Қалас жамалов философия


Философияның өзіндік мәселелері



бет4/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.

Философияның өзіндік мәселелері. Адам мен ғаламның ара катынасы, адамның ондағы алатын орны философияның әмбебап мәселесі болады.
Ерте заманнан-ақ данышпандар өз еңбектерінде осы әмбебап мәселеден «философияның негізгі сұрағын» бөлектеуге, оған жауап беруге ұмтылды. Көптеген философиялық мектептер бұл сұрақтың бөлектенуін ойдан шығарылған, қате деп есептесе де, ол философия тарихына енді, одан өз орнын алды. Сұрақтың пайда болуы негізінде адам өмірінің өзекті деректері: материалдық құбылыстармен қатар руханилық - сана, ерік ойдың өмір сүруі жатыр. Демек, бұл сұрақты бөлектеу негізінде - руханилықтың материалдықка қатынасы жатыр.
Маркстік әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының екі жағы бар деп қарастырылады: а) не бірінші - рух па, табиғат па?; б) әлемді танып білуге бола ма? Қазіргі заманғы маркстік философия тек қана екі жақтың бөлектенуін жеткіліксіз деп, осы сұрақтың шеңберінде жанама мәселелердің руханилықтың материалдыққа қатынасындағы адамның тәжірибелік, өзтертушілік қызметі мен құндылықтардың көрсетілуін қажетті деп есептейді.
Руханилық пен материалдық қатынасын шешуде философтар екі түрлі бағытқа бөлінеді: материалистер бірінші деп материалдықты (қоршаған ортаның бөлігі - су, ағаш, металл, жер, т.б.); идеалистер үшін керісінше, материалдық руханилықтың туындысы (идея, сана, ерік, абсолюттік рух, т.б.). Материализмнің бірнеше тарихи түрлері бар – ежелгі грек ойшылдардың қарапайым материализмі. ХҮІІ ХҮІІІ ғасырларда пайда болған механикалық, метафизикалық материализм, XIX ғасырдың ортасында пайда болған диалектикалық материализм. Идеализмнің: объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс тәуелсіз өмір сүретінін мойындау), субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.
Негізгі сұрақты анықтауға бағытталған ерекше пікірді француз ойшылы А.Камюден көреміз. Негізгі ойын адамның өмір сүру мәселелеріне жинақтап, оның бос сандырақ, тантушылық екенін өзінше дәлелдеп көрсете отырып, ол «Өмір сүруге тұра ма?» деген шешуші сұрағын қояды. А.Камю «Өмірдің мәні туралы сұрақты мен барлық сұрақтардың ішіндегі нағыз шұғыл, кідіртуге болмайтыны деп есептеймін»- деп мәлімдейді [2. 26 б.].
Философияның негізгі сұрағын тұжырымдап айтуға деген ерекше тәсілдер де бар, мысалы: ол - жауыздық, озбырлық мәселелері. (П.Риккерт т.б.)
Философияның келелі мәселелері «негізгі сұрақ» төңірегіне жинақталып, онымен бітпейді, оның бірнеше топталған түрі көрсетіледі. Олардың ішінен дараланатындар:
I. А. Әлемнің, болмыстың құрылымдық мәселелері (онтология):
болмыс негізі бар ма, ол қандай; қозғалыс, кеңістік, уақыт дегеніміз не; сана деген не, ол қалай пайда болды; әлемдегі адамның алатын орны, оның табиғаты қандай; әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылыктары бар ма?
В. Әлемнің танымдық мәселелері (гнесеология): әлем өз негізінде танымды ма, адамның тану мүмкіндігі шексіз бе, әлде оның шегі бар ма, ғалам туралы білім қалай алынады, алынған нәтиженің ақиқаттығына немесе қателігіне қалай көз жеткізуге болады?
С. Құндылықтар мәселелері (аксиология): игіліктер деген не, құндылықтардың табиғаты, олардың өзара байланысы қандай?
Д. Адам қызметінің өзгертушілік мәселелері (праксиология): адам әлемді өзгертуге қабілетті ме, табиғаттың өзіндік дамуы мен қоғамдық катынастарға араласуға болатын, рұқсат етілген шекара қайда?
II. А. Қисын, таным теориясы мәселелері;
В. Табиғаттың кұрылымы мәселелері;
С. Этика мәселелері - адамның тәжірибелік қызметі және мінез-құлқы;
Д. Саясат мәселелері: мемлекеттің ақыл-парасаттық, мәндік кұрылымы, дара тұлғалар мен мемлекеттің ара қатынасы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет