Қоғамның саяси жүйесі - ол нақты қоғамдағы саяси тəртіптің тарихи дəстүрлері мен ұстанымдарына, саяси, əлеуметтік, құқықтық, идеологиялық, мəдени нормалардың ережелеріне бағынатын, қоғамның саяси ұйымдарының қағидаларының, процестерінің, саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың бүтін, ретке келтірілген жиынтығы.
Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбы: Қоғамдағы саяси жүйе
Жоспар:
1. Саяси жүйе ұғымы, мəні, құрылымы
2. Саяси жүйелердің қызметтері жəне типологиясы
3. Саяси тəртіп билікті жүзеге асыру əдісі ретінде
1. Саяси жүйе ұғымы, мəні, құрылымы. Саяси жүйелер теориясы ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Осы теорияның негізін қалағандар болып американдық саясаттанушылаар Д. Истон мен Г. Алмонд табылады. Д. Истон. «Саяси жүйелер» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1965) еңбектерінде саяси жүйелер теориясының негізін қалады. Оның түсіндіруінше, саяси жүйе сырттан келетін əсерге жауап беретін, дамушы жəне өзін өзі реттеп отыратын ағзаға ұқсас. Бұл жүйе бір бүтінді түзетін көптеген бөлшектерден тұрады, оны қоршаған ортадан бөліп тұратын белгілі бір шекаралары болады. Г. Алмонд «Салыстырмалы саяси жүйелер» атты мақаласында (1956) саяси жүйе мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес саяси мінез-құлықтың алуан түрлілігін білдіреді, оларды талдау негізінде екі деңгей - институционалды жəне бағдарлаушы - бөлініп шығады. Институционалды қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал бағдарлаушы шынайы саяси құрылымды, саяси мəдениетті зерттеуге баса назар аударады.
Қазіргі заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымы екі мəнге ие:
а) саяси жүйе түрлі саяси феномендердің қасиеттерін анықтауға, сипаттауға көмектесетін теориялық, ойлау құралы ретінде түсіндіріледі. Осы тұрғыда бұл категория саясишынайылықтың өзін көрсетпейді, саясатты жүйелік талдау құралы болып табылады (партиялар, мемлекет, саяси мəдениет жəне т.б.); б) саяси жүйе — ол қоғамдағы биліктің қалыптасуы менқызмет етуінің шынайы күрделі механизмі. Бұл механизм мемлекеттен, партиялардан, саяси бірлестіктерден, БАҚ, электораттан жəне т.б. тұрады. Осылайша, қоғамның саяси жүйесі - ол нақты қоғамдағы саяси тəртіптің тарихи дəстүрлері мен ұстанымдарына, саяси, əлеуметтік, құқықтық, идеологиялық, мəдени нормалардың ережелеріне бағынатын, қоғамның саяси ұйымдарының қағидаларының, процестерінің, саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың бүтін, ретке келтірілген жиынтығы.
Қоғамның саяси ұйымы дегеніміз саяси институттар мен саяси құқықтық нормалардың жиынтығы. Саяси ұйым жетекші, биліктік ұйымдастырушы құрылым ретінде түсіндіріледі.
«Саяси жүйе» категориясы «саяси ұйым» ұғымынан кеңірек, себебі саяси жүйе саяси ұйыммен қатар өзіне саяси сана, мəдениет, коммуникация, саясатқа қатысу сияқты құрылымдық элементтерді қосады.
Нақты қоғамның саяси жүйесін анықтайтын факторлар қандай?
а) қоғамның кластық табиғаты, əлеуметтік қатар;
б) басқару түрі (парламенттік, президенттік жəне т.б.);
в) мемлекет түрі (монархия, республика);
г) саяси тəртіп сипаты (тоталитарлық, демократиялық);
д) саяси-идеологиялық жəне мəдени қатынастардың сипаты;
е) саяси өмір барысының тарихи жəне ұлттық дəстүрі (саяси белсенді немесе белсенді емес халық).
Саяси жүйе жалпы қоғамның жүйешелерінің бірі бола тұра, өзіне тəн ерекшеліктерімен сипатталады:
а) саяси жүйе басқа жүйелерден басым тұрады. Дəл соның көмегімен қоғамдағы саяси билік жүзеге асады. Ол қабылдаған шешімдер барлық жүйелер үшін міндетті.
б) қоғамның əлеуметтік кластық құрылымы мен қоғамдық ортаның сипатынан бөліну;
в) салыстырмалы түрдегі жеке даралығымен. Сонымен қатар белгілі бір дəрежеде оның шеңберіндегі қарым-қатынастар құқықтық жəне саяси нормалармен реттеліп, қадағаланып отырады. Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде өмір сүреді, ол территориялық (мемлекет шекарасы) жəне қоғамның саяси ұйымдарының түрлі деңгейлеріндегі саяси жүйенің құраушы бөліктері мен оның əрекет саласымен анықталатын функционалдық өлшемдерге ие.
Саяси жүйенің құрылымы мыналардан тұрады:
барлық саяси жүйенің қаңқасын, материалдық негізін, оның биліктік басқару құрылымын түзетін саяси институттардан;
қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан;
саяси жүйенің элементтерінің арасындағы тік жəне көлденең байланыстардың негізі болатын саяси қатынастардан;
саяси жүйенің қалған бөліктерін жасау мен өндіру процесін орталықтандыратын саяси санаға;
жүйенің дамуындағы құндылықты басымдықтарды анықтайтын жəне жүзеге асыратын саяси мəдениеттен;
сəйкес ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан;
саяси жүйені қолдау немесе оппозицияның белгілі бір дəрежесін көрсететін саясатқа қатысу.
қоғамның саяси жүйесі - ол бүтін, күрделі, ықтимал жəне ашық жүйе.
2. Саяси жүйелердің қызметтері жəне типологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |