Ата-аналарға кеңес беру


«Болмайды!» деп айғайлауға болмайды



бет5/7
Дата31.03.2023
өлшемі68,3 Kb.
#173436
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Àòà-àíàëàð?à êå?åñ áåðó
Тәрбие сагаты, рубежка, Әдістемелік нұсқаулар жаңа (3), Д.Жулдыз. Тәуелсіздік, Силлабус русский язык 2 уровень окон.вариант, психогигиена Нұрғиса
3. «Болмайды!» деп айғайлауға болмайды.
Бала да ата — анасы сияқты отбасының бір мүшесі. Оның өз орны және құқығы бар. Дегенмен, отбасы мүшелерімен қарым — қатынасында да шекара болуға тиіс. Егер баланың қандай да бір іс — қимылы сізге жағымсыз болса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Бірақ, әрине бірден түріңізді өзгертіп «болмайды!» деп айғай салу дұрыс емес. Одан да баланың назарын басқа бір қызықты іске айналдырып жіберуге болады. Мұнда сізге сабыр қажет. Сонымен қатар, бала тілімен, оған түсінікті түрде бұлай жасау өзіңізге ыңғайсыздық тудыратынын түсіндіріп айтсаңыз, жетіп жатыр.
4. Іс — әрекетіне лайықты мақтау сөздер айтыңыз.
Мұны өзіңізге ереже ретінде ұстансаңыз да болады. Жоғарыда айтқанымыздай, «болатын» және «болмайтын» іс — әрекеттер үшін өз ойыңызды айтып отырсаңыз, бала бірден болмаса да, біртіндеп оны түсіне бастайды. Мысалы, үйге келген қонақпен сәлемдесіп, ол қайтар кезде қоштасуды ешкім үйретпей — ақ өз бетінше орындаған баланың ісі — мақтауға тұрарлық. Алғашқы байқаған сәтіңізде — ақ оның дұрыс жасағандығын, жақсы баланың үнемі осылай жасайтындығын т. б. мейірімді жүзбен күлімсірей айта отырып мақтасаңыз, оның бойында жақсы әдетке деген қызығушылығын оятасыз.
Себебі, кез — келген бала мақтауды сүйеді. Ол үшін жақсы әдеттер санын арттырғысы келеді, талпынады. Өзінің айтқанын орындату үшін жерге өзін тастай салып, жата қалып жылайтын баланы жазалаудың ең дұрыс әдісі — оны жалғыз қалдыру. Үнсіз ғана оның бұл әрекетін елемеген болсаңыз, осы жазаңыз да жеткілікті болады. Мұның да себебі бар, өйткені бала өзіне назар аудартқанды жақсы көреді. Жата қалып жылай бастағанына назар аудармасаңыз, оның орынсыз екенін сезіне бастайды. Ал оған ұрысып не болмаса өзге де жазалау түрін қолданып жатсаңыз, демек оған назар аударғаныңыз. Балаңыз ол әдетін тағы да қайталайды деген сөз.
5. Түсініспеушілікті баламен бірге шешуден қорықпаңыз.
Баланың кейбір қылықтарына ашуланбау мүмкін емес. Ол жиі болмаса да кей — кейде орын алып тұрады. Міне, осындай кездері оған ашулануыңыздың себебін сабырлы кезіңізде түсіндіруден қашпаңыз. «Кішкентай ғой, не түсінер дейсің?» деген түсініктен де аулақ болыңыз. Оның қай жерде дұрыс жасамағандығын айтыңыз және неге бұлай еткендігінің себебін сұраңыз. Сонда араларыңызда бір — біріңізді еркін түсінетін көпір қалыптасады. Оны жазалаудың сіз үшін ауыр екендігін және жазалағыңыз келмейтінін де айтқаныңыз артық болмайды.
Есте сақтағаныңыз дұрыс:
— Баланы жазалау кезінде ата — ананың жүйкесі тыныштанғаннан басқа ешқандай пайда жоқ. Таяқ жеген бала келесі кезекте де қалай әрекет жасайтынын білмей, бір жасаған қателігін екінші рет қайталайды. Оған түсіндіріңіз және түсіндіріңіз!
— Қол жұмсамай — ақ жазалаудың түрі жеткілікті. Мысалы: бала қанша жаста болса, сонша минут бұрышта тұру, орындықта қимылдамай отыру, сол күнгі балмұздақ немесе тәттіден қағу. Дұрыс көтеріп, жүйке жұқартудың оң нәтижесі мүлде болмайды.
— Өзіңізге өзіңіз сырттай назар салыңыз. Сабырлы болыңыз! Бала бірдеңені дұрыс істемеді ме, алдымен түсіндіріңіз. Ол нәтижесін бермесе, ескерту жасаңыз. Ол да көмектеспесе ғана за қолданыңыз. Баланың сізге айтқанын жасатуға жол бермеңіз. Сонда ғана кішкентай ғана бауыр етіңізге қол жұмсамайтын боласыз.

2.Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепте оқуға дайындау.


Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқыту, білім беруді дамытудың негізгі міндеттері қатарына қойылған. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп, оларды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде қалыпты дамыған оқушылармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды.
Әлемнің дамыған елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп көңіл бөлінеді және бұл салада елеулі тәжірибелер жинақталған. Біздің отандық жалпы білім беретін мектептің іс – тәжірибесі үшін инклюзивті оқыту педагогикалық жаңашылдық деп бағалануы мүмкін. Себебі мәселенің жаңалығы қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің іс – тәжірибесінде инклюзивті оқыту жан – жақты зерттеуді талап етеді.
Ғаламдық педагогика және психологияда инклюзивті оқыту мәселелері көптеген ғалымдар тарапынан зерттелінген мысалы: M Ainscow, M.C. Reynolds, К.Хортон, М.Гуральник, Т.С.Лернера, Д.Брикер, Н.Д.Шматко т.б. еңбектерінде инклюзивті оқытудың проблемалары теориялық тұрғыдан қарастырылған.
Соңғы жылдары Ресей ғалымдары Л.М. Шипицина, Л.П. Назарова, Л.И. Аксенова, Н.Н. Малофеев, В.В. Линькова, Н.Г. Чанилова, С.А. Марковой, В.Г. Маралова, Т.В Егоров, Н.Д.Шевцовтың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың көптеген аспектілері ашылып көрсетілінген.
Қазақстандық ғалымдар Р.А. Сулейменова, А.Н. Алмаганбетова, А.К. Жалмухамедова, А.А. Баймуратова, Хакимжанова Г.Д, Р.Ж. Жумажанова, К.Ш. Кумаржанова, А.А. Байтұрсынованың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың кейбір мәселелері қарастырылған.
Алайда жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың көптеген проблемалары теориялық тұрғыдан да шешімін таппаған. Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың қажеттілігі мен оның педагогикалық ерекшеліктерін айқындамағандығы, технологиясының жасалмағандығы қарама – қайшылықты туындатады. Бұл қарама – қайшылық жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері неде деген проблеманы тұжырымдауға мүмкіндік жасайды. Сол себепті біздің магистрлық диссертациямыздың тақырыбы « Жалпы білім беретін мектептерде мүгедек балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері » деп аламыз.
Қазақстан Республикасы 2002 жылы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңның қабылдауы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізді. Аталмыш заң қабылданған соң мүмкіндігі шектеулі балаларға түзеу арқылы қолдаудың жаңа түрлерін анықтау, сол жаңа үлгідегі мекемелердің белсенді ашылуына жол ашты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында күрделі әлеуметтік-саяси өзгерістерге тәуелді мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл әлемдегі беталысқа сәйкес келтіру шаралары басталуда.
2011 – 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті оқыту білім жүйесін дамытудың ең бір өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2002 жылы олардың саны 120 мың құраса, 2009 жылы 149 246 мыңды құрағыны, олардың 38% - ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғаны жазылған. Алға қойған мақсаттарға жету үшін міндеттерді орындау қажеттілігі қатарында жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жетілдіру көрсетілген. Сондай- ақ барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзету- педагогикалық қолдау көрсету үшін және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 % - тен 70 % -ға дейін артатыны көрсетілген.[1]
Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы жылдары енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып оқытудың маңыздылығы қажеттігі және тиімділігі педагогикалық жұртшылық мойындай бастады. Дегенмен инклюзивті оқыту отандық мектеп тәжірибесі үшін жаңалық болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология – педагогикалық, ұйымдастырыушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие.
Арнайы білімнің өзекті мәселесінің бірі - педагогикалық ғылым мен тәжірибесіне мүмкіндіктері шектеулі балаларды нәтижелі, сапалы оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын анықтау.
Интеграция ( біріктіру) – арнайы білім беруді ұйымдастырудың жаңа формасы, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім беру мен тәрбиелеуді және қалыпты балалармен біріктіре отырып оқыту, тәрбиелеу болып саналады.
Интеграция түсінігі- қоғам көзқарасы бойынша мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды жалпы еңбекке, білім саласына біріктіру болып табылады.
Интеграция «біріңғайланған» концепцияға сүйенеді. Мұнда дамуында ауытқуы бар тұлғалар жалпы қоғамдық жағдайяттарға, жақындау дегенді білдіреді. Бұл түсінік балаларға қатысты мынаны білдіреді:
1. Арнайы оқытуды қажет ететін балалар, жалпы білім беретін мекемелердің қажеттіліктеріне сүйенеді.
2. Бала барынша қалыпты жағдайға сәйкес өмір сүруі керек.
3. Балаға ең жағымды жағдай жасалған орта ол оның –отбасы. Яғни қалыпты балалар секілді, дамуында ауытқуы бар балалар отбасында тәрбиеленуі тиіс.
4. Барлық балалар білім алуға міндетті, сондықтан да баланың бойында қандай да кемістік болмасын білім меңгеруге құқылы.
Мүмкінділігі шектеулі тұлғалар қоғамның басқа да мүшелері сияқты білім алуға, өмір сүруге, жергілікті жерде жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, достарын таңдауға және олармен дос болуға, қоғамға сай қажетті адам болуына толық құқығы бар. Сондықтан да оларға мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілуі қажет.
Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру жағдайын қамтамасыз ету дегеніміз - оларды қалыпты балалардың қатарына қосып, бірге оқыту тәрбиелеу және дамыту болып саналады.
Қазіргі таңда біздің елімізде бірнеше қалаларда арнайы мектептер жұмыс істейді. Көптеген облыстардың ауылдық мектептерінде арнайы сыныптар жоқ, олар тек қана Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан обылысының аумақтарында ұйымдастырылған.
Арнайы әдебиеттегі педагогикалық – тарихи талдаулар көрсеткендей (Н.Н. Малофеев, Х. Замский т.б.) арнайы білім беру жүйесі дамуында кемістігі бар балаларды бөлек, оқшаулап жеке оқыту тәжірибесінен басталған. Бұл тәжірибе біздің елімізде балаларды дене және психикалық кемістігіне сәйкес іріктеп, жабық түрде интернаттық мекемелерде ұйымдастырылған ( Т.М.Коржова, А.К. Сатова).
Педагогикалық оқшаулаудан кейін мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға біріктіру процесінде кедергі келтірген. Шет елдегі және отандық дефектологтар ( Н.Миттчел, Р.А.Сүлейменова, Г.Д.Хакимжанова) бұл тенденцияның жағымсыз сипатын, зиянды екенін анықтайды.
Оқшаулап, бөлектеп оқыту бағытында қалыптасқан арнайы білім беру жүйесі қоғамдағы жағымсыз қөзқарастар мен пікірлердің өзгеруіне де әсерін тигізеді.
Сондықтан, арнайы білімнің өзекті мәселелерінің бірі - арнайы мекемелердің санын көбейту емес, сол мекемелердегі білім беру қызметінің сапасын көтеру, жетілдіру. Бұл деген, әлемдегі білім беру саясатымен ұштасады, яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне біріктіруге жол ашады.
«Инклюзия» терминін ағылшын тілінен аударғанда «қосылу» деген мағына береді. Инклюзивті білі беру барлық қатысушыларға (мүмкіндігі шектеулі адамдарға да) толық көлемде өмір ұжымында балабақшада, мектепте, институтта қатыса алуына мүмкіндік береді. Өкінішке орай Қазақстанда «инклюзия» және «инклюзивті білім беру» түсінігі қоғамдық кең ортаға таныс емес. Бірақта дамыған елдерде бұл терминдер тек таныс қана емес, сонымен қатар заңнамалық түрде бекітілген, ал білім беру, оқыту көптеген халықаралық ұйымдармен қолдайды (мысалы ЮНЕСКО и ЮНИСЕФ). Мемлекеттік білім беру жүйесі кемеліне жетпегендіктен, әлеуметтік көмек жүйесінде бос орындар, мектептердің архитектуралық жетіспеушілігі, «ерекше» қажеттілікті керек ететін балаларға қатынас – аталған ресей мәселелері ондай балалараға Ресей Федерациясының толыққанды азаматы екендігін сезінуге мүмкіндік жасай алмайды. Сол қатарда, қажетті және қолайлы білім беру жағдайыда.
Инклюзияға орнатылған жай мектептерде бар – дискриминациямен күресте ең сапалы тәсіл, мектепік қауымдастықта мейірімді, жайлы қатынасты қалыптастыруға, қоғамды құруға, барлығын қабылдауға және барлық жалпы білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету (Саламанка деклорациясы, 1994 ж). Америкадағы мелекеттік мектептерді дамыту институтында, инклюзивті мектептер қоғамға пайда әкелетіні туралы біледі: Әр бала білім алуға негіз болатын құқығы бар, ал берілетін білім оның деңгейіне байланысты өткізіледі.; әр бала өзінің қызығушылығымен, мінезімен және білімге деген қажеттілігімен қайталанбас тұлға; 1994 жылы жазда 300 жуық ұсынушылар 92 мемлекеттік және 25 халықаралық ұйымдар Саламанкада (Испания) инклюзивті оқыту сұрақтары жайлы кездесті. Бұл конференцияға қатысушылар, ЮНЕСКО - ның демеуімен Испания өкілдері ұйымдастырған. Арнайы білім беру сферасында саясат пен әрекет жайлы, сондай –ақ әрекетке жетекшілік принциптер жайлы Саламан Декларациясын қабылдаған. Білім беру жүйесіне өндегенде және оқу бағдарламасын іске асыруда бұл қажеттілктер мен ерекшеліктердің кең әр түрлілігі есепке алынады. Арнайы оқытуды қажет ететін балалар жалпы мектепке бара алатындай мүмкіндікке ие болады. Олардың ерекшеліктеріне және педагогикалық әдісті таңдау баланың қажеттіліктеріне бағытталған болады. Инклюзиялық мектептер барлығына ашық - әр балаға және жасөспірімдерге. Инклюзивті мектептер – барлық балаларды, психологиялық, ақыл-ой, әлеуметтік, эмоционалды, тіл және кез-келген ерекшеліктеріне қарамастан өз қарамағына бейімдейді. Оларда мүгедек балаларда және ерекше таланты бар балаларда оқытылады; жұмыс жасайтын және көшеде тұратын балалар; көшпелі халықтың және халықтың, оқшауланған жағдайда өмір сүретін: шеттегі елді мекенде немесе таулы аймақата; тілдік, этникалық және мәдени жетіспеушілікке жататындарда; қамтамасыз етілмеген өнірлерде және әлеуметтік құқықтары қысылған балалар тобы (Саламан Декларация 1994 ж.) ұсынушылар.
Инклюзивті мектептер өзінен өзі туындамайды. Осындай мектепті дамыту және қолдау қойылған мақсатқа және қазіргі жұмыстардың көбісі табандылықты қажет етеді. Қоғамның мектептік жұмысқа қатысуының бағалыға күмән туындамайды. Инклюзивті мектептер қоғам мүшелерінің бірігіп әрекетесуі мен мейірімді қатынасына байланысты, сонымен қатар оларға шешім қабылдауға көмекмектеседі. Сондықтан инклюзия – бұл жай ғана емес әрекет бейнесі немесе мекеме таңдауы. Оның негізі қоғамға қытысуымен бекітіледі – достар тобында, көршілер, мектептік қауымдастық. Инклюзивті мектептер адамдар арасындағы айырмашылықты бағалайды. Бұндай келушілік, жеткіліксіз білімді жеңуге және ұқсас емес адамдармен өзара әрекетте, тәжірбиенің жоқтығын жеңеді. Түрлілікте адамдар құндылықты байқай бастайды. Тура сол сияқты, қауымдастық өз қорларын мектепке қосқан сияқты, мектепте оларға әсер етеді.
Біз «қауымдастық» сөзінен не ойлаймыз? Ол «бір орында өмір сүретін адамдар тобы ма»? немесе « мінез белгілері, ойлары ұқсас, қоғамның тұтас бір бөлігі ретінде өмір сүретіндер ме»? немесе бұл «тұтас қоғам»? немесе « жеке азаматтар және халық, ортақ саясаты, тарихы, әлеуметі, экономикалық және саяси ойда болатындар (мысалы, халықаралық қауымдастық)»? «Әріптестердің және қатысушылардың сезімдері, бірігіп пайдалану» . «American Heritage Dictionary» (1993 ж.) сөздігі осы анықтамаларды ұсынады. Оларды біргіп инклюзивті қоғамның идеяларын көрсете бастайды – мектепте, аудандарда, ауылдарда, қалаларда және дүние жүзілік елдерде.
Инклюзия мектептік қауымдастыққа пайда әкеледі. Мектептік қауымдастық өзіне барлық оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды және басқа отбасы мүшелерін, әкімшілікті, қызметкерлер құрамын және басқада мектеп алдында тұраған мақсаттарды орындайтындарды қосады. Дүние жүзінде толығымен және қоғамдағы әр алуан түрде мектептік қауымдастықтықтың ішінде жағдайлар (ситуатция) бар. Әр жаңа күн сайын мектеп қоғамының әр мүшесіне алуан түрлілікпен байланысты қиын сұрақтарды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл мектептер инклюзивті мектептен шығып әрекет етеді, мектеп қауымдастығының мүшелері бұл сұрақтарды өте жақсы түсініп қана қоймай, жаңа жүйеге құнды түрде қатынас жасап және қоршаған ортамен өте жақсы қатынаспен, олардың ұқсастығына қарамастан әрекеттесуіне идеалды жағдай жасайды. Инклюзивті мектеп мектептік қауымдастыққа көптеген себептермен пайдалы:
Иклюзивті мектеп дисткриминатциямен айырмашылығы қорқуды жеңуге көмектеседі. Балалармен жасөспірімдерді адамдардың арасындағы әр түрлілікті және ерекшелікті түсінуге, бағалауға, қабылдауға үйретеді. Бұл мектептер адамдар арасындағы айырмашылықты – бұл қалыпты құбылыс екендігіне сендіреді және оқыту үрдісі баланың қажеттілігіне қарай болуы тиіс. Балалар тура оқыту үрдісінің құрылымына лайықты болмау керек (Саламан декларациясы 1994ж.). Инклюзивті мектеп барлық балаларға керекеті көмектер көрсетсе, оларда білім алатынын дәлелдеп, көтермелейді. Инклюзивті мектепте балалар сондай демеулерді ала алады. Көмек көрсету акценті баланың мүгедектігіне байланысты, бала өзінің мүгедектігін біліп өз-өзін кемсітпей, ұялмай білім алу ортасына қалай сіңіп кету жолын көрсетеді. Білім беруге демеу шоғыры, көмектесу жағдайында мектептік спекторларды кең көлемде дамуына көмектеседі. Білім берудің дамуына демеулік мектеп қауымдастығының мүшелеріне білім берудің қиындығы тек балаларда ғана еместігін және балалар «түзетуді» талап етпейтіндігін және қиындықты білім беруге дұрыс, орынды тәсілдермен келе білу керек екендігін көрсетеді. Инклюзивті мектеп білім алу сферасында теңдікті, әлеуметтік әділдікті, бірлікті және жайлы қатынасты сезіне алу мүмкіндігін жасайды. Инклюзивті мектептер педагогтардың кәсіби білімдерін кеңейтеді. Бұндай білім беру сабақ өткізудің жаңа және икемді тәсілдерін қолдануға, оқушыларға білім білім беруде сапалы сабақ жоспарларын жасауға мүмкіндік туғызады. Инклюзивті мектеп барлық жергілікті, өнірлік және жалпы мемлекеттік өауымдастыққа пайда әкеледі. Инклюзивті оқыту сапалы, сәтті болуы үшін қоғаммен тығыз қатынста болуды қалайды. Бұл өзара байланыс екі жақты. Мектеп және қоғам бір-бірімен тыңыз байланысты. Сондықтан оыс қатарда белгілі ауыл шекараларына, қала, штат және елдер өздеріне инклюзивті оқытудың пайдасын қосады: иклюзивті мектеп ерекше қажеттілікті керек ететін жандарға бағдар жасайды, олардың түрлілігі мен адами ар-намысын қадағалайды. Әр инклюзивті мектепте қызымет ететін адамдар, олардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін едәуір білетін болады. Оларға адамгершілікпен қарап, сыйлап, түсінетін болады. Инклюзивті мектеп мемлекеттік деғгейде әлеуметтік теңдікті қалайды, өмірде барлық балалар білім алуға, қоғамда қалыпты адамдар секілдібарлық мүмкіндіктерді алуын демонстрациялап, дәлелдейді.
Интернет, электронды почта сияқты технолгиялардың арқасында үнемі өсіп келе жатқан адамдардың саны әр түрлі еледерде бұрынғыдан әлде қайда өсіп келеді. Барлық дүниені қол астына ұстаған, саяхат жасауды ұнатпайтын адамдар аз ғана уақыт ішінде кез - келген жерде бола алады. Бұл байланыстардың бәрі қамау мүмкіндіктерін шектеейді.
Инклюзивті мектеп – бұл оқу лабораториясы, қайтып инклюзивті қауымдастықты құруды анықтайтын. Бүгінгі балалар ертен президент, король, премьер-министр және заңгер болады. Олар университет мұғалімдері және Саламанда өткен конференция мүшелері болады. Инклюзивті мектеп дүние жүзілік қауымдастыққа пайда, себебі оны бітірген түлектер болашақтағы глобальды мәселелерді шешеуге дайын болады.
Білім – бұл негіз, жеке тұлғалар мен мемлекет келешегін құратын. Біздің әр қайсысымыз әлеуметтік теңдікке жету үшін басқаларадың білім алуын қолдауымыз керек.
Арнайы білімді қажет ететін балаларға интегративті білім берудің әлеуметтік-құқықтық механизм идеясы біздің мемлекетте соңғы жылдары ғана жүзеге асырылып жатқаны бәрімізге мәлім. Бірқатар халық аралық конференциялар жүргізілген, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға (арнайы білімді қажет ететін адамдар) интеграциялап білім беру мәселелері талқыланды, бұл мәселелер бойынша бірқатар еңбектер және мақалалар басылып шыққан. Қазіргі кезде аралас білім беретін мекемелер жұмыс жасауда, олар жалпы мектепте түзетушілік-дамытушылық білім беретін сыныптар және т.б. Сол мақалалардың бірінде былай деп жазылған «интеграция – бұл арнайы білім беруді дамытудың құқықтық кезеңі және ол мүгедек адамдарға деген мемлекеттің және әрбір адаммен қоғамның көзқарасын қайта қарастырумен байланысты ». авторлар мынаны бөліп көрсетеді, интеграция арнайы білім беру жүйесіне қайшы келмейді, және оны әр баланың даму деңгейі бойынша жүзеге асыруды ұсынады. Интеграцияны жүзеге асыру үшін ең қолайлы жағдай – бұл аралыс білім беретін мекемелер, бұнда интеграцияның бөлігін таңдауға болады, яғни мүмкін модельдің бірін таңдау. Психофизиологиялық деңгейі және сөйлеу тілінің дамуы жағынан қалыпты балаларға жақын оқушылар үшін толық интеграцияны қолданған тиімді.
Л.М.Шипицина интеграцияның ең негізгі түрлерін көрсетті: әлеуметтік және педагогикалық. Біріншісінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сол білім беру ортасындағы әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне адаптациялау қарастырылады. Екншісінде дамуында ауытқушылығы бар балаларда жалпы білім беру жоспары бойынша қарастырылған оқу материалын меңгеруді қалыптастыру қарастырылады.
Біздің қоғамның жалпы мектеп жүйесіне интегративті білім беруді кіргізуге әлі де дайын еместігін көптеген зерттеулер белгіледі, себебі нормативті-құқықтық және ерекше балаларға білім беру аспетілері толығымен меңгеріліп болмаған, сонымен қатар бұл балалардың білім алу құқықтары анықталмаған. Арнайы педагогика және арнайы психология облыстарында білікті мамандар жетіспейді, кейбір білім беруді басқару органдары мен білім беру мекемелерінде дефектолог мамандарының ставкаларының саны қарастырылмаған.
Батыстың жиырма жылдық тәжірибесі мынаны дәлелдейді, формальді емес нағыз интеграция мемлекет қаржысының өсуін, жалпы мектептердің мұғалімдерінің күрделі дайындығын талап етеді. Бұл кей жағдайда дамуында кемістігі бар балаларды психикалық дамуын түзетуді төмендетеді, сонымен қатар қалыпты дамудағы сыныптасының зейінін төмендетеді, ол жекелей келу процесінің шектелуімен байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық өмірге дайындау үшін оларды кішкентай жасынан жалпы мектепте сау балалармен оқыту міндетті емес, олар қажетті қарым-қатынасты және өзара әрекетті басқа формада ала алады деген пікірлер бар. В.В.Линкованың пікірі бойынша «интеграцияның тиімділігі бұл процесте оқушылардың субъективті функцияларды қабылдауымен байланысты. Нақты интеграция сау балалар тобына дамуында кемістігі бар балаларды кіргізумен сипатталмайды,ол, бала сол топқа кірігу үшін күш жұмсайды және берілген топ баланы қабылдаумен қамтамасыз етіледі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет