Саяси жүйелердің жіктелуі. Түріне қарай қоғам дəстүрлі, модернизацияланған жəне тоталитарлық болып бөлінеді (Р. Арон, У. Ростоу жəне т.б.). Ортамен өзара əрекеті бойынша - ашық жəне жабық болып бөлінеді. Саяси мəдениеті бойынша жəне оның билікті ұйымдастыру формаларында көрінуіне орай - ағылшын-американдық, континенталдыевропалық, индустрияға дейінгі жəне жартылай индустриалды, тоталитарлық болып бөлінеді (Г. Алмонд). Саяси тəртіп бойынша - тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық (тəжірибеде бірде бір тəртіп таза күйінде болмайды).