Саяси жүйенің міндеттері: а) əлеуметтік қызығушылықтар мен үстемдік ететін институттардың өзара əрекетін орталықтандыру; б) қоғам мүшелерінің қызығушылықтарын тасымалдау жəне оларды қоғамдастық қызығушылықтарымен келістіру; в) саяси жетекшілік; г) қоғамның бүтіндігін сақтау үшін қоғамның саяси күштерін біріктіру; д) қоғамда қабылданған жəне басым идеалдарға бағытталған саяси қатынастардың белсенді қатысушыларының əлеуметтік базаларын кеңейту;
Саяси жүйенің басты қызметтері: а) қоғамның даму бағдарламасын, мақсатын анықтау; б) алға қойған мақсаттарға жету үшін ресурстарды мобилизациялау; в) ортақ мақсаттар мен құндылықтарды насихаттау арқылы қоғамның барлық элементтерін біріктіру; г) индивидтерді саяси əлеуметтендіру; қоғамның барлық мүшелерін қатысуға тарту; д) олардың қызығушылықтарын артикуляциялау; е) нормаларды (заңдарды) дайындау; оларды орындау мен сақтауды қадағалау;