Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы



Pdf көрінісі
бет17/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум

Жұмыстың мақсаты:
әдістемені оқу және бидайдың зақымдануын өз бетінше 
анықтап үйрену. Зақымдану деңгейін анықтау, анализдік карточкаларға залалдану 
қорытындысын жазу. 
Құрал жабдықтар: 
2,5 мм және 1,5 мм диаметрлі елеуіш, қақпақ, құм сағат, 4-4,5 
есе үлкейтіп көрсететін үлкейткіш шыны, талдау тақтасы, механикалық рассев ПОЗ-1. 
Жұмыс тәртібі 
Жүздеген түрлі жәндіктер мен ондаған түрлі кенелер нан қорының зиянкестері 
ретінде белгілі. Осы зиянкестерге байланысты бидай өнімдерінің салмағы мен сапасының 
төмендеуі соншалық, азықты олардың жоюы мен бүлдіруінен қорғау мемлекттік 
деңгейдегі шараға жатқызылады. 
Бидай салмағында бунақденелілер мен кенелердің әрбір түрлері кездесуі мүмкін. 
Ондаған түрлі жәндіктердің ішінде біздің елімізде ареалы бойнша және зиянкестігі 
жағынын көп тарағаны күріштік және қамбалық бізтұмсықтар, сары ұн жегіш, ұн пітесі. 
Нан қорының зиянкесі – кенелер мен бунақденелілерге қарағанда көп қауіп туғызбайды. 
Бидай партияларын мемлекеттік нормалау бойынша, зиянкес жәндіктермен бүлінген 
астық кондиционсыз болып есептеледі. Кенелермен зақымданған бидай партияларын 
сатып алу бағасына женілдіктер жасап қабылдайды. 
5.1 Астықты бізтұмсықпен залалдануын айқын түрде формасын анықтау. 
Залалданудың айқын формасын анықтау. Бидайдың орташа үлгісі өлшенеді және 
d = 2,5 және 1,5 мм елеуіште қолмен екі минуттың ішінде минутына 120 қозғалыспен 
өткізіледі. 
Егер бидай 5

С төмен температурада болса, онда бунақденелілерді белсендендіру 
үшін елеуіштен өткен және өтпеген өнімді 10-20 минуттың ішінде 25-30

С температурада 
қарап бағалайды. 
Елеп болғаннан кейін d = 2,5 мм елеуіште өтпеген қалдықтан үлкен 
бунақденелілердің бар –жоғын ( мавританиялық қызылқоңыз ), d = 1,5 мм елеуіштен 
өтпеген қалдықтан ұсақ жәндіктерді (бізтұмсық, т.б.); d = 1,5 мм елеуіштен өткен 
қалдықтардан кенелерді қарайды (тақтайдың қара түсті жағын үлкейткіш шынымен қарау 
керек). 
Қараған кезде зиянкестердің тірі даналары алынады (өлілерін шөпшар қоспасына 
жатқызады) және 1 кг бидайдағы зиянкестер түрі мен санын анықтайды. 
Бидайдын бізтұмсық немесе кенелермен залалдануы анықталса, заладану дәрежесін 
анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет