Арналған семинар-практикумы Мақсаты


Буллинг (қысым) құрбаны болған бала екендігін көрсететін белгілер



бет4/8
Дата05.02.2023
өлшемі39,49 Kb.
#167517
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Магниттік мектеп

Буллинг (қысым) құрбаны болған бала екендігін көрсететін белгілер:


Баланың жүріс-тұрысында буллинг немесе қысымға ұшырағандығын сипаттайтын белгілер болуы мүмкін. Үлкендер осы белгілерді білуі тиіс және оған назар аударуы қажет:

  • бала мектепке жағымсыз көзқарас танытады, себебі мектепке бармауға кез келген мүмкіндік табады;

  • бала мектепке баруға қорқады немесе мектептен кетіп қалады.

  • өзін мектепке апарып немесе алып кетуін талап етеді;

  • сыныптастары мен мектеп туралы ештеңе айтпайды;

  • мектептен жабырқаулы оралады;

  • себептен себепсіз жылайды;

  • ұйқы мен тәбеті бұзылады;

  • себепсіз жарақат пен көгерулер пайда болады;

  • тұрақты стресс салдарынан бір іске зейін қоя алмайды;

  • қоғамдық көлікпен жүргісі келмейді;

  • тұрақты күн тәртібін өзгертеді;

  • сабақ босатады;

  • мазасыздық немесе сенімсіздік көрсетеді, оқшауланады;

  • өз-өзін бағалауы тұрақты түрде төмендейді;

  • кекештенеді;

  • өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасайды немесе қорқытады, үйден қашады;

  • түнде жылайды немесе түнгі қорқынышты сезінеді;

  • таңертең өзін нашар/ауру сезінеді;

  • мектеп тапсырмаларын нашар орындайды;

  • үйге құртылған киіммен немесе жыртылған кітаптармен келеді;

  • оның басқа заттары құртылған немесе «себепсіз жоғалған» болады;

  • ақша сұрайды немесе ақша ұрлай бастайды (ақша бопсалаушыға беру үшін);

  • ақша «жоғалтады»;

  • себепсіз жарақаттар мен көгерулер пайда болады;

  • үйге аш келеді (тамаққа берілген ақшасы жоғалады немесе ұрланады);

  • агрессивті болады, өрескел ерсі қылықты көрсетеді;

  • басқа балаларға және туған аға-әпкелерін келемеждейді;

  • бір нәрсенені қате айтудан қорқады;

  • жоғарыда айтылғандарға қандайда бір сылтау айтады;

  • интернет немесе ұялы телефонды қолданудан қорқады;

  • онлайн-ақпарат алған кезде мазасызданады.

Жүріс-тұрыстың бұл белгілері басқа да мәселелерді сипаттауы мүмкін, алайда бұл белгілерді айдап салу мүмкіндігі ретінде қарастырып, мұны белгі ретінде қабылдап, тез арада негізгі түп тамырын, себебін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет