§ 8. МОРФЕМАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІҚ
Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Сол түлға-түрпаттын. арқасында әрбір сөз бір бүтін тұлға (единица) ретінде қызмет етеді. Ал, сөздің тұлға-тұрпа- ты (қүрылымы) оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер мор- фологиялық құрылысы жағынан әр қилы болып келеді. Ал, сол әр қилылық, әрине, сөздердің құрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі- түрлі болуы онын. бөлшектеріне байланысты. Бірер мы- сал алып, сөздің қүрамы деген ұғымды анықтап көре- йік.
Ғашыңтың тілі — тілсіз тіл (Абай) деген сөйлем- дегі тіл, тілі, тілсіз сөздері сөйлеу қажетіне қарай өз- гертіліп қолданылған. Ал ол өзгеріс сол сөздердің тіл, тілі, тілсіз дегендегі сыртқы тұлға-тұрпаттарынан ай- қын көрініп тұр. Бұлардын. үшеуіне де бірдей ортақ форма, әрине, тіл деген түпкі бөлшек. Ал сонымен қа- тар, қолдануда біреуіне -і бөлшегі (тіл-і), біреуіне -сіз бөлшегі (тіл-сіз) қосылған. Сөйтіп, бір сөздін, өзі үш түрлі формада қолданылған (тіл, тілі, тілсіз).
Бұл сөздін. сыртқы формасынын. осындай үш түрлі болу ерекшеліктеріне қарай, олаірдың өзара мағыналық өзгешеліктері де бар. Мұндағы тіл деген түпкі бөлшек сөздің негізгі лексикалық мағынасына ие. Ал, тілі де- гендегі -і бөлшегі сол құралды үшінші (бөгде) адамға (ғашыққа) теліп тұрса, -сіз бөлшегі (тілсіз) сөзі жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр.
Айтылар сөз айтылды ғой... біраң нені айтсаң да, ойлап айт... айтатыныңа айт (М. Әуезов) деген сөйлем- дерде де айт, айтылар, айтылды, айтсаң, айтатыныңа деген формалар қолданылған. Осы төрт сөздің бірінші-
20
23
сінде түбірге әуелі -ыл бөлшегі, одан кейін -ар бөлшегі (айт+ыл + ар) қосылған; екінші сөзде түбірге әуелі -ыл, одан соң -ды бөлшектері (айт+ыл + ды) қосылған; үшінші сөзде әуелі -са, одан кейін -ң бөлшектері (сійт + са+ң) косылған; төртінші сөзде әуелі -атын, одан кейін -ыл одан сон, -ды бөлшектері (айт+ыл+дьі) қосылған. Бұл сөздерге де бәріне бірдей ортақ айт деген түбірге жамалған әрбір жеке бөлшек өзінше қосымша мағы- налар үстеген.
Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектері морфемалар деп аталады.
Морфеманың да өзіне тән мағынасы (мазмұны) жә- не өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Ендеше, морфема деп сөздін, өзіне тән мағына- сы бар ен. ұсақ бөлшегін айтамыз.
Сөздін, морфологиялық құрамындағы морфемалар- дың мағыналары мен қызметтері, әрине, бірдей емес. Морфемаларды ен. алдымен түбір морфема және қосым- ша морфема деп негізгі екі салаға (түрге) бөлуге бо- лады.
Жоғарыдағы мысалдардағы тіл және айт деген мор- фемалар түбір формалар болады. Ал, оларға қосылған -і (тілі); -сіз (тілсіз); -ыл (айтыл); -ар (айтылар); -са (айтса; -ң (айтсаң); -ды (айтылды); -атын, (айтатын); -ың, (айтатының); -а (айтатыныңа) морфемалары ко- сымша морфемалар.
Түбір морфеманы да, қосымша морфеманы да әрі қарай мүшелеуге болмайды.
{Гүбір морфема — сөздің әрі қарай бөлшектеуге кел- меитін ен түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздін, қүрылусы- нын, да, мағынасынын. да негізгі үйтқысы больщ есепте- леді. Өйткені түбір морфема сөздігі негізгі л|іксикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қо- сымша морфеманын. бірде біреуі яки бірнешеуі ко- сылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды және сөз де бола алмайды. Ендеше, түбір морфема ең негіз- гі морфема болып саналады. 'Түбір морфема өздігінен жеке тұрьш семантикалық жағынан да, қызметі жағы- нан да дербес сөз бола алады. Мүндай жағдайда түбір морфеманьщ мағынасы мен сөздін. мағынасы бірдей бо- лып шыға^береді. Мысалы, бас, тіл, жол, кел, жүр мор- фемаларын алсақ, олардын. әрқайсысы әрі түбір мор- фема, әрі жеке сөз бола алады.
24
Ал бастық, тілиіі, келісім, қолтьщта деген сөздерді алсақ, олар — құрамында түбір морфемалары да, қо- сымша морфемалары да бар сөздер. Бұларда түбір мор- фемаларынын. мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей емес, өйткені олардын. қүрамдарында түбір морфема- ның негізгі мағынасы да, онын. үстіне қосымша морфе- малар арқылы жамалған үстеме я қосымша мағынала- ры да бар.
Түбір морфема дара түрде де, косымша морфеманы қосып алып та жеке сөз ретінде қолданылатыны сияқ- ты, кайталанып та (тау-тау, қора-ңора), баска түбір морфемамен қосарланып та (тау-тас, қора-қопсы), бі- рігіп те (белбеу, басқүр), тіркесіп те (он екі, қара сүр) жеке сөз ретінде жүмсала береді. Сонымен қатар, он- дай қайталанған, біріккен, тіркескен түбір морфемалар- ға қажетінше қосымша морфемалар жалғанып та қолданыла береді.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қо- сымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз.
Қосымша морфемалар ез ішінде жұрнақтар, жал- ғаулар және қосалкы сөздер деген үш топка бөлінеді. Бүл қосымшалардын, жүрнақтар деп аталатын түрі жа- лаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен қүранды сөздерді жа- сау үшін қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жүрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалан. және күрделі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады./Қосалкы сөздер жайындағы мәлі- меттер әрбір сөз табынын, тұсында айтылып отырыла- дыт Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, түлғалык дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке түрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол (қосымша) түбірдің қа- тысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Сондай-ақ қо- сымша морфема жеке-дара қолданылмай, тек түбірге (сөзге) тіркестіріліп қаиа жүмсалатындықтан, оның түлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп, езгеріп, түрленіп отырады. Осы себептен бір морфема- яың дыбыстық бірнеше түрі (варианты) болуы мүмкін. Мыса‘лы, атты кісі, сүтті сиыр, сауулы інген, елеулі мәселе, малды іиаруа, білімді адам дегендегі -ты, -ті, -лы, -дьі, -ді бөлшектері — бір морфеманың әр алуан түрлері.
Жолы бірді Іжтғжъа&віт&ъдЕ&ырШТУ. қиын күндер
25
бар алдымызда. Жолдаспыз сол жолда. Бірге асамыз сол асудан (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдердегі жолы, жолдас, жолдаспыз, жолда сөздерін және асу, асамыз, асудан сездерін алайық. Бұлардьщ бірінші тобының түп- кі морфемасы — жол да, қосымша морфемалары -ы, (жолы), -дас (жолдас), -пыз (жолдаспыз), -да (жолда); екінші тобындағы сездердің түпкі формасы — ас деген сөз, ал қосымша морфемалары -у (асу), -а (аса), -мыз (асамыз), -дан (асудан).
Осы жол деген түпкі морфемаға косылып тұрған ко- сымша морфемаларды ауыл, ел, жер, ңалам, майдан сияқты есім сөздерге жапа-тармағай жалғай беруге бо- латыны тәрізді, ас деген сөзге қосылып тұрған қосымша морфемаларды тос, бас, қос, жаз, соқ тәрізді етістік сездерге керегінше жалғап, қолдана беруге болады. Бірақ алдыңғы топқа жалғанатын косымша морфеійа- лар соңғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайтыны сияқты, соңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар бүрынғы топтағы сездерге тікелей жалғанбайды.
Міне, осындай ерекшеліктерден жалпы морфема атаулыға, онан қала берді, олардьщ түр-түрлеріне тән сыр-сипаттар келіп шығады. Ол сыр-сипаттар мь/надай:
Біріншіден, түбір морфемалар мен қосымша морфе- малар бір-біріне парықсыз емес; олардың қарым-қаты- настары белгілі бір заңдарға сүйенеді; олар езара бір- бірімен талғап тіркеседі. Қосымша морфемалар түбір морфемалардың грамматикалық қасиеттері жағынан бі- рыңғай, біркелкі болып келуін қалайды да, олардьщ белгілі-белгілі топ-тобына ғана жалғанады. Мысалы, -па; -саң (жаңпа, жақсаң) морфемаларын тек етістік- терге ғана (жатпа, айтпа, жақсан,, айтсаң) тікелей жалғасақ, -м; -да; -дан (жолы, жолда жолдан) морфе- маларын тек есім сөздерге ғана тікелей жалғай аламыз, керісінше жалғай алмаймыз.
Екіншіден, қай қосымша қосылса да және қанша ко- сымша қосылса да, түбір морфема тұлға жағынан өз- гермейді, үнемі бір қалыпта сақталып отырады. Ал, ко- сымша морфемалар, жоғарыда айтылғандай, тұлға жағынан тұрақсыз, демек, түбір морфеманьщ ерекше- ліктеріне қарай орайласып, өзгеріп отырады. Мысалы, айтьілады, айтылар, айіылғандьщтан, айтылмақшьі, ай- тыңдар, айтысыңдар; күтіле, күтіледі, күтілгендіктен, күтілмекші, күтіңдер, күтісіцдер т. б.
26
Үшіншіден, бір түрлі қосымша қай түбірге (сезге) және қанша түбірге (сөзге) жалғанса да, олардың әр- кайсысына әр түрлі мағына үстемейді, олардың бәріне де жалпы бір түрлі ғана мағына үстейді. Мысалы, жо- ғарыдағы жат, сат, айт, қақ, шақ тәрізді етістіктердін., сол сияқты, жол, ауыл, асу, ңалам, майдан тәрізді есім- дердін. түбірлері де, мағыналары да басқа-басқа бола түрса да, оларға жалғанатын бір түрлі қосымша морфе- маның әрқайсысы тек өзіне тән жалпы бір мағынаны ғана жамайды. Демек, айтса, сатса, оқыса, жатса, шақ- са дегендегі -са морфемасы осындағы түбірлердің қай- кайсысына болсын бір ғана шарттық мағынаны үстесе, жолым, аулым, қаламым, асуым дегендердегі -ым мор- фемасы олардың бәріне де тек бірінші жаққа тән тәуелдеу (меншіктеу) мағынасын ғана жамайды.
Төртіншіден, бір түбір морфемаға қажетіне қарай бірнеше қосымша морфема жалғана береді. Бірақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бірінен сон. бірі, қалай болса солай қосыла бермейді, тілдін. ішкі зандары- на лайық, белгілі бір жүйе бойынша рет-ретімен тір- кеседі. Мысалы, сауыншыларымыздағы деген есім сөз- дің түбір морфемасы сау, оған әуелі -ын, екінші -шы, үшінші -лар, төртінші -ымыз, бесінші -да, алтыншы -ғы морфемалары қосылған. Сондай-ақ, көрінбегенбісіңдер деген етістік сөзде көр түбір морфемасы болса, оған да бір-бірінен соң бірі тіркескен алты түрлі қосымша мор- фема (ін + бе+ген+бі + сің+дер) қосылып түр. Осы екі сөздің, сондай-ақ, өзге сөздердің де қосымша морфема- ларының орындарын ауыстырып (айтайық, сау + иіы + ын+ымьіз+лар+ғы + да тәріздендіріп), тіркестіруге болмайды, өйткені қосымша морфемалардың да әрқай- сысынын. өзді-өзінін, білдіретін тиісті мағынасы, алатын тиісті орны, атқаратын тиісті қызметтері бар.
Сөйтіп, түбір морфема мен косымша морфеманың мағыналарындағы ең негізгі айырмашылық мынау: тү- бір морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі нақтылық (конкреттілік), әрі дербестік тән болса, екіншіден, сол мағына тікелей түбірдін. өз бойында болады; қосымша морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі тым жалпы- лық (абстрактілік), әрі дербестігі жоқтық тән болса, екіншіден, сол жалпы (абстрактілік) мағына тек сөздің қүрамында ғана тиянақты болып анықталады. Осыған сәйкес, түбір морфема тілдін. өзіне тән мағынасы бар түлғасы (единицасы) ретінде жеке-дара түрып қызмет
27
етсе, косымша морфема тілдің мағыналы түлға (едини- ца) есебінде жеке-дара жұмсалмайды, тек сөздіц қура- мында ғана қолданылады.
Тілімізде тубір морфемалар сан жағынан көп те, ко- сымша морфемалар олардан әлдеқайда аз.
Сөздің қурамы сияқты, морфемалар да — жүйелі қү- былыстар. Олардын. жүйелі құбылыс екендіктерін түбір мен қосымшалардың ара қатыпастарынан да көруге бо- лады. Мысалы, есімшенің -ған (-қан, -ген, -кен), көсем- шенін, -ғалы (-қалы, -гелі, -келі) қосымшалары тек етіс- тік түбірлеріне (негіздеріне) ғана жалғанады (барған, айтқан, келген, кеткен; айтқалы, көргёлі, жеткелі) да, есім сөздерге (зат, сын, сан т. б.) жалғанбайды. Кері- сінше, -иіыл (шіл) қосымшасы зат есімдерге жалғанып (сауықиіыл, дншіл, қымызшыл) сын есім тудырса -м (-ым, -ім) қосымшасы етістіктен зат есім тудырады (білім, уйіьш, тойым, төзім). Ал, әкең, ағаң, қаламың, тісің, пальтоң дегендердегі -ң, (-ың, -ің) қосымшасы аталған заттарды тыңдаушы (екінші жақтағы) адамға тәуелдеп түрса, аналар, інілер, көлдер дегендердегі -лар, (-лер, -тар, -тер, -дар, -дер) косымшасы аталған заттар жеке-дара емес, бірнешеу я кеп екендіктерін біл- діріп тұр. Мысалы жылқы, жылқышы және жылқышы- лық сөздерінің негізгі түбірі бір болғанымен, үшеуінін. лексикалық мағынасы үш түрлі: жылқы дегеніміз — мал, жылқышы дегеніміз — оны бағушы адам, жылқы- шылық дегеніміз — жылқы бағу кәсібі.
V Сейтіп, осындай хүіағыналары мен қызметтеріне қа- рай, сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма ту- дыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар (морфема- лар) жалғаулар деп аталады.^Сөз тудыратын жұрнақ- тар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сез жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) ка- тегория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақ- тар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін аныктау үшін қол- данылатын болғандықтан, функционалды-грамматика- лық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөй- лем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалык катего- рияға жатқызылады. Бірақ қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы сөз тудыру грамматикамен де тікелей байла- нысты. Ол байланыс жұрнақтардьщ мынадай екі түрлі
28
ерекшеліктерінен айқын керінеді. Біріншіден, жалпы грамматикалық категорияларға тән аса абстрактілік касиет журнақтардан да табылады; екіншіден, грам- матикалык категорияларға тән тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар журнақтарда да бар. Мысалы есім, я етістік тудьіратын журиақтардын. әрқайсысы топ-топ сөздерді қамтиды да, солардыц бәріне де ортақ мағыыа устеп, олардың жалпы көрсеткіші ретінде қызмет ете- ді. Мысалы, аула, арала, тазала, ишмала, ізде, қурмет- те, кілтте деген етістіктер -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) журнағы арқылы есімдерден туса, таңдамалы, жана- малы, қурамалы, жылжымалы, қопармалы, жаппалы, ауыспалы деген сын есімдер -малы (-мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі) жұрнағы арқылы етістіктерден жасалған. Демек, будан, бідтишіден, әрбір журиақ көптеген сөз- дерге жалғанғанда, тек лексикалық мағынасы басқа жаңа сөздер туғызып қана қоймай, олардың бәріне де бірдей жалпы абстрактілі касиеттерін анықтайтьшы байқалады, екіншіден, белгілі бір грамматикалық кате- горияға тән сөздерді екінші бір грамматикалық катего- рияға ауыстыратыньі көрінеді. Осы жағынан алып ка- рағанда, жүрнактар грамматикалық категорияға тек жақын емес, онымен тікелей ұштасып та, уқсасып та жатады.
Бірақ журнақтар мен жалғаулардыц, әрине, бір-бі- рінен ажырайтын да шегі бар. Ол шек жұрнақтар мен жалғаулардың мағыналарында ғана емес, қызметтері- нен де айкындалып тұрады Мысалы, жалғаулар сөй- лем ішіндегі сөздердің араларындағы әр килы аса жал- пы қатынастарды білдіріп, олардың түр-түрлерінің керсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрғіақтар ол қаты- настарды білдірмей, тек өздері жалғанған сөздерге жа- ңа лексикалық мағыналар үстеумен ғана тынады. Олар- дың бір-бірінен ажырайтын тағы бір шегі қолданылу ерістері мен өрелеріне байланысты. Мысалы, жұрнак- тар қаншалықты көп сөздерге жалғанғанымен, ол сөз- дер бір сөз табыныц немесе сол сөз табына тән бір ка- тегорияның аясында ғана туйыкталып қалып отырады; ал жалғаулар олай туйыкталмайды, олардын, ерісі де, ересі де кең. Мысалы, тәуелдік, септік, көптік жалғау- лары тек зат есімдерге ғана емес, субстантнвтенетін сөздердің бәріне де жалғана береді. Сол сияқты, жік- тік жалғау да сейлемде баяндауыш болатын сездерге талғамай тіркесе береді. Сонымен, сөз тудыратын ко-
2&
сымшалар мен сөз бен сөзді байланыстыратын косым« шалардың бір-біріне ұксас жалпы жактарымен катар, бір-бірінен ерекшеленетін жалқы жақтары да бар.
ЖҰРНАҚТАР
§ 9. ЖҮРНАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Сөз тудыратын жұрнақтар сөзге (түбірге) жаңа лек- сикалық мағына үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мы- салы: ек, егін, егіндік, егінші, егіниіілік сөздерінің тү- бірі бір болғанымен, олардың әркайсысы басқа-басқа үғымдарды (мағыналарды) білдіреді. Бірақ сол басқа- басқа мағына лексикалық та, грамматикалық та ма- ғыналарды қоса қамтиды. Өйткені әрбір сөз, мағына- лық жақтан алғанда, қашан да болсын, лексикалық жә- не грамматикалық мағыналардың бірлігінен құралады.
Сез тудыратын жүрнак өзі жалғанған сөзден (түбір- ден) лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз тудырады. Ондай әрбір жұрнақтың өзді-езіне тән грамматикалық мағынасы, формасы және қызметі болуы күмәнсыз. Мысалы: Шын көңілімен айтар тілегі болса, шындықпен ғана жауап беру парыз (М. Әуезов). Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаща (Абай) дегендерден шын және іиындықпен, жол және жолығуға сездерінің өзара мағыналық та, формалык та айырмашылықтары айқын керінеді. Мұндағы -дық жұрнағы арқылы жасалған шындық сөзінін. де, -ық жұрнағы арқылы туған жолсіқ сөзінің де лексикалық мағыналары шын және жол сез- дерінен. әрине, басқа. Оның бер жағында -дық жұрна- гы жалғанғаннан кейін, сын есім (шын) зат есімге ай- налады да, -ық жұрнағы жалғанған соң, зат есім (жол) етістікке (жольіқ-жолықтым, жолықса т. б.) ауысады. Бұдан жұрнақтар сөзді таза лексикалық жағынан гана емес, «лексика-грамматикалық тұрғыдан да езгеретіні аңғарылады. Солай 'болса, жұрнақтар белгілі сез табы- на және оның ішіндегі белгілі тобына (категориясына) телулі болады.
Егер көк және көкіиіл, үй және үйиіік свздерін са- лыстырып қарасақ, мұндағы -шіл (көкшіл) және -шік (үйиіік) қосымшалары да ездері жалғанған сөздерді 1 басқа сөз табына айналдырмаған, бұрынғы сын есім
30
(кеі:) сол сын есім калпында, зат есІм (үй) бүрынғы зат есім қалпында қалған да, тек біріншісінде көк де- ген сынның солғын я бәсен, түрін білдіретін кекшіл формасы, үй деген заттың аса кішкене түрін білдіретін үйшік формасы туған. Мағынасы мен қызметіне қарай, жүрнақтар сез тудыратын және форма тудыратын жүр- нақтар деген екі салаға бөлінеді.
Түбірге сөз тудыратын жүрнақ жалғанғаннан кейІн- гі форма туынды негіз/гуынды түбір деп аталып жүр. Жұрнактар сол негізге де, сол негізден туған жаца не- гізге де қажетіне қарай жалғана береді. Мысалы, егін- шілік деген сөз ек деген етістік түбірге әуелі — -ін, одан кейін -ші, одан кейін -лік жұрнақтары қосылудан туған да, ұйымдастырушылық деген сез үйы түбіріне ретінше -м, -дас,,-тыр, -у, -шы, -лық жұрнақтары жалғану арқы- лы жасалған. Жүрнақ арқылы туған (егіншілік, уйым- дастырушылық сияқты) сөздер туынды сөздер деп ата- лады («Туынды сездер») деген тақырыпты қараңыз.
Форма тудыратын жүрнақтарды мағыналары мен қызметтері жағынан сез тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, еке- уінін, де ерекшеліктеріне жуықтайтын, категбрйя деіГ қарауға болады. Дегенмен форма тудыратын жұрнақтар сез байланыстыратын қосымшалардан гөрі сөз тудыра- тын косымшаларға жакынырақ. Өйткені форма туды- ратын қосымшалар (жұрнақтар) да өзі жалғанған сөзге (түбірге я негізге) сәл де болса жаңа мағына үс- тейді. Бірақ ол жаца мағына сол сөздің барлық фор- масына өзек болатын негізгі лексикалық мағынасын өз- гертпейді, оған нұқсан келтірмейді. Демек, форма ту- дыратын жүрнақ сөзден, өзі жалғанғаннан кейін де, сол сөздін. (түбірдің я негіздің) негізгі лексика-семантика- лык қазығынан алшақ әкетпейді. Сол себептен де, бүл форма мен сол сөздің басқа формаларының аралығын- дағы берік семантикалық байланыс үзІлмейді де, бұ- зылмайды да. Мысалы, кел, келме, келер, келмес, кел- ген, келмеген, келетін, келмейтін, келмек, келмекші, ке- ліп, келе, келгелі, келсе, келгей, келгім келеді дегендердін бәрі де түбірдіц негізгі лексикалық мағынасын бұзбай Және сол мағынадан алшақтап та кетпей, оны бе- рік сақтап, бір .сөздіц (кел етістігінің) әр түрлі грам- матпкалық формалары ретінде қызмет етеді. Дәл осы Қағиданы сұр, сұрғылтым, сүриіа, сүрлау, сүршалау, ғүрырак, деген формаларға да қолдануға болады. Сол
ЗР
себептен бұл сөздерді сұр сөзінің әр алуан формалары деп қараған дұрыс.
Туынды сөздердін, құрамьіндағы жұрнақтар белгілі бір жүйе бойынша, рет-ретімен жалғанады. Түбірге те- те сөз тудыратын жүрнақтар жалғанады да, олардан кейін форма тудыратын жүрнақтар орналасады. Егер тікелей түбірге әуелі сөз тудыратын және форма туды- ратын жұрнақтар жалғанғандай болса, солардын бәрі- тікелей түбірге де қосыла береді. Мысалы: егіншілері- мізге, уйымдастырушылардың, уйымдастырсімыз деген- дердін, морфемалық қүрамдарын салыстырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |