Педагогикалық мораль - мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бip талап -тілектердің, қағида мен ережелердің, қалыптық,мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы.
Педагогикалык стиль - мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипат.
Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен істейтін,әpбіp педагогтің қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік белгісі. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен ,оның педагогтік әдебінде.
Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша, оқушылармен тіл табыспайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Лебитов атап көрсеткеніндей, педагог әдептен кұр болса, оқушылардың тәрбиесіне залалы тиеді. Олардың бойында кейін түзеуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдет-қылықтардьң пайда болуына себеп болады. М.Д.Лебитовтің байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастауы ықтимал.
Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді.
Педагогикалық шеберлік компоненттері:
- Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;
- Мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
- Кәсіптік көрегендігі;
- Педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;
- Ұйымдастырушылық шеберлігі;
- Оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді дұрыс әpi уақытылы қабылдай алу.
- Ұстаздың сезімталдығы, үлкен жүректілігі;
- Педагогикалық техника.
Педагогтың қабілеттері мынадай түрде кездеседі:
Ұйымдастырушылық қабілеті (студенттерді сабаққа ұйымдастыра білу).
Дидактикалық қабілеті (оқу материалын ipiктей білу).
Перспективтік қабілет (байқағыштық) (тәрбиеленушінің психикалық жан-дүниесін анықтау).
Коммуникативтік қабілет (байланыс) (студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау).
Cyпесивтік қабілет (беделдік) (студенттің беделіне эмоционалды, epiктік ықпал ету арқылы жету).
Зерттеушілік (академиялық) қабілет (педагогикалық зерттеуді шешу, бағалай білу).
Ғылыми-танымдық қабілет (академиялық) (ғылыми білімдерді білу, тану).
Сөйлеу қабілеті (дауыс тонының дұрыс болуы).
Елестете білу қабілеті (сабақты алдын-ала елестету, алдын-ала дайындау).
Достарыңызбен бөлісу: |