Оқыту шаралары: құрбандар жағдайына түсетін балаларды психологиялық қорғану әдістеріне, ал агрессор-балаларды ашуды басқару әдістеріне үйрету.
5.Буллинг жағдайында педагог-психологтің жұмыс алгоритмі
Зардап шегушінің, ренжітушінің, куәгерлердің психологиялық жағдайын бағалайды,оларға психологиялық көмек көрсетеді.
Сынып жетекшісіне, басқа мұғалімдер мен қызметкерлерге зорлық- зомбылыққа қатысушыларға қатысты мінез-құлық тактикасы мен сыныпта түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша кеңес береді.
Қажет болған жағдайда сынып жетекшісімен немесе директордың жауапты орынбасарымен бірлесіп, жағдайды талқылайды немесе сыныппен профилактикалық әңгімелесуді ұйымдастырады.
Ата-аналарға нақты айғақтар болған кезде басқа да психологиялық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдардың көмегіне жүгіну ұсынылады.
6.«Қорлау көріністері» жаттығуы
Сыныптағы төрт бұрышты 1-4 сандармен белгілеу қажет. Қатысушылар бір бұрыштан екінші бұрышқа еркін қозғалуы керек. Оқушылар жағдайды тыңдайды, содан кейін әртүрлі айтап салу сценарийлеріне сәйкес қалай әрекет ететінін көрсету үшін өздерін орналастырады.
(Айдап салу жағдайын дауыстап оқып, жасөспірімдерге олардың реакциясы туралы ойлануға және бөлменің тиісті бұрышына баруға уақыт беріңіз. Қатысушылар өз позицияларына ие болғаннан кейін, олардың бірнешеуінен неге бұл реакцияны таңдағанын сұраңыз және мұндай таңдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сұраңыз. Төртінші бұрышты таңдағандарға олардың жауабын түсіндіруге рұқсат етіңіз
Жағдай 1. Сіздің достарыңыз сізді қорқытатын мәтіндік хабарлар жіберіп, оларды әртүрлі нәрселер беруге мәжбүр ете бастайды. Бұл кезде сіз өзіңізді жаман сезінесіз. Сіз не істеуіңіз керек?
Ештеңе. Мүмкін Сіз дұрыс емес нәрсе жасаған шығарсыз, сондықтан достар осылай әрекет ете бастады.
Жаман сөздермен қорқытып жауап беріп бастайсыз.
Ата-аналармен немесе мұғаліммен сөйлесіп, оларға не болып жатқанын айтыңыз.
Тағы бір нәрсе (ашық бұрыш).
Достарыңызбен бөлісу: |