Кіріккен сез деп компоненттер|нің я біреуі, я екеуі де бірдей эуелгі өз мағыналарынан айрылып (делекснкала- нып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білді- ретін жэне, сонымен бірге, сол компоненттері фонетика- лық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр қилы өзгеріс- терге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз.
Біріккен сез деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге үшырамай-ақ, өз ара бірігіп, жинақталған бір тұтас лексика-семантика- лық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз.
Күрделі сөздердің өзге түрлері сияқты, кіріккен сөз- дер де, біріккен сөздер де белгілі-белгілі грамматикалык сөз таптарына телулі болады. Мысалы, жоғарыдағы бү- гін, биыл, ендігәрі деген кіріккен сездер үстеу болса, әкел, экет дегендер етістіктер болады. Ал, сексен, тоңсан дегендер — сан есімдер де, әжептәуір, көнтерлі, есуас дегендер — сын есімдер т. б. Сондай-ақ иіекара, дема- лыс, асқазан, ақсақал деген біріккен сөздер зат есімге жатады да, ал әлдекім, эркім дегендер есімдік боладЫ.
106
§ 31. ҚОС СӨЗДЕР
Қос сөздердің күрамдарындағы компоненттер я бір сөздін, өзінің ешқандай өзгеріссіз кайталануынан, я оның бір сынарының, не бір буынының, не бір дыбысының өз- геріліп жамалуынан күралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден са- лаласып кұралады. Негізгі осы ерекшеліктеріне карай, кос. сездердің компоненттері семантикалық жағынан я бірдей, я пара-пар болады да, синтаксистік жағынан я ұқсас, я тепе-тен келеді. Біраққос сөздердін. компонент- тері дыбыстық жағынан үнемі пара-пар я тең бола беруі шарт емес..
Сөзді кайталау және косарлау тәсілі — өзінше ерек- шелігі мол қүнарлы жүйе. Бұл жүйе бойынша сөзді кай- талаудан я косарлаудан белгілі-белгілі мағыналар туа- ды. Бірак сөзді кайталап қолданудан сөздің неше алуан жаңа формалары жасалып, олардың мағыналары түр- ленгенімен де, лексикалық түсінігі ©згермейді, демек, жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады. Ал, сөздерді косарлап қолданудан туған күрделі сөздердін ішінде грамматикаланған да, лексикаланған да тіркестер бо- лады.
Жалпы түсіну, талдау мәселелерін жеңілдету үшін, t қос сөздерді ең әуелі кайталама қос сөздер және қосар- лама кос сөздер деген үлкен екі салаға бөліп алған дүрыс.
Қайталама қос сөздер
Қайталама кос сөздер белгілі бір сөздің я косымша- сыз, я қос.ымшалы түрініц екі рет кайталануы аркылы, я сол сөздің не бір (я бірнеше) дыбысының немесе бір буы- нының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: қора-ңора, мая-мая, үлкен-үлкен, ұсаң-ұсақ, бара-бара, келе-келе, айтып-айтып, сөйлеп-сөйлеп, уйдей-уйдей, тау- дай-таудай; үй-уйге, үй-уйден; езді-өзі, өзді-өзіне, он- оннан, бес-бестен; қолма-ңол, көзбе-көз; ат-мат, іс-міс; сарт-сүрт, қалт-қулт; ап-аиіыц, қап-ңара т. б.
§ 32. ҚАИТАЛАМА (ҚОС) СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Қайталама қос сөздер компоненттерінің ерекшелік- теріне сәйкес, калыптасқан сыртқы дыбыстық және мор-
107
фологиялык. формаларының өзгешеліктеріне қарай, төрт түрлі болады:
Қосымшасыз түбірдін кайталауынан қүралатын сөздер.
Қосымшалы түбірдің қайталауынан құралатың кос сөздер.
Түбірдін бір дыбысы өзгеріліп кұралатын қос сөз- дер.
Түбір ықшамдалып құралатын кос сөздер.
Ешқандай да қосымшалар жалғанбай-ақ, бір тү- бір екі рет кайталау арқылы жасалатын кос сөздерге жол-жол, биік-биік, кім-кім, әрең-әрең, ңарқ-қарқ сияк- ты формалар жатады. Бүл қос сездер әуелгі түбір қай тұлғада тұрса, сол тұлғада тұрып жай каиталану арқы- лы жасалады. Осы себептен бүл топты жай (қайталама) қос сез деп атауға болады.
Бүл кос сездердің бірде-біреуі бастапкы түбірден ма- ғына жағынан езгеше болып түсінерліктей жаңа лекси- калық мағына білдірмейді, тек олардың семантикасына саралау, топтау мағынасы жамалып, стилистикалық қызметіне өзгеріс енеді. Мысалы, бес қора қой деген тір- кестіЛЗес кора-қора кой деп айтуға болмайды т. б.
' Қосымшалы түбірдің кайталануы аркылы жасала- тын кос сөздер тобына түбірге жұрнақтар да жалғаулар да жалғанып косарланатын сөздер жатады. Мысалы: кө- ре-көре, сөйлей-сөйлей, басты-басты деген қос сөздерде қайталанған түбірдің екеуіне де бір түрлі жұрнақ (е; -й, -ты) қосылса, ңызу-қызба деген қос сезде кайталаған түбірдің екеуіне екі түрлі (-у; -ба) жұрнақ жалғанып түр. Ал, ел-елдің дегенде тек соңғы сыңарына ғана жал- ғау (-дің) жалғанып тұр.
Қосымшалар жалғанып қосарланған бүл сөздердің де лексикалык мағыналары өзгермей, тек семантикалык мағынасы мен стилистикалық қызметтеріне ғана косым- ша реңктер жамалады. Бұл қос сөздер қайталанатын түбірдің я біреуіне, я екеуіне де бірдей косымша жалға- нып жасала беретіндіктен, оларды қосымшалы қос сез деп атауға болады.
Қайталанатын түбірге қосылатын қосымшалардын формаларына карай, бұл топ мынадай салаларға жікте- леді:
а) ЕкІ компонентіне де косымша косылатын кос сөз- дер іштей екеуіне де бір түрлі жүрнақ жалғанатын және екеуіне де бір түрлі жалғау жалғанатын болып екі топ*
108
ка бөлінеді: Мысалы: уйдей-уйдей, таудай-таудай, сала- льі-салалы, өрелі-өрелі, айта-айта, оқып-оңып, ундемей- ундемей; жылда-жылда, күнде-кунде, оннан-оннанугекі- ден-екіден т. б.
ә) Қосымша екі компонентіне де косылатын қос сөз- дер іштей екі сыңары екі түрлі жүрнақты (орынды-орын- сыз, көрікті-көріксіз), бір сыңары жұрнақты, бір сыңары жалғаулы (уйді-уйге ; қолды-қолына) немесе әр сынары әр гүрлі жалғаулы (бостан-босқа, өзінен-өзі) бола бе- реді.
б) Косымшалы қайталама қос сөздердің бір сыңары жұрнақты (қолма-ңол, он-ондап, бес-бестеген), бір сыңа- ры жалғаулы (уй-уйдің, уй-уйге, үй-уйде, үй-үйді өз-өзі- міз, өз-өзінен, өз-өзіне) да бола береді.
Бір сыңарыныц дыбысы өзгеріп (трансформация- ланып) кұралатын қос сөздерге кісі-місі, ңағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-қүлт сияқты формалар жа- тады. Тарихи бұл топ та түбірдін бастапқы кездегі жай кайталауынан шыккан; олардың екінші компоненттері бірінші сыңарларыныц ритмикалык, жаңғырығы ретінде жұмсалатын болып қалыптаскан. Бұл кос сөздерден де жаңа лексикалық мағына тумайды; олардың екінші сы- ңарлары бірінші компоненттерге косымша реңк кана жамайды. Бірақ жамалатын сол мағыналық реңк бұл топтағы кос сөздердің бәрінде біркелкі болмайды. Олар- дың сыртқы дыбыстық өзгерістерінің ерекшеліктеріне қарай, семантикалық айырмашылыктары да болады. Мысалы: кісі-місі, нан-пан тәрізді қос сөздерден қомсы- ну, кеміту тәрізді мағына/аңғарылса, сарт-сурт, жалт- жүлт дегендердің семанти(<алары олардан мүлдем бас- қа. Бұл кос сөздердің синтаксистік және стилистикалық қызметтерінде де іштей ұқсастык жоқ.
Бұл кос сөздердің, әдетте, екінші сыңарлары өзгере- ді. Бірақ өзгеріс сол екінші сыңардың бірде дауыссыз дыбысында, бірде дауысты дыбысында болып отырады. Мысалы, сүт-мүт, сиЪгр-миыр, иіай-пай, кемпір-семпір Дегендерде кайталанатын сыңардын бірінші дауыссыз дыбысы өзгерсе, арыс-үрс, тарс-түрс, жалт-жүлт деген- дерде қайталанатын компоненттердің дауысты дыбысы өзгерген. Ал, бұл ©згерістердің заңдылықтары мынадай:
а) Егер сөздің бірінші дыбысы дауыссыз болса, ол Дыбыс қайталанғанда кебінесе м (тас-мас, қол-мол, /сөз- Мөз' тіс-міс т. б.), әредік с (кемпір-семпір, мәре-сәре) не- Месе п (шай-пай, нан-пан) дыбыстарына ауысады.
109
ә) Ьгер сөздін бірінші дыбысы дауысты болса, кай- таланатын сыңарға сол дауысты дыбыстан бұрын дауыс- сыз м дыбысы косылады. Мысалы: ат-мат, ет-мет, от- мот, ыс-мыс, іс-міс, үй-мүй, оишқ-мошақ, өре-мөре, ыс- қырық-мысқырық, үскірік-мүскірік т. б.
б) Егер кайталанатын бірінші түбірде (еліктеуіш сөздер) ашык дауысты дыбыс болса, қайталанатын екін- ші жаңғырық сезде ол дыбыс еріндік қысаң дауысты дыбысқа ауысады. Мысалы: арс-ұрс, даң-дүң, шаң-шүң, іиақыр-шүқыр, сатыр-сүтыр, қараң-қүраң, жапыр-жү- пыр, жалтаң-жүлтаң т. б.
4. Бір сыңары ықшамдалып кайталанатын кос сөздер- ге ап-ащы, жап-жаңсы, кіп-кііикене, теп-тегіс, тіп-тік, сап-сары сияқтылар жатады. Қос сөздердің бұл түрі ү с - теме буынды немесе к ү ш е й т пе б у ы н д ы қос сөздер деп те аталады. Бұл сөздердің үстеме (я күшейт- пе) буындары тиісті сын есімнің әуелгі толық компонен- тінің әрі ыкшамдалып (кысқарып), әрі соңына п дыбы- сын жамап алып, бір тұйык я бітеу буынға айналуынан пайда болған. Бүл күшейтпе буын сын есімнің негізіне мынадай екі түрлі жолмен үстелетін болып калыптас- қан:
а) Егер кайталанатын негіздін бірінші буыны ашық болса, алғашқы ашық буынына қатаң еріндік п дыбысы қосылып, үстеме буын я бітеу, я тұйық буынға айна- лады. Мысалы: таза — тап-таза; аласа — ап-аласа;
ашық — ап-ашық; оңай — оп-оңай; сары — сап-сары т. б.
ә) Егер кайталанатын негіздіц бірінші буыны жабык я бітеу болса, сол алғашкы бітеу буынның соңғы дауыс- сызы түсіп қалады да, оның орнына қатаң п дыбысы жалғанып, үстеме буын жоғарыдағыша я түйық, я бітеу буынға айналады. Мысалы: кең — кеп-кең; сүр — сүп- сүр; дөңгелек — дөп-дөңгелек т. б.
Бұл үстеме буын сөзге жаңа лексикалық мағына қос- пайды, тек ұлғайту я солғындату реңкін жамайды.
Қайталама кос сөздер тіліміздегі негізгі грамматика- лық сөз таптарының бәрінен де жасалады және кайта- ланатын сөз кай сөз табына тән болса, туған кайталама сөз де сол сөз табына катысты болады. Мысалы: шелек- шелек, тау-тау, үя-үя (зат есімдер); жақсы-жақсы, үл- кен-үлкен, биік-биік (сын есімдер); бір-бір, үш-үиі, жеті- жеті (сан есімдер); кім-кім; ңай-ңай, ңалай-ңалай (есім- діктер); кел де кел, айт та айт, келейік те келейік, бара- бара, келе-келе, оқып-оқып, айтып-айтып (етістіктер);
110
эрең-әрең, зорға-зорга, енді-енді (үстеулер); бүрқ-бүрқ, жарқ-жарң, арбаң-арбаң, селтең-селтең (еліктеуіш сөз- дері); моһ-моһ, көс-көс, сорап-сорап, ой-ой (одағайлар) т. б.
§ 33. ҚАПТАЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қайталама қос сөздердің түр-түрлерінің өзара ма- ғыналық айырмашылықтары сол сездердің кайталау түрлеріне, олардың сырткы дыбыстық жэне сырткы мор- фологиялық формаларына байланысты. Олай дейтін се- бебіміз — кайталаудың әрбір түрі я үлгісі (моделі) тиіс- ті семантикалық я грамматикалық мағына тудыратын грамматякалык форма ретінде калыптасқан («Грамма- тикалық форма» және «Грамматпкалық мағына» деген такырыптарды қараңыз) тәсілдер деуге болады. Өйткені қайталама кос сөздердіц формаларында басқа-басқа қаншалықты түр болса, олардың соншалықты. мағына- лық реңктері де болады. Демек, өзіне тэн ерекшелігі бар әрбір мағыналык рецктің өзіне лайық формасы да бо- лады. Бірер мысал алып көрейік.
Егер зат есімге ешқандай да коеымша я басқа дәне- кер қосылмай, екі рет қайталанса (тау-тау, сай-сай, қо- ра-қора), ол сезден жаңа лексикалық мағына тумайды, тек сол сияқты заттарды топ-тобымен жинақтау я белу мағынасы түсініледі. Мысалы: Күндіз көрген жазық же- рің қазір тау иіатқалындай өркеш-өркеш көрінеді (Ғ. Мү- сірепов); Қөп кеиіікпей иіабындық окерлерде мая-мая іиөп түрды (С. Қөбеев).
Сын есімнің ешбір қосымшасыз қайталанатын фор- масы да ол сөздің лексикалық мағынасын езгсртпейді, тек семантнкасы меп қолданылу райына азды-көпті ерек- шелік енгізеді. Мысалы: Банан жапырағының әр саласы- на үлкен-үлкен банан жемістері өседі (М. Әуезов). Үзын- үзын сарайлар, кең-кең қоралар көрінеді (С. Мұқанов). Бұл сөйлемдердегі үлкен-үлкен банан; үзын-үзын сарай- лар; кең-кең қоралар деген тіркестердегі қайталанған сын есімдер, бір жағынан, ездері аныктайтын заттардыц көптігін білдірсе, екіншіден, сол заттдрдың бәрі де (я ол заттардың эрқайсысы да) бір сипатты^^^ір-феңкті, бір сапалы) екенін білдіреді. Сонымен қатар, кайталанған сын есім аныктауыш болғанда, анықталатын зат есімге Кептік жалғауы жалғанбаса да, оның көп екеніне шек
111
\
келмейді, бірак, әдетте, көптік жалғауының/жалғадып тұрғаны мақұл. Ал, анықтауыш косарланған сын есім емес, жалан сын есім болғанда, көптік мағынада колда- нылуға тиісті зат есімге көптік жалғауы қайтсе де жал- ғануы шарт. Мысалы: үлкен үй және үлкен үйлер; үлкен- үлкен үй және үлкен-үлкен үйлер дегендерді салысты- рыңыздар.
Қайталама кос сөздердің ішінде арасына ма, (-ме
-ба, -бе, -па, -пе) косалкыланып айтылатын қос сөздіғ (қарсыма-қарсы, ауызба-ауыз, бетпе-бет) орны езінцк бір баска. Бұл форма казак тілінде аса кұнарлы еме< және өзге топтардан оның семантикасы мен қызметі де өзгеше. Мысалы. көзбе-кез кездестім, ңолма-қол тап- сырдым, сөзбе-сөз түсіндірдім дегендердегі карамен те- рілгеи сездер, біріншіден, амал мен істің біреу аркылы емес, екі субъектінің (адамныц) арасында тікелей бола- тынын білдіреді, екіншіден, осыған сәйкес, бүл сөздер тек етістік сөздермен тіркеседі, үшіншіден, сөйлемде олар тек қана пысыктауыш болып, үнемі адвербиалдық кыз- мет кана аткарады.
Жалпы алғанда, бір сөздің кайталануы арқылы жа- салатын күрделі есімдер объективтік өмірде кездесетін заттарда я баска құбылыстарда және олардың әр түрлі карым-катынастарында болатын көбею, топталу, еселеу, жіктелу, саралану, бөліну, жекелену сияқты жай-күйлер- ді я көбейтіп топ-тобымен, я бөліп жік-жігімен, я сара- лап сала-саласымен атап, тәптештеп білдіретін форма (дәнекер) ретінде кызмет етеді. Қос сөздердің бұл ерек- шеліктері олардың қосарланған формаларынаі әр қнлы жалғау және баска косымшалар жалғанып қолданғанда (әрине, сөйлемде), ете-мөте айқындала түседі. Мысалы: Олар көше-квіиені бойлатып, өзді-өзі сеңдей соғылы- сып қалып жатыр (Ғ. Мүсірепов); Ботакөз үй-үйдің ара- сымен келе жатты (С. Мұқанов). Осындағы көше-көшені сөзі бір ғана көшені емес, әлденеше (көптеген) кешені және оның әрқайсысын деген семантикалык, граммати- калық мағынаны білдірсе, үй-үйдің сөзі әр үйдің (я барлык үйдің) деген сара үғымды білдіреді. Сөйтіп, ко- сымшалы қайталама кос. сөздер тобының әрбір саласы сезге өзінше, әр алуан семантикалық мағыналар жамап, тіліміздегі грамматикалық синонимдерді байытумен бір' ге, оньш стилистикалык. амал-тәсілдерін әрі икемді, әрі жатык, етуге аса қажетті дәнекерлер есебінде қызмет етеді.
112
Екінші сыңарының белгілі бір дыбыстары өзгеріп (трансформаланып) жасалатын кайталама кос сөздер- дің беретін мағыналары да, ©зге кос сөздерден ерекше- леу болғанымен, дыбыстық өзгерістердің азды-көпті ез- гешеленуіне карай, іштей өзара бірдей емес. Мысалы: шай-пұй ішіп плайық (Ә. Әбішев) деген сейлемді, әрине шай ішіп алаиық деп антуға әбден болады. Бірақ екі сөйлемнен алатын түсінік те, әсер де бірдей болмайды. Өйткені шай ііиіп алайық дегеннен жүрттың бәріне де бірдей белгілі, калыптаскан өз рәсімі, өз бабы бойынша ішілетін шай жайы аңғарылады. Ал, шай-пүй ішіп ала- йық дегеннен жайы да^ күйі де бабына келмеген шайсы- мақ бірдеме деген ұғым аңғарылады да, тыңдаушы эмо- циялык жағынан айтушыдан комсынып я кемсініп, реті келсе, кекетіп я мысқылдап айтқан сняқты зіл салмағы бар немесе жеңіл әзіл-калжыңы аралас көзкарасты ба- йыптайтындай болады. Сондай-ақ, хат-мат, хабар-мабар десек те, инженер-минженер, мұғалім-сүғалім десек те, ет-мет, сүт-мүт десек те, кайталама кос сөздердін бұл түрінен не әлдеқандай бір белгісіздікті, не әлдекандай бір кекесінді, не әлдеқандай бір комсынғандықты бағ- дарлықтай эмоциялық реңк білінеді.
Ал дәл осы топка жататын жалт-жулт, даң-дуң тәріз- ді кос сөздердің семантикасы жоғарыда талданған іс- міс, мүрын-сүрын сияқты кос. сөздерден баска, мысалы: саты-сүтыр, иіақыр-шүңыр естілген дыбыстарды, бал- дыр-бүлдыр, дабыр-дүбыр, саңғыр-суңғыр естілген үндер мен сөздерді, жарқ-жүрқ, жалт-жүлт етіп көрінген кері- ністерді алсақ, солардың бәріне де тән бір жалпы ерек- шелік бар. Ол ерекшелік — сол дыбыстардын да, сез- дердін де, керіністердің де үнемі бір сазбен я бір ка- лыппен ғана естілмей я көрінбей, бірде бір сарынмен (мысалы: сатыр, шақыр, балдыр, дабыр, саңғыр, жарқ, жалт), бірде екінші сарынмен (сүтыр, шүқыр, бүлдыр, дүбыр, сүңғыр, жүрқ, жүлт) алма-кезектеніп отыратын- дарымен байланысты. Бұл сөздердін осындай мағына- лық1ерекшеліктері сөздің бірінші сыңарыидағы ашық дауысты дыбьістың екінші сынарда еріндік кысаң дауыс- ты дыбыска ауысуы аркылы формаланады.
Сөйтіп, бүл екі сала сөздердің (жол-мол, кісі-місі жә- не жалт-жүлт, балдыр-бүлдыр) бәрінін де екінші ком- понентінің белгілі бір я дауысты, я дауыссыз дыбысының өзгеруі осы топка тән сөздердің өзіне лайыкты жалпы ерекшелігі болып саналады.
113
1
\
Үстеме буынды қос сөздердің дыбыстық та, морфолсь гиялық ерекшеліктеріне қарай, семантикалык мағына- лары да аталған топтардың бәрінен өзгеше. Ең алдымен, қайталама қос сөздердің бұл түрі тек сын есімге ғана тэн форма болғандықтан, бұл форма сын есімнің негізгі бел- гісін я күшейту үшін, я бәсеңдету үшін қолданылады. Мысалы: Бүгін Оспан қап-қара боп түтіккен (М. Әуе- зов); Жарты метр қүдық қазсаң, туп-тунык,, мөп-мөлдір муздай суық суы шыға келеді (С. Көбеев). Саусақтары жуп-жумсаң, жып-жылы екен (Ғ. Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: |