Арналған семинар-практикумы Мақсаты


)Әлімжеттілік қарым-қатынас туралы ақпарат жинау қажет



бет6/8
Дата05.02.2023
өлшемі39,49 Kb.
#167517
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Магниттік мектеп

3)Әлімжеттілік қарым-қатынас туралы ақпарат жинау қажет:


  • Агрессорлар тобының әрбір мүшесімен міндетті түрде әңгімелесіп, олардан болған жайтты сипаттайтын немесе осыған ұқсас жағдай туралы баяндалған жазбаша түсінік алу (буллинг – бұл бірнеше кикілжің немесе қақтығыстар, бұл жүйе бір баланы басқалардың қорлауы болып табылатындығын ұмытпаған абзал). Болған жайтты түсіндіру үшін сурет салу техникаларын қолдануға болады, яғни, балаға нақты не болғанын, кім қатысқанын, қалай көрінгенін сурет салуды ұсынуға болады. Сұрау кезінде суреттің талдамасына емес, суретте көрсетілген фактілерге көңіл бөлу маңызды.

  • Ренжітушілер тобының әрбір мүшесіне оның мінез-құлық ережелерін бұзғанын түсіндіру және жасалған әрекеті үшін жауапкершілікке тартылатындығын ескерту қажет. Егер ренжітуші бұл әзіл болды деп мәлімдесе, бұл жағдайды талқылау кезінде оған бұл күрделі мәселе екендігін түсіндіру. Ал егер ренжітушінің әрекеті ойын тәрізді сипатталса, балалардың тағы қайсысы осындай «ойынға» қатысқанын анықтап алу керек.

  • Куәгерлер тобын жинап, оның әрбір мүшесіне олардың қандай жағдайға куәгер болғанын, олардың осы кездегі рөлі қандай екенін, буллингтің барлық қатысушыларына деген көзқарасын айтып беруді ұсыну.

  • Балалардың ата-аналарымен немесе ренжітушілердің және құрбан болған балалардың туыстарымен әңгіме жүргізу, кәмелетке толмағандар тарапынан осындай мінез-құлықтың ықтимал себептері мен салдарын түсіндіру, сондай-ақ онымен одан әрі жұмыс істеу нысандары туралы ақпараттандыру мақсатында балалардың жазбаша түсініктемелерін көрсету;
  • Барлық қатысушылармен алдағы жұмыс жоспарларын құру:


      • Алдын алу іс-шараларының жоспары кәмелетке толмағандардың барлық тобы үшін жасалуы тиіс:

  • құрбандармен - буллинг деңгейінің күрделігіне қарай жеке дара оңалту жоспары;

  • ренжітушілермен - түзету жұмысының жоспары;

  • куәгерлермен - куәлардың буллингке тартылу дәрежесіне және ондағы рөлдеріне байланысты түзету немесе оңалту жұмыстарының жоспары;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет