Қалас жамалов философия



бет12/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.

Дао ілімінен: Дао – бірді туады, бір – екіні туады, екі – үшті туады, ал үш – жан атаулыны туады. Ал жан атаулы инь менен янға һәм циға толы, сөйтіп, олар үйлесімділік құрайды.
Ұлы Дао барлық жерге тарайды. Ол оңнан да, солдан да табылады. Соның арқасында барлық тірлік дүниеге келеді және өз өсуін тоқтатпайды. Ол ерлік жасайды, бірақ даңққа талпынбайды. Барлық жандарды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, өзін олардың билеушісі санамайды... Барлық тірлік оған қайта оралады, бірақ ол өзін олардың билеушісі санамайды. Оны ұлы деп атауға болады. Оның ұлы болатыны ол өзін ешқашанда сондаймын деп санамайды.
Ежелгі Қытай философиясының тағы да бір ерекше ағымы - ол фа-цзя мектебі («фа» - заң). Мектеп ұстанымы конфуцийлік ілімге, оның адам, мораль мәселелеріне қарсы бағытталған.
Заңдар мектебінің негізін қалаушы - Хань-Фэй-Цзы (б.д.д. 280-233 ж.ж.) болмыс ілімінде Даоға, дүниедегі барлық нәрселердің табиғи заңы ретінде қараған: «Әрбір зат пен істің заңдары бар. Аспанның өз заңдылығы, адамдардың да орнатқан өзіндік заңдары бар».
Дао - жалғыз және бөлінбейді деген пікірді ұстанған Хань-Фэй-Цзы елбасының тек өзіне сенуі керектігін дәріптейді. «Дао бос, қозғалмайды және жалғыздықта, сондықтан елбасы бәрін өзінің ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашылмағаны жөн. Елбасы даосын ешкім көрмеуі, оны қолдануы жолын басқалар түсінбеуі керек», - дегенге меңзейді.
«Фа-цзя» мектебі ел басқару мәселелерін адам табиғатының өзімшілдігіне негіздеп шешеді.
Мектеп заң мен басқару өнерін бір-бірінен ажыратып қарастырады. Мысалы, Хань-Фэй-Цзы, халық жалақыны, пайда көзін тапқанды жақсы көреді де, жазаға ұшырауды ұнатпайды, жақсы көрмейді. Мұндай шараларды жүзеге асыру елбасының қолында. Сондықтан қоғамда тәртіп орнауы үшін, бәрін заң арқылы ретке келтіру керек. Заң қысқа, әрбір адамға түсінікті болып, қайсыбір заңды бұзушылыққа қатаң жазалар қолданылады. Қоғамда жазаның көп, құрметтеудің аз болғаны абзал. «Бірақ кімнің заңды орындамай, бұзғанын қалай білуге болады?» - деген сұраққа, адамдар өзара бір-бірін бақылап жүрулері керек деген жауап беріледі. Ол қалай жүзеге асады? Адам жүрегіне қорқыныш сезімін ұялату, заң бұзған адамды көпшілік халық алдында жазалау ұсынылады. Осы жағдайда адамдардың өздері-ақ, бір-бірін көрсете бастайды деген ұстаным басымдыққа ие болады.
Елбасының жүрегінде терең орын тепкен басқару өнерін, оның ойын жанындағылардың білмеуі, сезбеуі, болжай алмауы ұсынылады. Өйткені «Елбасының ізін аңдып, арыстандар жүр», ол өзінің құпиялығын жоғалтса, арыстандардың (жанында жүрген басқа лауазым иелері) жеміне айналады.
Елбасы бәріне самарқау қарап, еш нәрсе жасамауы керек. Оның күші - ештеңе істемеуінде болады. Сонда ғана ол жауларының мақсат-мүддесін түсінеді.
«Фа-цзя» мектебінің талаптары үкіметтің саяси идеологиясына айналып, Қытай елінде аса қатыгез басқару жүйесі орнайды. Халқы моральдық жолмен тәрбиеленгенмен, «заңдық» басқарудың да барлық қиыншылықтарын өз бастарынан өткізеді. Моральдық тәрбиені, қоғамдық қатынастарды заң жолымен ретке келтіруді ұстанады.
Қытай философиясының Демокриттің «атом» ұғымымен тең «ци» ұғымы, көзге көрінбейтін, әртүрлі салмақты ұсақ бөлшектер туралы материалистік ұстанымдары болды. Мысалы, Сюнь-цзы (298-238 б.ғ.д.) Қытайдың «аспанға» табынуы әдетіне қарсы шығып: «Аспанға, соқыр сенім негізіне табынғанша, заттарды көбейтіп, аспанды неге бағындырмаймыз?» – дейді. «Егер рух болмаса, Құдайға табынып сұрағаннан кейін неге жаңбыр жауды?» – деген сұраққа, «мұнда ешқандай таңғалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр Құдайға табынғанға дейін де, кейін де жауады» деген тәрізді жауаптар беріледі және т.б. Дегенмен Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып, негізгі философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-саяси өмір салаларына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтар шешімдеріне бағытталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет