының дәпте- рі дегеннен дәптер оқушының меншігі екені білінсе, кір- піш заводы дегеннен тек катыстық қана мағына білінеді.

Ілік сепітк жалғауы жалғанып та, жалғанбай да тұ- рады Онын солайша я ашық, я жасырын қолданылған- дағы мағыналары, әрине, дәл бірдей емес, өзара айыр- машылык болады. Дегенмен, жалғауы жалғанып ашық түрса да, жалғанбай жасырын тұрса да, ілік септіктегі сөз әрқашан аиықтауыш болады. Мысалы: Ердің атын еңбек шығарады (мақал); Таласа, жарыса білінген изен, жусан, жас бетеге иістері де күн іиуақты салңын сәске- нің қош лебіндей (М. Әуезов) т. б.

Ілік септіктегі сөз өзінен соңғы тәуелдеулі сөзбен тір- кесіп барып бір күрделі мүше болып та қызмет атқара- тыны жиі ұшырайды (мысалы: Абай көиіесіАлматы- дағы көркем көшенің бірі; Үй ішінің әңгімесі осымеп аяқталды (М. Әуезов); Ауылдыц алды айдын көл, Ай- дын көлде шағала (I. Жансүгіров) т. б.



Е с к е р т у: Лексикаланған кейбір тіркестерде ілік септік жалғаудын соііғы ң дыбысы түсіп қалып, бірік- кен сөзге айналуға бейімделу бағыты да бар. Мысалы: Қысты күні (іқыстыц күні), жазды күні (жаздың күні), күзді күні (күздің. күні). Сол себептен де олар қазіргі орфография ережесі бойынша қыстыгүні, жаздыгүні, күздігүні болып жазылып жүр.

  1. Барыс септік. Бүл септіктегі сөз әрқашан етістік мүшемен (сөзбен) тікелей де, жанай да байла- нысып, негізінде, қимылдың бағытын, мақсатын білді' реді (Ол ертең Москваға жүреді; Оқушы кітапханағй

62

кітап алуға кетті т. б.). Барыс септіктегі сөз мағынасы- на қарай сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бо- лады. Мысалы: Білгенге маржан, Білмеске арзан, На- дандар баһра ала алмас. (Абай); Өткір пыіиақ қынға 'қас, өтірік сөз жанға қас (мақал).

Барыс септіктегі сөздер сөйлемнін бірыңғай мүшелері болғанда, олардың қосымшалары жай септеуде де, тәуел- ді септеуде де я бәріне де бірдей жалғанып, я тек соңғы- сына ғана жалғанып та қолданылады. Мысалы: Мен бул сұрауды бүкіл ауылға, оның адамдарына, далаға, жерге, көкке, қысқасы, бүкіл дүниеге қойғандай жан-жағыма қарадым (С. Мүқанов); Үлкен ақ үйдің терме баулары барқьіт пен жібекке, кесте мен оюға, бояу мен сырға орап қойғандай (Ғ. Мүсірепов); Сен үшін күн-түні қайғырып, Ақ кірді сақал, мұрт, шашыма (Б. Майлин) т. б.

  1. Табыс септік. Бүл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы: Түзетпек едім заманды, өзімді тым- аң зор тутып (Абай); Ссірыарқаның әр қырқасына бір қазық щғып, көмірді темірге, темірді мысқа, мысты қор- ғасынға қосақтап, арқандап тастады (Ғ. Мүсірепов) т. б. Әрине, мұнда да көмекші есімдермен тіркескен күрделі табыс жалғаулы кейбір сөздер мен идиомалык тіркестер күрделі мүше болатыны даусыз (мысалы: Ел үшін қыз- . мет қыл; құлақ қой; көз сүзбе т. б.)

Табыс септіктің жалғауы да бірде ашық, бірде жасы- рын түрде қолданыла береді. Бірак жалғауы айтылмай, жасырын түратын табыс жалғаулы сөз сыртқы форма жағынан атау септіктегі сезбен түрлес болғанымен, әр- қашан сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура толық- тауыш болады я, жоғарыда айтылғандай, күрделі мүше- нің қүрамына енеді. Мысалы: Мал жер емеді, адам мал емеді (Ғ. Мүсірепов); Маңсатымтіл үстартып, өнер шаіипаң (Абай); Қаланың іші жер қазып жатңан, кірпіш тасып жащан, ағаш жонып жатқан, балиіьщ илеп жат- Қан адамдарға толы (С. Ерубаев).

Табыс септіктегі сөздер сөйлемде бірьщғай мүше бол- ранда, олардың қосымшалары жай септеуде, тәуелді сеп- теуде я бәріне бірдей қосылады, я басқаларынан түсірі- ліп, тек соңғысына ғана жалғанып айтьілады. Мысалы: *еҢ даланы, таза самалды, орманды, суды сағынатын жҰрт ылғи бір мұңды әндер салатын (Ғ. Мүсірепов); Қа- Рчман мен Қобыланның аяқ, қолын тұсады («Қобылан- Дьі батыр» поэмасы) т. б.



63


  1. Ж а т ы с с е п т і к. Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік және мезгілдік мағына береді. Осығаң сәйкес, сөйлемде беретін мағынасына карай жанама то- лықтауыш та, мезгіл пысықтауыш та, кейде орнына қа- рай, баяндауыш та болады. Мысалы: Жат цораны күзет- кен қартаң шалда сана жоқ (Абай); Аспанды жащан қара булт әлем-тапырақ көшуде (С. Мұқанов); Есімде, анам есімде, Есімнен сөзің ңала ма (I. Жансүгіров); Байлықеңбекте, жерде (Ы. Алтынсарин).

Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болғанда, олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді. Мысалы: Оралда, Сібірде, Солтүс- тікте, Шығыста, алтында, күмісте, мыста талай естігең, өзгермейтін, міз бақпайтын безерген дауыс (Ғ. Мүсіре- пов).

  1. Шығыссептік. Бүл септік іс-амал, қимыл-әре- кеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағына- ларына қарай, шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықта- уыш та, пысықтауыш та, кейде баяндауыш та болады. Мысалы: Әкемнен әліп биді үйде ощыдым (С. Торайғы- ров); Қөз көруден тыйылмас, көңіл сенуден тыйылмас (мақал); IIIегірткеден қорыщан егін екпес (мақал); Бі- лімдіден іиыщан сөз, талаптыға болсын кез (Абай); Қа- раңғы үйге таңның квгілдір сәулесі босаға саңлаулары- нан, киіз жыртықтарынан ене бастады (С. Мүқанов); Игілік мың-мыңнан сұрыптап тастаған жылңысын қия алмады (Ғ. Мүсірепов).

Бірыңғай мүшелер ретінде жүмсалғанда, шығыс сеп- тіктің қосымшалары олардың бәріне бірдей жалғаныв та, тек соңғысына ғана жалғанып та колданылады. Мы- салы: Ак, отау топырлады Ақан түскен, Қалың жұрт Ker­ri кернеп сырттан, іштен (I. Жансүгіров); Сол кезді бацшада жастьщтан, бақыттан, іиаттықтан, сұлулыцтая тасып иіыққан таза күлкі шықты (С. Ерубаев); Жиде- бай, Мұсацұлдан, Қыдыр мен Көлқайнар, ҚызылшоқЫ- дан сойыл ұстап Қараіиоцыға қарай шапңылап кетіп бара жатқан лек-лек аттылар (М. Әуезов.)

  1. Көмектес септік. Бүл септік іс-амалдың KV' ралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортактасу, бірле- су, астасу, үштасу сияқты жай-күй қатынастарын жәДО басқа әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағынала- рына сәйкес, көмектес септіктегі сөз сөйлемде толыктй' уыш та, пысықтауыш та бола береді. Мысалы:

64

а) Таспен үрғанды аспен үр (мақал). Енді аспанға к.ұс боп ұшқанды да көзімізбен көрдік (С. Сейфуллин); ә) Балқыған балығымен, байлығымен Атырау, Арал, Балқаш көлім қандай! (I. Жансүгіров) т. б.

б) Оқығанды көңілге ыңыласпен тоңылық (Ы. Ал- тьінсарин); Құлагер қуанышпен қосып едім, Алдыңнан үмітпенен тосып едім (I. Жансүгіров) т. б.

в) Жүмабике-ау, кіммен теңеліп отырсың? Олар ме- німен тең бе? (С. Сейфуллин); Аспан оған жермен тең, Жүйріктері желмен тең (И. Байзақов).

г) Абай қора салатын үсталарымен, жүмысшыла- рымен және төрт-бес үй көріиісімен келіп, сол жүмысты окүргіздіріп жатыр (М. Әуезов).

ғ) Хамит осы орман ағаіитардың ішімен, ескілеу жолмен жүріп келеді (С. Сейфуллин).

д) Ол адыр мен жоталарды кезумен келеді (М. Әуе- зов); Ондай сабақтың көбін біз қалғумен тыңдаймыз (С. Мұқанов).

Көмектес септік формасындағы сөздер де сөйлемніц бірыңғай мүшелері ретінде жүмсалған жағдайда қосым- шасы олардын әрқайсысына да, бұрынғыларынан түсі- ріліп, тек сонғысына да жалғанады. Мысалы: Біз само- летпен, поезбен, машиналармен жиыны 52 мың км жол жүріппіз (М. Әуезов); Болатымен, темірімен, іиойыны- мен араласқан мыс шашылып-төгіліп жүріп, үш түрлі пештен өтеді (Ғ. Мүсірепов); Алмас қылыш, ақ семсер, көк сүңгімен жалын жүтып, тас шайнап жүргені анық (И. Байзақов).

§ 17. ЖІКТІК ЖАЛҒАУ

Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқара- ДЫ. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау — баяндауышқа ғана тән жалғау.

Жіктеу категориясы — қазіргі қазақ тілінде тек етіс- тікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет этқара алатын өзге де сез таптарына, соньщ ішінде есім- Дерге де тән қасиет. Олай дейтін себебіміз — бастауышы Жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш бола- сөз (қай сез табынан болуы шарт емес) әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабыл- іДаиды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, бас- Қз бір жалпы я жалқы есімнен болатынд^ій жағдайда,




оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында түрады (мы- салы: Ол отырбала отыр; ол келдібала келді; ол көрсінбала көрсін; ол оңыптыбала жазыпты т. б.).

/

/ § 18. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ЖАЛҒАНУ ЖҮЙЕСІ



/ МЕН ФОРМАЛАРЫ

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлі- ніп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі:

Бірінші топқа отыр, түр, жүр, жатыр етістіктері, есім- шелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады.

Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалы көсем- шелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі

Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді) мен шартты рай формасы (барса, кел- се) жатады; бүлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.

Тертінші топқа етістіктік бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.

  1. Бірінші топқа тән сөздер сөйлемде баяндауыш болса, жіктік жалғау оларға жекеше түрде де, көпше түрде де барлық жақтарда бірдей, бір ізбен қосылады. Бұл топқа тән сөздердің жуан я жіңішкелігін қамти оты- рып, бір-бір мысал алып, жіктеп көрсек, мынадай үлгі туады: а) түр, жүр.

Жекеше Кепше

мен түр-мын, жүр-мін, сен біз (дер) түр-мыз, жүр-

түр-сың, жүр-сің, сіз түр- міз, сендер түр-сыңдар,

сыз, жүр-сіз, ол түр, жүр жүр-сіңдер, сіздер түр-

сыздар, жүр-сіздер, ола(

түр, жүр

Е с к е р т у: Екінші жақтың сыпайы түрінің жекеше- сінде де, көпшесінде де ауызекі (сөйлеу) тілде -сыз, -сыъ дар дегеннің орнына -сыңыз, -сыңыздар деп те айтыла- ды. Оның бер жағында, бүл формалар тек осы топк! ғана емес, өзге топтарға да тән. Бірақ бүл соңғы форШ (-сыңыз, -сыңыздар) қазіргі’ әдеби тілге тән -сыз, формасынан гөрі, біздің ойымызша көнерек сияқты.

ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келепн; 60- pap, келер; бармақ (шы), келмек (ші). |

66

»

Ж е к е ш е

мен барған-мын, келген- мін, сен барған-сың, кел- ген-сің, сіз барған-сыз, келген-сіз, ол барған, кел- ген

б) Зат есімдер: Ж е к е ш е мен оқушы-мын, мүғалім- мін, сен оқушы-сың, мүға- лім-сің

сіз оқуиіы-сыз, мүғалім- сіз, ол оқушы, мүғалім

Көпше

біз (дер) барған-быз, кел- ген-біз, сендер барған- сыңдар, келген-сіңдер, сіз- дер барған-сыздар, кел- ген-сіздер, олар барған, келген

оңуіиы, мүғалім т. б.

Квпше біз (дер) оқушы (лар) -мыз, мүғалім (дер) -міз, сендер оқушы (лар) -сың- дар, мүғалім (дер) -сіңдер, сіздер оқушы (лар) -сыз- дар, мүғалім (дер) -сіздер, олар оқуиіы (лар), мүға- лім (дер)

в) Сын есімдер: аласа, үлкен т. б.

Же к е ш е

мен аласа-мын, үлкен-мін, сен аласа-сың, үлкен-сің, сіз аласа-сыз, үлкен-сіз, ол аласа, үлкен

Көпше

біз (дер) аласа-мыз, үлкен- біз, сендер аласа-сыңдар, үлкен-сіздер, сіздер аласа- сыздар, үлкен-сіздер, олар аласа, үлкен

г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б.

Жекеше мен оныншы-мын, үшінші- мін, сен оныншы-сың, үшінші-сің, сіз оныншы- СЫЗ, үшінші-сіз, ол онын- шы, үшінші

Көпше

біздер оныншы-мыз, үшінші- міз, сіздер оныншысыздар, үшінші-сіздер, сіздер онын- шы-сыздар, үиіінші-сіздер, олар оныншы, үшінші

ғ) Есімдіктер: ңалай, кім т. б.

Ж е к е ш е

қалай-мын., кім-мін, Сен қалай-сың, кім-сің, сіз ^лай-сыз, кім-сіз, ол қа- Лай. кім

Көпше

біз (дер) қалай-мьіз, кімбіз, сендер цалай-сыңдар, кім (дер)-сіңдер, сіздер қалай- сыздар, кім (дер) -сіздер, олар қалай, кім (дер)?

67


д) Үстеу: бірге Жекеше Көпше

мен бірге-мін біз(дер) бірге-міз

сен бірге-сің сендер бірге-сіңдер

сіз бірге-сіз сіздер бірге-сіздер

ол бірге олар бірге

Сөйтіп, бұл топқа тән сөздердің (формалардың) жік- телу ерекшеліктері мынадай: біріншіден, бұлардын бә- ріне де жіктік жалғау түбірге я негізге тікелей жалғана- ды; екіншіден, оларға жалғапатын жіктік жалғауларда тек сөздің (форманың) жуан я жіңішкелігіне және соң- ғы дыбысына қарай, демек, үндестік заңға сәйкес өзге- ріс болмаса, тұлғалық айырмашылык, болмайды; үшінші- ден, бүлардың үшінші жақтарында жіктік жалғау бол- майды.



  1. Екінші топқа гән сөздер сөйлемде баяндауыш бол- са, оларға жалғанатын жіктік жалғау жекеше түрде де, көпше түрде де барльщ жақтарға бірдей, бір ізбен төмен- дегіше жалғанады.

a) А у ы с п а л ы (-а, -е, -й) ф о р м а л ы к ө с е м- шелер: бара, келе, қарай, сөйлей т. б.

Ж е к е ш е

мен бара-мын, қарай-мын, келе-мін, сөйлей-мін сен бара-сың, қарай-сың, келе-сің, сөйлей-сің сіз бара-сыз, келе-сіз, қарай-сыз, сөйлей-сіз ол барады, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді

К ө п ш е

біз(дер) бара-мыз, келе-міз, қарай-мыз, сөйлей-міз сендер бара-сыңдар, келе-сіңдер, қарай-сыңдар, сөйлей-

сіңдер

сіздер бара-сыздар, келе-сіздер, қарай-сыздар: сөйлей- сіздер, олар бара-ды, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді

ә) Өткен (-п, -ып, -іп) шақ көсемшелер: барып, келіп. қарап, сөйлеп т. б.

Ж е к е ш е:

мен барып-пын, келіп-пін, қарап-пын, сөйлеп-пін сен барып-сың, келіп-сің, ңарап-сың, сөйлеп-сің сіз барып-сыз, келіп-сіз, қарап-сыз, сөйлеп-сіз ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сөйлеп-ті.

68

К ө п ш е:

біз(дер) барып-пыз, келіп-піз, қарап-пыз, сөіілеп-піз сендер барып-сыңдар, келіп-сіңдер, қарап-сыңдар, сөй- леп-сіңдер

сіздер барып-сыздар, келіп-сіздер, қарап-сыздар, сейлеп- сіздер

ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сейлеп-ті.

Сөйтіп, екінші топтың жіктелуінде өзіне тән бір ғана ерекшелігі бар. Ол ерекшелік — екінші үлгінің III жағын- да арнаулы -ты (-ті, -ды, -ді) қосымшасы бар. Бірақ ол косымша жекеше түрде де, көпше түрде де өзгермей бір калыпты сақталып отырады (ол алыпты; олар алыпты).



  1. Үшінші топқа тән формалар баяндауыш болса, оларға жалғанатын жіктік жалғау жекеше түрде де, көп- ше түрде де төмендегіше бір ізбен жалғанады.

а) Жедел өткен шақ формасы: айтты, өтті т. б. Жекеше: Көпше:

мен айтты-м, кетті-м біз(дер) айтты-қ, кетті-к,

сен айтты-ң, кетті-ң сендер айтты-ңдар, кетті-

сіз айтты-ңыз, кетті-ңіз ңдер

ол айтты, кетті сіздер айтты-ңыздар, кетті-

ңіздер

олар айтты, кетті

а) Шартты рай формасы: оқыса, білсе т. б. Жекеше: Көпше:

мен оқыса-м, білсе-м біз(дер) оқыса-қ, білсе-к

сен оңыса-ң, білсе-ң сендер оқыса-ңдар, білсе-

сіз оқьіса-ңыз, білсе-ңіз ңдер

ол оқыса, білсе сіздер оқыса-ңыздар, білсе-

ңіздер

олар оқыса, білсе

Сөйтіп, үшінші топқа тән формалардың жіктелуінде мынадай ерекшеліктер бар: біріншіден, жеке түрінің I, ” Жақтарының жіктік жалғаулары тәуелдік жалғауының ^екеше түрінің 1, II жақтарының қосымшаларына ұқсас (мысалы: әке-м, әке-ң, әке-ңіз); екіншіден,— көпше түрі- Н|Ч I жағының жалғауы (-қ, -к) жоғарыдағы екі топқа да ¥Қсамайды, өзінше бір басқа; ал, көпше түрінің II жағы-



69



^(ақтары

Бірінші үлгі

Екшші үлгІ

Үшінші үлгі

Төртінші үлгі

-мен

-сен

-сіз

ол

біз(дер)

сіздер

олар

-мын -сын -сыз -оо -сьіңдар -сыздар 00

-мын

СЫҢ

-сыз -ды

сыңдар сыздар -ды





-ңыз

-оо

-ыңдар -ьіңыздар

~оо

-йын -оо ныңыз чсын -ьіңдар -ыңыздар нсын


Казақтың қазіргі әдеби тілінде жіктеу есімдіктері же- кеше түрде де, көпше түрде де, анайы және сыпайы (сен
және сіз, сендер және сіздер) болып үнемі сараланып отырады. Осыған орай, жіктік жалғаудың да, тәуелдік жалғаудың да екінші жақтарының косымшалары жеке- ше формада да, көпше формада да, анайы және сыпайы түрлерге сәйкес болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет