Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 81. АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕТІСТІҚТЕР



бет24/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


§ 81. АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕТІСТІҚТЕР

Тілімізде екі (үш я төрт) зат есімнің ешбір дәнекер- сіз бір-бірімен тіркесуі үйреншікті қүбылыс; бірақ екі етістік дәнекерсіз бір-бірімен ешуақытта тікелей син- таксистік қатынасқа түспейді Мысалы: айт та бар, әкел де қой, немесе айта бер, айтып бер, әкеле қой, әкеліп қой деп айтуға болғанымен, «айт бар, әкел қой» деп ай- ту грамматикалық күрылысқа жат нәрсе, сондықтан олайша дәнекерсіз айту ләзім емес. Ендеше, осы тіркес- тердегі -та (-де) шылауы, көсемшенің -а (-е), -ып (-in) жүрнақтары тіркестердің күлаққа жатык естілуіне де, мағынасыныц жеңіл түсінілуіғіе де дәнекер болып түр. Сол сияқты ұйыңтап қалғсін едім деген аналитикалық тіркесті етістікті алсақ, мүнда үйыңтсіп қалған деген ал- ғашқы екі комггонент түтас түлға (үйықтап қалған) амалдьщ өту сатысының бір мезетін ғана білдірсе, оған тіркескен соңғы едім компоненті сол мезетті өткен иіак- та болған әрекет екенін баяндап түр. Сейтіп, мүндағы грамматикйлық дәнекерлер тек екі я үш етістікті бір- бірімен тіркестіруге ғана дәнекер болмай, олардың ма- ғыналары мен қызметтерін үштастыруға да себеп болЫЛ түр. Екінші сөзбен айтканда, бүл дәнекерлер аналпти- калық етістік қүрамындағы компоненттерді мағына жэ- ғынан да, кызмет жағыман да жіктеп, біреулерін негізгі я бастауыш етуге, біреулерін жәрдемші я қостаушь1

240

етуге септігін тигізіп түр. Мүндай аналитнкалык тір- кесте орын жағынан бүрын түрып, дәнекер форманы өзіне тіркеп (я ілестіріп) алатын компопент кана ана- литіікалық етістіктің непзгі мағынасына ие болады да, жетекшілік істейді; жетекшіден кейін түрып, оған үсте- ме магына жамап, грамматикалық формаларға түсіріп туратын соңғы етістік дәйім көмекші болып кызмет ат- карады. Мысалы: уйықтап кетті дегендегі жетекші етіс- тік — ұйықтап көмекші етістік — кетті болса, барған еді дегекдегі барған — жетекші етістік, еді — көмекші етіс- тік болады.

Осы сияқты айта сал, жаза түс, қарай көр... деген аналитикалық етістіктер екі етістіктің тіркесінен кү- ралған. Бүл үлгі бойынша жасалатын аналитикалық етістіктің лексикалық мағынасына алғашкы етістік не- гіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жүрнағы (-а, -е, -й, -ып, -in) мен соңғы көмекші етістік селбесіп (мысалы: -а сал; -а түс; -й көр), алғашқы (же- текші) етістіктің мағынасын саралайтындай косымша грамматикалық семантика (мән) үстейді, демек, -й ссіл... тәрізді күрама формант грамматикалык дәнекер есебінде жүмсалады. Жетекші етістікке жамалатын грамматикалық семантиканы айт жэне аита сал, жаз және жаза түс, қсіра және қарай көр деген жалаң және күрделі етістіктерді өзара салыстырғанда тез аңғаруға болады. Сөйтіп, бүл үлгі бойынша жасалатын етістік- тсрдің қүрамындағы көмекші компоненттері жетекші (негізгі) етістіктің лексикалық мағынасын өзгертпейді, тек оған айқындай түсетіндей косымша грамматикалык семантика жамайды. Осы себептен етістіктің бүл түрі аиалитикалық етістіктер деп аталады. Аналитикалық етістіктерді жасауға дәнекер болатым форманттардын, әсіресе көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай жәие аналитикалық күрамындағы компоненттер- дін, сандары да (екі, үш, төрт, бес т. т.), өздері де бас- ка-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалык кызметтері де, грамматикалык семантикалары да сала- сала болып, амалдын жүзеге асу я өту сипаттарынын әр қилы кезеңі, сатысы сияқты аса абстрактылы күбы- лыстарды білдіреді. Мысалы: айтып жібер, айтып жібе- ре қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қпй, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.

Аналитикалық тіркесте жетекші етістік пен көмекші

241




етістікті селбестіріп, екеуін бір тұлға (единица) етуге, әдетте, көсемше, есімше, рай жұрнактары және кейбір көмекші сөздер дәнекер болады. Егер тіркесте ондай дәнекер болмаса, компоненттері бір-бірімен кіріге ал- май ыдырап кетеді де, аналитикалык етістік біртұтас тұлғалык (единицалык.) мағынадан да, функциядан да айрылып қалады.

Сонымен, аналитикалык етістік я аналнтикалык түл- ға (единица) болу үшін, біріншіден, негізгі етістік, екін- шіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, кө- мекші кызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. Егер, осы компоненттер түгел болмаса, анали- тикалық етістік жасалмайды. Ендеше, аналитикалык. етістік кемі осындай үш компоненттін. тіркесуі я бірле- суі арқылы жасалады.

Аналитикалық етістік — етістіктін. (сөз табының) сыртқы қүрылысы жағынан да, мазмүны жағынан да аса бай, кызметі жағынан төтенше ерісті, ерекше катего- риясы. Бүл категорияға тән әрбір жеке форманыц яки жеке-жеке аналитикалык. етістіктің лексикалық мазмү- ны бірінші компонентке (негізгі етістікке) телулі болса, грамматикалык семантикасы мен формалары соңғы екі компонентке (жетекші етістіктің қосымшасына және кө- мекші етістікке) байлаулы болады. Мысалы: Шөлдеп кеттім, ұйықтап қалдым
деген аналитикалық етістіктер- дің лексикалық мағыналарына ие сөздер — іиөлдеп жә- не уйықта етістіктері де, грамматикалық семантнкала- ры мен формаларының көрсеткіштері — біріншісінде -п кет, екіншісінде -п кал бөлшектері. Ал екеуінде де қосылып түрған кейінгі формалар (-ті+м; -ды + м)— өткен шақ жүрнағы мен жіктіктің бірінші жағының жал- ғауы.

Аналитикалық етістіктің грамматикалық семантика- сын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі — көсемшенін жүрнағы мен көмекші етістік — мағына жағынан да, қызметі жағынан да дә« йім бірлікте жүмсалады да, бір ғана грамматикалық формант ретінде кызмет етеді.

§ 82. АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАЛАР

Жетекші (дербес) етістік пен белгілі бір граммати- калық категорияның мағынасын білдіретіи көмекші етіс- тіктердің бірлестігі аналитикалық форма деп аталады.

242

г\далитикалык формада негізгі етістік көмекші етістік- ген бүрын түрады да, аналитикалык тіркестіғі негізгі «ағынасына жетекшілік етеді. Ал, аналитикалык фор- малы етістіктің құрамындағы көмекші етістік қоСьш- далар сиякты белгілі бір категорияға тән грамматика- лык мағынаны білдіріп, сол категорияның морфология- пык көрсеткіші ретінде қалыптасады. Аналитикалық формалар, негізінде. жетекші сөз бен аналитикалық Іюрманттардың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Эндай жасалымда аналитикалык. форманы жасаушы аналитпкалык форманттардың өзі етістіктің граммати- калық категорияларыньні көрсеткіші ретінде жүмсала- цы. Демек, аналитикалық форманттар аркылы жасал- ған аналитикалық формалар (аналитикалық етістіктер) сол категорияның парадигмасына енеді.

Мысалы, ертерек барса екен, өз көзімен көрсе екен
дегенде осындағы барса екен, көрсе екен деген етістік- тер екеу-екеуден бірлесіп кана бару, көру деген лекси- калық мағынаны білдіреді. Бірақ сол мағьшаға тілек, қалау мағыналарының үстеліп түрғаны ацғарылады. Ондай мағыналар бар, көр, сөздеріне тән емес. Олар бар, көр сөздеріне косылып айтылып түрған -са (-се) жүрнағы мен екен көмекші етістігіне тән. Екен көмекші етістігінін қалау рай мағынасын беруі, оның шартты райдағы етістікке тіркесіп айтылған кезінде ғана пай- да болады. Сонда ғана шартты рай жүрнағы (-са, -се) мен екен көмекші етістігі бір мағынаны білдіретін түтас бір единицаға (мағынасы бір түлғаға) айналады. Мүн- дайда грамматикалық мағына жетекші дербес етістікке қосылып айтылатын жүрнақ пен кемекші етістік арқылы беріледі де, бүлар әркашан қүрамдық бірлігі мен орын тәртібін сақтап отырады.

Аналитикалық етістікке әр түрлі аналитикалық фор- манттар косып, ол сөзді әр түрлі грамматикалык. кате- горияның аналитикалық формасына айналдыруға бола- ды. Мысалы, барса екен, көрсе екен, бара сал, көре сал, барғысы келді, көргісі келді дегенде жетекші дербес сөздердің негізі сол күйінде (бар, кер) сақталған да, өзгеріске түсіп әр түрлі аналитикалық форма жасап түрған — тек аналитикалық форманттар (-са екен, -а сал, -ғысы кел).

Етістіктің аналитикалык формасы сөйлеушінің етіс- тікті қалай етіп, қай түрде қолдануына байланысты. Сөйлеушінің қалайша қолдануына сәйкес аналитикалық

243


формалар да әр түрлі болады. Мысалы, барып қал- ды, көріп ңалды, барып қойды, көріп қойды, бара бер- ді, көре берді т. б. дегенде, әрбір аналитикалық фор- маның өзіне тән әр түрлі грамматикалык мағыналары бар. Бұдан байқалатыны: ең алдымен, әрбір аналити- калық формалы етістік етістктің белгілі бір граммати- калық категорияның көрсеткіші ретінде жұмсалатынды- ғы. Екіншіден, етістіктің аналитикалық формасы етіс- тіктің белгілі бір категориясының көрсеткіші болып танылатын аналитикалық форманттар арқылы жасала- ды; үшіншіден, осы аналитикалық форманттар арқылы жасалған аналитикалык. формалы етістіктер сол кате- горияиың парадигмасы болады.

Аналитикалық формалы етістіктер сырттай қүранды етістіктер мен күрама етістіктер және түрақты етістік- терге үқсас келеді .Бірақ олар сырттай үқсас болып кө- рінгенімен жасалу жолдары және мағыналары жағынан мүлде баскаша болады.

Мысалы, қүранды етістік пен аналитикалық форма- лы етістіктердің сырттай үқсастығы — екеуінің де ком- поненттерінің жетекші дербес сөз бен көмекші етістіктен қүралуында. Бірак олардың жетекші компоненттері мен көмекші сөздерінің атқаратын қызметтері басқа-басқа болады. Ең алдымен, қүранды етістіктердің жетекші компоненті есім сөздер болса, аналитикалық форма- да — етістік сөз болады (ңурмет ет пен бара бер дегенді салыстырыңыз). Екіншіден, қүранды етістіктің екінші компоненті негізгі етістіктер болса, аналитикалық фор- мада — көмекші етістік болады. Осы сияқты аналити- калык формалы етістіктің қүрама етістіктерден езіндік айырмашылығы бар. Егер қүрама етістіктердің компо- иенттері толық мағыналы сөздер болса, аналитикалық формалы етістіктердің компоненттері толық мағыналы сөз бен көмекші сөздерден құралады. Қүрама етістік пен аналитикалық етістіктің компоненттері әр түрлі қызмет атқарады. Егер қүрама етістіктің компоненттері біртүтас сол сездердің лексикалық мағынасын жасаса, аналитикалық формалы етістіктердің бірінші компонен- ті лексикалық мағына береді де, екінші компоненті со- ған грамматикалық мағына үстейді. Мысалы, барып кел, көріп кел деген қүрама етіетіктердің компоненттері бар, көр, кел деген дара қимылды білдірсе, барып кел, көріп кел деген де бірінен соң бірі іле-шала істелетін күрде- лі қимылды білдіреді, бірақ әрбір сез ез мағынасып

244

сактап калады. Ал, бара сал, көре сал десек, жетекші етістік бар, көр ез мағынасын сақтайды да спл етістігі көмекші мағынаға ауысып, біртұтас аналитикалық фор- малы етістік түрінде қимылдың ету барысын білдіреді.

Аналитикалык формалы етістіктің тұракты тіркесті етістіктерден негізгі айырмашылыгы — оның бір компо- нентінің ғана дербес мағынасы болмауында, тұрақты тіркесті етістіктердің барлық (екі, үш, төрт) компонен- ті түгелдей дербестігінен айырылған сөздер болады. Мысалы: жығылып қалды, сүрініп кетті дегенде екінші компонент қал, кет етістіктері ғана өздеріпің негізгі лексикалық мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Егер қол ушын берді десек, мүнда үш сөз бірдей өзіндік лек- сикалык мағынасынан ауытқып барып, «жәрдемдесті» деген мағынаны білдіріп түр.

Сонымен қорыта айтатын болсақ: аналитикалык фор- малы етістіктер сейлемде бір ғана лекснкалық мағына- ны білдіреді. Олардың қүрамында бір ғана жетекші дербес сөз болады да, оған тіркесіп айтылған көмекші сөз сол жетекші сөзге қосымша грамматикалык мағына үстеу үшін қолданылады. Демек, аналитикалық фор- малы етістіктін күрамындағы көмекші сез өзінің негізгі лекснкалық мағынасынан ауытқып, тек грамматикалық мағына ғана үстеу қызметіне ауысады. Жалпы алған- да, аналитикалық формалы сөздер — етістікке тән бел- гілі бір грамматикалық категориялардың формасында колданылған сездер болып танылады.

і

§ 83. КӨМЕКШ! ЕТІСТІКТЕР МЕН АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР

Аналптикалық етістікті жасауда кемекші етістің кызметі ерекше. Көмекші етістік болмаса, аналитика- лық етістік де жасалмайды. Сол оебепті аналитикалық етістіктіц негізгі белгілері болып танылатын аналити- калық формалар да көмекші етістікпен тікелей байла- нысты.

Жалпы, көмекші етістіктердің қызметтерін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу — қазақ тілі грамматикасынын аса бір қызық та, киын да, маңызды мәселесі. Оның кызыктығы да, қиындығы да мәселенің күрделілігіне байланысты. Осы күрделіліктің

245




үлкен бір түйіні аналитикалык, форманттарға тікелей қатысты.

Әдетте, көмекші сөз туралы әңгіме бола қалса, бір- ден оның не мағына жагынан олқылығы, не форма жа- ғынан жетімсіздігі, не қызмет жағынан шалағайлығы бар екендігі туралы ғіемесе осылардың бәрі бірдей оның басынан түгел табылатындай бір ой я түсінік көкенге орала кетеді. Көмекші етістікті атағанда да, дәл осы ұғым ілесе туа қалады.

Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тіліміз- де атқаратын қызметі орасан зор. Олардыц көмегі ар- қасында, мағыналары каншалыкты олқы бола түрса да, мағынасы толық дербес сөз арқылы білдіре алмай- тын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматика- лық абстракты мағығіалар жасалып я беріліп отырады. Мысалы: шөлдеп кеттім
және шөлдеп қалдьім, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым және жығылып ңала жаздадым... деген етістіктердің бір-бірінен ерекшелене- тін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ғана ажыратуға болады.

Көмекші етістіктердің колданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестерде, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере оты- рьғп, оларды ең әуелі толымды көмекшілер және толым- сыз көмекшілер деген екі салаға бөліп карауға болады. Бұл етістіктер түрақты және ауыспалы деп аталады.

Толымды көмекші етістіктерге бір жағынан, негізгі лекснкалық мағынасын толық сақтап, дербес грамма- тикальіқ функцияларын түгелдей атқарып, етістік атау- лыға тән парадигмалык формалардың бәрін кабылдап, жазба тілде де, сөйлеу тілінде де дербес сөз мүше ре- тінде қолданыла беретін, солай бола түра, екінші жағы- нан, аналитикалық етістік қурамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған досым- ша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір ал- уан (30 шамалы) етістіктер жатады. Ондай толымды көмекшілердің қатарына жататын етістіктер мыналар: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел,

246

жібер, кел, кет, көр, қал, қара, қой, сал, таста, түр, отыр, өт, шық, де, қыл, ет.

Толымды көмекшілердің әрі жетекші (негізгі), әрі көмекші (жәрдемші) етістік ретінде қызмет атқараты- нын мынадай нүсқалардан көріп, мойындауға әбден бо- лады. Мысалы: ол поездан ңалып қойды:
ол үстелді ңо- йып қалды дегендерді салыстырсақ, қал етістігі алғаш- қы тіркесте жетекші, соңғы тіркесте көмекші болып тұр- са, қой етістігі, керісінше, алғашкыда — көмекші, соң- ғыда — жетекші болып түр. Сондай-ақ бере сал және сала бер, сала крй және кря сал, бере көр және көре бер... тәрізді аналитикалы тіркестердің сипаттары да осындай. Етістікке тән парадигмалык формалардың бә- рі де қажетіне қарай аналитикалы етістіктің көмекші компонентіне қосылады. Мысалы: қалып қойды, қалып ңойған, ңалып ңоятын, ңалып қояр, қалып крйса, қалып қоііма, қалып крйғалы (отыр), қалып қойып (жүрме), қалып коймайыншы, қалып қойганша, қалып қойган- дықтан, ңалып крярлыкүтай т. б.

Кейбір толымды көмекшілер негізі басқа етістікке я жетекші, я көмекші болып қана қоймай, өзіне-өзі әрі жетекші, әрі көмекші болып, аналитикалы форма жасай алады. Мысалы: ала алдың ба? Үйде қала қалған екен- сін, ғой; ендігісін айтпай, ңоя кой; мынаны жәшікке са- ла сал; дәптерді үлестіріп бере бер; қар түсе түссе игі еді; сол киноны көре көр; біле білсең, білім кітапта; ба- ла жүріп жүр; қонақтар жатып жатыр, сіз сәл түра түрыңызшы т. б. Бүдан толымды көмекшілердің семанти- сы ерекше, қызметі де төтенше екені айқындала түседі.

Толымды көмекшілердің бірде-біреуі негізгі етістік- ке тиісті дәнекер қосымша (-а, -е, -й; -ып, -in, -п, әредік -ган, -тын, -р...) жалғанбаса яғни жетекші етістікке ай- налмаса, көмекші етістікке тән касиетке ие бола ал- майды, яғни көмекші етістік ретінде жүмсалмайды да, онын, қызметін де атқара алмайды, өйткені негізгі етістік- ке ондайдәнекер (қосымша) жалғанбаса, екінші (көмек- ші) етістік оған (бірінші етістікке) грамматикалык семантика үстейтін компонент бола алмайды. Мысалы. айта сал, айта крй, айта көр, айта бар, айтып крй, ай- тып көр дегендердегі бірінші (негізгі) етістікке жалға- нып түрған -а, -ып жүрнақтарын алып тастасак, бүл тіркестердін бірде-біреуінен де айқын түсінік аңғарыл- май, олар қиыстырылмай, әлдеқалай іргелестіріле салынған екі-екі сөздін тізбегі (айт сал; айт қой; айт көр)

247


болады да шығады. Сондай-ақ, айта сал, айтып сал... деген тіркестерден комекші етістіктерді альіп тастап, тек негізгі етістікті қосымшасымен (айт, айтып) ғана калдырсақ та, аналптикалық тұлғаның (единицаның) формасы да, мағынасы да жоғалып, кәдімгі жай көсем- ше форманың (айта, айтып) соқа басы ғана қалады

Толымды көмекшілер мен жетекші етістікке қосыла- тын форманың (кесемше журнағының) бір-бірімен тір- кесу қабілеті де, бұл екі компоненттің бірлесіп, жетекші етістікке үстейтін семантмкалық мағынасы да бәрінде біркелкі емес. Мысалы: ал, бар, бер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, таста, шық, жатыр, жүр\ түр, отыр 'етістіктері көсемшенің -а (-е, -й) жұрнағымен де, -ып (-іп, -п) жұр- нағымен де тіркесіп, семантикалық айырмашылықтары бар, демек, алды-алдына формант ретінде жұмсалып, екі түрлі саралама (аналитикалы) етістік жасауға қатыса- ды. Ал, кейбір көмекшілер тек -а (-е, -й) жұрнағымен ға- на (айта бастады; тыңдай түсті) тіркессе, кейбіреулері тек ып (-іп, -п) форма жұрнағымен ғана (айтып жібер, тыңдап қара) тіркесіп, сынар аналитикалы етістіктер жасауға ғана катысады.

Толымсыз кемекші етістіктер. Бүл топка енетін көмекші етістіктердің саны көп емес. Оларға сөз- діктен жеке сөз ретінде лүғаттық орын алғанымен, прак- тикада (ауызша, жазуша тілде) я әуелгі (ер), я қазіргі (е) түбір күйінде қолданылмайтын жалғыз сөз -е етістігі ғана, ол негізден өрбіген формалардан сақталып жүрген шалағай еді (ер+ді), екен (ер+кен), емес (ер+ме+с) сөздері және еміс-еміс деген қос сөз ғана жатады.

Бұл көмекші етістіктің е түбірінде қазір толық лек- сикалық мағына жоқ. Оның тек жоғарыда аталған еді, екен, емес, еміс-еміс формалары ғана болмаса, езге па- радигмалық формалары қазіргі тілден шығып қалған. Сейтіп, бұл көмекшілер — мазмұны жағынан да, форма жағынан да шалағай, яғни, толымсыз сездер. Бірақ лек-. сикалық мағыналары да, грамматикалык формалары да толымсыз (шалағай) болғанымен, олар тілімізде айы- рықша мол функция атқарады.

Бұл кемекшілер жалан жзке күрделі есімдерге де, етістіктін көптеген категорияларына да, күрам-қүрылыс- тары аралас басқа сөздерге де талғамай тіркесе береді. Мысалы: бала еді; аға дәрігер екен; қырық-отыздар

шамасында екен; қарала-торы ала емес; тап-таза екен;

248

бесеу едік; бес-алтыдай еді; біз едік; келіп еді; келер еді іселетін еді; келмек екен т. б.

Еді, екен, емес формаларының аса жиі колданылуы — олардың қызметтері байлығына айғак. Бұл көмекшілер ездері тіркескен сездерге ешқандай да лексикалык ма- ғьша я реңк үстемейді, тек грамматикалық мағына ғана жамайды. Олардың қысқаша сипаты мынадай:

  1. Еді көмекшісі тарихи е (ер) етістігінің жедел өт- кен шақ формасынан (ер+ді) қалыптасқан. Осыған сәй- кес, еді формасы қай сөзге тіркессе де, оған өткен шақ мағынасын үстейді және жіктеліп жұмсалады да, қай жак екенін көрсететін көмекші сөз ретінде қызмет етеді. Сөйлеу тілінде де, жазбашада да еді сөзі жіктелгенде, I, II жақта ді элементі, III жақта соңғы і дыбысы толык сақталып та (е-дім; е-дің; е-ді), кейде сақталмай, ық- шамдалып, түсіп калып та (е-м; е-ң; ед) жүмсала береді. Мысалы: Тәңірі ңоскан жар едің сен, жар ете алмай Ke­rin ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ем (Абай); Мен гагиыққа мас емес пе ем? Кетсең еді үзатып (бүл да) т. б. Екіншіден, осы мысалдардан, толық түрі болса да, ықшам түрі болса да, еді кемекшісі тіркескен сөздерге лексикалык реңк (мағына) жамап тұрмағаны, тек кана грамматнкалык, шақ, жақ категорияларының ыағыналарыи косуға дәнекер болып түрғаны көрінеді.

Осы көмекшінің дәнекерлігі (катысы) арқасында ті- лімізде еткен шак мағыналарын білдіретін мынадай аналнтикалык. форманттар қалыптаскан: -ып еді (айтып еді;
-қан еді (айтқан еді); -атын еді (айтатын еді), -ар еді (айтар еді); -са еді (айтса еді); -ушы еді (айтушы еді); -са игі еді (айтса игі еді);-а (-е, -й) жатыр еді (ба- ра жатыр еді, келе жатыр еді); -а жатқан еді (бара жат- ңан еді) т. б. Өткен шақ мағыналарын (реңктерін) біл- діру жағынан әрине, бұл форманттар бір-бірімен теғі емес, олардың реңктері басқа-басқа («шақ категория- сы» деген тақырыпты қараңыз).

Е с к е р т у: Тілімізде барған-ды, келген-ді, барған- мын-ды, қүрбымыз-ды... сияқтылардай -ды (-ді, -ты, ті) шылауы көп қолданылады. Бүл шылау — осы аталған еді көмекшісінен форма жағынан ықшамдалып, мағына жағынан шақталып қалыптасқан форма.

  1. Екен көмекшісі әуелгі ер түбіріне есімшенің -кен (-ген, -қан, -ған) жүрнағы қосылған формадан қалып-

тасқан. Бүл көмекші де (екен) өзі тіркескен сезге лекси-

249


калық реңк (мағына) коспайды, тек шақ, жақ категория- ларына қатысты мағымалар үстейтін дәнекер есебінде жүмсалады. Екен көмекшісі де жіктелгенде, формасын толық сақтап та, ықшамдалып та, сәл езгеріліп те оты- рады. Мысалы, түс көрген екенмін деп те, түс көрген деп те колданыла береді.

Екен көмекшісі есімшенің өткен шақ формасында (-кен, -ген...) қалыптасқандықтан, әдетте, өзі тіркескен сөзге бүрын өткен амал я әрекет екенін білдірерліктей қосымша мағына үстейді. Осыған сәйкес, екен кемекшісі- ніц қатынасымен күрделі еткен шак категориясын жа- сайтын мынадай аналитикалық форманттар калыптас- қан: -ған екен (барған екен); -атын екен (баратын еісен); -ады екен (барады екен); -са екен (барса екен); -ар ма екен (барар ма екен?): -ып па екен (барып па екен?); -мақшы екен (бармақшы екен);жатыр екен (ба- ра жатыр екен); -ып жатыр екен (барып жатыр екен); жатады екен (бара жатады екен) т. б. Сондай-ақ, тұр, жур, отыр етістіктері қатысып та күрделі форманттар жасалады (ып тұр екен...). Бүл форманттардың да өткен шақ мағынасын білдіру кабілеті күшті болғанмен, ол мағьшалардың реңктері бірдей емес, қилы-килы («Өткен шақ» деген тақырыпты караныз).

  1. Емес көмекшісі әуелдегі ер + м + с формасынан пайда болған. Бірақ бұл форма өзі тіркесетін сөзге еш- қандай да шақтық мән үстемейді, тек болымсыздық ма- ғына үстейді, бірақ, қажетіне карай, жақ формаларын кабылдайды. Мысалы: мен бала емеспін; сіздер көрген емессіздер т. б. Сөйтіп, бүл форма шақты білдіру ка- білетінін айрылып, тек болымсыздық мағына білдіретін дәнекер сөз болып калыптаскан.

Е с к е р т у: Қазіргі еміс-еміс (білемін, естимін) де- ген кос сөз әуелгі ер+міс (ер+міш) формасының қай- талануынан туған сөз тәрізді.

Сонымен, екен, емес еді көмекші етістіктері бірінші ден, өздері тіркесетін сезге шак, жақ ұғымдарына қа- тысты қосымша реңк жамайтын форма ретінде және сол форманың көрсеткіші есебінде жүмсалады, екіншіден, аналитикалык форманттардьщ тұрақты компоненттері- нің бірі ретінде қызмет етеді.

Толымсыз көмекші етістіктер катарына жазда етіс- тігін де жатқызуға болады. Жазда етістігінің мағына- сы да, формасы да, қызметі де толымды етістіктерден

250

гөрі толымсыз етістіктерге жақын. Оныц өзіне тән мы- надан сыр-сипаттары бар.

Жазда етістігі тіліміздің ертеректегі дәуірлерінде лек- сикалык мағынасы толық, жеке-дара қолданылатын сөз болған. Оған жаздьш-жаңылдым; жазығым не? не жаз- дым? деген сияқты формалар айғақ. Бірак қазіргі тіліміз- де бұл сөз тек жазда (бастапқы төркіні йаз, жаз)
тү- рінде ғана үшырасады да, жеке-дара жүмсалмайтын на- ғыз көмекші етістік болып калыптасқан.

Жазда етістігі қазіргі кезде лексикалық мағынасыто- лык емес, шалағай сез. Жазда етістігі мағына жағынан толымсыз е(еді, скен) көмекші етістігіне ұқсас, бірақ түр- ленуі, функциясы жақтарынан оған үқсамайды. Өйткені бүл көмекші өзге етістіктерге жалғанатын парадигмалык формалардың бәрін де кабылдай береді және көсемшенің -й (-а, -е) формасымен тіркесіп, аналитикалық формант (-й жазда) қүрайды. Бүл сипаттары жағынан жазда то- лымды көмекші етістіктерге үқсас және қызметі женінен де олардың бірде-біреуінен кем түспекді.

Жазда көмекшісі жетекші етістікке көсемшенің тек -й (-а, -е) формасы аркылы ғана (й жазда) тіркеседі де, оған басталған амал бірсыпыра істелгенімен, бір себеп- п€и тынбай калғанын білдірерліктей реңк үстейді, демек, амал я әрекет басталсымен-ақ немеее үзіліп калғанын, немесе белгілі шекке жетпей, аяқталмай қалғанын бағдарлатады. Мысалы: жығыла жаздадым, ұмыта жаз- дадым дегендерден жығылу, ұмыту процестері басталға- иымен аяқталып тынбағаны, жеріне жетпей калғаны ац- ғарыладк. Сондай-ақ, жығылып қала жаздадым; оууды тсістсіп кете жаздадым; ұмытып кете жаздап қалған екенмін... дегендерден тек -а жазда (й жазда; -е жазда) формантына тән семантикалық реңкті ажырату жағы- нан ғана болмаса, тіркесу жүйесі, жүмсалу реті және қызметі жақтарынан өзге аналитикалық форманттардан ерекшеленетіндей айырмашылық табылмайды.

§ 84. АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР

Етістіктің аналитикалық форманты деп жетекші етіс- тікке қосылып айтылатын косымшалар мен көмекші стістіктен қүралған, етістіктің белгілі бір грамматика- лық категориясына қатысты мағьшаны білдіретін мор- фологиялық көрсеткіштерді айтамыз. Аналитикалық форманттар, негізікде, жетекші сөзге қосылған бір қо-

251




сымша мен бір көмекші етістіктен кұралады. Аналпти- калық форманттар тілімізде өте жиі қолданылады. Сон- дықтан олар сан жағынан өте көп. Бірақ, соған қара- май, олардын. компоненттерініц орны мейлінше берік, қүрамы тұрақты болады. Аналитикалық форманттар- дың компоненттерінін, түрактылығына байланысты, әр- бір аналитикалық формант белгілі бір қүрамда, белгілі бір мағынаны білдіретін формант түрінде калыгітасады. Мысалы, бара алмады
десек, -а алма форманты субъек- тінің бару мүмкіндігі болмағанын білдіреді, ал көре сал десек, -с сал форманты қимыл, іс-әрекеттіц немкүрай- ды жасалуын білдіреді.

Әрбір аналитикалық форманттың өзді-өзіне тән ма- ғынасы бар, демек, әр форманттың семантикасы бір-бі- рінен өзгеше болады. Ол мағыналардың өзгеше болуы формант компоненттерінін, бір-бірінен ажырайтын ерек- шеліктеріне байланысты. Мысалы: көріп қой, көре қой деген екі аналитикалы етістік лексикалық мағынасы бір, бірақ грамматикалык. семантикасы бірдей емес. Бү- лардың грамматикалык семаитикасының бірдей болма- уына тек форманттарындағы айырмашылық қана себеп болып түр. Өйткені бүлардың біреуінің аналитикалық

форманты (қосымшасы) in қой, екіншісі е қой, де-

мек, форманттардың екіпші компоненттері бірдей (қой) болғанымен, бірінші компоненттері бірдей емес, екі басқа (-іп және -е), осыған орай екі аналитикалық қо- сымшанын, семантикасы, сәл де болса, бір-бірінен бөлек- тенеді. Сокдай-ақ, ала крй, ала сал, ала көр, ала бер, ала түс, ала жүр... деген аналитикалы етістіктердің де бәрінің лексикалық мағыналары біреу-ақ (бер деген етістіктің лексикалық мағынасына қарама-қарсы ұғым- ды білдіретін ал етістігінің негізгі мағынасы), деген- мен, олардың әрқайсысының семантикалық реңктері басқа-басқа. Мүнда олардың басқа-басқа болуларына аналитикалық компоненттерінің екінші компоненттері — көмекші етістіктердің баска-басқа (қой, сал, көр, бер; түс, жүр) болулары себеп болып түр. Ал керісінше, алып ал, біліп ал, жазып ал, көріп ал, салып ал, оқып ал... дегендерді алсақ, бүл аналитикалық етістіктердің лек- сикалық мағыналары басқа-басқа. бірақ бәрініц де се- мантикалық реңктері бірдей. Аналитикалық форманттар аналитикалык формалардын. мағыналары және функ- цияларымен тікелей байланысты, өйткені аналитикалык формалардың (аналитикалы етістіктіц) жүйесі анали-

252

т1Ікалык форманттардың мағыналары мен функцияла- рьінаи қүралады. Олай болса, ол жүйені білу үшін бүл категорняның негізгі арқауын — аналитикалық фор- щанттардың қүрылысы мен семантикасын айқындау қа- жет. Төменде сол аналитикалык форманттардың басты- басты түрлерінің семантикасы сараланып, оларға қыс- каша сипаттама беріледі.

А.налитикалық форманттардын жасалуының мына сиякты жолдары бар. Ең алдымен, олар жетекші етіс- тікке қосылып айтылған косымша мен кемекші етістік- тердіц бірлестігі түрінде жасалады. Мысалы, барып ал, көріп ал
дегендегі -п ал форманты. Бүл жерде ал етістігі, жетекші етістік пен көсемшенін, -п жүрнағы ар- кылы жалғасып түр. Осы жалғасым аркылы ал етістігі субъектінің қимылды өзі үшін жасауын білдіретін көр- сеткішке айналған. Ал етістігі кесемшеніғі, -п жүрнағы- сыз бүл мағынаны бере алмайды. Сондықтан олар бір- ге, бір бірлестікте қаралуы керек. Міне осындай бірлес- тіктер (-п ал) етістіктің аналитикалык форманты деп аталады.

Мүндай форманттын, күрделі түрі де болады. Мыса- лы, қулап бара жатыр деген аналитикалык формалы етістік -а жат (бара жатыр) жалаң форманттың алды- на кесемшеніғі, -п жүрнағы қосылған сөзді қосып айту аркылы -п бара жатыр деген күрделі формант түрінде айтылған.

Аналитикалық форманттар көсемше, есімше, рай, шақ көрсеткіштері қосылған жетекші етістіктерге ет, еді, екен, емес, жоқ көмекші сөздерді тіркеп айту арқы- лы жасалады. Мысалы: барып еді, көрген екен, болар емес, білген жоқ дегендердегі -п еді, -ген екен, -ар емес, -ген жоқ деген сияқтылар. Мүндай форманттар етістік- тің қандай грамматикалық категориясыньщ косымшасы арқылы жасалса, сол категорияға қатысты болады.

Аналитикалық форманттар жасауға көсемшенің -п және -а, -е, -й жүрнақтары актив катысады. Бүл жүр- нақтар арқылы -п ал, -а ал, -е ал, -п бер, -а бер, -е бер сияқты көптеген формалар жасалған.

Есімшелер аркылы жасалған аналитикалық фор- манттар есімшенін, -қан, -ар, -атын, -ушы жүрнақтары мен еді, бол көмекші етістіктердің тіркесінен -қан еді, -йр еді, -атын бол сияқты формант турінде жасалады.

Қөссмше, есімшелердін жүрнақтарынан басқа ана-

253




литикалық форманттар жасауға шартты райдың, қалау райдың жұрнақтары да катысады. Мысалы: -са еді, -са игі еді, -ғай еді
т. б. сияқтылар.

Аналитикалық форманттар құрамы жағынан әр түр. лі болады. Олар күрамында қанша көмекші етістіктің болуына байланысты бір көмекшілі, екі-үш көмекшілі болып келе береді. Мысалы, батып барады, күйіп барсі- ды десек, мүндағы аналитикалык. формантта (-ып бар) тек бір ғана бар толымды көмекші етістігі катысып түр. Ал, осы аналитикалық етістікті батып бара жатыр, ку- йіп бара жатыр деп айтатын болсақ, мүндағы аналити- калық формантта (-ып бара жатыр) бар, жат деген екі толымды көмекші етістік қатысып түр. Міне, осылайша құрамындағы көмекші етістіктердің бір немесе бірнеше болуына байланысты аналитикалык форманттар жалаң және күрделі аналитикалық форманттар болып, екі топ- қа бөлінеді. Мысалы, егер аналитикалық формант -п ал, -п бер, -п қой, -п еді т. б. сияқты бір көмекші етістікті болса, аналитикалық форманттын дара түріне жатады, егер аналитикалық формант -п қоя берді, -п кеп қалды, -п кеп жібер сияқты болса, аналитикалық форманттың күрделі түріне жатады.

Аналитикалық форманттар сөйлемде қолданылу мақ- саттарына карай әр түрлі мән-мағыналар мен косалқы түрде үғынылатын әркилы реңктерге ие болады. Мысал үшін мына төменде келтірілген көсемшенің -п және жұрнақтары арқылы жасалған жалаң аналитикалық форманттардын салыстыра берілген материалдарын қа- раңыз:

  1. -п ал форманты же-
    текші етістікке жалған-
    ғанда, субъект өзге істі
    коя тұрып я басқа іске
    көшпей тұрып (осы),әре-
    кетті әуелі өзі үшііг, өз
    мүддесі үшін жүзеге асы-
    рып алуды қалайтындай
    мән (реңк) жамайды.
    Мысалы:
    көріп алды: жу-
    лып алды; сыпырып ал-
    ды; ұйықтап алды; сөй-
    лесіп алды; жазып алды;
    көшіріп алды
    т. б.

1. -й ал форманты же- гекші етістікке тіркескен- де, оған сол амалды жү- зеге асыру я орындау мүмкіндігін (бар, жоқ) білдірерліктей реңк жа- майды. Мысалы: бітіре

аласың ба, бітіре алмай- сың ба? шыдай алған екек; уйден шыға алма- дым т. б.

254

  1. -п бар форманты жетекші етістікке амал- дьін бірте-бірте я үдеуін (дамуын, өнуін, өсуін), я бәсеңдеуін (солғында- уьін, азаюын) білдіретін- дей реңк үстейді. Мыса- ды: кетіп барады; тасып барады; көшіп барады; бітіп барады; таусылып барады; кеш батып бара- ды; ауыл көркейіп бара- ды т. б.

  2. -п бер форманты жетекші етістікке амалды бөгде (баска) адам үшін істелетініндей реңк үстей- ді. Мысалы: айтып бер; жазып бер; көріп бер; шешіп бер; тусіндіріп бер; көрсетіп бер; алып бер; алдырып бер т. т.

  3. -п кел форманты же- текші етістікке амалдың бірте-бірте я дамуын (өс- уін), я бәсендеуін (сол- ғындауын) білдіретіндей реңк жамайды. Мысалы: өсіп келеді; көркейіп ке- леді; есейіп келеді (-п бар форматымен сино- нимдес).

  1. -п қал форманты жетекші етістікке амал- Дьщ бірден басқа күйге (динамикадан статикаға) Көшкенін білдіретін реңк Досады. Мысалы: 1) жа-

  1. -й бар форманты жетекші етістікке тіркес- кенде, оған өзінің (кө- мекші етістіктің) негізгі мағынасын қосады, бірак жетекші етістік көмекші етістік арқылы аталатын амалдың не мақсатын, не одан бүрын (алдын ала) жол-жөнекей істелетін амалды білдіреді. Мыса- лы: ала бар; қарай бар; көре бар; сұрай бар; тың- дай бар; оқы-и бар т. б.

  2. -й бер форманты жетекші етістікке амал- ды тоқтаусыз (тоқтатпай) жүзеге асыра беруді нұс- қайтындай реңк жамай- ды. Мысалы: жаза бер; көре бер; сөйлей бер; тыңдай бер; ала бер; ту- сіндіре бер т. б.

  3. -й кел форманты же- текші етістікке дәйім -й (-а, -е) немесе -ып (-іп, -п) формасында тіркесіп, сол амалды аяқтау және одан кейін жүзеге асырылмак- шы әрекетті бастау қар- саңында (алдында) бола- тын кідірісті аңғартатын реңк жамайды. Мысалы: сөйлей келе; ңорыта ке- ле; баяндай келе; сөйлей келіп, қорыта келіп, баян- дай келіп т. б.

  4. -й қал форманты жетекші етістікке амал- дың кенеттен баска күйге немесе динамикалық про- цестің статикаға кеше қойғанын білдіретін реңк

255


тып қалды; үйыкүгап қал- ды; кетіп қалды т. б.

  1. шаршап қалды; ңор- қып қалды; шоишп қал- ды т. б. (соңғы тіркестер- дің) -п кетті (шаришп Ker­ri; қорқып кетті; шошып кетті...) формаларына ма- ғынасы жақын (жығы- лып қалды; қүлап қал- ды).

  1. -п сал форманты жетекші етістікке амал- дын бірден именбей-жас- қанбай істелетінін білді- ретін реңк үстейді. Мы- салы: айтып салды; суы- рып салды; шығарып сал- ды;

  1. -п кет форманты жетекші етістікке амал- дың бірден я кенеттен баска күйге немесе қа- лыпқа көшкенін білдіре- тіндей реңк үстейді. Мы- салы: қалғып кетті; иіар- шап кетті; іиөлдеп кетті; үсіп кетті; суып кетті; қайнап кетті; басып Ker­ri; қорқып кетті.

  2. -п көр форманты жетекші етістікке амалды жүзеге асырып байқау я жүзеге асырып көру ма- ғынасын көрсететін реңк қосады. Мысалы: аіиып көр; айтып көр; жазып көр; сөйлесіп көр; тыцдап көр; оқып көр; татып көр.

  3. -п қой форманты жетекші етістікке амал-

жамайды. Мысалы: жата қалды; ұйықтай қалдьі; шошып қалды; келе қал- ды т. т.

  1. -й сал форманты жетекші етістікке амал- дың нәтижесін күтпей-ақ (көрмей-ақ) бірден тез немесе жүрдім-бардым жүзеге асуын білдіретін- дей реңк қосады. Мыса- лы: ала сал; жаза сал; тастай сал; көре саА; оқи сал; кря сал; жия сал]; іше сал; біле сал т. т.

  2. -й кет форманты жетекші етістікке амал- дың кенеттен, лажсыздан, ырықсыздан басқа қа- лыпқа я күйге кешкенін білдіретіндей реңк қоса- ды. Мысалы: ңисая кетті; сүлай кетті; қүлай кетті; үйьщтай кетті; жантая кетті т. б.

  3. -й кер форманты жетекші етістікке амал- ды орындауды я жүзеге асыруды өтіну, тілеу, сү- рау (жалбарыну) реңкін жамайды. Мысалы: айта көр; бара көр; қарай көр; сүрай көр; біле көр т. т.

  4. -й қой формантЫ жетекші етістікке амал-

256

иіығар; ңүр-ап шығар дьін нәтижесін күтерлік- хей раймен тиянақтап орьтндауды алдын-ала ес- кертетіндей реңк үстейді. Мысалы: айтып қой; кө- ріп қой; жазып қой; оқып қой; тыңдап қой; тазалап қой; апарып ңой; әкеліп қой т. б.

  1. -п таста форманты жетекші етістікке амал- ды қүлшына, жігерлене мүдірмей тез істеуді біл- діретіндей реңк жамайды. Мысалы: жазып таста; оқып таста; сыпырып таста; тазалап таста; бі- тіріп таста; өиііріп таста т. б.

  2. -п түс форманты жетекші етістікке амалды шұғыл орындау реикін жамайды (секіріп тусті; ытқып түсті; қарғып түс- ті; ыріиып түсті т. т.), сон- дай-ак. бүл форманттың -п кеп түс деген күрде- ленген түрі де қолданыла береді, бірақ күрделі формант амалды әрі ке- нет, әрі өте шұғыл істеу реңкін күшейтіңкіреп тү- суді білдіреді (ыршып кеп түсті; атқып кеп түс- ті; оріиып кеп түсті т. т.).

  3. -п шық форманты Жетекші етістікке амал- Дьі ақырына дейін аяк- тау, тындыру мәнін үс- тейді. Мысалы: айтып Ыық; оқып шың; көріп иШқ; қарап іиың; бояп Шық; айналып шық т. т.

(ойла-п шығар; қала-п жүзеге асыруды (асыра қоюды) аңғаратындаіі ренк косады. Мысалы: айта қой; көре ңой; біле қой; жаза ңой; тыңдай қой; тазалай қой; апара қой т. б.

  1. -й таста форманты жетекші етістікке ондағы амалды басқа бір әрекет-* тен бүрын жол-жөнекей серпіле тындыра салу ма* ғынасын үстейді. Мыса- лы: сілтей тсіста; көтере тастсі; лаңтыра тастап; орай тастап; түйрей тас- rati т. б.

  2. -й түс форманты жетекші етістікке амал- ды бөгелмей тағы да я үс- тей, жалғастыра, күшей- те, я бәсеңдете, солғын- дата істеу реңкін жамай- ды. Мысалы- айта түс; бара түс; біле түс; бгре түс; көре түс; қарай түс; отыра түс т. т.

  1. -л шық форманты жетекші етістікке амал- ды басқа бір әрекеттен я бүрын, жол-жөнекей, я онымен жарыстыра тын- дыру мағынасын жаыай- ды. Мысалы: айта шық; ала шың; біле шық; іше

9-б22

257


(ойла-п шығар; қала-п шығар; құра-п шығар т. б.)

  1. -п баста (аналити- калық формант емес).

  1. -п біл (аналитика- лық формант емес).

  1. -п бақ (аналити- калық формант) форман- ты жетекші етістікке амалды шын ықыласпен, тыңғылықты ниетпен тын- бай істеу (жүзеге асыру) мағынасын үстейді. Мы- салы: айтып бақ; көріп бақ; естіп бақ (түсінді- ріп баң; істеп бақ) т. б.

  2. -п біт (аналитика- лық формант) форманты жетекші етістікке амал- ды шегіне жеткізу, аяк- тап болу мағынасын қо- сады. Мысалы: айтып біт; жазып біт; жинап біт; та- сып біт т. б.

  3. -п жібер (аналити- калық формант) форман- ты жетекші етістікке

іиық; жаза іиық; тыңдай шық; киіне ишқ т. б.

  1. баста (акалити- калык формант) фор- манты жетекші етістікке амалдыц басталуын біл- діретіи мағына жамайды. Мысалы: жиыла бистады; жаза бастады; жылына бастады; кірісе бастады; суи бастады; ери баста- ды; көріне бастады; жү- ре бастады т. б.

  2. -й біл (аналитика- лық формант) форманты жетекші етістікке амалды жүзеге асыра алу кабіле- тіне ие болуын анғарта- тындай мағына қосады. Мысалы: біле біл: айта біл; көре біл; жаза біл; түсіне біл; түсіндірс біл т. б.

  3. -й бақ ( аналити- калық формант емес).

  1. -й біт (аналитика- лық формант еі\іес)

  1. -й жібер (аналити- калық формант емес).

258

амалд.м бірден кенет (тсз) орындау я жүзеге асыру рсцкін жамайды.

Діысалы: айтып жібер;

алып окібер; жылап жі- берді; ку.гіп жіберді; ай- қайлап жіберді т. б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет