Автор туралы тереңірек түсінік беру. Өз бойынан жақсы және жаман қасиеттерді таба отырып, өлеңдегі негізгі идеяны таба білуге үйрету.
Сілтеме:
МАН 2013 жыл, оқулық, АКТ көздері, электронды оқулық, үлестірме материалдар.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар Абай шығармасындағы өзіне таныс емес қырын табады. Өз бойынан жақсы және жаман қасиеттерді іздеуге, оны түзетіге үйренеді.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:
Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Венн диаграммасы, кластер құру, Ой қозғау, Орны ауыстырылған әріптер, Кестені толтыру.
АКТ-ны қолдану: презентация, электронды оқулық, мәнерлеп оқу.
Дарынды және талантты балаларды анықтау: өлең шығару, шығарма жазу, мәнжазба жазу.
Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, шығу парағы, Критерийлер бойынша бағалау.
Негізгі дереккөздері:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, Ана тілі оқулығы, әдістемелік жұмыс, ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістемесі А.Әлімов Алматы-2013.
Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті, тапсырмалар
Оқушы әрекеті:
Ұйымдастыру.
Оқушыларды Абай өлеңдерінің өлең жолдары арқылы төрт топқа бөлу. «ЖАЗ» , «КӨКТЕМ», «ҚЫС», «ЖАЗҒЫТҰРЫ»
Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
Проблеманы анықтау.
Оқушыны жаңа білім алуға белсенділендіру.
-Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
-Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
-Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
-Абай ата туралы не білеміз?
Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек.
Тақырып бойынша мақсат анықтау.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагимдейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.
Ол үшін алдымен «орны ауысқан әріптер» ойынын ойнатамын.
«БАЙА, СБРАЫЗС, ЗЫРАС, РЕНІШКЕ» осы әріптерден сөз тайып шығарады.
Кластермен жұмыс.
1-топ. Абай кім?
2-топ. Абай шығармасындағы тәрбие.
3-топ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің негізгі идеясы.
4-топ. Абай аудармаларынан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсету.
Абай Құнанбаев туралы қосымша мәлімет:
Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.