Ор болып қаскөй қазған құба белдер,
Жасырып жасын қанша жылады ерлер!..
Кім білсін, мына Өмірдің заңы сол ма:
құлаған… құлайды әлі…Құлагерлер…
1236
Мың күн болды…Жаһаннан сен кеткелі,
Мың күн болды мені мұң тербеткелі…
Күтіп қалған жоқпысың?…Міне, кеттім,
Дұғамды оқып, шерімді селдеткелі…
1237
Туып келе жатқанда бір ұлы Ақын,
Оңды-солды сойылмен ұрылатын.
Аманбысың сен одан әлі, інішек?..
«Данқ» дейтінге бермеші сұғына тым.
1238
-Шындық десең ертеңнің ең керегі,
Неге бүгін көмуді жөн көреді?..
-Мысық қағын мың жерден жасырғанмен,
Достарыңызбен бөлісу: |