Оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы және оның ерекшеліктері
1. Қарым-қатынастың топтық құрылымы.
2. Жұмыстың негізгі (алғашқы) шарты: бір адамды тыңдауға мүмкіндік болатындай тыныштық, үнсіздік, өйткені, кез келген сәтте тек бір адам ғана сөйлей алады.
3. Басты артықшылығы: оқу тобының барлық мүшелері біліп, істей алуы тиіс нәрселер барлық уақытта барлығына бірдей түсіндіріледі.
4. Әдетте кәсіби мұғалім оқытады: ерте заманнан - жалдамалы, ақылы педагог, қалғандарының барлығы – оның оқушылары, олар ешкімді оқытпайды, барлығы тек оқиды. Сол себепті, топтық (жалпы сыныптық) оқу сабақтары ешқашан ұжымдық болмаған және болмайды да, өйткені, мұндай оқу сабақтарында білікті педагогикалық жетекшіліктің қатысымен бір адам емес, керісінше ұжым (яғни, барлығы) барлығын және әрқайсысын жеке-жеке оқытады.
5. Топтық сабақ кезінде әрбір оқушы, негізінен, мұғалімнің ұсынғанын үнсіз «тұтынады», барынша меңгеруге тырысады, тырысуы керек. Осы жерден оқушылардың және, тіпті, студенттердің оқуға деген тұтынушылық қатынасы келіп шығады.
6. Әрбір оқушыны жалпысыныптық сабақ кезінде тек өзі мен өзінің жетістігі ғана алаңдатуы тиіс, себебі, ол тек өзі үшін, өз білімі, қабілеті және тәрбиесі үшін ғана жауап береді. Сыныпта, сабақта, бір адам ғана барлығын оқытады, барлығын тексереді және әрқайсысына жеке-жеке жауапты, ол – кәсіби мұғалім.
7. Оқушылардың педагог жүргізетін жалпысыныптық (топтық) сабақтар кезіндегі қоғамдық-пайдалы қызметі мүмкін емес, оның еш мағынасы да жоқ. (Шағын топтардағы оқу сабақтары жайлы төменде айтылатын болады).
8. Жалпысыныптық (топтық) жұмыс үдерісіндегі оқушы ықпалдастықтың тұрақты объектісі, оқу үдерісін ұйымдастырудың топтық формасын әмбебаптандыру оны әрекетсіз типтегі нысанға айналдырады.
9. Жалпы сыныптық (топтық) жұмыс кезінде оқушыларға жолдастарымен байланысуға тыйым салынаған: әрқайсысы тек мұғалімнің ерекше рұқсатымен ғана ойын білдіре алады.
Барлығы «бірге емес, қатар» жұмыстанады, яғни, оқушылар бір жайда орналасады, бірақ серіктес болмайды, себебі, оларға бір-бірімен сөйлесуге рұқсат етілмейді, оның себебі, бір-бірімен сөйлесу кезінде олар мұғалімнің немесе өздерінің жолдастарының сөзін естуге кедергі келтіреді. Әрбір оқушының өзгелерімен арасындағы диалогінің саны өте аз, нөлге жақын.
Жалпы сыныптық жұмыс талқылау кезінде ерекше көрініс табады, көпшілікке ұжымдық жұмыс ретінде таныстырылады, ал шын мәнісінде жеке-оқшау жұмыс секілді ол да ұжымдыққа қарама-қарсы болып келеді, әйтсе де бұл жағдай осыдан бұрын айтылғандай, жеке форманың ауқымды мағынасын ешқалай түсіндірмейді.
Жалпы сыныптық (топтық) жұмыс кезінде өзара серіктестік, жолдастық көмек болмайды. Кейде «сыртқы» деп аталатын әлеуметтік белсенділік жалпы сыныптық сабақтарда жоқтың қасы. Сондықтан, ішкі танымдық белсенділікті бетке ұстауға мәжбүр болады. Оқушылардың танымдық үдерістерін қалай жандандыруға болатындығы жайлы теориялар сәнге айналған, әйтсе де, олардың әрқайсысы жекеше және барлығы бірлесіп те жалпы білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігіне айтарлықтай ықпал ете алмады.
Кейбір мамандар оқытудың ұжымдық формалары бригадалық және звенолық сабақтар деп санайды. Бұл көзқарас қате. Ұжымдық оқыту анықтамасына сүйену керек. Оқудың бригадалық немесе звенолық сабақтарды жұптық сабақтардан ажыратқан жөн: біріншісі топтық болып есептеледі, ал екіншісі топтық емес, жұптық. Жұпта біреуі екіншісін оқытады, ал ұжымдық сабақ ұжым өздерінің әрбір мүшесін оқытқан кезде орын алады. Жұп топ та емес, ұжым да емес. Біз «топ» және «жұп» терминдерін жалпыадамзаттық, күнделікті тұрмыстағы түсініктен аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |