Қайырлы күн, құрметті білім алушы!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қоғамдағы саяси жүйе
Жалпы мәліметтер
Модуль /пән атауы: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Дайындаған оқытушы: Қарабалаева Күлпан Темірбекқызы
Уақыты: 19.03.2021 ж.
Курсы: 4 оқу жылы 2020-2021 ж.ж. топ: ББ-Б-17
Сабақ типі: Аралас
Мақсаты, міндеттері
Білімділік: Саяси жүйе, мәні мен оның құрылымы және мазмұнын терең ашып көрсету. Саяси көзқарастарын қалыптастыру, олардың құқықтық-саяси мәдениеттілігін, саясатқа қатынасын ұғындырып демократиялық түрде ойлап өмір сүруге үйрету. Әкімшілік жазалардың түрлері, әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлар туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Саясаттану ғылымының негізгі ұғымдары мен түсініктері бере отырып қайрат пен табандылық, адалдық, шешім қабылдауда батылдық, ынталылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Адамзат қоғамының қалыптасу процесін шынайы түрде ашып, ұғындыруға үйрету;
Қазақстан Республикасының жоғары білімді, білікті маманды қазіргі заманға сәйкес даярлау
Ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуға қызығушылығын ояту, сабақта қолданылған оқыту әдістерімен оқушылар жұмысын ұйымдастыру формаларын өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалануға ынтасын тудыру; болашақ маман ретінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау арқылы бағалау талаптарын меңгерту.
|