Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)


Бір уыт жайлап алды-ау бой-денемді…



бет12/14
Дата06.02.2022
өлшемі4,25 Mb.
#35390
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Бір уыт жайлап алды-ау бой-денемді…


Жан керек! Сергиінші бір жадырап!..
Жоқ, жүрек тыңдар емес “Қой” дегенді…

1903
- Әзірше болмасақ та жарық жұлдыз,


Ортасын талай топтың жарып жүрміз!
- Жара бер… сәл байқашы… күпінуді,
Күпіну - өзің жұтар түтін улы.

1904
“Көп жаса!” деді-ау жаңа бәрі үмітпен,


Түк қызық көрмей тұрмын кәріліктен!
Онда да жанға шуақ себелер ме?..
Жөн шығар соған сеніп, әрі күткен.

1905
Алаулатып өлгенше Адам атын,


Жалғансыз-ақ жан бақыт таба алатын,
Усыз құшақ, сұмдықсыз тіршілік тән
Өмір болса-ау!.. Таң қайда ағаратын?

1906
- Жұма күні жаралды Адам. Сақта мұны сен есте.


- Жұмақтан да қуылуы жұма күні емес пе?
- Жұма – ұлы, киелі күн, қалай-қалай десек те,
Ал, Атаның ол күнәсін – аңқаулық деп есепте.

1907
- Көктем өтіп кетсе де баяғыда,


Іңкәрсің ғой біреудің Баянына!
Күлкісінің сыңғыры түнге сіңді…
Белгісі ме… сені әлде аяды ма?..

1908
Ұятсыздық ұрланып санаңды алып,


Көрсетпеуге айналды Адамды анық.
Жексұрындық жерсініп жерімізді,
Ғаламданып барамыз, ғаламданып…

1909
- Жастығың қайта оралса не істер едің?


- О, шіркін!.. Бірақ… мынаны ескеремін:
достарым оттай ыстық орала ма?..
Өйтпесе… көрмей тұрмын еш керегін…

1910
Десем де көкірекке неше қонды,


Кеш келдім жырға. Алмаспын есе де оңды.
Мейлі… Бір сөзім қалып, көп жылдан соң:
“Жарықтық жақсы айтыпты-ау!” десе болды.

1911
- Күншіл ойшыл жақтырмаса, қарағым,


Қуан, сен де – осал емес, жарадың!
Өз бағасын күншіл өзі анықтар,
Ал көпшілді бағалайтын халық бар.

1912
- Жатса мені туған жұрт тұлғасынып,


Сен қаласың, байқаймын, бір басылып.
Қашанғы өзің өртейсің өз ішіңді?..
Ойлап көрші: Аллаға бұл да асылық.

1913
- “Қазақ жылқы мінездес” деген шын ба?


- Рас сөз ғой сыналған нелер сында.
Тек атыңнан жемқорлау атқамінер…
Құлағына олардың – менен сырға!

1914
Не көрсек те, әйтеуір, жеткеріп түз,


Беттен қытық кетпеген текті едік біз.
Енді ұяттан тігілген сары тонмен,
Ұят кеткен кезеңге кептеліппіз!

1915
Шаң қапқанда шын тұлпар оза тұрып,


Шықты талай шыңдауыл сөз атылып.
Оған елең етсін бе күнәһарлар,
Жасап жатыр ойын-той тозақылық!

1916
- “Кең болсаң – кем болмайсың” деген сөзбен,


Уа, жұрт, бәріне де ел ең төзген!..
Кеңдігің кесіріңе айналмаса,
Неге жас шығады екен көген көзден?..

1917
- Жүрекпен сүйіп едім – ол адамды,


Ақылмен алғаным – жар бола алмады.
Амалсыз азат болдым екеуінен...
Өкініш: өткен жылдар оралмады!

1918
- Бекер – деуің “Жағдайым жатты оңалып!”..


Жан-сарайды жібердің атқора ғып.
Дәулет, сәулет кетпейді Бақи жаққа,
Кетсең өзің кетесің аққа оралып…

1919
Не мені мұзды сеңдей мұңда қысқан?


Жастық па түнде түсте тіл қатысқан?..
Құдай-ау, неге іңкәрмін кешегіге,
Шығардай енді Күнім күнбатыстан?!

1920
- Күйзелме, деп “Қашан біз жарығанбыз?!”


Құдайға шүкір, құрдас, әлі бармыз.
Ақ жүріп, адал болып қамықсақ та,
Жұмақта жарқын жүзбен жадырармыз!

1921
“Бар болса болар, сірә, мұнда ұлылық”,


Дейтінің құнжыңдайды құлдық ұрып.
Айтатын аталы сөз арлы бар ма?..
Көбісі – көбік ауыз бір былдырық.

1922
- Жаңа ғасыр! Нені ойлап, неге келдің?


Өтеле ме өзіңде керегі елдің?..
Елді есірке. Ал, менің жеке арызым:
маңдайынан сипай жүр немеремнің.

1923
- “Көміліп көп қылмысым сары алтынға,


Ақиқат… қалды, - деме, - бәрі артымда”.
Қалмайды! Қайта оралып қақтайды әлі,
Келгенде Әзірейіл, жан алқымға!

1924
Білмейді емес, біледі жәй-мәністі,


Біле тұра қырсығып, әй, қарысты!..
Неге тағдыр менікі бола тұрып,
Кейде кейбір иттерге байланысты?

1925
- Білмей-ақ жыларыңды, күлеріңді,


Өткізіп келеміз, дос, бұл өмірді.
Сөнген жоқ алау – арман! Сүйекшіге айт,
“Сайламай қоя тұр, - деп, - күрегіңді”.

1926
- Қалмаса да бар арман тегіс өліп,


Көңілдегі шырақтың көбі сөніп,
Жүдеп кеп ем, жұбаттың өзің шығып,
Сәлемімді ал, Таласым! Көріселік.

1927
- Сен – маған, мен – тағдырға өкпеліміз,


Не болды сонда біздің өткеніміз?..
Құдай-ау, бәрі арман боп қалғаны ма,
Жаз тұрмақ тұр жақында өткелі күз.

1928
Отсыз-ақ өртегенде мына Жалған,


Жас төгіп небір асыл жылады арман!
Қайтадан өртеңде үміт көктегенде,
Тағы да бір бәлесі шығады алдан…

1929
О, дәурен-ай! Қанша жыл, ай да қалды,


Жоқ іздеумен айналдым айналамды.
Тапқан қазық сондағы өлең бе екен,
Мені әйтеуір бірдеме байлап алды…

1930
Айналарын ақыры зобалаңға,


Біле-тұра ел-жұртты тонағанға
не жаза бар?.. Жазаны адам алар,
Жыртқыштықпен жырғаса – со да адам ба?!

1931
- Күні кеше бәріміз тең сияқты ек,


Жарылқайтын жыл сайын жер сый ап кеп…
- Көлденеңнен бір кезең килікті де,
Жер де көзін сүзді ғой биліктіге…

1932
- Көңілім, көтерілші… айықсаңшы!


Көрейін, не бар өзі, жайып салшы…
Кірлесең – кірі емес ол күллі әлемнің,
Әкетер бір жыласам шайып тамшы…

1933
Мен білсем, “Дүниенің бәрі – маған!” –


дейтіннің дені бұрын жарымаған.
Қайтсе де ашқарақтық асқынып тұр,
Бұл дертке таба ала ма дәріні адам?

1934
Арам іспен биікке секірді кім,


Киелінің бетіне кекірді кім –
күнде көрем… Қайда жүр әз зиялы?
Әлі іздеу ме?.. Шаршаған секілдімін.

1935
- Келген бе олар да ортақ мәмілеге,


Құзғындар қырқыспай жүр әлі неге?
- Қарғаның қарға көзін шұқымайды,
Жетеді бір өлексе бәріне де!

1936
- Бұл өмір беріледі бір-ақ рет,


Жасап қал! Керек болса күнә ғып өт!..
- Күнәмді жуу үшін, бірақ, менің,
Екі өмір маған арнап сұрап па едің?

1937
- Мынаның миында аз-ау қыртыс әлі,


Жаңаны жаншимын деп тыртысады!
- Бар бәле миыңда емес, құлқынында…
Ол құлқын, қара да тұр, бір құсады.

1938
Жұртын бастап жол кешіп алыстарға,


Жол кескенмен қан-жоса алысқанда
еткен ерлік бағасы берілмесе,
Іштен күйіп кетеді арыстан да!

1939
- Дүниеге, сұрап білші, неге келдік?


Келіппіз… қане, енді елегендік?!
- Дос, шындап налып жүрсең келгеніңе,
Риза бол кетер жолды бергеніне…

1940
- Жазығым не? Не себеп өкпелеуге?..


Жолықтыр деп жалынғам Көкке мен де!
Күндіз Күннен, түнде Айдан сәлем айтқам,
Соның бірі, жаным-ау, жетпеген бе?!”

1941
- Жасың келді, қайтесің дау-дамайды,


Шау тартса құс ештеме ауламайды.
- Дауы құрсын!.. Мен бірақ әлі ел деймін,
Онымды әлі, көресің, дәлелдеймін!

1942
- Аңсаған тек өзіңді өршіл жүрек,


Дедің бе “Сағыныштан көрсін жүдеп!”
Не керек жүдеу жүрек?!.. Жерлей сал да,
Басына бір ғажайып, өнсін, гүл ек…

1943
Кейде ойлаймын: мен ерте келсем керек…


Ойлар едім егер кеш келсем не деп?
- Қайтер еді, о, Тағдыр, заманадан
келмей тұрып шамалы берсең дерек?!

1944
Әкем байы болыпты баяғының,


Төңкеріс һәм тәркілеу… аяғы мұң…
Ал менде жоқ басы артық бес-он теңге…
Қызық мына дүние! Аяры кім?

1945
- Ақыл-ойы, ниеті келіскендей,


Теріске де ешқашан теріс келмей,
Қарашы, анау мырыңның отырысын,
Олимпте отырған Зевстердей!

1946
- Қайтадан күн ашылды, еркем менің,


Бурабай көзге тосты көркем көлін.
Көлменен қоса толқып іңкәр жүрек,
Мен тұрмын, қайық та тұр… сен келмедің…

1947
Бір қиын іс Өмірде – жолайырық,


Оңы қайсы?.. Көр енді оны айырып!
Салғыласса сан сұрақ сансырайсың,
Былай ұғып немесе олай ұғып…

1948
- Кеш қалма, шындықты, дос, қазір аңда:


Ақшамен орнайды Өмір жазы жанға!
- Ол енді… ақша жағы… қайдам… бірақ,
Екі мың өлең жатыр қазынамда!

1949
Хақ өлімнен жоқтай боп енді өзгесі,


Жан шырылдап, халде бір кем кезде есі,
Не тілемек қай кісі?.. Өз тілегім:
- Айналайын жыр-сырым, сен безбеші?!

1950
Шын-ақ тұнып Зұлымдық мәңгі лаңы,


Жар сап тұрма Жақсылық?.. Жаңғырады.
Үні ме әлде Жұмақтың Фәниді асқан?..
Әлде ажалды арманның сандырағы?

1951
- Кейде емес секілді теріс түк те:


адалдық та, қылмыс та… Келістік пе?
- Періштелік, Шайтандық заң бойынша,
О, нелер жоқ мәңгілік кеңістікте!

1952
Жаңылысып, жатсам да жардан құлап,


Аттамаппын ешқашан ардан бірақ.
Быт-шыт болған үміттің сынығынан,
Ілдебайлап жүргенім арман құрап…

1953
Бұйырған ерендердің талайына,


Ғажап қой атақ-даңқтың арайы да!
Тек, бірақ, заманының кеші түссе,
Айналар алтын арай қалайыға…

1954
- Тірілтсем деп шын сөзбен өлі еттерді,


Өзіме өзім орнаттым бөгеттерді!..
- Алға жылжу оңай ма Адамдыққа,
Сендейлермен жолақы төлеп келді!

1955
- Жерді, көкті кім, неге арамдаған?!..


Сұраймыз ба оны да тағы Алладан?
- Сұмдық сұрақ. Жауабын таба тұрып,
Жерде туған бар дана таба алмаған!

1956
- Бұлбұлым, сен есілтіп ән самалын,


Сыртыңнан сыр білдірмей аңсағамын…
Сен енді асыл жылдар бейнесісің,
Ал әнің – Бақида да аңсар әнім!

1957
Заманның бозымы едік кешегі біз,


Бүгінде қайтқандай ма меселіміз?
Жарқырап мына Жалған тұрар деуші ек…
Уа, әттең, қате бопты-ау есебіміз!

1958
Жер – Ана әрі адамның бәріне төр,


Сыйла оны! Сыйламасаң - әлі де көр.
Өлсең де рухыңды Жер арқылы
Жұмаққа не Тозаққа алып өтер.

1959
- Тәнімізде қанат жоқ – құс емеспіз,


Жанда қанат жоқ болса – кісі емеспіз!
- Дұрыс… Бірақ бүгіннің “кісілері”,
Қанаттыңды қалпақтай түсіреді!

1960
Ібіліспен жүргендей бірге түнеп


балаң бұзық болса егер Күн де – түнек!
Торығасың, морисың қалмағандай
мына жарық Жаһанда мүлде тірек…

1961
- Қор болдың-ау, қарағым, бір шірікке!..


Көзің жасы жаныма жүр сіңіп те.
Кінәлі кім?.. Өзің бе? Әлде мынау
заңы түкке тұрғысыз Тіршілік пе?

1962
Сыйғыза алмай жүргенде жанды үйіме,


Қарап жатқан біреу жоқ хал, күйіме.
Тек Таластың сарылы тыншытады…
Ол да Анам ғой! Сарыны - әлдиі де.

1963
Туған күн – төл мейрамы бар адамның,


Ал менде – қуаныш пен барабар мұң.
Маусымның он жетісі – туған күнім,
Әрі ол… соңғы күні жан Анамның.

1964
Ұмыт боп жас күнде хат алысқан қыз,


Қара үзіп қаншама дос, таныстан біз,
Әлі де талай бейне көзден көшіп,
Дүние-ай, Жалғаннан да алыстармыз…

1965
Сағатпен өлшеп қойған сыртылдаған,


Сырт берер мына Өмір бір күн маған.
Өзімді, өзгелерді аша алмап ем,
Болса етті Бақида да шіркін қалам!

1966
- Егде тартқан шығарсың өзің де енді,


Кездеспеспіз… Сыр ашар кезім келді:
Өзіңді аңсау?.. Білмеймін. Бірақ анық
сағынғаным мөп-мөлдір сезімдерді!

1967
- Көп болды ғой жеңісің, тойларың да,


Ең бақытты сәтің не? Ойладың ба?
- Ол екеу-ақ: сыр айтып ақ қағазға,
Жар құшқаным көк өзен қойнауында.

1968
- Бірде көрсем қараудың сан сүзгенін,


Бірде көрем арқаңнан қамшы іздерін.
Көне берер көл қылып көзің жасын,
О, Әділет, осынша әлсіз бе едің?!

1969
Шырт ұйқыдан оянам күнде түнде,


Мазаны алып қу тірлік, міндетім де.
Ойды онға бөледі обал, сауап…
Таразының әрқайсы бір бетінде.

1970
- Жауығардай бар еді биікте нең?..


Енді өмірің өтуде күйікпенен!
“Құдай табар… тілімді ал: тыныш жүр” деп,
Құлағыңа құюдай құйып келем…

1971
- Анау… тағы көрсетіп “ептілікті”:


“Құдайменен сырластым!” депті, тіпті!
- Жәй жәлдеп қой… Саудалап ұлы ұғымды,
“Ұлы” болған бүгінде жеткілікті.

1972
Халық дейтін қалың жұрт қалта қағып,


Байбатшалар семірді, қарталанып.
Мейлі, құрсын!.. Тек жанды азаптайды,
Ұят ұлып қалғаны, Ар таланып!

1973
- Жимасам да дүние, алтын кілең,


Деуші ең істің, тірліктің парқын білем…
- Тым болмаса түсімде шалқысам ғой!..
Жоқ, онда да жоқшылық тартып жүрем…

1974
Сергімеді-ау бұл көңіл, сергімеді.


Кімді аңсайды, көксейді енді нені?..
Ойлауым мұң… О, Тәңір, ғарыштан ба…
Мұңға бола қара көз мөлдіреді!

1975
Мейірімге толтырып айналасын,


Көрген сайын: “Қарағым, қай баласың?” –
дейтін қарттар қайда енді… өзің қартсың,
Салыстыршы өзіңді?.. Жәй ғанасың…

1976
- Тәубе Аллаға дүниеге келгеніме,


Тәубе сені Ана ғып бергеніне.
Өзіңді аңсап жүрегім елжірейді,
Сенен қалған жүрек-ау мендегі де!

1977
- Түнегімді түрді ме таң қылаңы?


Сенің үнің?.. бұл сен ғой!.. Жаңғырады!
Періште боп келдің бе, періштем-ау?..
Әлде… тағы сағыныш сандырағы?

1978
- Әр сәтіңнің өшкен жоқ гүлді іздері,


Бақида да бір жай ды біл біздегі:
мен есікті ашсам да басқа жанға,
Жүрек оны бір де рет кіргізбеді!

1979
- Кіл қызғалдақ тұрғандай толып қырға,


Гүл жайнаттың көңілді жолықтың да.
Тәтті сәттер елес боп қалды, өзің жоқ…
Қоштаспадың… “Қош!” деуге қорықтың ба?

1980
- Біле тұра шамасын, жөнін кісі,


Неге өзге боп келеді көрінгісі?
- Ол - өз мінін мойындап, жасырғаны.
Сөйткен, тіпті, бар заман асылдары.

1981
- Болса да даусыз көп тер төккеніміз,


Деме, дос, өтеуіне өкпеліміз.
Фәнидің жазы, қысы өте шығып,
Бақида қайта оралар көктеміміз!

1982
- Өртемесе сені еш қозданып Ар,


Бір сөз айтам – мойында, төз, қабыл ал:
мына Өмірдің заңына пысқырмасаң,
Саған лайық Тозақтың өз заңы бар!

1983
- Дейтін емес дәурені өтті, кезі,


Атақ-даңқы-ақ осының етті мезі!
- Өзіңді ойлап қолпашта құрметтіні,
Сені сол да құрметке жеткізеді!

1984
- Кеп қалдық, дос, Өмірдің өріне де,


Қарашы, жан дауасы көріне ме?
Әлде ол жоқ боп шығып, тұлпар көңіл,
Мерт болып бізден бұрын көміле ме?

1985
Көкейде тұрғаны рас жай бір біздің,


Махаббат гүлбағынан қай гүлді үздің?..
Жарай ма ол бірге өтуге бұ Жалғаннан,
Салтанат шеруіндей Ай – Жұлдыздың?

1986
Бәрі де сеп! Елемеу, елері де,


Бірдеме алса орнына береді не…
Есепті естен шығарса тек сезімнен,
Елді есалаң боп кетер дегені ме?

1987
Мен үшін қоңырланған шақта Жалған,


Жанымды алып қап жүр әппақ арман!
Арманшыл етіп баста жаратқанда,
Осыны ескерген бе хақ тағалам?..

1988
Сағынып қарсы алғанда ғашық тәмам,


Жастықтың көктем, жазы асықпаған.
Қазір төрт мезгіл түгел зуылдайды…
Белдерден беталбатты асып барам…

1989
Бір бейтаныс қасыма келді кеше,


Мадақтады, боқтады ерді неше…
Ауыз аздап тазалау болар ма еді,
Бәдіктіктің мөлшерін белгілесе?

1990
Менде дұшпан мүлде жоқ! Маған дұшпан


көп екен ғой көктегі қара құстан.
Қақ жүректен атады антұрғандар!..
Шыға алам ба ала жаз, ала қыстан?..

1991
Құшу, сүю… балқытқан қарбаласта,


шын ба бәрі, құдай-ау?! Алдамас па?..
Жұмақ сәтте жұмулы құралай көз…
Ол көзде сен барсың ба… әлде басқа?..

1992
- Қарасу! Келдім саған, айдын көлім,


Жағаңда Қосы бабам, айбынды елім.
Бір күнде мың күндік күш-қуат алам,
Табады сенен кейде қайғым да емін.

1993
Не боп кетті?!.. Бөлінді санам санға,


Борпылдап ап айналды шамам шаңға.
Жүрек те, әне, қысылып бара жатыр,
Кеуде түгіл тарлық қып ғаламшар да…

1994
- Көңлін тауып көзжақсы көңілдестің,


Келіп жүр-ау құпия өмір кешкің?
- Ол – кінәсі Тағдырдың, менің емес.
Қайтем жармен боп жатса өмірі егес?!..

1995
Сабақ алып Заманның әр лебінен,


Армандағам әу баста әр нені мен.
Болған болды… Қажыдым. Қалғандары
болса-ау тағы Алланың пәрменімен.

1996
- Көктем әсем гүлменен, қыз көркімен,


Көркі – от қой! Өртеді-ау бізді өртімен!
- Жүрек күйер… Қорықпа: жан қалады.
Бұл осылай. Махаббат мәңгі амалы.

1997
Уа, Жаратқан, бере гөр тілегімді:


Жасандылық жаулады бұл Өмірді!
Онсыз қатып қалсам да мәңгі мұз боп,
Жасанды от жылтпасын жүрегімді!

1998
- Кім кепіл қиянаттың тозбасына,


Қарсы тұр қайрат қылып, төз, жасыма.
Зұлымнан есеңді Өмір әпереді,
Есептеп әрбір тамған көз жасыңа!

1999
“Жер тартсын…” Жаман сөз бе? Әрине ғой…


Егер Жер тартпаса ұшып кетпейміз бе?..
Ал Жерде жүргендердің бәріндегі ой:
“Тартпасын! Ажал, аулақ кет!” дейміз де.

2000
- Кеше жүрген ит еді… Астамын-ай!..


Жаратқан ба басқа ғып баста Құдай?
- Ұры ит апақ-сопақта тез оңалар,
Нені ұрлауды бірден-ақ сезеді олар…




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет