Саяси жүйенің тоталитарлы («totalis» - лат. «толық, барлық, бүтін») түрі былайша сипатталады: а) бір көшбасшының немесе адамдардың шағын тобының (хунта) қолында биліктің гиперорталықтануы; б) билік басында бір ғана көшбасшысы болатын, қатаң тəртібі бар бірпартиялы негіздегі билік құрылымының механизмі; в) барлық саяси институттар мен билік құрылымының басқарушы партия мен оның көшбасшысына міндетті бағынуы; г) барлық қоғамдық өмірді (экономика, мэдениет, білім, медицина жəне т.б.) бір орталықтан тотальді бақылау, реттеу, плюрализмнің, оппозицияның барлық түрлерін жою, азаматтардың жеке өміріне қол сүғу; д) қоғамға бір ғана ресми идеологияны мойындату, басқаша ойлауды жаншу, тотальді саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензура; е) əлеуметтік-саяси демагогия; Саяси жүйенің авторитарлық түрі: а) саяси шешімдерді қабылдаудың бірегей орталығында саяси биліктің толықтығының концентрациясы; б) орындаушы биліктің құзырының неғұрлым кеңеюі; в) үкіметтік емес партиялар мен қозғалыстардың шектелген саяси қатысуы; г) билікті бақылаусыз қолдану жəне халықтың барлық қабатының мінезқұлқын бақылау; д) номенклатуралық қағиданы тарату, яғни жоғарғы билік еркі бойынша барлық деңгейдегі басқарушы, жетекші мамандарды орналастыру жəне ауыстыру. Жалпы алып қарастырғанда, саяси жүйенің авторитарлық түрінде атрибут ретінде биліктің орталықтануы, оппозициялық партиялар мен ұйымдардың ісəрекетін шектеу, азаматтардың құқығы мен еркін шектеу болады.