Аксиология философиясы және этика


Сцеинтизм және антисцеинтизм



бет29/31
Дата13.12.2021
өлшемі137,46 Kb.
#125419
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Аксиология философиясы ж не этика

Сцеинтизм және антисцеинтизм

Сциентизм XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басында ғылым дамуымен оның мәдениеттегі рөлі мен орны туралы мәселе қойылған кезде қалыптасты. Қазіргі сциентизм дәстүрінің берік тамыры бар. Фрэнсис Бэконның утопиясында « жаңа Атлантида» сциентистік көріністерді табуға болады. Сондай-ақ, сциентистік көзқарастар марксизм секілді философиялық және идеологиялық бағыттарда қамтылған.

Сциентизм көзқарастың қатаң қалыптасқан жүйесі емес, ол идеялық бағдар болып табылады. Әр түрлі сипатта болады: нақты ғылымдарға еліктеуден бастап (анықтамалар жүйесі, логикалық формализм, философиялық-дүниетанымдық немесе әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді талдаудағы аксиоматикалық құрылым, математикалық символиканы қолдану), философиялық-дүниетанымдық мәселелерді тану маңыздылығына дейін қарастырады (неопозитивизм). Жаратылыстану ғылымдарын жалғыз білім көзі ретінде қарастырады. Сцеинтизм философияны танымның ерекше нысаны ретінде маңызды деп есептемейді.

Әлеуметтану саласында сциентизм келесі көріністерге ие болады: қоғамдық ғылымдарда зерттелетін объектілермен салыстырғанда әлеуметтік талдау объектісінің ерекшеліктерін жоққа шығарады; әлеуметтік-философиялық салаға жататын құндылықтар мен құрылымдарды елемейді; Әлеуметтік зерттеулердегі сандық әдістерді абсолюттендіру көрінісінде сипатталады.

Сциентизмнің төрт сипатын ерекшелеп көрсетуге болады:

1. Тек ғылыми білім ғана нақты білім болып табылады деген ұстанымда болады. Ал білімнің басқа барлық түрлері – жай пікір немесе абсурд деп есептеледі.

2. Жаратылыстану ғылымдарында негізделген әдістер мен жорамалдар (эпистемологиялық және метафизикалық ілімдерді қоса алғанда) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда пайдаланылуы мүмкін.

3. Білім алу және адамзат алдында тұрған проблемаларды шешу құралы ретінде ғылымға басты назар аударылды.

4. Табиғи, материалистік, негізінен механикалық метафизиканы ұстанады. Дәл осы ұстаным сциентизмнің негізгі ерекшелігі және ол сынның басты объектісі болып табылады, себебі сциентизм ғылым күшін сақтап қана қоймай, метафизикалық талаптарды алға тартады. Шын мәнінде, ғылым эмпирикалық зерттеулерді сәтті жүргізу үшін натуралистік, материалистік метафизикалық әдістерге мұқтаж емес.

Сциентизмге қарама-қарсы бағыт- антисциентизм болып табылады. Антисцеинтизм -адамның өмір сүру мәселелерін шешуде ғылымның мүмкіндіктері шектеулі деп болжайды. Өмірдің қиын көріністерінде ғылымды адамның дұшпаны ретінде қарастырады. Ондай сәттерде ғылым адамды адастырады деп есептейді. Антисциентистер ғылымды утилитарлы түсінік деп санайды. Ғылым әлем мен адамның шынайы проблемаларын түсінуге қабілетті еместігін атап көрсетеді. Әлеуметтік-гуманитарлық білім объективтілік принципі қолданылмайтын сананың нысаны ретінде түсіндіріледі.

Сциентистер ғылым жетістіктерін қолдайды. Антисциентистер ғылыми инновацияларға сенімсіздікпен қарайды.

Сциентистер білімді ең жоғары мәдени құндылық ретінде жариялайды.

Сциентистер өз пайдасына дәлел ретінде жаңа заман ғылымы жаңа, шынайы адамгершілік құндылықтар мен мәдениетті негіздеуге тырысқан өткеннің атақты үлгісін қолданады. Олардың айтуынша, ғылым-қоғамның өндірістік күшін негіздейді, қоғамдық құндылықтарды туындатады және таным үрдісін жақсартады. Контраргумент ретінде антисциентистер ғылым барлық адамзатты жоюға қабілетті қауіптерді тудыруы мүмкін деп есептеді. Сонымен бірге оның көптеген жетістіктері адамзатты бақытты ете алмады. Олардың пікірінше, бұл ғылым өз табыстарын адамзат үшін игілік ете алмайды деген ойда болды.

Сциентистер тек қана ғылым арқасында өмір ұйымдасқан қалыпта басқарылады және табысты болады деп санайды,сондықтан олар адам қызметінің барлық салаларын және жалпы қоғамды «ғылымиландыруға» ұмтылады. «Ғылым» ұғымының «шынайы білім» ұғымының мағынасы емес, «білім» ұғымы «даналық» дегенді білдірмейді деп атап өтті.

Антисциентистер адамзат қате қолданған ғылыми жетістіктерден туындаған түрлі апат сценарийлерін дәлел ретінде келтіреді. Алайда, бұл апаттар ғылым емес, адам табиғаты мен қоғамның басқа да аспектілерінде (мысалы, ядролық физикадағы табыстар атом энергиясын бейбіт пайдалануды әзірлеуден басқа, ядролық қаруды дайындауға бағытталған) байқалады. Ол апаттар қателіктер мен білімнің жеткіліксіздігінен (техногендік апаттар кезінде) туындауы мүмкін. Сциентистер тосыннан болатын апаттар ғылыми білімнің тұрақты болмауының және жеткіліксіздігінің салдарынан болады деп санайды. Бұл түсінік белгілі «Мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін, бірақ білуге ұмтыламын» деген афоризмде сипатталған. Ғылыми білімді жетілдіру арқылы, болашақта апаттар азаяды деп есептейді.

Сциентизм көптеген танымал ойшылдар тарапынан әртүрлі философиялық ұстанымдармен үйлеспейтін көзқарастары үшін елеулі сынға ұшырады.

Антисциентистердің пікірінше, адамның өмір сүруінің барлық салаларында ғылым қолданылса, оларды руханилық пен романтикадан және адами сезімінен айырады деп есеептеді.

Қазіргі заманғы философияда рационалдылық мәселесін ұғынудың екі негізгі бағыты бар: сциентизм және антисциентизм. Басты назар ғылым мен білімді жүйелеудің қатаң құралдарын іздестіруге аударылады. Сциентизмдегі рационалдылық оның классикалық түрінде ғылыми рационалдылықпен теңестіріледі. Сциентизм позитивизм, неопозитивизм және постпозитивизм негізінде жүйеленеді.

Рационалдылық мәселесін түсіндірудің екінші бағыты өмір философиясы, экзистенциализм, философиялық антропологиямен байланысты. Бұл орайда антисциентизмның нысандары мен тәсілдерін меңгеру шындыққа арналған кездейсоқ адами мінез-құлық және ес мәселелеріне байланысты болады. Ғылым екінші орынға жылжиды, рухани мәдениеттің басқа формаларымен бір қатарға қойылады. Соңғы антисциентизм ғылымның құндылығын толығымен жоққа шығарады. Бірақ бұл ұстаным нақты емес. Сциентизм мен антисциентизмнің дамуы, олардың өзара сыналуы мен бәсекелестігі ұтымдылық туралы жаңа түсініктерді қалыптастыруға ықпал етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет