«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет43/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

        1. Дайын өнімді қабылдау дегеніміз не?

        2. Дайын өнімге мысал келтір?

        3. Айдын аяғында есеп беру,түсініктеме жаз?

        4. Қабылдау дегеніміз не?

        5. Қоймалардағы дайын өнім есебіне мысал келтір?



Сабақ тақырыбы: Сатып алушылармен есеп айырысу есебі.



  1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:

1210 - Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; вексельдер;
2110 - Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің НӨҚ-на сәйкес мына шоттардың корреспонденциясы жасалады: 7010 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны шоты дебеттеліп, 1320 Дайын өнім, 1330 Тауарлар, 8110 Негізгі өндіріс, 8210 Жартылай фабрикаттар және 8310 Көмекші өндіріс шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоты дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.
Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 1210 шоты дебеттеліп, 6010 Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс шоты кредиттеледі.
Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес жабдықтаушыға аванс төлесе, онда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер төлеген аванс сомасын шегеріп барып төлем жасайды. Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрын төленген авнсты есепке алады да, ол 3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар шоты дебеті және 1210 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

  1. Бір заңды тұлға (цедент) келісім-шарт бойынша екінші бір заңды тұлғаның (цессионарға( қандай да бір міндеттемесін (ТМҚ-ды жеткізіп бергені, атқарған жұмысы, көрсеткен қызметі үшін төлемді) орындаған кезде өзінің заңды құқықтық талабын (цессия) толық немесе ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді.

Міндеттеменің негізінде кредиторға жататын құқықтық талап бұрындары берілген тұлғадан басқа тұлғаларға өтуі мүмкін. Бұл кезде кредитордың құқысының басқа тұлғаға өтуі регрессивтік талап болып табылмайды және кредитор бірінші заңды тұлғаның келісімін талап етпейді, егер олар заң актілері мен келісім-шартқа қайшы келмесе. Құқық талабын азайту міндеттемелеріне жауап беретін кредиторларды ауыстыру б.т.
Кейбір жағдайларда кредиторлардың келісімінсіз міндеттемелердің талабын азайтуға болмацды, себебі жаңадан пайда болған кредитор бірінші кредиторға келеңсіз жағдай туғызуы мүмкін:

  • тауар нарығы ол кредитор бәсекелес болып табылуы мүмкін;

  • кредитор мен қарыз беруші (талабын азайтып беруші кәсіпорынның) бұрын олардың арасында шаруашылық даудың болуы мүмкін;

  • кредитор мен қарыз беруші бір-бірімен байланысты тараптар немесе бір-бірінен бөлетін тұлғалары (аффилирлік) болуы мүмкін т.б.

Бұл жағдайда кредитор басқа бір кредиторға өзінің заңды талабын берер алдында бірінші кредитормен келісіп алады.
Құқықытық талапты азайтылған сомасына береді, яғни дебиторлық қарыздан аз сомаға, сондықтан ол цедентке зиянның, ал цессионда табыстың пайда болуын әкеледі. Егер де талап құқығы дебиторлық қарыздан артық сомаға жасалатын болса, онда ол сәйкесінше, цедентте табысты, ал цессионарда зиянды алатындығын көрсетеді.

  1. Төлем мерзімі жеткенге дейін вексель ұстаушылар вексель бойынша, ал вексель сомасын алғаннан кейін банкке (есеп кеңсесіне) берілген вексельдің индоссаменті бойынша жүзеге асырады. Банкте жасалатын бұндай әрекеттер, әдетте, марапатталады (дисконт), сондықтан оны вексельді сату деп те қарастыруға болады.

Өтеу мерзімі жеткеннен кейін банк өтеу сомасын (вексельдің номиналдық құнына пайызды қосады) алуды топшылайды, сондай-ақ индоссантқа регрессияны қоюына да құқы бар. Ал бұл тндоссанттың банк алдынд жауапты екенін білдіреді.

Цедент – кредитор, басқа тұлғаға өзінің құқығын азайтып беруші.


Цессионер – тұлға, өзіне басқа біреудің құқықтық талабы берілгендіктен, кредитор болып табылады.
Цессия – басқа тұлғаға міндеттемесіндегі талабын азайту немесе өзінің заңды құқын біреуге беру.
Регресс талабы – бұрын берілген заң талабын қайтарып алу немесе қайтару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет