Байланысты: Алматы энергетика және байланыс институты
13.1 Электр тогының жалпы сипаттамалары және бар болу шарттары Электр тогы - зарядталған бөлшектер мен макроскопиялық денелердің реттелген қозғалысы.
Конвекциялы электр тогы – макроскопиялық денелердің реттелген қозғалысынан пайда болатын электр тогы.
Токтың болу шарттары: ортада ток тасымалдаушылардың және электр өрісінің болуы.
Токты ұстап тұру үшін міндетті түрде қандай да бір энергияны электр тогының энергиясына айналдыруына негізделген электр энергиясының көзі болуы қажет.
Электр тогының сандық сипаттамасы – ток күші. Ток күші– бірлік уақытта қарастырылған бет арқылы өтетін зарядтармен анықталатын скаляр физикалық шама.
(13.1)
Ток күші және оның бағыты уақытқа байланысты өзгермесе, ондай ток тұрақты ток деп аталады және
.
Электр тогы тұрақты болуы үшін ток өтетін өткізгіштің барлық нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігі өзгермеуі қажет. Яғни осы өткізгіште зарядтар бір жерінде азайып, бір жерінде жиналып қалмауы қажет. Бұл шарт тұрақты ток тізбегі тұйықталған және тізбектің барлық көлденең қимасындағы ток күші бірдей болуы керек екенін білдіреді.
Қарастырылған беттің әр түрлі нүктесіндегі электр тогының бағыты және оның таралуы ток тығыздығының векторы деп аталатын физикалық шамамен сипатталады.
Ток тығыздығы- ток бағытына перпендикуляр беттің бірлік аудан арқылы өтетін ток күшімен анықталады
. (13.2)
Бұл өрнектен беттен өтетін ток күші осы беттен өткен ток тығыздығының векторының ағынына тең екені шығады
. (13.3)
Ток тығыздығын өткізгіштегі зарядтардың реттелген қозғалысының жылдамдығы, ток тасмалдаушылардың концентрациясы және тасымалдаушылардың элементар заряды арқылы төмендегідей өрнектеуге болады
. (13.4)