Саяси жүйенің демократиялық түрі мыналармен сипатталады: а) саяси əрекетке қатысушылардың əлеуметтік базаларын кеңейтумен, олардың құқығы мен еркін қамтамасыз етумен, жоғарғы өмір сүру деңгейімен, орта кластың басым рөлімен; б) саяси бəсекелестікпен, саясатқа қатысудың жарыстық түрімен жəне басқарудың көп партиялық түрімен, билікті жүзеге асыруда биліктің институттарының жəне көптеген адамдардың қатысуымен; в) халық еркін парламент арқылы білдірумен, заң шығару органдарының сайлануымен жəне олардың төмен жақтан жоғарыға дейін есеп беруімен; г) азшылықтың құқығы мен қызығушылықтарын сыйлай отырып, саяси шешімдерді көпшіліктің қабылдауымен; д) дамыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктер мен одақтардың құрылуымен; е) демократиялық саяси мəдениетімен, пікірлердің, көзқарастардың алуан түрлілігімен, ашықтығымен.