Философияның міндеттері. Философияны дүниетанымдық көзқарастың түрі, ғылым есебінде қарастырудан оның дүниетанымдық көзқарастық, әдістемелік, сыни міндеттерін айыруға болады.
Әлемнің кұрылымы және ондағы адамның орны туралы түсінікті қалыптастыру, құндылықтар мен адам өмірінің бағытын дәлелдеу, әлеммен қарым-қатынастың тәжірибелік түп негізін анықтау арқылы философия өзінің дүниетанымдық көзқарасын орындайды.
Әдістемелік міндеттерде философияның алатын орны орасан зор. Әдістемелік (методологиялық) - бұл түпкі бастамалардың, талдап қорытылған тәсілдердің, теориялық қызметтің құрылымы, және де осы жүйе туралы ілім. Әр түрлі тәсілдердің ортасынан бір ғылымда ғана пайдаланылатынын бөлектеуге болады. Бұл тәсілдер жеке ғылыми тәсілдер деп аталады. Осыған сәйкес жалпы ғылыми тәсілдер дегеніміз-бірнеше ғылым салаларында, ғылымның белгілі бір тобында пайдаланылады.
Философия – жалпыға бірдей тәсіл, өйткені оның оқып зерттейтіні танымның, ойдың жан-жақты түпкі мәселелері. Философия тәсілдерінің жалпылығына қарамай ол нақты ғылым салалары бойынша ақиқат білімді бере алмайды. Философия тәсілдері өзінің жан-жақтылығынан, әр түрлі нақты мақсатты шешудің керекті жағдайы болады десек те, ол жеке ғылымдардың арнайы тәсілдерін өзінікімен - ауыстырмайды. Осыған байланысты философия ғылыми танымның барлық түрі үшін, өзінің жалпы әдістемелік міндетін орындайды.
Танымдық міндетін орындай отырып, философия барынша жалпы идеяларды, түсініктерді, тәжірибе түрлеріне негізделген нақты мәдениеттерді, адамдардың толық қоғамдық-тарихи өмірін анықтайды. Оларды мәдениеттің универсалиялары дейді. Бұлардың ортасында философия категориялары маңызды орын алады, және оған келесі әмбебаптық түсініктерді жатқызады: болмыс, материя, өзгеріс, даму, себеп-салдар, кездейсоқтық-қажеттілік, бөлік-бүтін, элемент-құрылым т.б.
Тарихшы, жаратылыстанушы, экономист, әдебиеттанушы ғалымдар бұл түсініктерді орағытып өте алмайды. Бұл түсініктер қандай да болмасын бір салада қолданылып қоймай, барлық кұбылыстарға қатысты болады. Осыдан оларды мәдениеттің әмбебап түріне, кең көлемді негіздерге жатқызады.