Қайырлы күн, құрметті білім алушы! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қоғамдағы саяси жүйе


Саяси тəртіп билікті жүзеге асыру əдісі ретінде



бет9/10
Дата24.01.2022
өлшемі33,38 Kb.
#113689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
723 9583 75513

3. Саяси тəртіп билікті жүзеге асыру əдісі ретінде. Қазіргі кездегі саясаттануда «саяси тəртіп» категориясы саяси жүйенің қызмет етуінің механизмін ашуда базалық болып табылады. Саяси тəртіп саяси мəдениет жағдайының, əлеуметтік жəне кластық өзара қарым-қатынастардың, үстемдік етуші идеология формаларының, мемлекеттік билік пен қоғамның арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың, билік қолданатын құралдар мен əдістердің, белгілі бір мемлекетке тəн саяси қатынастардың жиынтығы ретінде анықталады. Кейбір зерттеулерде саяси тəртіпті мемлекеттік билікті жүзеге асыру сипаты ретінде ғана қолданады, мемлекеттің саяси жүйенің басқа да компоненттерімен, азаматтық қоғаммен (əлеуметтік қабаттар, топтар, саяси партиялар жəне т.б.) өзара əрекетінің динамикасын назардан тыс қалдырады. «Мемлекеттік тəртіп» жəне «саяси тəртіп» ұғымдарының арақатынасы. Олар бірдей сияқты болғанымен, түрлі мағынада. Біріншісі мемлекеттік билікті жүзеге асыру əдістерін сипаттайды, екіншісі қоғамның саяси өмірінің жағдайы мен билігінің сипатын ашады. Саяси тəртіптердің типологиясы. Көрсеткіші - биліктердің заң шығарушы, атқарушы жəне сот биліктеріне бөліну қағидасы, онда биліктердің бірігуі мен биліктердің бөліну тəртіптерін де бөліп көрсетуге болады. Көрсеткіш - əскердің қоғамдағы мəртебесі мен рөлі, мұнда əскери немесе азаматтық тəртіп жайлы сөз болып отыр. Көрсеткіш -менталитет пен əлеуметтік-мəдени кешені - «батыстық» жəне «шығыстық». Критерий - мемлекет пен шіркеудің өзара қарым-қатынасы сипаты - теократиялық (клерикальді) жəне зиялы тəртіп. Саяси тəртіптердің неғұрлым кең таралған жəне жалпы қабылданған типологиясы болып азаматтық қоғам мен биліктің өзара əрекетінің ерекшеліктеріне, мемлекеттік биліктің əлеуметтік тұрмыстың басқа да салаларына жəне азаматтың жеке өміріне енуі мен ықпалының дəрежесіне негізделген типология табылады. Осы көрсеткішке сəйкес, демократиялық, тоталитарлық жəне авторитарлы тəртіптерді бөліп көрсетеді. Саяси тəртіптің сипатын анықтайтын белгілер:

а) саяси билікті қалыптастыру механизмдеріне халықтың қатысу деңгейі;

б) азаматтардың құқығы мен еркінің мемлекеттің құқықтарымен арақатынасы; в) қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес құрылымдардың орны мен рөлі;

г) азаматтар мен қызметкерлердің қатынастарын құқықтық реттеу сипаты;

д) саяси көшбасшылық сипаты;

е) саяси билікті жүзеге асырудағы белгілі бір əдістердің басымдығы;

ж) қоғамдағы «күштеу» құрылымының саяси, құқықтық жағдайы;

з) саяси плюрализм мен көппартиялылықтың шегі.



Демократиялық саяси тəртіп келесі қағидаларға негізделеді: а) халықты биліктің көзі ретінде мойындау; б) биліктің негізгі органдары мен қызметкерлерін сайлау, олардың сайлаушыларға бағынуы; в) тағайындау жолымен қалыптасқан мемлекеттік органдардың сайлаушы органдардың алдындағы жауапкершілігі мен бақылауында болуы; г) басты демократиялық құқықтар мен еріктерді жариялау, заң алдындағы барлығының теңдігі; д) қоғамда плюрализмнің, көппартиялықтың заңды болуы; е) билік бөлінісі жəне ұстамдылық пен қарсы салмақ жүйесін жасау; ж) демократиялық тəртіптің əлеуеттік базасы орта таптың қалыптасуы.

Тоталитарлық саяси тəртіпте: а) мемлекеттік билік қатаң орталықтандырылған жəне басқарушы партияның билік ұйымының аппаратына тəуелді; б) мемлекет басшысы, əдетте, билік басында өмір бойы болады, ол ешкімге есеп бермейді, оның қол астында мемлекеттегі бар билік шоғырланған; в) елдің тұрғындарының басым бөлігі басқаруға қатыстырылмайды, егер өкілетті органдар болса, олар декоративті, немесе жалпыға бірдей сайлау құқығының принципін бұзу арқылы қалыптасады. г) халықты қорқытуға негізделген күштеу əдістерінің ашық көрінуі тəн; д) экономика саласында мемлекет тарапынан бақылаудыңболуы; е) қоғамның саяси жүйесінде бар биліктің бір партияның қол астында болуы, оппозицияның болмауы; ж) құқықтық көзқарас бойынша, мұндай тоталитарлық мемлекеттерде конституциялар болмайды немесе олардың əрекеттері тоқтатылған немесе олар дүниежүзілік қауымдастық саяси тəртіпті сынға алмас үшін, көзбояушы ретінде болады.

Авторитаризмге тəн ерекшеліктер:

а) мемлекетте қоғамдық өмірге ықпал етудің негізгі қозғаушылардың болуы; б) ірі репрессивті аппараттың болмауы; в) азаматтарға заңмен тыйым салынбағандардың барлығына рұқсат беру; г) демократияның кейбір элементтерінің болуы (сайлау, парламенттік күрес). Авторитарлық тəртіптер демократиялық құралдар жеңе алмайтын қоғамдық құрылымдардың ауысуы болып жатқан, ұзақ экономикалық жəне саяси дағдарыстар байқалатын елдерде пайда болады. Авторитарлық биліктің қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ететін жоғарғы мүмкіндікке ие екендігі жəне қажет кезінде күштері мен ресурстарын туындап келе жатқан мəселені шешуге жұмылдыра алатыны сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет