§ 24. СӨЗ ФОРМАЛАРЫ
Сөз — ең негізгі тілдік тұлға (единица) болумен қа- тар, күллі грамматикалық ережелер мен заңда.рдың да кфідігі. Өйткені барлык грамматикалық ережелерді ал- сақ, олар, сайып келгенде, сөздің өзгеру және түрлену,
80
тіркесу жәғіе жалғасу зацдарымен байланысты. Демек, грамматикалық ережелер дегеніміз — сөзге байланысты заңдар, солар жайындағы қағидалар. Бірак заң мен заң- ғіың арасында да, сондай-ақ, ереже меғі ережеғіің арасығі- да да парық болады. Ол айырмашылық сөздің қолданы- лу ерекшелігіғі, өзгерілу жүйесіне байланысты, өйткені сөздің өзгерілуі оның бүтіндей түрлену жүйесіне сай бо- луға лайық. Грамматика осы заңдарды анықтап, олар- дьш әрқайсысына тиісті ережелер шығарады. .Бірақ сол зандардың анықталуы да, оларға арналып ережелердің щығарылуы да сөздің бойындағы сыр-сипаттардың жүйе- жүйесін дұрыстап аша білуге байланысты. Сөздің сыр- сипаттары, әрине, тілдегі сөз атаулынын бас-басындағы ерекшеліктерді іздеу аркылы емес, олардың барлығына тән, белгілі топ-тобына тән жалпы қасиеттерін анықтау арқылы ашылады. Мысалы: кел, келші, келіңізші, келің- дерші, келсінші, келейінші, келейікші, келді, келдік, кел- дім, келсе, келмесем, келер, келетін, келген, келгелі, ке- Ліпті, келмек, келмес, келтір, келтірт, келтіріс, келіңкіре, келтірілген, келтірілмепті, келістір, келісім, келісімді, ке- ліскіш, келгіш, келгіште дегендерді алайық. Оларға қа- рап отырып ойлансақ, осылардың әрқайсысы басқа-бас- қа сөздер ме, болмаса бәрі бір сөз бе, яки болмаса олар бір сөздің әр алуан түрлері ме деген сүрақтар туады.
Егер, тек сыртқы тұлғаларына қарап, олар бір сөз емес, әр түрлі сөздер десек, онда сөз бен сөзді жалғасты- ратын, сөзден сөз тудыратын, сөз түрлендіретін (форма тудыратын) категорнялардың араларында әрі айырма- щыділқ, әрі рларды бір-бірінен ажыратарлықтай морфо- логиялық таяйыш та болмас еді. Ал, егер, тек мағынала- рына ғана қарап, олар, керісінше, әр түрлі сөздер емес, бір ғана сөз десек, онда тіліміздегі грамматикалық фор- малардың өзді-өзіне тән кызметтерін ескермей ,елеусіз қалдырғандық болар еді; сонымен қатар, бұл жағдайда оларды іштей жіктеуге де, алды-алдына саралап, түсінді- руге де мүмкін болмас еді. Олай болса, осы аталған (кел) сезден өрбіген түрлі сөз формаларынын жүйесін тауып, өздеріне тән сөздік және формалық қасиеттерін анықтау, әрине, грамматиканың басты міндеттерінің бірі.
дегеніміз — белгілі формалардың жүйесі. Ол ұғымға сол сөздің барлык формалары енедй Ендеше, кел, келші, келіңіз... дегендердің бәрін де бірг сөздің әр тҮрлі формалары деп таныған мақұл. Өйткені -ріліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын (жалғастыратын), сөз-
81
ден сөз тудыратыні демек, кейбіреулері жаңа сөз туды- ратын, ;кейбіреулері тек сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін (форма тудыратын) қосымшалардың қай- қайсысын алсақ та, олар өздері жалғанған сөзді я бір грамматикалық категориядан екінші >я бір басқа грамма- тикалық категорияға көшіретің* я болмаса жалпы грам- матикалық категорияның ішіндегг жалқы категориялардьі іштей бірінен-біріне аударатын формалар ретінде қызмет етеді.
Жоғарыдағы, формалар, әрине, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған. Синтетикалық тәсіл арқылы туатын бұл формаларды тек осылай сөз формалары деп жалпы- лама атап қана оларды әрі қарай сараламай, талдамай, калдыра салсақ, сол формалардың сыр-сипаттары, ерек- шеліктері де жете ашылмай, қызметтері де айқын анық- талмай калады. Ал, олардың сыр-сипаттарын ашудың грамматика үшін маңызы аса зор. Әсіресе сөз формала- рының әр алуан түрлерінің кызмет шектерін ажыратудың (шегін ашудың) морфология үшін манызы тіпті төтеншб. Солай болса,. синтетикалык тәсіл арқылы туатын сөз фор- маларын катёгориялық маңыздары мен қызметтеріне қа- рай, сөз жалгастыратын (сөз жалғастырғыш) форма- лар, сөз түрлендіретін (сөз түрлендіргіш я форма тудырғыш) формалар және сөз тудыратын (сөз тудыр- ғыш) формалар деп үш салаға бөлген дүрыс;
Қазақ тіліндегі сөздердің өзара қарым-қатынасы тек косымшалар арқылы ғана, демек, морфологиялық тәсіл арқылы ғана емес^ синтаксистік тәсілдер арқыльг да бері- леді. Атап айтсак, синтаксистік тәсіл арқылы да сөздерді бір-бірімен байланыстырып, әр алуан таза грамматика- лық мағыналармен қатар, лексика-грамматикалық мағік- налар жасауға болады. Бірақ бұл тәсіл арқылы туатын мағыналар да сөздердің қалай болса солай, кездейсок түрде тіркесе салуынан пайда болмайды, тілдің ішкі да- му заңдарына лайық қалыптасқан жүйе-жүйе ережелері бойынша құралуынан туады. Мысалы: ала бер, ала кел, ала кет, ала түр, ала отыр, ала шық, ала қой, ала бар, ала жүр, ала сал, ала жазда, ала баста сияқты тіркес- терді және қуа түс, ала түс, оқи түс, көре түс, біле түс, жаза түс, сөйлей түс... деген тіркестерді алсақ, әрбір тір- кестің лексика-грамматикалық мағыналары тіліміздегі дағдылы тіркестер арқылы туған. Сондай-ақ, қызмет ет, қызмет етер еді, қызмет еткен екен, ңызмет етсе игі еді деген тіркестердің мағыналары мен қызметтері де жеке-
82
жеке сөздердің жоғарыдағыдан гөрі басқашарақтау бір жүйесі бойынша тіркесулерінен пайда болған. Осы сияқ- ты, көк ала, сүр ала, сары ала, шүбар ала деген тіркес- тердін және ақ көк, қара көк, қызыл көк, теңбіл көк, цо- ңырқай көк, жасыл көк тәрізді тіркестердін мағыналары мен қызметтері де олардың кұрамдарындағы сөздердің белгілі жүйе бойынша қүрылуынан туады.
Осы формалар тек^грамматикалық я лексика-грамма- тикалық мағыналардың және олардың кызметтерінің нақтылы тілдік-жамылышы ретінде қызмет етеді. Енде- ше, осындай формаларды /Сез формалары деп танимыз] Бірак бұл соңғы формалар морфологиялық формалар емес, синтаксистік формалар. Солай болс^, казак тілінде сөз формалары морфологиялық тәсіл арқШіы да, синтак- систік тәсіл арқылы да жасаладьу
Сөйтіп, сөздің грамматикалық және лексикалық жақ- тарынын әр түрлі болып келуі оның кұрамының және байланысу-жалғасу түрлеріңің өзгеруіне байланысты. Өйткені сөздің грамматикалық формасы деген ұғымға сөздің морфологиялық құрылымының түр-түрлері де, олардың өзге формаларымен немесе баска сөздермен әр алуан жол аркылы тіркесулері де енеді.
Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық КҰ- рамьГндағы бөлшектерінің (морфемаларының), синтак- систік байланыс- жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша ма- ғыналарды білдірерліктей (я сондай мағыналарға ие бо- ларлықтай) әр алуан түрлерін айтамызА
Ендеше, бұл аныктамаға қарағандй7^й.з дегенмііз өз^ ара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып шығады.
Сөз формаларының түр-түрлерінің қызметтері де, ма- ғыналары да, әрине, бірдей болмайды. Өйткені, егерде бірдей я пар-пар болса ,олар жарыса өмір де сүрмеген болар еді. Мысалы, бірінің олқылығын бірі толтырып, 61- pi мен бірі байланысып кызмет ететін морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы туатын сөз формала- рының қызметтері мен мағыналары былай тұрсын, тек синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларында Да олар өзара бірдей емес.
Сөз формалары да — тарихи кұбылыстар. Демек, тіл- Дің грамматикалық қүрылысының даму,_жетілу ерекше-
83
лІктерімен байланысты, сөз формаларының да бірте-бір- те өзгеріп я ауысып, я жацадан қосылып, немесе, керісін- ше, қолданудан шығып қалып отыруы — заңды нәрсе. Бұған түрік тілдеріндегі морфологиялык формалар бұ- рынғы кездегі синтаксистік формалардың дамуынан ту- ған дейтін пікірді айтса да жеткілікті. Мысалы, қазіргі айтты, келді деген формалардағы өткен шақтың -ты, -ды көрсеткіші бұрын есім тудыратын форма болғаи, керісін- ше, қазіргі кезде етістіктен сын есім тудыратын -аған (-еген) формасы (қабаған, тебеген) бұрын есімшенің жұрнағы болған. Бұрынғы кездердегі неме ерсе деген тір- кестен немесе формасы, олай етпесе тіркесінен зйтпесе формасы, солай етіп дегеннен сөйтіп формасы пайда бол- ған^ Алдыңғы айтты, қабаған деген мысалдар морфоло- гиялық формалардыц өзара сараланып ауысқандыкта- рын дәлелдесе, соңғы мысалдар (немесе, әйтпесе, сөйтіп) жай сөз тіркестерінің дами келе бір сөзге айналғандық- тарын сипаттайды. Сөз форздаларының іштей осындай әр алуан жолдар бойынша мағынасы мен қызметінің ауы- суы арқылы бір замандарда бір сөздің әр қилы түрі ре- тінде қызмет еткен формалары кейінгі замандарда бір- бірінен алыстай-алыстай басқа бір сөзге айналуы (мыс$- лы: сөз, сөйлеу; өз, өзінше, өздігінен; ңай, қандай, ңалсійу тұр, тұрмыс, түраң дегендерді өзара салыстырыңыздар) я, керісінше, әуелдегі басқа-басқа сөздер кейін бір сөздін әр қилы формаларыиың біріне айналып кетуі таңырқар- лық қүбылыс емес.
§ 25. СӨЗДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Тіліміздегі сөздер морфологиялык құрамы жағынан біркелкі емес, әр түрлі. Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де (ат, ас, із, жап, ез, тер), жүрнақ аркылы жа- салған туынды сөздер де (атаң, астың, ізде, жаппа, езгі, тершең) бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден бірік- кен сөздер де (бүгін, белбеу, алабота, зкел, сексен), екі түбірден қосарланып жасалған сөздер де (шиібын-шір- кей, бала-шаға, көзбе-көз, кімде-кім, қалғсін-қүтқан), бір- неше тубірдің тіркесуі аркылы жасалған құрама сөздер де, (темір жол, темір қазық, кемпір қосақ, ак, қүба, қара көк, он алты, сексен бір, ала кет, ала кел, ңызмет ет, ең- бек қыл), бірнеше түбірден кыскарып күралған сөздер де (ҚазССР, ҚҚП, облсовет) бар.
Сөздердің және олардың формаларығіың түрпаттары
84
жағынан осындай әр алуан болуы тіліміздегі сөз тудыра- тын негізгі морфологияльік және синтаксистік тәсілдер- дін ерекшеліктерімен байланысты. Біріншіден, осы тәсіл- дердін ерекшеліктерін айқын ашу үшін, екіншіден, әр қилы талдауларға практикалық жеңілдік жасау үшін, сөз- дерді формалык ғіұсқаларына (типтеріне) қарай, жалаң сөздер және күрделі сездер деп іштей екі салаға бөліп, жалан сөздерге түбір сөздер мен туынды сөздерді, күрде- лі сөздерге біріккен сөздерді, қос сөздерді, құрама (күр- делі)) сөздерді және кыскарған сөздерді жатқызғағі ма- кұл. Сонда жалаң сөз деп кұрамында бір ғана негізгі тү- бір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп қүрамында ен кемінде екі (я онан да көп) негізгі түбір бар сөзді айтамыз* Сөздерді осылайша жалан, және күрделі деп бөлу — әрине, шартты нәрсе. Өйткені қазіргі кезде түбір саналып жүрген айт, шүнақ, ояу сияқты сөздер тарихи жағынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер болған да„ қарлығаш, өйт тәрізді сөздер біріккен сөздер болған. Сол себептен морфемаларға бөлінбейтін түбірді ^ана жалаң сөз деп танып, морфемаларға бөлшектенетін туынды сөзді өз алдына бөліп жатудың лайығы жоқ. Сөй- тіп, осы тұрғыдан алғанда, жалаң сөздер морфологиялык ■тәсілдін, жемісі ретінде қаралады да, күрделі сөздер син- таксистік тәсілдін, жемісі есебінде қаралады.
Дегенмен, грамматикалық амал бойьшша сөз тудыру- дың аясы тек таза морфологиялық және таза синтаксис- тік тәсілдермен ғана тынбайды, осы екі тәсілдің ұштасып комбинациялануы (селбесуі) арқылы да сөз жасалады. Мысалы, қазіргі тіліміздегі ендігәрі, екіншәрі деген үс- теулер ендігіден. әрі, екіншіден әрі деген тіркестердің (шығыс септіктегі есімдер мен шылаудың) бірігіп ық- шамдалуынан туған да, зорға, босқа, бірге деген үстеулер тиісті есім сездердің (зат есімнің, сын есімнің, сан есім- нід) барыс септіктегі формаларының ез төркіндерінен бө- лшіп шығып, басқа категорияға біржолата көшуінің ар- қасында пайда болған. Сондай-ақ, кенеттен, тосыннан, ежелден, бірден деген үстеулер де тиісті есімдердің шы- ғыс септіктегі формаларының ©з орталарынан оқшаула- нып шығып, дербес сөз болып қалыптаскан. Сол сияқты, басқа, өзге деген сын есімдер әуелгі бас деген зат есім- ніҢ, өз деген есімдіктің барыс септіктегі формаларының ^астапкы төркіндерінен кол үзіп, адъективтенуінен (сын есімге кешуінен) туған. Ал барлық, барша, бәрі, бүкіл,
бүтін. есімдіктері әуелгІ бар дегеи әр тарап сөздің, біт де-
>- .
85
ген етістіктің тиісті формаларының прономиналдануынан (есімдікке көшуінен) шыккан т. б.
Бұл мысалдарға қарағанда, белгілі бір сөз табына ти- істі (тән) бір алуан сөздер я олардың кейбір формалары өз орталарынан ада-күде қол үзіп шығыл, басқа бір сөз табына ауысып, өз алдына дербес сөз болып қалыптаса- ды; бірақ бұндай сөздер я түбірге жұрнак. косу аркылы, я сездерді не біріктііру, не қосарлау, не тіркестіріп кұрау, не қыскарту арқылы тумайды; яғни олар морфологиялық тәсіл бойынша да, сннтаксистік тәсіл бойынша да жасал- маған; дв^ек, кей бі^-^здердін-я^рлардың кейбір форма- ларының W тооынан бөлініп шығып, өзге бір граммати- калық топқа біржолата көшіп, өз алдына дербес сөз ре- тінде қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Сөздердің осылайша бір категориядан екінші категорияға көшу һ.ү- былыстарының ішінен казақ тілінде көбірек ұшырайтын- дары — субстантивтену (заттану я зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге айналу), прономиналдану (есімдікке айналу), адвербиалдану (үстеуге айналу) жә- не вербалдану (етістікке айналу) деп аталатын процес- тер.
Сейтіп, грамматикалык жолмен сөз тудырудын үш түрлі тәсілі бар, оның біріншісі — морфологиялык тәсіл, екіншісі — синтаксистік тәсіл, үшінші- сі — морфологнялық-синтаксистік (я син- таксистік-морфологиялык) тәсіл.үБұлардың алғашқы екі түрі төменде арнайы талданадьц
Тіліміздегі сездер құрамына қарай, ең әуелі, жалаң сездер және күрделі сөздер болып екі топқа бөлінеді. Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды с ө з болып белінсе, күрделі сөздер ішінара б і р і к к е н свз, кіріккен с ө з, қос с ө з, қысқарған с ө з болып топ-топқа белінеді.
ЖАЛАҢ СӨЗДЕР ^
§ 26. ТҮБІР СӨЗ
СөздІң өз алдына түрып мағына бере алатын, әрі қа- рай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі. әдетте, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы, бас, бастың, басшы, басқар, басқарма дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес,— түбірлес сөз- дер. Олардың ішінен тек бас деген форма ғана түбір сөз
86
болады. Бұл сез осьшдағы өзге сездердің бәріне форма жағынан да, мағына жағынан да төркін ретінде кызмет етеді. Осы ортақ төркінді әр қарай тек дыбыстарға бел- шектеуге (мысалы: ба-с; б-ас; б-а-с) болады, бірак ол жасанды бөлшектерден ешкандай мағына шықпайды.
Қазақ тіліндегі түбір сөз форма жағынан да, мағына ясағынан да ез алдына жеке сөз ретінде қолданылатын дербес сөз болуы шарт. Мысалы: ал, біл, айт, сөз, ес, іс, мал, ңат, тас, көп сияқты сөздердің әркайсысынан өз алдына әлденеше туынды сөздер жасай беруге болады. Мысалы: біл, білім, білгір, білгіш, білін, білдір, біліс, бі- лімп&з т. б. Бұл сөздер — бір түбірден өрбіген туынды сөздер. Бір түбірден туған, осындай туынды сөздер, әдет- те, түбірлес сөздер деп аталады.
Бірақ тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей, жоғарыдағы- дай, түбірге және қосымша бөлшектерге оп-оңай, мүше- лене бермейді. Олардын ішінде, туынды сөздердің мағы- насына ұйтқы болғанымен, формасы жағынан дербес сөз ретінде колданылмайтын түбірлер де кездеседі. Мысалы, момын, момақан, момыш; іиалқаң, шалқасынан, шалңаң, шалңалау, шалңалақтау, шалқалаңдау деген сөздерді алайық. Әрине, бұлар да — өзара түбірлес я төркіндес сөздер. Олардың да бастапкы түбірі қайсы екенін тұлға- лық жағыиан ажыратуға әбден болады: мұндағы бірінші топтағы түбірлес үш сездің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлшегі — мом — деген морфема да, екінші топтағы түбірлес алты сөздін ең түпкі бөлшегі — шалқ — деген морфема. Бірақ бұл морфемалардың қайсысы болса да, сол қалыптарында қазіргі тілімізде дербес сөз ретінде қолданылмайды; олар тек сол қосымшалы формаларда тұрғанда ғана жеке-дара сез ретінде жұмсалады. Жалаң түбір сөз ретінде жұмсалмайтын, тек белгілі формалар- да ғана колданылатын мұндай түбірлер, әдетте, өздері- мен түбірлес сөздердіц формаларын салыстыру арқылы анықталады. Грамматикада мүндай түбірлер (мом, иіалқ- сияқтылар) өлі түбірлер я көнерген негіздер деп аталады. Ал, осыған орай, сөз етілген алғашқы түбірлер (бас, ал, айт, ас, іс тәрізділер) тірі түбірлер деп аталады.
Е с к е р т у: Сөздердің түбірін я онын, морфологиялык Қүрылымын айқындау үшін, анықталатын морфема тіл- Дегі басқа сөздерде ұшырайтыны я ұшырамайтыны еске- рілуі қажет; егерде бір морфема (түбір ме, қосымша
87
ма — бәрі бір) талданатын сөзден басқа ең кем болған- да, бір я брінеше сөздің құрамында сбл мағынада, сол қызметте жұмсалатын болса, онда олардыд төркіні бір болғаны. Мысалы: үлкен және үлкейген, өксі және өкір, жой және жоц, той және тоң сияқты сөздерді бір-бірімен салыстырыңыздар. Сонымен бірге, сөздің морфология- лық құрамы мен этимологиялық құрамы үнемі аумай, дәлме-дәл шыға бермейтіндігі де есте болуы керек. Өйт- кені морфемалардың аралығындағы мағыналық және грамматикалық қатынастар мен байланыстар біржолата жойылғандықтан, ол сөз өзінің бастапқы төркінінен ада- күде қол үзіп кетуі мүмкін (мысалы: тын және тыныс, тыным; түп және түбір; сөз және сөйле; ту және тула; құр және құрғадьі; жап және жабыс; бол және болыс; қат және ңатыс (катынас) сөздерін салыстырып қа,. і- ңыздар).
Қазіргі түбірлердің бәрі де — лексикалық, граммати- калық және дыбыстық жақтарынан тұрақты бір бүтін тұлғалар. Ол түбірлер практикалық тілде жеке-дара сөз ретінде де, жаңадан әр алуан сөздер тудыратын негіз ре- тінде де жұмсала береді. Мысалы: ол, бұл, кел, кет, ас, ат, шаш, ңас, бас, тас, соз, мен, сен, біз, сіз, үміт, үйрет, ояу, оят, жан, жац, жальін, жалаң, жалңы, жалғыз, қайт, ңайыр сөздерінде осы қасиеттердің бәрі де бар. Бірақ тарихи тұрғыдан қарағанда, түбір бірте-бірте мағына жағынан да, дыбыстық (фонетикалық және морфология- лық) жағынан да дамып қалыптасады. Мысалы, қазіргі кез тұрғысынан алғанда, жоғарыдағы жақ, жан, жалын, жалаң, жалңы, ңайт, ңайыр сөздері — түбір сөздер. Ал, тарихи тұрғыдан алсақ, осылардың бәрі де — туынды сөздер; өйткені жаң, жан, жалын сөздері -қ, -н, -л + ын қосымшалары арқылы бастапқы жа деген түбірден, жа- лаң, жалңы, жалғыз сөздері -аң, -ңы, -ғыз қосымшалары арқылы әуелгі жал деген түбірден, қайт қайыр сөздері -т, -ыр жұрнақтары арқылы қай деген түбірден туған. Демек, ерте замандарда түбір есебінде кызмет еткен бұл морфемалар кейінгі замандарда көнеріп, туынды сөздер- дің құрамына еніп, ол құрамнан бөлінбейтіндей күйге жеткен де, жанадан сөз тудырарлықтай түбірге айнал- ған. Осындай көнеленген сөздер көнеленген түбір деп аталады.
Ал, осы жақ, жан, жалын сияқты сөздерді қазір біз туынды сөздер ретінде емес, түбір сөздер есебінде қа-
88
былдаймыз. Өйткені осы күнгі қазақтар жа деген сияқты сөздерді білмейді және оларды сөз деп қабылдамайды.
Сөйтіп, түбір сөз және түбірлік сөз дегн ұғымдардың арасында елеулі айырмашылық бар: түбір деген ұғым — динамикалық ұғым да, түбрілік сөз деген ұғым — стати- калық үғым. Бұл екі ұғымның шегін ажырату (дефини- ция) мәселесі тілдің динамикалық және статистикалық күй-жайын анықтау, тексеру үшін аса қажет.
Түбір сөздердің ішінде айтылуы (дыбысталуы) бір болғанымен, мағыналары басқа-басқа болып келетін омонимдер де бар. Мысалы: ат, ас, аз, бас, баң, жақ, той, ой, кір, тіл, ңап, тап, көш, жылы, тоң т. б. алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір есім, әрі түбір етістік ретінде жұм- сала береді. Бұлар дыбысталуы мен жазылуы жақтары- най қазіргі кезде дәл осындай бірдей болғандарымен, та- рихи жағынан, яғни бастапкы шығу төркіндері басқа-бас- қа сөздер болған. Олар, біріншіден, сөздің мағынасының дамуы нәтижесінде, екіншіден, дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде, үшіншіден, тиісті қосымшалар қосылуы нә- тижесінде омоним сөздерге айналған. Омонимдердің ішінде де басқа тілдерден енген сөздер болады. Әдетте, олар да байырғы омонимдерше түлға-түрпат жағынан тілдің заңына орайласып кетеді. Мысалы, орыс тілінен енген волость сөзі болыс деген етістікпен, араб тілінен енген ғайт сөзі айт деген етістікпен ұқсасып кеткен. Ал, болыс етістігі әуелгі бол деген түбірден және -ыс косым- шасынан, айт деген етістік бастапқы ай деген түбірден және -т қосымшасынан біріккен.
Сонымен, түбір деп, әрі қарай бөлшектенбейтін, мор- фемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я қүбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы үғымды білдіре- тін (я атау үшін қолданылатын) белгілі бір дыбысты я дыбыстык қүрамды айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |